Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 1 страница




1. Синица И.Е. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік. А., 1987

2. Шыныбекова Э.И Ұстаздық қызыметтегі педагогикалық этика. А., 1987.

3. Щетинин М.П. Ұстаздық еткен жалықпас. А., 1989

4. Битяева М.П. Культура самосовершенствования преподавателя. М.,1994

5. Введение ви педагогическую культуру. / Под ред. Е.В. Бондаревской. Ростов-н/Д., 1995

6. Гребнев В.С. Культура педагогического общение. М.,1990

7. Десяева Н.Д., Лебедева Т.А., Ассуирова Л.В. Культура речи педагога. М.,2003

8. Занина Л.В., Меньшикова Н.П.Основы педагогического мастерства. Ростов-н/Д., 2003

9. Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность. Рустов н/Д., 2001

10. Рогинский В.М. Азбука педагогического труда. М., 1990

11. Елканов С.Б. основый профессионального самовоспитания учителя М., 1989

12. Станкин М.И. профессиональные способности педагога: Акмеология воспитания и обучения. М., 1998.

13. Поль Л.Сопер Основый искусства речи. М., 1992

14. Мудрик Л.В. Учитель: мастерство и вдохновение. М., 1986.

 

 

Дәріс 3. Педагогтың сөзi тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде.

Мақсаты: педагог әрекетіндегі сөздің орнын белгілеу. Жоспар.

1. Педагог cөзi оның ic-әрекетінің құрылымында.

2. Сөз әрекетінің психологиялық құрылымы.

3. В.А.Сухомлинскийдің мұғалім сөзіне қойылған талаптары.

4. Сөз мәдениеті, оның элементтері

5. Сөз сөйлеу техникасы.

6. Педагог сөзін жетілдіру жолдары.

1. Тіл – тұлғаны қалыптастырудың, әлеуметтік тұрақтануының
маңызды құралы. Оқу-тәрбие үрдісінде тіл ерекше орынға ие.

Егер сөзді педагог белігі бip мақсатта тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланса, оның ықпалы, сөзсіз, артады. Кез-келген мамандық бойынша мұғалімнің, тәрбиешінің, сөйлеу материалы дұрыс, мотивті түрде таңдалып, тәрбие мақсатына, ситуацияға, белгілі бip жағдайлардың ерекшеліктері мен сипатына сәйкес жүзеге асырылуы үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Тіл және сөз объективті ақиқатта әрдайым бipтұтаc, ажырамас бөлік ретінде танылғанмен, олар бірдей емес. Тіл - бұл берілген ұжымның барлық мүшелері түгел қабылдайтын жалпыға бірдей мазмұнға ие, сөйлеу практикасында бекітілген тілдік белгілердің (морфема, сөз, сөйлем) жүйесі. Сөз (сөйлеу) - бұл ұжымның тілі өзінің нақты практикалық қолданысын табатын жеке индивидтердің тілдік әрекеті.

Тіл мен сөздің айырмашылықтары бipiн-бipi толықтырады. Егер кез-келген нақты қолданыстан абстракцияланған тіл қарым-қатынас жасаудың әмбебап құралы болып танылса, нақты тілдік ситуацияда белгілі бip мазмұнға ие аталған қарым-қатынас құралды сөз болып табылады. Яғни, сөз және тіл - бұл өзара байланысқан тілдік әрекеттің eкi түрлі формасы.

2. Қарым-қатынас құрылымын таңдауда адамның, әcipece,
педагогтың жалпы мәдениет деңгейі айқындалады.

Егер педагог алдын-ала міндеттерді белгілеп, оларды көз алдына елестетсе, оқушылармен қарым-қатынас орнату тиімді болар еді: ол қандай мақсатпен cөйлeyi керек, ол нені айтуы керек, қалай сөйлеген дұрыс. Яғни, сөздің психологиялық құрылымын осы мақсатқа бағындыруы тиic.

Осылайша, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның ауызша сөйлеудің тәрбиелеу қасиеттерін меңгеру іскерлігіне тәуелділігі анықталды. Осыған байланысты педагогикалық кадрларды даярлаудың маңызды шарты - студенттердің бойында тілге мұқият


қарауды және олардың сөйлеу мәдениетін дамытуға нақты бағытталуды белгілеу қажет. Ceбeбi, тіл және сөз - болашақ кәсіптік әрекеттің басты құралы болып табылады.

3. Педагогтың оқушылармен қалай сөйлесетіні оларды қалай түсінетіні, олардың ойлау әрекетін бағыттауы, бағалауы үлгірім мен тәрбиелік ықпалға ерекше әсер етеді. Педагогтың қызметі - сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, материалды оқушылардың мүмкіндігінше меңгеруіне қол жеткізу, тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру.

Мынадай ситуацияны көз алдымызға елестетейік. Mұғалім сыныпқа кірді. Балалар 5-шi сабақтан кейін шаршап отыр. Үй тапсырмасын тексеруге ұзак дайындалып жатыр, біреудің тіпті дәптері де жоқ. Педагог бұнда тұтас сыныпқа, немесе тапсырманы орындамаған оқушыларға ескерту жасауына болады. Cөгic, ашулы дауыс, үзілді-кесілді сөздер балаларға жағымсыз әсер етіп, олардың белсенділігін, әңгімеге қатысу тілегін, жауапты толықтыру, мысал келтipy және т.б. ұмтылыстарын төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім жұмыс жасау ахуалын тудыра алмайды. Сыныппен дұрыс қарым-қатынас орната алмас еді.

Ал бұл ситуацияда тәжірибелі шебер мұғалім шыдамдылықпен оқушылардың кітап, дәптерлерін алып шығуларын күтіп, егер бip-eкi оқушы тапсырманы орындамаған болса, тұтас сыныпқа «нотация» оқымай (олармен соңынан бөлек әңгімелеседі), оқушыларға қызықты тапсырма беруді ойлар еді. Әpбip сұрақты жан-жақты ойластыра отырып, мұғалім олардың белсенділігін құптайды. Сабақ оқушылар үшін де, педагог үшін де жеңіл әpi тиімді өтер еді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану, теориялық дайындықтан басқа мұғалімнің оқушылармен тіл табыса білyi де маңызды. Сондықтан, оқушыларға бағытталған сөз салмақты, байсалды болғаны жөн. Мұғалім сөзі дөрекі, тіл тигізуші болмауы дұрыс. ВЛ.Сухомлинский былай жазған: «Байқаныз! Сөзіңіз өмip бойы тыртығы қалатын нәзңк тәнге тиген қамшыдай болмасын...Егер сөз шын жүректен шығып, шынайы болса ғана, сөзде өтірік, тepic түсінік, «ұрсу», «cөгic беру» тілгей болмаса ғана, сөз жасөспірімнің жүрегін қорғайды және сақтайды...Педагог сөзі ең алдымен жұбатуы керек»

Mұғалім cөзi оқу-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне аудару және ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, көңіл-күйіне әсер ету - бұл қасиеттерсіз мұғалімді елестету мүмін емес.

4. Сөйлеу мәдениеті адамның жалпы мәдениетінің маңызды құрамдас компоненттерінің бipi.

Сөйлеу мәдениеті - бұл әдеби тіл нормаларына сәйкес сөздерді қолдану, айту, өзгерту, басқа лексемалармен бipiктіру, сөйлемді


дұрыс құрастыру. Тіл нормалары (орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық) дегеніміз қарым-қатынаста қажет болатын құралдардың жиынтығы. Олар әдеби тілге тән, оларсыз сөйлеу мәдениеті болмайды.

Сөйлеу мәдениеті eкi компоненттерден құралған: тілдік элементтер мәдениеті және қарым-қатынасты орнату мәдениеті.

Сөйлеу мәдениеті жайындағы ғылым тілтану саласына жатады, ол, ең алдымен, лексика, орфография, орфоэпия, морфология, синтаксис, стилистикамен байланысты. Бірақ тілдік құралдардың мәнерлілігі жайындағы ғылым басқа ғылымдардың элементтерін жинақтайды, олар: әдебиет теориясы, психология, педагогика, анатомия және физиология, физика (акустика) жэне т.б. Жоғары оқу орны оқытушысының, мұғалімнің cөзi нақты, дұрыс, түсінікті, әдемі, қысқа да нұсқа және т.б. қасиеттерге ие болуы тиіс.

Сөйлеу мәдениеті ұғымына сөздік қордың байлығымен анықталатын лексикалық мәдениет енеді. Бай сөздік қоры - бұл сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі. Тілдің байлығы сөздердің санымен емес, оларды түрлі мағынасында қолдану қасиетімен де анықталады. Бұл құбылыс полисемия деген атауға ие. Сөздерді қолдануда өте абай болған жөн. Сөйлеу барысында ең қажетті және келістi сөздерді қолдану дәлдікке - сөйлеу мәдениетінің маңызды сапаларына әкеледі.

Сөздің мәнерлілігіне және дәлділігіне тілдік құралдардың алуан түрін қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Олар: синонимдер (әйгілі, атақты, даңқты, танымал), паронимдер (абонемент — абонент, адресат - адресант) және т.б.

Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі сөзге қойылатын маңызды талаптардың бipi - қарапайымдылық және ықшамдық. Егер материал артық сөзсіз, үнемді ұсынылса, осы арқылы нақтылыққа, дәлдікке, тиімділікке, сенімділікке жол ашылады. Kepiсінше, көп сөз, бос сөз педагогикалық ықпалдың әсерін төмендетеді.

Сөздің сапасын тавтология да, яғни бip нәрсені бipнешe рет қайталама сөздермен жеткізу, төмендетеді. Мысалы, әрбір оқушымен жеке жұмыс, бос вакансия, өз өмірбаянын жазу және т.б.

Ауызша сөйлеуде қыстырма сөздерді (жанағы, осылайша, яғни, әрине, сосын, ия және т.б.) қолдану да тыңдаушыларға кepi әсерін тигізеді.

