Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 6 страница




Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең- кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрдерінің жиынтығы болып табылады.

Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай – ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы қызметкерлері сақтандырылады.

Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.

Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.

Тұжырымдар

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.

Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады: қоғамдық қорғаудың жүйесі; әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру; жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізілген субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

Сақтық қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол- табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.

Негізгі әдебиет:

1 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2 С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

Қосымша әдебиет:

1 Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

2 Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

3 Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

4 Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Сақтандыру дегеніміз не?

2. Сақтандыру қызметі қандай?

3. Жеке басты сақтандыру түрлері?

4. Мүлікті сақтандыру түрлері?.

№11 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке 1-ші тақырыпты оқығандағы «қаржы» категориясы мен «сақтандыру» категориясының арасындағы өзара байланысты ашу керек. «Сақтандыру» деген ұғымды түсіну. Сақтандыру қызметінің рөлін ашу. Жеке басты сақтандыру түрлері мен мүлікті сақтандыру түрлерін түсіну. Сақтандырудың қажеттілігін негіздеу. Қазақстандағы сақтық қызметінің мәнін айқындау. ҚР заңнамасына сәйкес сақтандыру түрлерін ашу. Әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыруға түсініктеме беру. Заңнамаға сәйкес сақтандырудың түрлерін студент кестемен көрсетуі керек. «ҚР-ғы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы» тақырыбында студент өздігінен ақпарат жинайды, талдау мен талқылау ұсынылады.


12-ТАҚЫРЫП.

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ.

 

Мақсаты: Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны және міндеттерін, экономиканы реттеу нысандарын түсіну.

Дәрістің жоспары:

1. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны мен міндеттері

2. Салықпен реттеу

3. Бюджеттік қаржыландыру кезіндегі мемлекеттік реттеу.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «мемлекеттік қаржылық реттеу» ұғымы, нысандары, алғышарттары, фискалдық саясаттың нұсқалары, нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері.

 

1.Мемлекеттік қаржылық реттеудің мазмұны мен міндеттері

Экономикалық процестрердің мемлекет тарапынан реттелуі кез келген қоғамдық жүйенің басқару элементі болып табылады. Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі қоғамның дамуының әрбір нақты тарихи кезіңінде шешетін міндеттеріне және мақсаттарына байланысты: реттеудің формалары мен әдістері де осылар арқылы анықталады.

Жоспарлы экономика жағдайларында реттеу жалпылық сипат алып, дамудың тек басты пропорцияларын ғана емес, басқарудың ең төменгі шаруашылық есеп буындарына дейінгі барлық деңгейлерін қамтиды.

Тауар-ақша қатынастары мен оларға сәйкес экономикалық заңдарын сөз жүзіндегі іс-қимыл жағдайында шаруашылық өмір шаруашылықтар субъектілерінің экономикалық мүдделері, ресурстарды пайдалану мүмкіндіктері кәсіпкерлік тәуекел және соған байланысты ұжымдар мен олардың қызметкерлеріне келтірілген материалдық шығындар ескерілмей бұйырықлен беріліп отырды. Бұл жүйеде қаржының рөліне жөнді мән берілмеді, оның ақшалай қаражаттарын жинап, оларды берілген нұсқау-бұйрықтарға сәйкес қайта бөліп отырды.

Нарық қатынастары бұл үлгіні жоққа шығарды. Дуниежүзілік практика құрамында қаржы формалары мен әдістері арқылы жанама реттеу жүйесі келді, оған кіретіндер: салықтар ставкалары, салық салу жөніндегі санкциялары мен жеңілдіктері, амортизация нормалары, кәсіпорындардың қорларына қаражат бөлу нормативтері, әлеуметтік қамсыздандыру нормативтері, бюджетті қаржыландыру көлемі (дотация, субвенция, субсидия) бар реттеу жүйелерін жасап шықты.

Бұған қосымша реттемелер: ақшалай (валюта курсы, ақша эмиссиясы), несиелік (несиеге төленетін проценттер), ұлттық (мемлекеттік) банкінің есептік ставкасы мен резервтік талаптары, баға (кесімді баға деңгейі, кесімді және еркін бағаның арақатынасы, рентабельділіктің шектелу деңгейі).

Аталған реттемелер экономиканың белгіленген бағытта дамуын үйлестіріп отыруға арналған. Мемлекет қаржы, баға, ақша несие саясатының бағытын анықтағанда, қоғамның экономикалық және әлеуметтік мүдделерге ықпал ету формаларымен әдістерін қолдану ағымдағы және болашақтағы мақсат міндеттерге байланысты.

Экономиканы тұрақтандыру үшін бюджет тапшылығын жою, тұтыну секторының теңгерілімділігін қалпына келтіру, халық шаруашылығы пропорциялары мен құрылымдарын дұрыстау жөнінде біртұтас шаралар кешенін әзірлеу керек. Бұл жағдайда сәйкестендірілген салық пен бюджет саясатын жүргізуге арналған макроэкономикалық жоспарлаудың рөлі орасан зор, макрожоспарлаудың қаржы саласындағы міндеті халық шаруашылығындағы барлық кірістер мен шығыстардың теңестірілгенін көрсететін жиынтық қаржы балансын құру болып табылады. Жиынтық қаржы балансын мемлекеттің қаржы рестурстары қозғалысын қадағалап, бұл процеске нарық немесе әкімшілік сипатындағы түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде әсіресе, соңғысы өтпелі кезеңдегі микроэкономикада – шаруашылық жүргізудің бастапқы буындарында басым жүреді.

