КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жалпы сипаты 10 страница
3. Білге қағанның (Могилянның) тағы да ыдырай бастаған түркі тайпаларының тұтастығын қалпына келтіруі. Ол Шығыс Түрік қағанатын 680-734 жылдары билеген. Інісі Күлтегін екеуі қытай, татабы, табғаш, оғыздарға қарсы он екі жорық жасап, жалаңашты- тонды, кедейді - бай, азды көп еткен. 4. Күлтегіннің қайтыс болуы, оның ерліктерін баяндауға арналған мәтін. Он жасында Күлтегін батыр атанса, он алтыда алты чуб, соғда, табғаш, оң тұтық тайпаларын талқандап, елін, жерін молайтады. Жиырма алты жасында - қырғыз, түргеш, аз тұтық, отызында – қарлұқ, отыз бірінде – аз, ізгіл, тоғыз оғыз, едіз, оғыз тайпаларымен соғысып, жеңіске жеткен. Жазбада Күлтегіннің өлген мерзімі де көрсетілген. Ол - 731 жылдың жиырма жетінші ақпаны. «Білге қаған» (Могилян) ескерткішінің құрылымы да осыған жуық. Бұл жазбалардан бір-бірін қайталайтын, мағыналас жолдар жиі кездесіп отырады. Мұны ең алғаш байқаған П.М.Мелиоранский болатын. Жазбада он тоғыз жыл шад, осыншама уақыт қаған болған Могилянның жорықтары баяндалады. Ол он жеті жасында таңғұт, алты чуб, соғда, жиырмасында - басмыл, идықұт, жиырма екісінде – табғаш, жиырма алтысында – чік, жиырма жетісінде – қырық азбен соғысып, түргеш халқын ұйқыда басқан. Отызында – Бесбалық, отыз бірінде – қарлұқ, отыз екісінде – басмыл, қарлұқ, т.б. тайпалармен соғысқан. Отыз үш жасында хан болып, мемлекет құрған, заң қабылдаған. Отыз төртінде – оғыз, табғаш, отыз сегізінде – қытан, отыз тоғызында татабы тайпаларына қарсы соғысқан. Түрік елінің тәуелсіздігін нығайтқан Білге қаған ит жылы (734) оныншы айдың жиырма алтысына өліп (ұшып), доңыз жылы (735) бесінші айдың жиырма жетісіне жерленген. «Тоныкөк» жазбасы болса, Елтеріс (Құтлығ), Қапаған (Мочжо), Білге (Могилян) қағандарға кеңесші болған ел ақылшысы, қолбасшы Тоныкөкке арналған. Ол түріктер тәуелді болған кезде табғаш елінде өскен. Жазбада түрік халқының жойыла жаздап, ағаш-тас арасында жиналып, жеті жүзге жеткені баяндалады. «Ұлығы шад еді, ілескен мен – Білге Тоныкөк», - дейді жазба. Оның сюжеті өзге Орхон жазбаларымен ұқсас, мазмұндас. Бұл ескерткіштерде сол дәуірге қатысты көптеген ономастикалық атаулар сақталған болса, олар бірде түркі тайпаларының қонысы мен географиясы, бірде этникалық құрамы, бірде кісі аттары мен әлеуметтік титулдарға қатысты болып отырады. Мысалы, «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк», «Құтлығ қаған» жазбаларынан мынадай әлеуметтік атауларды кездестіруге болады: шад, апабек, тархан, бұйрық бек, қаған, бек, жабыға, тегін, күң, құл. Түркі қағанаты дәуіріндегі этнонимдік атаулар саны да атап айтарлықтай. Тоғыз-оғыз, табғаш, түрік, тат, он оқ, авар, үрім, қырғыз, тибет, құрықан, татар, қытай, төліс, аз, оғыз, соғда, алты чуб, түргеш, кеңгерес, қарлұқ, ізгіл, едіз, тоңра, татабы – бәрі де Түркі қағанатына енген тайпа атаулары. Орхон жазбаларындағы оқиғалар осы тайпалар арасындағы этникалық тарихты, қағанат құру жолындағы тартыстарды баяндайды. Оның негізінде қағанаттың құрылуымен бірге батыс және шығыс қанатқа жіктелу процесі де жатқаны анық. Жазбалардағы ең көп әрі жиі кездесетін атаулар – топонимдер. Олардың Орхон ескерткіштеріндегі ұзын саны мынау: Өтүкен, Шаңтұң, Тоғыз Ерсен, Тибет, Інжу, Байырқу, Шұғай, Түн жазығы, Темір қақпа, Кері Темір, Бөклі, Жасыл өзен, Көгмен, Кері Кену, Терістік, Түстік, Шығыс, Түргі Иарғын, Сұңа, Болшы, Қадырхан, Табар, Тамағ, Қара көл, Тоғу, Құшлағақ, Чуш, Егзент, Қадаз, Мағы, Бұхар, Бершекер, Тоғла, Көк Өңүг, Ану суы, Алтын қойнауы, Жарыс, Ертіс өзені, Мәңгікөк тауы. Жалпы, бұл жазбалардағы этникалық үрдістен хабар беретін ономастикалық атаулар арнайы зерттеуді қажет етеді. Олардың бір ғана «Күлтегін» жазбасындағы көрінісі мынадай: әлеуметтік титулдар – он, этнонимдер – жиырма төрт, топонимдік атаулар – отыз тоғыз. Әрине, мұны түркі жазба ескерткіштеріндегі ономастикалық атаулардың толық, түпкілікті, тұрақты сандық көрсеткіші деп түсінуге болмайтыны белгілі. Ондағы жер-су атаулары бір жүйеге түсе қоймаған. Қайсыбірі нақты елді мекен атауларын қамтыса, енді бір парасы түстік, шығыс, терістік, күн ортасы, күн батыс, түн ортасы деген ұғымдар түрінде кездесіп отырады. Мысалы:
деген жолдардан түркі тайпаларының географиялық таным-түсініктерін аңғаруға болады.
деген жолдар түркілердің ел басқару, билік жүргізу, әскери жорықтар кезіндегі жасақты орналастыру тәртібіне қатысты. Бүгінде Орхон жазбаларының тарихи жылнамадан гөрі эпостық туындыға жақындығын шетел ғалымдары да басымдау сөз етіп келеді. Мысалы, А.Бомбачи қағанаттың шығыс қанатында миф, аңыз, тасқа таңбаланған қаралы сөздермен қатар «Күлтегін», «Тоныкөк» секілді эпосқа жуық жазбалардың болғанын тілге тиек етіп, оларда тарихи хикая, саяси риторика, эпизм стильдерінің аралас жүргенін айтады[564]. Байқап отырсақ, бұл жазбаларда:
Болмаса:
деген жолдар жиі қайталанып отырады. Өзара салыстыруға құрылған мұндай синонимдік ұғымдарды А.Бомбачи поэзиялық-ырғақтық жүйе іздеудің көрінісі ретінде бағаласа, оны эпикалық дәстүрге тән поэтикалық формула үлгісі деп қарауға да толық негіз бар. Себебі Орхон жазбаларында ұйқасқа құрылған, қайталанып отыратын өзге де жолдар аз емес:
* * *
* * *
* * *
* * *
* * *
деген жолдардан поэиялық өлшем мен ұйқас байқалатын болса, олардың эпикалық дәстүрге де қатысы жоқ емес. Осыған белгілі бір жүйеге түсіп, шумақтық құрылым түзей бастаған (а-в-в-в) мына тұрақты жолдарды да қосуға болады:
Орхон жазбаларының фольклорлық сатыдағы көркем ойға қатысын айғақтайтын белгілердің бірі осы. Түркі қағанаты дәуірінен жеткен жазбаларды поэзиялық туындыға жақындататын белгілердің бірі – сөз тіркестері. Орхон жазуларынан оның көптеген үлгілерін кездестіреміз:
* * *
деген жолдардан бөлек өзге тұрақты тіркестер де жиі қолданысқа ие. Мысалы:
деген жолдар бірде – осы, бірде өткен шақта баяндалып, үнемі қайталанып отырады. Батырлық, ерлік рухындағы оқиғаларға құрылған «Күлтегін» жазбасында байқалатын жанрлық белгілердің бірі – жоқтау. Көне түркі тайпаларының тыныс-тіршілігінен туындап, тұрмыс-салт жырларының бір тармағы болып табылатын жоқтау үлгісі мұнда түрік халқының тағдырымен тамырлас:
* * *
деген жолдардың жоқтау үлгісінде жазылғаны анық. Бұл жолдардан шамандық нанымға тән ұғым-түсініктер де байқалады. Мысалы, «Адам баласы бәрі өлгелі туған» деген көне түсініктің ізін біз «пендеге өлім- парыз» дейтін кейінгі ислам идеясынан да аңғарамыз. Наным-сенім, дүниетаным жүйесіндегі сабақтастық деп осыны айтсақ керек. Жоқтау сарыны жырдың өзге тұстарынан да кездесіп отырады:
Түркі жазба ескерткіштерін әдеби-фольклорлық мұраға жақындататын белгілердің бірі – арнау. Орхон жазбаларынан түркі халқына, алып бектеріне бағыштап айтылған жолдар жиі табылады:
* * *
деген жолдарды арнау ретінде қабылдауға толық негіз бар. Бұлардың бәрі дерлік көркем оймен жеткізілген, құрылымында а-в-в-в ұйқасының ізі бар. Зерттеушілердің назарына ілігіп жүрген көне фольклор жанрларының бірі – мақал-мәтел. Орхон жазбаларында оның түркі тайпаларының өмір тәжірибесінен туған, жинақталған ойды білдіретін үлгілері кездесіп отырады. Мысалы, «Тоныкөк» жазбасындағы:
* * *
деген мақал үлгілері ерлік, батырлық ұғымдарымен байланысты болса, төмендегі жолдардың да түркі тайпаларының тыныс-тіршілігінен туғаны анық. Мәселен,
* * *
* * *
* * *
* * *
Жоғарыдағы үлгілерді мақалға жатқызсақ, Орхон жазбаларында айтар ойдың тұспалын ғана білдіретін мәтелдер де кездесіп отырады:
Бұл мақал-мәтелдердің танымдық-тәрбиелік сипаты басым. Ойы ықшам, көңілге қонымды тіркестердің есте сақталуы да қиындық тудырмайды. Олардың бүгінгі қазақ ұғым-түсініктерімен байланысы да анық. Мысалы, жоғарыда келтірілген кейбір жолдардың қазақ фольклорындағы үлгісі мынау:
Аш адамның тоқпен ісі жоқ, Тоқ адамның ашпен ісі жоқ. Немесе: Бір тойған аштықты ұмытады.
Осы аз ғана үлгілердің өзінен мақал-мәтел жанрының сонау Түркі қағанаты дәуірінен саға тартатынын аңғарамыз. Орхон жазбаларының сюжеті түркі тайпаларының өзара тартысына, түрлі қақтығыстарына құрылған. Мысалы, «Күлтегін» ескерткішінің оқиғасы шад, тархан, бұйрық, тоғыз оғыз бектеріне бағышталып, бір кездері Бумын, Істемі қағандардың жер бетінің төрт бұрышын бағындырып тұрғанын хикаялаумен басталады.
Бумын, Істемі қағандардың түркі тайпаларын ірі тайпалық бірлестікке айналдырғанын жырлаған тұста, олардың артында інілері мен ұлдары қалғаны баяндалады. Мәселен,
дейді. Түркі халқының елдігін жойып, қағандығынан айырылып, табғаш халқына тәуелді болуының басты себебін Йоллығ тегін осы оқиғалардан іздеген. Жазбада Бумын, Істемі ұрпақтарының «алып қағандар», «білге қағандар» бола тұрып, тәуелсіздігінен айрылып, табғаштарға «елу жыл ісін-күшін» бергені де баяндалған. Күлтегін – түркі тайпаларының тұтастығы, тәуелсіздігі үшін күрескен батыр. Оның ерлік іс-әрекеттерін суреттейтін жолдар жазбада аз емес. Кейде батыр қалың жауға бір өзі тиеді:
Жауға жалғыз шабу – хас батырға тән мінез. Оның небір көркем үлгілерін біз кейінгі қаһармандық жырлардан кездестірсек, алғашқы нышандарын Орхон жазбаларынан байқауға болады. Түрік қағандарының жаратылысы тұсында фольклор кейіпкерлерінің туысына қатысты сарындарды да аңғаруға болады. Мысалы, «Күлтегіннің» кіші жазуы былайша басталады:
Тәңірден, көктен, күн нұрынан жаралу – кейінгі қазақ фольклорында кездесіп отыратын сарын. Түркі жазбаларында «өлді» деген сөздің «ұшты» болып жүруі де соны аңғартады. Олардың ұғымынша, адамды Тәңірі жаратып, Тәңір алады. Ал күн нұрынан жаралу сарынын кейінгі Шыңғыс ханға қатысты фольклор сюжеттерінен де аңғарамыз. Орхон жазбалары тұсында соның көне бір көрінісін аңғарамыз. Тәңірге теңеу, сыйыну өз алдына, жазбада түркі тайпалары қасиет тұтқан табиғат құбылыстарына да тіл бітіп, сөйлейді:
Орхон жазбалардың келесі бір ерекшелігі – сюжеттің тайпа тарихымен қатар батырдың өмір жолына негізделуі. Мысалы, «Күлтегін» жазбасының соңғы жағында мынадай тарихи-ғұмырбаяндық деректер бар.
* * *
деген жолдар эпикалық дәстүрді танытады. Негізгі ерекшелігі – батырдың өмір жолын оның ерлік жорықтарымен байланыстыра баяндауында. Бас қаһарманның іс-әрекеттері сюжет тоқитын болса, соның бәрі жазбаларға хронологиялық желіде түсіп отырған. Тіпті, Күлтегіннің өлген жылына дейін анық көрсетілген.
деген мәліметтерді тарихи шындыққа сай келмейді деп айту қиын. Жазбадағы өзге деректер де ешбір күмән тудырмайды. Бірақ мұндай тарихи мәліметтер жазбада баяндау, хикаялау тәсілімен проза үлгісінде берілген. Ежелгі түркі тайпалары жорыққа шығар алдында қолға – қол, әскерге әскер қосып, күш біріктіретін болған. Мұның ізін көне және орта түркі дәуіріндегі жазбалардан аңғаруға болады. Мысалы, көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мына сөз тіркестерін IX-X ғасырларда туып, XV ғасырда хатқа түскен «Қорқыт ата кітабынан» да кездестіруге болады: «Күлтегін» ескерткіші:
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1058; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |