Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 3 страница




Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

1) Мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;

2) Алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы – реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының нарығында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп мемелекет бұл нарықтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады. Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бірмезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.

Мемлекеттің кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға сияды.

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.

Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан – жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, билікті жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үұкімет, биліктің жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

2. Мемлекеттің кредиттің нысандары мен әдістері

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО- да заттай қағаздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Олардың шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалады. Осындай мақсатпен алтын қарыздарда (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетіндегі қанттың немесе наның рыноктік бағасы бойынша ақшамен жүргізіледі. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізіледі..

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша түрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотереялық (табыс облигацияларының ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шығару қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.

Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану басталды.

Ақша ресурстарындағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда заңды тұлғаларға коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ – ді орналастыру аукциондық сауда – саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы айырмашылық инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ – ға есеп айырысу мен шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын нарықтық бағалар бойынша төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың тұрақтылығына кепіл болады.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктредегі халықтың салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны болып табылады.

Мемлекетік кредиттің келесі нысаны – елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі келеңсіз себептерден - дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.

Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.

“Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірілген қарыз алу мен борыш туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және кепілдендірген қарыз алу.

Қазақстан Республикаыснда мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай – ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша – кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:

1. Қарызгерге қатысы бойынша:

- ҚР үкіметінің қарыздары;

- ҚР Ұлттық банкінің қарыздары;

- ҚР жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2. Несие капиталының нарығы бойынша:

- Сыртқы мемлекеттік қарыздар;

- Ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.

3. Қарыз алу нысаны бойынша:

- Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;

- қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді

- Қарыз туралы шарттар жасау болып бөлінеді.

Қолдану мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:

- айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

- айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;

- айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінді;

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда, номиналды және дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатн мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс- қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары, өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп алу; мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).

Қарыздардағы әдістерге сондай – ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру).

МҚМ – да мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы, құн бойынша өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі.

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас болады; бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдімгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.

Халықаралық мемлекеттік кредит.

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себептер болып отыр. Мемлекеттер –өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай – ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.

Халықаралық мемлекеттік кредит – халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы нарығында борышкер немесе несиегер рөлінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекетік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Халықаралық кредит – бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай – ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңды және жеке тұлғаларына беретін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның ұйымдары – Дамудың Халықаралық Ассоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі, халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам даму Банкі және басқалары. ХВҚ валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.

Өзінің мән жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

1. еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу

2. өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;

3. елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;

4. жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі

5. дамушы елдердің экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;

6. дамушы елдердің дамыған елдермен сауда экономикалық ынтымақтастығы;

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:

1. қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан:

2. ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);

3. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.

Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.

Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.

Халықаралық кредиттің негізгі нысны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу – сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді.

Халықаралық экономикалық қатынастар практикасыда сондай-ақ экспорттық немесе “байланыстырған кредитте” нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарызгер-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олардың жеткізілімімен “байланыстырылады”. Әдетте байланыстырылған кредиттер жеңілдік жағдайға беріледі, мұның өзі өз еліндегі жеткіліксіз сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктеріне қорғаудың қажеттілігінен туады.

Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудыруы немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге кері ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді; екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.

Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікді сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контрактар мен келісімдер,соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алтын банк және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер-бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді.Өтемдік келімсімдер,шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады,бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді.Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімнің экспорты есебінен өтеледі.

1996 жылдан бастап халықаралық қаржы рыноктерінде орналастыру үшін Қазақстан АҚШ доллары мен еурода көрсетілген еуробондарды – егеменді облигацияларды шығаруды бастады.

Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаты республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру және төлем балансын сүйемелдеу болып табылады.Сыртқы қарыздар бойынша үкімет алған қаражаттар республикалық бюжетке есептеледі және бюжеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банк алғаш қаражаттар ақша- кредит саясатын іске асыру мақсатында пайдаланылады. Бұл қаражаттар мақсатты арнамылына қарай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы мүмкін немесе қайтарылатын негізде ішкі (соңғы) қарызгерге берілуі мүмкін. Өтеусіз пайдалану бюжеттен жұмсау (қаржы бөлу) немесе қаржыны Ұлттық банктің пайдалануы жолымен жүзеге асырылады. Ішкі (соңғы) қаржыгерлер үшін қаржыны кредит келісімшарттары бойынша қарыз беруші- Үкімет немесе Ұлттық банк береді. Қарыз қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылауды заңнамаға және кредит келісімшарттарына сәйкес қарыз беруші жүзеге асырылады, ал келісілген шарттар сақталмаған кезде тиісті санк циялар қолданылады.

Кредитті өтеу қабілетін бағлау үшін рейтинг агеенттіктері елдің несие рейтигін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:

1. Демократиялық саяси жүйеніжасаудағы прогресс; бұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды прогтикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды қамтиды: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаны тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.

3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымының өзгерту, корпациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін рыноктардың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық), қаржы секторының ахуалы(банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы некемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылымы мен заңнаманың болуы).

4. Сауда ағымдарының қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономиаклық сауда ұйымдары қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру жәнежаңғырту және басым өндірістерді, яғни эконмиакны сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдалануы тиіс.

3. Мемлекеттік борыш және оны басқару.

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланылудан туады.Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып жаыратылады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 672; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.07 сек.