2.Салықпен реттеу

Қаржылық реттеуде салық арқылы реттеудің маңызы зор. Нарық экономикасында салықтар түбегейлі қайта құрушы рөлін атқарады. Олар барлық деңгейдегі бюджетті қалыптастырудың басты көзі, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету құралы, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізі болып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттің, шаруашылық субъектілері мен халықтың қаржылық мүмкіндіктері мүдделерін теңестіру қызметінде атқарады.

Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділік көрсетуге мүдделілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған салық салу мөлшері арқылы қол жетеді. Салық деңгейі ең алдымен қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға байланысты. Егер олар салық түсімдерінен құрылатн жалпы мемлекеттік қорлар арқылы қанағаттандырылса, онда салықтар деңгейі жоғары, ал халықтың жеке табыстары мен кәсіпорындардың қаржысынан құрылыс, салық деңгейі төмен болады. Егер салық түсімдері мемлекет шығындарын қаржыландыруға жетіспесе, бюджет тапшылығы пайда болып, инфляция туады. Тапшылық ақшаның құнын түсіреді де, кәсіпорындар да, халықта зиян шегеді. Егер осы кезде мемлекет шаралар қолданып, қаржы жинап, ақша айналысы жақсарса, онда экономика қалпына келіп, уақытша ірікіліс қана қалады. Кері жағдайда қаржыландырудың тапшылығы натуралдық – заттай және ақшалай теңгермеушілікке, инфляцияға және ақшаның одан сайын құнсыздануына әкеп соғады.

3. Бюджеттік қаржыландыру кезіндегі мемлекеттік реттеу

Қаржының мемлекеттік реттеу проблемасының екінші жағы – бюджеттік қаржыландыруды тиімді пайдалану дәрежесі.

Өнірістік салаға бюджеттен қаржы бөлінуі өндірістің көлемін ұлғайтуға тікелей бағытталады. Соның ішінде құйылған қаржыны қайтарады. Бюджет қаржысы тегін, қайтарымсыз болғандықтан, оны пайдаланушылар ысырапқа орынсыз жұмсауға жиі жол береді. Сондықтан мемлекет бюджет ресурстарын мына салаларды дамытуға жұмсайды:

- халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құруға қажет салалар (мысалы, экономика дағдарысы жадайында тауар тапшылығын жою үшін тұтыну тауарлары өндірісін дамыту);

- қорғаныс мақсатындағы өндіріс;

- басқа салалар (электроника, аэроғарыш өнеркәсібі, атом энергетикасы, іргелі ғылыми-зерттеулердің тәжрибелік - өнеркәсіп өндірісі (дамуындағы прогресті айқындайтын сала);

Бюджет тапшылығы жағдайында материалдық өндіріс саласын қаржыландыру мардымсыз күйге жетеді де, ол өзін-өзі қаржыландыруға көшеді. Өдірістік емес және әлеуметтік салаларда бұлай етуге болмайды, өйткені олардың ұйымдары мен мекемелерінің жеткілікті мөлшерде меншікті қаражаттары болмайды.

Өндірістен тыс объектілерге жұмсалынған инвестициалар халықтың қажеттеріне қызмет етеді, ол инвестиция қанағаттандырылу дәрежесін, қоғамның және жеке адамның әлеуметтік күйін анықтайды.

Кәсіпорындардың әлеуметтік-мәдени салаға жұмсалған инвестициялары олардың еңбек ұжымдарындағы өндірістік қызметін жандандыра түсуіне әсер ету процесстері жалпы мемлекеттік ауқымда қаралған.

Мемлекет тарапынан қаражат жұмсалу процесі қаражаттарды аса маңызды мақсаттарға және жергілікті көлемде бағыттауға мүмкіндік береді. Өндірістік емес сала дамуын реттеуде мемлекеттік қаржының рөлімен дәрежесі айқындаушы болып қала береді.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы және сыныптамасы.

Мемлекет тарапынан экономикалық процесстерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізушісі субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері,соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.т.) сан алуан түрлері реттеледі.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке жіне экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңіндғ оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттегі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс әркетін есепке алу.

2. Қоғамның-барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төмеңгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.

3. Көзқарастардың білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтың құрылымына ықпал етеді.

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

- материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;

- өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызмет реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

- кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

- кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатысын реттеу;

- ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру. Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нәтижелілікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қортындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандардың шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының (әр түрлі нысандағы капиталдардың, жұмыс күшінің, технологиялардың, ақпараттың,меншік құқықтарының және т.т.) еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін межелеудің типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.

Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.т.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте – қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықта – тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда-сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.

Ортақ нысан жоспарлау (болжау) болып табылады.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді (әдістерді) жасады: салық салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті,активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде – шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары,бюджет тапшылығын қаржыландыру әдістері,бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырдың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол) және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.

Мемлекетті қажылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қаитамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабельділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Бұған жоғарыда айтылған салық салудағы әдістер арқылы қол жетеді.

Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджетпен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкішаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп,қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

Фискалдық саясаттың нұсқалары

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртәппен реттеледі.

Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдың саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Дикредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін - өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дикредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың (кіріктірме тұрақтылық) механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда экономикалық циклдің фазадарында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді; құлдырай кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. 19.1 сызбада мемлекеттің шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезіндегі бұл өзгерістер (Т сызығы) көрсетілген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 639; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.