Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі




Жоспар

1. Педагогикалық шеберлік және оның компоненттері.

2. Педагогикаклық шеберлік және педагогикалық іс–әрекет.

3. Педагогикалық іс–әрекеттегі актерлік және режисерлік шеберліктің элементтері

4. Педагогтарды дайындаудағы Қ. С. Станиславскийдің театрлық жүйесінің принциптері.

5. Педагогикалық іс–әрекетті іске асыру және қалыптастыру жолдары.

6. Педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуі.

 

1.Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс–әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу–тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс–тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал, педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.

Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: «...бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәрежелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог – бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман». Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады:

1) «Педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді: жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция; өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім; педагогикадан, жалпы, жас және психологиядан білімінің болуы; оларды оқу–тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі. Бұл негізінен, Н. В. Кузьминаның белгілеуінше, педагогтың қалай оқыту және тәрбиелеу керектігін білуден көрінеді.

2) Педагогикалық шеберлікті педагогтың бойында тәрбиелеуге болады, шеберлікке педагог боламын деген әрбір адамның қолы жетеді.

2. В. А. Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез–келген іс–әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші – бұл іс–әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру.

Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі – білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты – қабілеттер; тұтастқты қамтамасыз ететін құрал – педагогикалық техника аясындағы іскерліктер.

Кәсіптік білім – бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойнша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді.

Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу–тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық –педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдай негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық қабілеттер–арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық – педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген:

1) Дидактикалық – бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу–тәрбие үрдісіне тек ақылды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын;

2) Ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс–әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған, сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды жиырма екі қасиеттермен қамтамачыз етіледі.

3) Коммуникативті – бұлар оқушылармен дұрыс қарым–қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер;

4) Перцептивті – бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған;

5) Суггестивті – бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты;

6) Ғылыми – танымдық (академиялық) – ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті;

7) Эмоционалды тұрақтылық және болжамдық қабілеттер.

Педагогикалық техника – оқушыларға, ұжымға педагогикалық ықпал жасаудың әдістер жүйесін тиімді қолдануға қажетті іскерліктер мен дағдылар жиынтығы: тәрбиеленушілермен дұрыс қарым–қатынас стилін таңдау іскерлігі, олардың назарын аударту, басқару және т.б. іскерліктер.

Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру – қарым–қатынас технологиясын меңгерудің қажетті шарты. А.С.Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сойлемін 15-20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет–әлпет, дене тұрпаты, дауыс көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер атандым» дейді.

Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу шеберлігі, мимка және пантомимика мәнерлілігі, өзінің психикалық күйін және эмоционалдық–шығармашылық күйін басқару іскерлігі, актерлік–режиссерлік қасиеттер.

Педагогикалық тиімді орындау үшін қазіргі педагогке педагогикалық қызыметтің құрылымын, оның негізгі компоненттерін, педагогикалық іс–қимылды және кәсіби маңызды іскерліктер мен психологиялық сапаларды ұғыну қажет.

3. мектептегі оқу–тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс–әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез–келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.

Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогикалық бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызыметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. Бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскиийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс–әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.

К.С.Станиславский жүүйесі– бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңкйту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызыметтегі кез–келген дарындылықтың «пайдалы іс–әрекет коэффицентін» жоғарлату тәсілі.

4. К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік береді: оларды меңгеру педагогикалық қызыметтің қыр–сырын жан–жақты танығысы келетін кез–келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан–жақты дамытуға және өзінмөзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез–келген адам қызыметке қажетті практикалық дағдылардыдамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігі белгін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырамыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С.Стансиславскийдің айтқан сөзін ұстағаны жөн («работа актера над собой»): «Алғашұы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек». педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс.

Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславскиий рольмен жұмыс жасау барысныда өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді.

Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесіиділігіне кедергі келтіреді.

Станиславский іс–әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.

Міне, сондықтан, педагогикалық шеберлік үш өзара байланысқан бөлікпен белгіленеді: педагогикалық теория, педагогикалық техника және сабақта жұмыстану әдісі және оны ұйымдастыру, өткізу.

Теорияны оқып білуге болатын болса, педагогикалық техника мен әдісті меңгеру қажет. Ал меңгеру үрдісі белгілі бір практикалық дағдыларды қажет етеді. Бұған қол жеткізу үшін өте ұзақ және жүйелі жаттығу жүргізу қажет.

5-6. Бүгінгі күні мұғалім болу өте оңай нәрсе деп ойланатын адамдар баршылық. Бұл үшін арнайы педагогикалық оқу орнында да қажет емес деп санайтындар да бар. Әдетте былай ойлайды: мұғалім болу оңай, әсіресе, тарих, география, әдебиет пәндерінің мұғалімдері болу.. Оқулық бойынша материалдың белгілі бір көлемін жаттап алып, сыныпқа балаларға бар да әңгімелеп бер. Бұндай адасушылықты өз уақытында К.Д.Ушинский сынға алған.

Шынымен де, кімде–кімнің еске сақтау қабілеті жоғары болса, оқулықтың бірнеше бетін жттап ала алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алады. Мүмкін, оның мазмұнын да жақсылап айтып бере алар. Әрбір педагог оқушыларға ғылымның заңдылықтарын қол жетерлік деңгейде түсіндіре алама? Дамыта оқытуды жүзеге асыра аладыма? Оқу–тәрбие үрдісін ғылымилық ұстанымы негізінде ұйымдастыра алама? Тек арнайы білімге ие педагог қана бұл міндеттерді шешуі мүмкін.

Педагогикалық университеттердің оқу жоспарларында мамандық бойынша педагогтарды даярлауға басым көңіл бөлінеді. Студент оқу барысында ғылымды меңгеріп, оның ұғымдық аппаратын білгені жөн. Тек белгілі бір пән бойынша білім алып қоймай, сол пәннің тәрбиелік мәнін де ұғынуы тиіс. психологиялық–педагогикалық ғылым саласынан терең де жан–жақты теориялық және практикалық дайындықсыз оқыту–тәрбиелеу міндеттерін шешу оңай емес.

Әрі қарай қалыптасқан кәсіби іскерлік пен дағдының тексерілуі және өңдеулі және өңдеулі педагогикалық сараман барысында жүреді. Педагогикалық сараманның әрбір кезеңі нақты міндеттерге ие.

Шебер–педагог – бұл нәзік те ойлы мұғалім, жақсы тәрбиеші, оқу–тәрбие жұмысын ұйымдастырудың соңғы әдістерін меңгерген адам. Мұғалім шеберлігіне жету өте қиын. Оған студенттік шақта қол жеткізу мүмкін емес.

 

 

Өзін–өзі тексеру сұрақтары

1. Қандай педагогты шебер деп атауға болады?

2. Педагогтың педагогикалық шеберлігінің құрылымын көрсетіңіз.

3. Дәстүрлі және инновация: олар қазіргі мұғалім жұмысында қалай көрінеді?

4. Шебер–педагогтың педагогикалық портретін беріңіз.

5. Педагогикалық қызыметтің мәні

6. Қажетті әдебиетті қолдана отырып, мына жоспарға сәйкес мұғалімнің профессиограммасын құрыңыз.

1) Бұл мамандықта нені білу қажет?

2) Бұл мамандыққа қандай іскерлік пен дағды қажет?

3) Педагогтың сенсорлық әрекетінің (қабылдауы, есте сақтауы, зейіні т.б.) ерекшеліктері

4) Педагогтың ойлау әрекетінің ерекшеліктері.

5) Педагогтың әрекетінің ерекшеліктері.

6) Педагогтың кәсіби мәнді қабілеттері.

7) Педагогтың эмоционалдық–еріктік салаларының ерекшеліктері.

7. Оқулықтан (Оралов А.А., Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность М.,2004) мына тарауларды аударып, мазмұны бойынша конспект дайындаңыз.

1) «Профессия вечная и творческая» – 16б.

2) «Своеобразие педаагогической деятельности» –17б.

3) «Професиональный статус учителя»-19б

4) «Функций професионально-педагогической деятельности» - 22б

5) «Стили педагогическом мастерстве»-23б

6) «О педагогическом мастерстве»-25б

7) «О стиле и внешней культуре учителя»-29б

8) «Перспективы развития педагогической професии в условиях информационно-технологической революции»-38б

9) основе професиональн«О правой ой деятельности»-42б

 

8. жоғарыда аталған тақырыптар бойынша 7-10 аннотациясымен карточка дайындаңыз

9. мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын құрыңыз.(Қараңыз: Орлов А. А.,Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность М., 2004.-85б.)

 

1. Асқарбаева А. Ұстаз ізденістері. А., 1987

2. Асылов Ұ.Ж. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. А.,1998.

3. Елеусізов С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1995.,

4. Грехнев В.С Культура педагогического общения. М., 1990.

5. Зязюн И.А. Основы педагогического мастерства. М., 1989.

6. Бәшірова Ж. Университет жүйесінде педагог біліктілігін қалыптастыру. (Қазақстан мектебі.-2004. ном 3. – 15-18б.)

7. Мұқашева Ф. Кәсіби біліктілік биік болсын. Қазақстан мектебі.- 2004.-номер3. – 32-35б.

8. Мәшенбаева Т. Мұғалім іс-әрекетіндегідәстүрлі мәселелер.// Қазақстан мектебі. – 2004. 11-121-13б.

9. Зязюн И.А. основый педагогического мастерства. Киев., 1987.-82-96б.

10. Булатова О.С. Педагогический артистизм: Учебное пособие. М., 2001.

11. Ершов П.И др. Общение на уроке. Или режиссура поведения учителя. М., 1998.

12. Орлов Ю. М. Восхождение к индивидуальности. – М., 1991.

13. Леви В. Искусство быть собой. М., 1979.

 

 

Дәріс 2. педагогикалық шеберліктің элементі-Педагогикалық техника.

Мақсаты: Педагог әрекетіндегі педагогикалық техниканың мәнін ашу.

Жоспары:

1. педагогикалық техника-педагогтың әрекетін ұйымдастыру формас.

2. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.

3. Педагогтың сыртқы келбеті.

4. Мимика және пантомимика-байланыс орнату құралдары ретінде.

1.Шебер- педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырылады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын, билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет.

А.С. Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айту, әнгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» - деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен.

«Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А.С.Макаренко. оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті.

«Педагогикалық техника» ұғымына 2 компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері-өз денесін билеуі(мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепсия іскерлігі (бет -әлпетінен тану); сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция). Екінші топ компоненттері: тәрбие үрдісінің технологшиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарымс-қатынас техниекасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгәі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы.

Бір қатар педагогтар жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктері баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немесе, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандықтарын, тіпті кейбіреулері қорққандарын, немесе тақтаның алдынд акөп жүгіріп, жан таласқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайта жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер-бір қалыптылық, сөздің сылбырдығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктерде аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі.

Аталған қателіктер педагогқа оқушылармен жұмыс жасауда кедергі келтіреді. Оларды жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде жою- мұғалімді даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі.

Педагогикалық техникасын арттыру үшін педагог өз жұмысын нден бастағаны жөн? Сөйлеу техникасын, мимика және пантомимикасын жаттықтырудан, сыртқы келбетін дұрыстаудан бастайды.

Тәрбиешінің денесін ұстауына, мимикасына, пантомимикасына қандай нақты талаптар қойылады?

2. Педагогтың әрдайым аудитория алдында сөйлеуі жас педагогтардың бойында сенімсіздік- қорқыныш сезімін тудырады. Мұғалімдердің, балалардың, ата-аналардың алдындағы іс-әрекет, яғни «көз алдында» әрекеті мұғалім ойның жүйелілігіне, дауыс аппаратының күйіне, өзін денелік сезінуіне психикалық күйіне ерекше әсер етеді. Бұның бәрі болатын сабаққа, шараға психофизиологиялық жағынан алдын – ала дайындалуды, қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалдық күйін басқарудың іскерліктері мен дағдысын болуды талап етеді.

Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) - ерекше психофизикалық жаттығу. Олармен дем алу және артикуляциялық жаттығулармен бірге мұғалімнің педагогикалық даярлық жүйесіне енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу – бұл кәсіби қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация (босаңсу) және өзін-өзі иландыру.

Сабаққа, балалармен қарым-қатнасты ұйымдастыруға дайындық мұғалімнене шығармашылық өзін-өзі сезінуін тудыратын психологиялық күйге келтіруді қажет етеді. Бұл күйге көшу үшін сабақ материалынан, әдістемесінен тарьымды ядроны іздеуге, тақрыпқа сәйкес эмоционалды күйді қамтамасыз етуге болады.

3. тәрбиешінің сыртқы келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сыртқы келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сыртқы келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақтылылығынан, ұстанымдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай амандасатыныңыз, отырғышты қозғау-қимылыңыз, сынып ішіндегі жүріп-тұруыңыз, осы «ұсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне сенімділікті сезінуі тмиіс. Тап осындай салмақты, сенімді, ашық болсаңыз, сіз адам, тәрбиеші ретінде қуатты бола аласыз.

Егер мұғалім оқушылардың алдына дұрыс үтіктелмеген костюммен, өте таза емес бет орамалмен, таралмаған шашпен келіп тұрса, тәрбиеленушілерден ұқыптылықты, тазалықты талап етуге болмайды.

Мұғалімнің киіміне қойылатын негізгі талап – қарапайымдылық, сымбаттылық, артықшылықтың болмауы, жақсы талап. Қайсі бір шаш үлгісі, көйлектің артықша тігісі, шаштың түсін жиі өзгерту оқушылардың азарын аударады.

Мұғалімнің киім киісінлегі әшекей бұйымдар, костюмі, шаш үлгісі әрдайым педагогикалық міндетті – тәрбиеленуші тұлғасының қалыптасуына тиімді ықпал етуге – бағытталуы тиіс. Мұғалім әрқашан киім кигенде орнын және белгілі бір шекті сезінуі керек. Сондықтан, ол сабаққа және театрға барарда түрліше киінеді.

Балалар педагогтың ішкі және сыртқы әдемілігінің бірлігін, тұтастығын өте жоғары бағалайды. Сондықтан, әрбір мұғалімнің бойында өзінің сыртқы келбетінің эстетикалық мәнерлі болуын арттыруға ұмтылысы болуы тиіс.

Тәрбиешінің сыртқы келбетінің мәнерлілігі,сымбаттлығына оның өз денесін тік ұстауына да байланысты. Денені тік ұстау тұлғаның ішкі абройының көрсеткеші. Бүкірейген, әлсіз адам күштің нағыз қуатты көрсеткіші бола алмайды. Бүкірлік, салбыраған бас, бос жатқан қолдар адамның ішгкі дүниесінің әлсіздігін, оның өз-өзіне сенімсіздігін, жұмыс жасауға деген ықыласының жоқтығын білдіреді. Адамның бойының ұзындығына қарамай тік жүруі, жинақтылығы оның ерекше күштілігін көрсетеді; оқушылар бұл педагогтың өзінің біліміне, күшіне сенімді екенін көреді, мұғалім оларды баурап алады.

Денені дұрыс, тік ұстау үшін спортпен, арнайы әдістермен айналысуы қажет.

Мұғалім сабаққа оқушылардың алдында дұрыс туру мәнерін, сыныпта ешкімге кедергі жасамай қозғалуға үйренуі тиіс.

4.Мимика- өзінің ойын, сезімдерін, көңіл-күйін беттің бұлшық еттері көмегімен білдіру өнері. Кейде бет-әлпет, көзқарас арқылы сөзден гөрі күштірек әсер етуге болады. Кинетикалық қарым-қатынас жүйесінің элементтері ретінде қимыл және мимика ақпараттың эмоционалды мәнін арттырады, оның жақсы меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Әрине, бет-әлпет айтылатын сөзге сәйкес өзгерәлуі тиіс. Типтік педагогикалық мимика бет-әлпеттің қаталдығы, қуаттылығы. Бет-әлпет, тұтас сырт келбет секілді сенімділікті, қуаттауды,и кінәлауды, ренжуді, көңіл толмағандықты, қуанышты, қызығушылықты, ашулануды бірнеше варианттарда көрсетуі тиіс. Күлкі де сезімдердің кең түрін білдіре алады.

Мимиканың мәнерлі бөліктері-қас-қабақ, көз.

Пантомимика – бұл дененің, аяқ-қолдың қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге қолайлы, бейненің суретін салады. Педагогтың қимылы негізгі ойды және сезімді күшейте отырып, ұстамды және ұйымдасқан болғаны жөн. Қимылдың түрлері: бейнелеу және психологиялық. Бейнелеуші қимылдар ой жүйесін көрсетсе, психологиялық қимылддар- сезімді білдіреді.

Сонымен, жас педагогқа өзінің сырт келбетінде неге көңіл бөлуі қажет?

Денені тік ұстауы. Бүкірейе ме? Аудиторияда қосылады ма? Өзінің тұрыстары жасанды емес пе? Қалай тұрады? Отырады? Орнынан тұрады?

Мимика. Әңгімелесіп отырған адамына қарайдыма? Сыныпқа ше? Бет-әлпетінде өз-өзіне сенімділік сезімі білінеді ме? Жылы шырайлы ма?

Пантомимика. Қимылдары үйлесімді ме? Қаншалықты табиғи? Олар тым көп емес пе? Сыныпта қалай қозғалады? Кітапты қалай қарайды?

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

1. Педагогикалық техниканың педагог әрекетінде алатын орны?

2. Жас педагогтың педагогикалық техникасының кемшіліктері. Оларды жою жолдары?

3. Педпгог сыртқы келбетіне қандай талаптар қойылады-сырт келбетпен адамның ішкі дүниесінің көрінуі, олардың өзара байланысы қалай?

4. Коммуникацияның вербалды емес құралдардың тәрбиелік мәні неде?

5. Мимика мен пантомимиканың педагог әрекетінде алатын орны қандай?

6. Қимылдың эмоционалды және пластикалық бейнелілігі неден көрінеді?

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 5122; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.089 сек.