Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 7 страница




Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюжет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғарғы деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жо№ға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

1) фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);

2) ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бұл ақша рыногінде пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді;

3) сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

4) ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.

Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстардың көбейтуді, инвестицияларды ынталандыру (пайыз мөлшеолемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты құралы деп мойындайды. Сонымен қатар рыноктер-бәсекелестер макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың MxV=PxQ теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемнің сатушыларының түсім-ақшасы көрсетіледі.

Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:

1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік сектордың қызметтер көрсетуінің бағасын арттыру, салықтарды көбейту);

2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;

3) шектеулі кредит-ақша саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін көбейту;

4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау.

Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау қажет:

1)ақша массасына бағалардың жоғарғы икемділігі;

2)дүние жүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

3)бағалардың қозғалысына тауарларды өндірудің (ұсынудың) жоғарғы икемділігі;

4)экономикалық ресурстардың едәуір өзар алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен байланысты).

Стагфляцияны (құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасы тоериясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;

2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынының оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);

3) өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);

4) өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.

Бұл бағытта заңдылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыру және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.

ХХ ғасырдың аяғында жаңа теория – тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.

Тұрақты даму теориясында тұрақты жұмыс істейтін жүйелерді – төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.

1. Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып өрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.

2. Экономикалық мүдделерді үйлестіру қағидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.

3. Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтылау ретіндегі әртараптандыру қағидаты. «Әртараптандыру» термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функционалдық әртараптандыру ретінде пайдаланылады.

4. Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.

Бір жағынан, дағдарыстың құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің құлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүние жүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.

4. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни инфляцияның қарқыны тездейді.

Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді, өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп, еңбекке деген ынталандырмаларды күшейтеді, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді, бұл ұлттық өсуін бағалардың төмендеуін білдіреді.

Мұнан басқа «ұсыным экономикасының» теориясы салықтардың аса төмен мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен табыстың көбеюі есебінен оның өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.

Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары – «ұсыным экономикасының» өкілдері А.Лаффер және басқалары әзірлеген салық сатудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.

Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің (кірістердің) өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша, - бұл рынокке бағытталған экономикалық қарекеттегі шаруашылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс инвестивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффердің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасына 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-5% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.

Американ ғалымдарының пікірлері бойынша, егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір, айтарлықтай жоғары деңгеге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаға арналған ынталандырмалар қысқарады, пайда азаяды және, тиісінше, бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді (19.1 сызбаны қараңыз).

Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлкеттің кірістері салықтар есебінен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан – Ť нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін крістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырмаларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірістерін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай-күйін жақсартады.

Лаффердің қизық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде Т нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде Ť нүктесінде бірдей болады. Бірақ егер Т нүктесінде Салықтардың мөлшерлемесі сұранымды ынталандырмайтын болса, Ť нүктесінде салықтардың мөлщеолемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жжинақ ақшаға және инвестицияларға ынталандырмалар жасайды.

Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді. Нақ осы функцияны әлеуметтік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстар да орындайды, соның нәтижесінде табыстары төмен адамдар табыстары жоғарырақ топқа ауысады, сөйтіп әлеуметтік теңсіздік біршама қысқарады.

Бұл жағдаятты Лоренцтің қисық сызығы сипаттайды (19.3 сызба). Деңгейлес білікте (осьте) от басыларының пайызы, ал сатыласта табыс пайызы салынған. Биссектриса сызбада табыстардағы абсолюттік теңдікті, Лоренцтің сызығы теңсіздікті, бірақ қисық сызық 1 салықты төлегенге дейінгіні, қисық сызық 2 оларды төлегеннен кейінгіні, ал қисық сызық 3 мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлеуден кейінгіні қамтып көрсетеді. f нүктесі абсолюттік теңсіздіктің жағдаятын білдіреді. Сызбаның штрихталынған бөлігі салықтарды төлегеннен кейінгі табытардың және мемлекеттік бюджеттен төленетін трансферттік төлемдердің теңсіздік дәрежесін қамтып көрсетеді.

Мөлшерлемелердің шамасымен және тиісінше салықтық алымдардың шамасымен байланысты болатын салықтық реттеудің маңызды аспектісі ішкі қорланымдарды «ұстаудың» және шетелдік инвестицияларды тартудың мүмкіндігі болып табылады. Жоғарғы салықтар капиталдарды қолданудан алынатын табыстарға салықтардың аз мөлшерлемелерімен салық салынуы мүмкін, неғұрлым жайлы салық климаты бар елдерге «капиталдардың безінуін» тудырады.

Отбасыларының пайызы

Бұл факторға сондай-ақ салық салу деңгейі төмен немесе тіпті ол болмайтын «оффшорлық аймақтардың» бар болуы жағдай жасайды. Басқа жағынан, жоғарғы салық мөлшерлемелері елге шетелдік капиталдың деңдеп енуіне кедергі жасайды, мұның өзі ішкі қорланымдардың жетіспеуі кезінде экономиканың дамуын тежейді.

Сондықтан салықтық реттеу бұл факторларды ескеуі және экономикалық қарам – қатынаста (байланыста) болатын елдердің салықтық шартарын теңестіруге жәрдемдесуі тиіс.

Тұжырымдар

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда- өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлееттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікрті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным, тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві.Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлтық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» * ұғымы пайдаланылады.

Негізгі әдебиет:

1 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2 С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3 Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

Қосымша әдебиет:

1 Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

2 Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

3 Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

4 Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу дегеніміз не?

2. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу қызметі қандай?

3. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түрлері қандай?

4. Экономиканы мемлекеттік салықтық реттеу?.

№12 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке «Экономикалық теория» курсынан алған мемлекеттік реттеу, экономикалық реттеу және оның түрлері туралы білімдері негіз болады. Мемлекеттік қаржылық реттеудің мәні, оның алғышарттарын түсіну. Макроэконамикалық тепе-теңдік және қаржы. Мемлекеттік қаржылық реттеудің нәтижелілігіне белгілі шарттар орындалғанда жетуін түсіну, оларды тізіп көрсету және сипаттама беру. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі екенін түсіну. Фискалдық саясаттың нұсқаларын игеру. Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі бағытын қарастыру: сұранымға (кейнстік үлгі), ұсынымға (ұсыным теориясы).


13-ТАҚЫРЫП.

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

Мақсаты: Қаржы нарығының құрылымы, экономикалық мәнін, қаржы нарығының делдалдарының ерекшелігін анықтау.

Дәріс -конференцияның жоспары:

1. Қаржы нарығы туралы ұғым.

2. Қаржы нарығының құрылымы.

 

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: «қаржы нарығы» ұғымы, бағалы қағаздар нарығы, бағалы қағаздардың түрлері, қор биржасы түсінігі.

Дәріс-конференция оқу пәні шеңберіндегі алдын ала қойылған мәселеге байланысты ғылыми-практикалық сабақ түрінде студенттердің баяндамаларын тыңдау арқылы жүргізіліп, оқытушы негізгі ойды тұжырымдап, көтерілген мәселе бойынша ақпаратты негіздеп,толықтырып, қорытынды жасайды.

1. Қаржы нарығы туралы ұғым.

ҚР орталықтандырылған жоспарлы экономикадан жаңа мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық эономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық мекемелермен бірге қаржы нарығын құруын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес. Қаржы нарығы-бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сатумен қайта сату жөніндегі қызметтерді жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтық мекемелердің мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастарының жиынтығы. Ол нарықтық қатынас жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен тығыз байланысты. Оны келесі кестеден көруге болады:

Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайдағы қаржы нарығы қаржы ресурстары үздіксіз қалыптастырып отыруда, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ қарыз нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономикалық түрлі шаруашылық жүргізушінің реттейтін нарық қатынасының бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады. Қаржының жалпы ақшамен шеттелмей, қаржы нарығы ұғымы валюта несие капитал нарығымен қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.

2.Қаржы нарығының құрылымы

Ақша нарығы дегеніміз-қолма-қол ақша ғана емес қолма-қолсыз төлем қаражаттарда қосатын нарық.

Несие нарығы-қарыз бойынша банктің нсие қызметтерін атқарады. Ақша мен несие нарығы өдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Қоғам өндіріс қатысуының ортақ және ұзақ мерзім қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында сатып алу сатудан айрықшылығы тауарлар-ақша және бағалы қағаздар болып табылады.Сондықтан бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының бағалы қағаздармен туындыбағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп атайды.

Қор нарығы атауы бастапқыда бағалы қағаздар мен мәмле жасалынатын және рәсімделетін мекеменің қор биржасының атымен байланысты. Функционалды тұрғыдан қаржы нарығы-бұл шаруашылық жүргізуші ұйымдардың, банктің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарық қатынасының жүйесі. Нарықтың барлық салаларының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын анықтайды. Оған мыналар жатады:

1) реттелінген тауар нарығының болуы Яғни кез-келген түрлердегі және арналымдағы тауар мен қызмет көрсету бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі. (тепе-тең)

2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналымы халықты реттеп отыру. Оған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша бақылау жасау жатады.

3) Несие нарығының жандандырылуы, коммерциялық, яғни несие ресурстарының еркін нарыққа орналастыруы.

Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғы шарттарына мыналар жатады:

1) Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буынының меншікті барлық нысандары кәсіпорынның, соның шнде, мемлекет ұйымының тең дербестігі.

2) Қаржы ресурстарының қайта бөлгендегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндіріс күрделі жұмсалымдарда орталықтанған қаржыландыру, қаражаттарды кәсіпорындар арасында қайта бөлудің азаюы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 1071; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.056 сек.