Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мемлекеттік бюджет 9 страница




§ Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;

§ Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;

§ Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;

§ Мемлекеттік бюджеттің көлемі.

Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді.

Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірісітері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

Екінші фактор – табысқа салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары. Төменде қаржы мен инфляцияның өзара іс-әрекеті сурет түрінде көрсетілген

 

Қаржы мен инфляцияның өзара іс- әрекеті

 


2.Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Инфляция түрлері.

Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:

v бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

Ø баяу баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

Ø өршімелі (орташа) баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

Ø гиперинфляция баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

v бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

Ø теңестірілген - әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады;

Ø теңестірілмеген - әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;

v болжаулық дәрежесіне қарай:

Ø күтілген;

Ø болжалды;

Ø күтілмеген;

v шығу немесе пайда болу орнына қарай:

Ø импортталынған;

Ø экспортталынған;

v дамудың әркелкілігімен сипатталатын:

Ø сатылы баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған;

Ø тұқыртылған тауар тапшылығы күшейген кездегі инфляция.

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция, аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті «таудан аққан тасқынға айналдырып», тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастарын күрделендіреді.

Инфляцияның келесідей зардап-салдарларын атап көрсетуге болады:

біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай да болса және болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді.

екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және бағалар құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын (әсіресе ұзақмерзімдік) қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өсе түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлеміне күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивті операциялардың үлес салмағы өсе бастайды.

үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

төртіншіден, экономиканың «ашық» секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.

бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдейе түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі.

жетіншіден, мемлекетттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі.

сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің «төлемі» және оның стимулы болып табылады.

тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді.

оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынының қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырайды. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер басынан өткізеді.

«1981-1982 жылдардағы құлдырау – күтпеген жағдай еді. Расында, ұзаққа созылған тоқырауды ешкім күткен жоқ. Оның инфляцияны тудыруы мүмкін екендігі де кімнің қалайына жаға қойсын», - бұл біздің еліміздің президентінің 1985 жылғы экономика туралы баяндамасы.

Қысқа мерзімді инфляцияны төмендетудің мүмкіндігі аз, ал ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық аралығында үйлесім, ымыраға келушілік болмайды.

Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді. Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады.

Инфляцияның жоғары қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түсінеді, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемалары да шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Қорыта келгенде, инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.

3- сұрақ.Инфляцияға қарсы саясат шаралары.

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу. Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік – экономикалық, құқықтық, институционалдық, моральдік-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік – экономикалық сфера болып табылады.

Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күрескебағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс болатынын анықтайды.

2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:

· мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

· төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

· валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

· қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.

2004 жылы ақша-несие саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6 % шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзетілетін болады.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе кысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның орнына арта түсті.

Тұжырымдар

Инфляция- тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде- тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.

Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күрескебағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллельді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

Негізгі әдебиет:

1. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2005ж.-552 б.

2. С. Құлпыбаев Қаржы Оқу құралы. Алматы, «Мерей» 2000ж. -154 б.

3. Қаржы. Несие. Банк. Оқулық. Орманбаев А.Ж. Өмiрбаев С.М, Есенгельдин Б.С. Қарағанды 1998ж.

4. Қ. Қ. Ильясов, С. Құлпыбаев Қаржы. Оқулық Алматы, 2007ж.-580 б.

5. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана. Алматы, Қаржы-Қаражат, 2002.

6. Мельников В.Д. Закономерности и противоречия содержания сущности финансов в экономической науке. В сб. научных трудов КазЭУ «Реформирование Казахстанской экономики: уроки, теория практика». Вып. 4. – Алматы, Экономика, 2001.

Қосымша әдебиет:

1. Финансы. Сембиева Л.З.Учеб.-практич. пособ. Астана 2001г.

2. Финансы / Под ред. Ковалевой А.М. – Изд. 2-е. – М., 2003.

3. Финансы. Учебник. Под ред. М.В.Романовского и др. М. 2004.

4. Климович В.П. Финансы, денежное обращение и кредит. М. 2004.

Тақырып бойынша теориялық білімді бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Инфляция дегеніміз не?

2.Инфляция салдары қандай?

3.Қаржының инфляциямен өзара байланысы

4.Қаржы саясатының инфляцияға ықпалы.

№15 тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты оқуда студентке «Экономикалық теория» курсынан алған «инфляция» ұғымын айқындау білімі керек. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын айқындау. Инфляцияның туындау себептерін және оның зардап-салдарларын айқындау. Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын сурет арқылы айқындау. Инфляцияның түрлерін студент өздігінен сызба арқылы көрсетуі тиіс. Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретіндегі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама екенін түсіну керек. Ұлттық банктің келесі міндеттеріне сипаттама беру: мемлекеттің ақша – несие саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету. Инфляциялық таргеттеу принциптерінің ерекшелігін студент өздігінен сипаттауы керек.


 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-05-26; Просмотров: 566; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.