КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Мемлекеттік бюджет 5 страница
Сақтық қатынастардың бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады. Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды- әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы. Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру. Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері. Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдына ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық қатынастардың бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда Бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс пайдаланылады. Ірі аппаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шалаларды қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін - өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қордарды қалыптастыру әдісі де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар – жемшөп, тұқым, отын және т.б. қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарда (шикі заттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін. Сақтандыру экономикалық категориясын материалдық – ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың еркін аударымдары, қаыр көрсету және сақтық қатынастарының қатысушыларының тарапынан болатын бір қатар басқа айрық шалықты төлемді есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады. Сақтық қорлары-қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдына ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді. Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден – бір бөлігі. Нарықтық экономикада сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері мен жарналары түрінде болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады. Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөнінідегі кепілдіктерді арттырады. Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытқа тікелей арналымында-сақтық ттөлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болуы немесе ықтималдылық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайларының салалары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана метериалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады. Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институттарының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады. Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жөю жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкінгігі обьективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі. Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасын негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып өндіріс технологиясын қамтамасыз етеді. Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілермен мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. Сақтандыру, табыс (табыс) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді. Сақтангдыру- сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандыру) сақтық жавғдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзгеде тұлғаға (пайда лаушыға) шщартта белгіленген сомманың (сақтық соммасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады: Міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті; Сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік; Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандырудың нысаны бойынша әр сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейрін заңнамалық актілерімен белгіленеді. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Сақтық қызметі – сақтық ұйымының сақтық шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: Өмірід сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру. Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру; көлік құралдарын сақтандыру; жүкті сақтандыру; мүлікті сақтандыру; көлік құралдар иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені үшін азамттық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру. Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады. 2. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процес дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарына қатысушалардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды. Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер, азаматтық – құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыруды жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қалпы, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзгеде мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзгеде зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесімен медицина сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшері ретінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануына немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Мүліктік сақтандыру, мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамддардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген ішінара немесе толық мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көз ілетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, ден саулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай –ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандыру. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жаупатылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады. Зиян келтіргендігі үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептелінеді. Шартты бұзғандығы үшін азамматтық – құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылаты және бұл жағдайда табыс алушы ретінде іс- қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс- қимыл жасайтын келісім шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуына болған кәсіпкерлік қызметтің залал тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алалмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушы кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады. 2005 жылдың басынан бастап «сақтық төлем ақыларына кепілдік беру қоры» өзінің тікелей қызметін бастады. Қор «сақтық төлем ақыларына кепілдік беру қоры туралы» заңға сәйкес жарғылық капиталына ұлттық банкінің жүз пайыздық қатысуына болатын акционерлік қоғам нысанына құрылған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың мыңдай оншақты түрлері бар: әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық – құқықтық ждауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қыземткерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азамттық – құқықтық жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру. Қазақстанда сақтық ұйымдары шетелде инвестицияларды экспорттық кредиттерді төлемеу тәуекелдігімен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған байланысты Республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық ұйымдарының капиталдану қарқынан озық қарқығын ескере отырып, отандық инвесторлармен экспортерларды сыртқы қауіп қатерден қорғау саласында мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып табылады. Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөнінідегі мемелекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003 – 2015 жылдарға арналған Индустриялық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден –бір акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты – бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету. Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестициялардысақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және контрагенттерді өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай – ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша консультациялық, маркентингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды. Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс - әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с. Сақтық ұйымы бола отырып, копорация «Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес іс - әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жеке келісішарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің 10% -ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай – ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта сақтандыру практикасы жүзеге асырылады. Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түлерін ажыратады; ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруға міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық – құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін; көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат – климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді. Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады. Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немсе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 544; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |