Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы сипаты 6 страница




Шынтемір ауылындағы жамбы ату, жаяу жарыс, палуан күрестің бәрі үлкен той, жиындарда болатын дәстүрлі тамашаның көрінісі. Бірақ бұл тұсқа да көне түсініктер араласады. Шынтемірдің Дотанға қыз бермеу әрекетіне әзәзіл болып, мұнда да мыстан кемпір жүреді. Бұлай болуы табиғи, мұның өзі адамдар санасында сиқыр күштер құдіретіне сенушілік ұзақ сақталатынын көрсетеді.

Жырдың соңында есейіп, қайраты толысқан, көптің қамын ойларлық боп кемелдік тапқан Дотанды көреміз. Ол еліне келіп, баяғы жалмауыз кемпір шеңгелінен құтылғаннан кейін ағаларының жеке үй болуын көздейді. Бұл жолдағы талабы оны тағы да «қалмақ» жаумен ұстастырады. Осының нәтижесінде ол жауды жеңіп, ағаларын түгел үйлендіріп қана қоймай, дұшпаннан азат етілген бір қауым елге қоныс береді.

 

Ел сонда көшті дейді мақұл көріп,

Қырық мың үй бір Дотанның соңына еріп.

Ұлан Тобыл дейтұғын жерге қонды,

Бір ай жарым арада көшіп келіп.

 

Дотанның бұл әрекетін көрсету арқылы жырда үлгілі ханның біралуан бейнесі жасалу көзделгені көрінеді. Бейбіт өмір, бақытты тұрмыс, ізгі басшы туралы халықтың қашаннан бергі үміт, арманы жыр көлемінде осылайша көрініс тапқан.

«Құбығұл» жырында батырлық үйлену мәселесі кең де көркем кестеленген. Уәли ханның баласыздықтан зар шегуі, кемшілік көруі, ұл сұрап, әулиелерге жалбарынуы, ақырында, Баба түкті әулиенің «мейірімі» түсіп, рақым етуі, «балаң болады» деп, түсіне аян беруі жүйелі суреттелген. Уәли ханның ұлсыздығын пайдаланып, әркімдердің астамшылық жасауы өмір шындығы болып елестейді.

 

...Қартая келген шағында,

Бегі ханға келмеді,

Алдияр айтып ханына

Олар сәлем бермеді.

Әңгіме айтса Уәли

Олар қабыл көрмеді.

Хан екен деп Уәли

Алдына ешкім барған жоқ,

Уәлиді адам деп

Ешкім есіне алған жоқ.

Қайғы мен көрді тарлықты.

Енді күні зарлық-ты.

Елемеді еш адам,

Мінген тахыт, хандықты.

Биден көрді қорлықты.

Әкімнен көрді зорлықты.

Алдына ешкім келмейді,

Хан деп сәлем бермейді,

Осындай көрген қорлықтан

Уәли өксіп, еңірейді...[506].

 

Дүние-мүлік бөлісі, мұрагер проблемасы жеке меншік айқындалған заманнан бері қарай күрделі орынға шыққан. Уәли ханның «өксіп, еңіреуі» де тақ пен тәждің кімге бұйыратыны белгісіз болу қайғысынан. Ендеше бұл оқиға таптық қоғам дәуірінің анық көрінісі. Сонымен қатар мұнда адамның балалы болуы әулие, құпия күштердің аяушылық етіп, қайырымы түсуінен деп ұғушылық анық бой көрсетеді.

Уәли ханның әйелі жүкті болғанда, алмас тасқа жерік болыпты. Бұл да болашақ баланың батыр болатынын меңзейтін, көне ырымға сенушілік нышаны. Бұған жырда кәдімгідей мән беріліп айтылуы да тегін болмаса керек.

 

...Қаныша тоқал – жас қатын

Бір күндерде жеріді.

Табылмай жерік тамағы

Зарығып ұзақ жүреді.

Қызығына шыдамай,

Қыдырып жүрген шағында,

Көкше таудан алмас тас

Бұл әйелге табылды.

Назары ауып, сол тасты,

Ауызға салып шайнайды,

Тастан тісі таймайды.

Қуаныш кіріп көңілі

Ажарланып жайнайды[507].

 

Зарығып күткен баланың шілдехана тойы ұзақ желілі әңгіме болған. Шілдеханаға осынша ерекше орын берілуі де оқиғаның қаншалық маңызды саналғанын сездіреді. Тіпті, баланы бесікке бөлеу мәресімінің өзі көңіл аударарлық.

Осылайша Құбығұлдың әр қадамында Тәңірі «артық» жаратқандық, өзгешелік нышаны аңғартылып отырады. Ол жедел ержетеді. Құбығұл бес-алты жасында «қонақтан бойын тартпайды, есігі күнде ашулы» делінген. Ал, «жетіге келген шағында ат жақсысын мінеді»...

Құбығұл түсінде көрген ғашығы – қалмақ ханы Әділбайдың қызы Ақбілекті жасырын алып қашуды көздеп, ханның қарауында қозы бағады. Бұл көріністің де өзіндік астары, терең себептері бар. Күш-қайраты толыспаған, жеке жүрген ерлердің әртүрлі көмекші, жебеуші пірлер қолдауымен, кейде түр-түсін «өзгертуі» көне жырларға тән белгінің бірі[508]. Құбығұлдың Құлаша аты кезі келгенде «тіл бітіп» сөйлейтін, ақыл-кеңес беретін болып сипатталады.

Жыр батырлық үйленудің тарихын айтып, қаһармандардың мұратына жетуін хабарлауымен аяқталады. Құбығұлдың өзге істері, кейінгі тағдыры сөз болмаған.

«Құбығұлда» күрделі орын алатын құбылыс – түс көру. Ханның қызы Ақбілек Құбығұлдың түсіне кіріп, «кел» деп шақыруы, жас жігітті қайрап, тілегін әлденеше рет қайталауы күллі оқиғалық байланыстардың дамуына себепкер болады. Қаһармандардың әрбір әрекеті күн ілгері түс көру арқылы мәлімделіп жатады. Осы фактінің өзі-ақ «Құбығұл» жырының сүйегі көне дәуірлер ақиқатына апаратынын аңғартады. Бір замандарда түс көру күнделікті басшылыққа алынатын шарт болып саналған. Түстің бағдары, жорылуы үлкен істерге әсер етіп отырған. Көп жағдайда түс көру Тәңірі, Жаратушының аян беруі, құпия болмыстың сырына түсіну жолы деп ұғынылған. Тіпті, біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жыл ішінде-ақ ежелгі Мысырда түсті жорудың кәдімгідей «ережесі» қалыптасқан. Бұл айтылғандар түс көрудің түптамыры тереңге кететінін дәлелдейді. Әлем, табиғат, тіршілік құпиясы танылмаған кездерде адамдар болмыс жайында өзінің түрлі түсінігін қалыптастырған. Сол түсініктердің бір тармағы осы түстерге байланысты.

Құбығұлдың Ақбілекті іздеп шыққан сапарында оған жылан, айдаһарлар кездеседі. Жыландарды бастаған «жеті басты айдаһар» болады. Құбығұл өзін қамаған, ысқырып, зәр шашқан жыландарды қылышпен кесіп, алмаспен қақ бөліп, тастай береді. Көңіл бөлерлік нәрсе, жырда ескі мифтік ұғымдар сарқыты – жеті басты айдаһарлардың орын алуы. Зерттеушілердің көрсетуінше аждаһа, айдаһарларды жеңетін батырлар патриархат дүниесінің шындығы болып табылады. Көне дәуірлерде адамға қаскөй күштердің жылан, айдаһар түрінде көрінуі мейлінше табиғи еді. Құбығұл Ақбілекті алып қайтар жолда айдаһар қастандығы көрінуі де бұл ұғымның тамыр жайғандығына сипаттама.

Қалмақ батырларымен ауыр айқас кезінде қайраты азайып, халі нашарлаған Құбығұлға ғайыптан Самұрық құс ұшып келіп, қанатымен «қағып» өтеді. Бұл батырға тың күш, қалың қайрат қосады. Сөйтіп, Құбығұлға дос күштер бірде Құлаша ат, екіншіде – кәміл пір, енді бірде Самұрық құс кейпінде келе береді. Бұлар жан-жануардың бәрінің иесі бар деп түсінетін тотемдік ұғымдарға қатыссыз емес.

Сонымен, қорыта айтқанда, алғашқы қауым адамдарының сана-сезімін, наным-сенімін, дүниетанымын белгілі дәрежеде көркем елестететін мифтік, ертегілік, аңыздық оқиғаларға құрылған көне эпосқа тән төмендегідей ортақ белгілерді атауға болады.

1. Мұндай шығармаларда қиял-ғажайыптық оқиға күрделі орын алады; адам баласына қаскөй күштер: жезтырнақ, дию, албасты, аждаһалармен күрес, оларды жеңіп барып, мұратқа жету көрсетіледі.

2. Көне эпоста дүниенің жаралуы туралы мифтік ұғымдар көрініс тапқан. Оқиғалардың, байланыстардың үш қат әлемде: аспан, жер, жер астында өтетіні осының айғағы. Алғашқы адамдар – (жасампаз қаһармандар) іс-әрекетінің мифтік дәуірдің елестері осындай жағдайда айқындала түседі. Әке мен баланың ұзақ уақытқа айрылысып, жат болып барып, табысуы да қас күштер әрекетіне қатысты.

3. Анаеркі (матриархат) дәуірінің ыдырап, атаеркі (патриархат) кезеңінің салты орныға бастаған шақтың сипаттарын танытатын оқиғалар кездесуі – эпостың көнелігіне дәлелдің бірі. Бұл мәселелер кейде төтелей көрінбегенмен, осы процестің салдары аңғарылып отырады.

4. Қазақтың көне эпосында ертедегі аңшылық өмірдің суреттері неғұрлым кеңірек сақталған. Өз еңбегімен күн көріп жүрген аңшы, мергендердің зұлым күштерге күтпеген жерде кездесіп, айқасқа түсуі, көп қиындықты бастан өткізіп барып, мұратына жетуі бұл шығармалардың қалыптасқан негізгі желісі.

5. Адамдардың сиқырлы күштерге сенуі (анимизм, тотемизм, т. б.), жан-жануарлар, өсімдік дүниесінің жан, иесі бар деп есептелінушілігі эпикалық шығармаларда із қалдырған. Адамнан «ақылды» жүйрік аттар, жас баланы асырайтын киіктер «қамқорлығы» осыны көрсетеді. Адал ниетті жас қаһармандарға тарыққанда жәрдемге келетін, ақыл беретін, жол табатын кәміл пірлер, ғайып ерен қырық шілтендер қызметіне ерекше мән беріледі.

6. Баласыздық тақсіреті, әулиелер аралап, мінәжат етіп жүріп, перзентті болушылық, түс көру, аян беру, болашақ қаһарманның ғажайып тууы секілділер түбірі де адамның табиғат күштеріне тәуелді кездерінің айқын өрнектері.

7. Қаһармандардың жедел есеюі, жүйрік ат таңдап мініп, қауіпті алыс сапарға аттануы, жол-жөнекей алуан түрлі жыртқыш, сиқыр, қас күштермен кездесуі, батырлық үйленуі – көне эпоста кең таралған құбылыс.

Бұл көрсетілген сипаттар қазақтың көне эпосында, бірде көп, бірде аз кездескенімен, жеткілікті орын теуіп келгені зайыр. Түркі-монғол халықтары эпосынан келтірілген мысалдар эпикалық дәстүрдің даму жолдарын, эволюциясын нақтырақ тануға көмектеседі. Сібір халықтарының эпосында архаикалық элементтердің неғұрлым көбірек сақталуы қазақ эпосының бұрын басып өткен сатыларын түсінуге, кей тараптан септігін тигізеді. Қазақ арасында кейде ертегі, бірде аңыз күйінде жеткен қайсыбір бейнелердің, оқиғалардың саха (якут), бурят эпостарында тұтас қалпында жүруін эпикалық процестің түрлі деңгейлері деп түсінеміз.

 

 

§ 6. Жұмбақ

 

Халық мұраларының үлкен бір мәуелі бұтағы – жұмбақтар. Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бастан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.

Басқа фольклорлық мұралар сияқты жұмбақтың да пайда болу, қалыптасу, даму тарихы бар. Жұмбақтың арғы тегі ежелгі дәуірлерден тамыр тартып, алғашқы қауымдық кезеңдерден бастау алады. Халықпен бірге жасасып келе жатқан жұмбақ жанры әлі де дамуын тоқтатпай, дәстүрлі сабақтастығын жалғастыру арқылы ұдайы толығу, жетілу, шыңдалу үстінде.

Ғалымдар айтылмыш жанрдың әуелгі тегі тыйыммен төркіндес деген тұжырым жасайды. Д.К.Зеленин аңшылық және тұрмыс-салттағы тыйым турасындағы арнаулы еңбегінде «астарлы сөйлеудегі» кейбір сөздер мен халық жұмбақтарының ұқсас, сәйкес тұстарына көңіл аударады[509]. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірлерінде адам табиғат құбылыстарының шын сыр-сипатын ұғына алмаған, сондықтан оларды сәбилік балаң көзқараспен түсіндірген. Бағзы дәуірлерде адам айналадағы өктем күштердің қастандығынан секемденген, сақтанған. Аңшылық немесе бақташылық кезінде әлгі күштер зиян жасайды деп сенгендіктен оларды алдау керек деп ұққан, астарлы сөйлеу қажеттігі осыдан туындаған. Мәселен, аңға шығар алдында адамдар өз ниеттерін басқалардың сезіп қалмауы үшін олжалы қайтсақ деген оймен, аң-құстың да, құралдардың да аттарын ауызға алмаған, өзара шартты сөздермен тілдескен. Мұндай жұмбақ сөйлеуді аңшылықта болсын, жай кезде болсын, сол қауымның әр мүшесі түсініп, қолдана білуі міндеттелген.

Д.К.Зеленин тыйым сөздерді өндірістік және өндірістен тыс деп екіге бөледі. Өндірістік тыйым сөздер аңшылық, балық аулауға байланысты, оны негізінен, ерлер қолданған десе, екіншісін үй жағдайында әйелдер шығарған деп есептелген. Зерттеушінің көне аңшылық тыйымдар жан, рух туралы анимистік түсініктерден бұрын шыққан, кейін анимистік түсініктермен араласып, күрделене түскен деген тұжырымы да көңіл аударарлық.

Н.А.Алексеевтің айғақтары да бұл пікірді нақтылайды:

«Аңшылық мезгілдегі сәттілік, ең алдымен, табу сөздерді сақтаумен іліктес. Сахалар аңдар адамзат тілін ұғады деп иланған. Сондықтан ерекше аңшылық тіл ойлап тапқан. Нағыз аң аттары мен аңшылық құрал-жабдықтары орнына жалған атауларды қолданған. Мылтық (саа) деудің орнына – қыталақ («ақ тырна»), аюды (эһэ) – кырдьагас (бұрынғы), қасқырды кутурутаах («құйрықты») деген[510].

Сібір халықтарынан жиналған мол этнографиялық материалдар аң аттарын тұспалдағанда оны сыртқы қасиетін көбірек негізге алып, ауыстыратынын көрсетеді. Осындай шарттар кейінгі жұмбақ жанрының көркемдік ауыстыруларында дамытыла түскен.

Қазақтардың бұрын аңшылыққа байланысты қалыптасқан табу сөздері біршама болғанымен, өкінішке орай, жиналмай қалған. Аңшылардың ұстаған аңын сойды деп айтпай, көбіне майланды деп айтуы ежелгі дәуірде туған жұмбақ үшін жасалған ауыстырулардан қалған.

ХVІІІ ғасырдың танымал саяхатшысы С.П.Крашенинниковтың ертеде бұлғын аулаған орыс аңшыларынан жазып алған «астарлы сөздерінің» мәні туралы орыс фольклоршылары В.П.Аникин мен Ю.Круглов:

«С.П.Крашенинниковтың куәлігі біз үшін бағалы болатын себебі: біріншіден, мұнда шартты аңшылық сөйлеудің нақты образдары келтірілген, екіншіден, «бейтаныс есімдермен» («странные имена») құпия сөйлесудің көне ғұрып екендігі аталып өтілген. Емеурін арқылы тілдесу Сібірді бұрынырақта мекендеген бұлғын аулайтын орыстардың бабаларына таныс болған. С.П.Крашенинников келтірген «жалған сөйлеу» (саяхатшы жазған «бейтаныс есімдер» – «странные имена» деген сөз ғылымда термин ретінде орныққан – В.П.) – байырғы құпия сөйлеудің жаңғырықтары, бұнымен халық жұмбақтары да тікелей байланысты»[511], – деп жазған.

Халқымызда атам заманнан желі тартатын, әртүрлі наным-сенімнен өрбіген салттар баршылық. Сондай салттың бірі – әр нәрсені өз атымен емес, басқаша астарлы сөздермен, меңзеумен жеткізуі. Қазақтың байырғы әдеті бойынша келіндерге ата, қайнаға, қайныларының атын атауға тыйым салынған, мұны бұзуды әдепсіздік деп саналған.

Сыйлас аруақты адамдарды «аты теріс», «адам аттас» немесе «атамның атасы» деп атаған. Кіші жүз ішінен шыққан Көтібар батырды келіндері «Атамда бар, басқада жоқ» деген тіркеспен тұспалдаған. Осы өлкеде Мөңке Тілеуұлы атты шешен өткен, оны күні бүгінге дейін халық құрмет тұтып, әулиеге балайды. Мөңке – балықтың бір түрінің атауы. Әулиенің ұрпақтарына күйеуге шыққан соң, келіндер оның киесінен қорқып, атын атаудан секемденіп, «Шорағай атам» дегенін бала кезімізде сан рет естігенбіз. Шорағай деген де – балық аты.

Мұндай салттың шығу тегін табу сөздерден іздестіру жөн. Дж. Фрэзер алғашқы қауымдық дәуірдегі адамдар зат пен сөздің аражігін толықтай ажырата алмаған, сол себепті адамның есімі оны қорғаштап жүреді деп сенген деген тұжырым жасаған. Ол кезеңде біреуді есімімен атаса, қас күштер естіп қойып, оған кесір жасайды деген сенім орныққанын, сондықтан басқаша айту қажеттігі туғанын және мұндай табу түрі дамудың бағзы сатысында тұрған көптеген тайпалар арасында таралғанын көптеген мысалмен дәлелдейді[512]. Мұндай сенім қазақта дүниеге келген сәбиге ат қою үрдісіне де ықпалын тигізген. Бабаларымыз жас балалары шетіней беретін болса, нәрестелеріне «Көтібар», «Боқкөт», т.б. тәрізді ерсі ат қойып, айдар тағу жолымен жамандық ауылын аулақтатуды ырым тұтқан. Адамның аты неғұрлым бейпіл, ерсі болса, жамандық жасайтын қас күштер жоламайды деп иланған.

Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған ат тергеу үрдісіміз әу баста тыйымнан өрбіген, әйел-еркек қауымы тегіс сақтайтын тәртіп болса, кейін әйел заты ғана орындайтын міндеттілікке айналған.

Қазақта көне дәуірлерден сақталып қалған наным-сенімнің көрінісі болып табылатын табу сөздер мол. Халқымыздың қасқырды өз атымен атамай, қара құлақ, ұлыма, серек, ит-құс деуі де тотемдік түсініктерге байланысты қалған. Түркі жұртының көпшілігінде қасқырды тікелей атамай, басқа тұспалдармен білдірген, әзербайжандар ағзығара (аузы қара), тувалықтар көк карак (көк көз), сахалар уһун кутурук (ұзын құйрық), халлан уола (аспан ұлы), таңара уола (тәңірі ұлы), чуваштықтар пігимбар ити (пайғамбар ити) деген ауыстыруларды қолданған[513]. Буряттың «утаһуултэй» деген ауыстыруы негізінде: «Ута һуултэй уһа долеоно» (Ұзын құйрықты су жалап жатыр деген жұмбақ пайда болған[514].

Жолға, сапарға шығар алдында адамдардың мақсатын білдірмеуге ұмтылуы қаскөй күштерден қауіптенуден шыққан, ниетіміз туралы тіке айтсақ, қас күштер естіп, жолай кедергі келтіріп, дұшпандық жасайды деп иланған. Сондықтан қас күштерді адастырып, алдау үшін сапар турасында бүркемелеп, бүкпелеп сөйлеген. Қазақтар бұрын кетейік, қайтайық деудің орнына көбейейік деп айтқан. Жолға шығатын адамнан «қайда барасың?» деп сұрамай, тек «жолың болсын!» деп айтатын болған. Егер біреу сұрап қалса, жаман ырымға балап, ол адамға зекіп тастауы да осындай наным-сенімнен шығуы мүмкін.

Қазақтың тілдік қорында тұспал сөздер бар. Мәселен, қоян – қалқан құлақ, тышқан – жорғалауық, қаптесер, қамшы – жылқы айдар, жылан – жұмырбас, т.б. болып айтылады.

Жұмбақ жанрлық қалыптасу тарихында магиялық та, ғұрыптық та қызмет атқарған. Мәселен, Н.Адриянидің жазуына қарағанда, торадж тайпасы жұмбақ шешу егістің бітік шығуына септеседі деп иланған[515]. Оңтүстік Африканы мекендеген банту тайпаларында жауын шақыру ғұрпы кезінде әйелдер би билеп, ән айтса, ерлері жұмбақ айтады екен[516].

Жұмбақ айтуда шектеулердің де болғанын байқауға болады. Мәселен, эвенктерде көктемде бұғылар бұзаулайтын мерзімде, ауа райы өзгергенде, адам дүниеге келгенде не қайтыс болғанда, т.б. қиын сәттерде жұмбақ айтуға тыйым салынған.

Вотяктарда қысқы «важо» уақытында айтылатын «қауіпті» жұмбақтар тобы да бар.

Татарларда Нардуган мейрамы уақытында күн, ай, жер, су, жыл, жаңбырды мадақтап, жұмбақ айту өріс алған. Осылайша аспан әлемінің, табиғат күштерінің рақымын түсіруді ойлаған. Осы тақылеттес маусымдық жұмбақтарды Наурыз мерекесі кезінде айту түркімендер арасында орныққан[517]. Қазақтар бұрын Наурыз қарсаңында жақсылық пен жамандық, суық пен жылы, қыс пен жаздың күресін бейнелейтін «Өлі мен тіріні» айтыстырып, қыс бейнесі Қалтырауық қамыр кемпірді күресте жеңілдіріп, жас жігіттер мен қыздарды ортаға шығарып, айтысқа шақыратын. Жас жігіттер мен қыздардың айтысы жұмбақ жасырысуға ойысып, жұмбақ тақырыбының мақсаты табиғат ананы мейірлендіріп, жыл ішінде береке, молшылықты қамтамасыз ету үшін уақытты, мезгілді арқау ететін[518].

Ал гректердің кеудесі әйел, денесі арыстан, қанаты құстардыкіндей Сфинкс аталатын мақұлық өткен-кеткендерге: «Жаны барлардың ішінде қайсысы ертеңгісін аяқпен, күндіз екі аяқпен, ал, кешкісін үш аяқпен жүреді?» – деген жұмбақ жасырады, шешуін таппағандарды жоқ етіп отырады. Бұл жұмбақтың шешімін Эдип патша адам деп табады. Әлгі мақұлық дұрыс жауапты естігенде дағдарып, өзін-өзі өлтіреді.

Гавайлықтарда жұмбақ шешімін таппаған адамдардың сүйегі жағылмай, тек олжа ретінде сақталған, олардың ұрпақтарына жұмбақ жасыруға рұқсат етілмеген[519].

Бұл мәліметтер жұмбақтарды ежелгі адамдар қасиетті санап, оны шеше білуді қажеауық, қаптесер, қамшы – жылқы айдар, жылан – жұмырбас, т.б. болып айтылады.

Жұмбақ жанрлық қалыптасу тарихында магиялық та, ғұрыптық та қызмет атқарған. Мәселен, Н.Адриянидің жазуына қарағанда, торадж тайпасы жұмбақ шешу егістің бітік шығуына септеседі депттілік деп есептегенін көрсетеді. Жұмбақты дұрыс табу бақыт әкелсе, оны білмеу өлімге соқтырады деп сенген.

Алайда, «жұмбақ әуел баста өмірге ойын ретінде келген. Сәби көзін жұмып тұрып, затты жұмбақтаған (жасырған). Демек жұмбақ – көзді жұмбақ, жасырғандасылмаймыз. Жұмбақ тарихын зерттеушілердің пікірлерін саралағанда тұспалмен сөйлеп, қаскөй рухтарды адастыру, болып жатқан жағдайды жасыру мақсатын көздеуден туған деген тұжырымдар, шындығында, мәселенің тереңіне бару, құптарлық пікір.

Қазақ жұмбақтарының көне үлгілері ХІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақ даласында дүниеге келген «Кодекс куманикусте» сақталған.

Бұл сөздіктегі жұмбақ саны – 47. Американдық ғалым А.Титце «Кодекстегі» жұмбақтардың қазіргі түркі тектес халықтардың фольклорлық қазыналарымен сәйкес тұстарына тоқталады. Татар фольклортанушысы Х.Махмутов қыпшақ дәуірінен жеткен жұмбақтарды татар жұмбақтарымен салыстыра тексереді. Бұл екі зерттеу қазіргі түркі жұмбақтары мен ежелгі байланыс, сабақтастықты танытады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 940; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.