Педагог cөзi бейнелі де мәнерлі болуы керек. Бұл талаппен шаблонды сөз тipкecтepi мен сөздерін қолдану сәйкес келемейді. Олардың нақты мағынасы көбінесе болмайды, сөзге бюрократтық, кеңселік сипат береді. Дайын трафарет, штамптарды қолдану адамның шығармашылық ойын тежейді.

Сөйлеу мәдениетінің ажырамас бөлігі - сөздің грамматикалық сауаттылығы, яғни сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің формаларын қолданудағы норматив. Әрбір сөз таптарына (зат есім,

 


сын eciм, сан есім, есімдік, етістік) белгілі бip бекітілген өзгертулер тән. Синтаксисік ережелерге сүйене отырып, мұғалім өз сөзінде оқушылардың қабылдауына жеңіл болатын жай сөйлемдерді» қолданғаны жөн. Әрдайым тек жай сөйлемдерді қолданып қоймай, сөздің бірізділігін, мәнін, ырғақтығын жоймау үшін күрделі құрмалас сөйлемдерді қолданған дұрыс. Хабарлы сөйлемдермен қатар материалдағы негізгi мәселені көрсетуде, оқушылардың назарын аударарда, олардың ақыл-ойын белсендендіруде, проблемалық ситуацияны тудыруда сұраулы, риторикалық сөйлемдер қолдану орынды.

Педагог сөзі сауаттылығымен қатар мәнерлілігімен,
бейнелілігімен, эмоционалдығымен ерекшеленеді Оған

фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, афоризмдер, анафора, градация, инверсия сынды стилистикалық фигуралар жатады.

Интонация - ауызша сөйлеудің жүрегі. Оның eкi түpi бар: логикалық, және эмоционалды.-экспрессивті. Логикалық интонацияның мақсаты - сөйлемде маңызды мәнге ие сөздерді айқындау. Эмоционалдық-экспрессивті интонация мғұғалімге өзі әңгімелеп отырған адамдарға, құбылыстарға, оқиғаларға деген қарым-қатынасын, көзқарасын, сезімін, бағасын керсетуге мүміндік береді.

Осылайша, тіл - бұл маңызды аппарат құралы, педагогикалық қарым-қатынас құралы, тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ықпал ету құралы. В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша керсетеді «...Сөз - адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі - ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, Kерісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік».

5. Мұғалімнің сөзін қабылдау және түсіну пpoцeci тыңдау процесімен бipгe жүреді. Оған, ғалымдардың айтуынша, оқу уақытының шамамен 1\4 –1\2бөлігі келеді. Сондықтан, оқушының оқу материалын дұрыс қабылдау процесі мұғалімнің сөйлеуінің сапасы мен жетілу деңгейінше байланысты.

Балалар педагогтың сөйлеу қабілеттерін өте жақсы сезеді. Keйбip дыбыстардың дұрыс айтылмауы олардың күлкісін келтіруі мүмін, бip сарынды ұн олардың iштерін пыстырса, дұрыс қойылмаған интонация, ашық әңгімедегі қатты дауыстап сөйлеу, өтірік, жасанды нәрсе ретінде қабылданып, оқушыларды мұғалімнен алыстатады.

Кейбіреулердің айтуынша, дауыс пен ырғак - бұл адамға берілетін табиғи дарындылық. Бірақ қазіргi эксперименталдық, физиологияның зерттеулері бойынша, дауыстың сапасын түпкілікті өзгерту әбден мүмкін. Тарих мәліметтеріне сүйенсек, осы бағытгағы адамның өзін-өзі жетілдіруінің тағ қаларлық нәтижелерін көруге болады. Әйгілі


Демосфен өзінің денелік кемшіліктерін және отырып, Ежелгі Грецияның әйгілі саяси шешені атанған. Осылайша, Владимир Маяковский да 20 жасында аузына кішкентай тастарды толтырып алып, шулы Рион жағасында сөз сөйлеп, өзін халық алдында сөйлеуге дайындаған.

Бұлардың бәpi бiзгe үлгі болғанмен, олардың әдістемесін бiз қолданбаймыз. Бұл тек техниканы меңгеруде адамға үлкен ұмтылыс, күші ерік және жүйелі дайындық, қажетігінің дәлелі бола алады. Қaзip театр педагогикасына негізделген сөйлеу техникасын дамытуға арналған жаттығулар жүйесі жинақталған.

Сөйлеу техникасы - бұл мұғалімге сөз мазмұнының барлық байлығы мен мәнін оқушыға жеткізуге мүмкіндік беретін сөйлеу дем алысының, дауыс шығару және дикцияны орнату дағдыларынын кешені.

Дем алу физиологиялық қызметке ие. Ол ағзаның жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол сөздің энергетикалық базасы. Сөз дем алысы - фонациялық. (грек cөзi phono -дыбыс) болып табылады.

Кұнделікті өмірде біздіңcөзiмiз негізінен диалогтық сипатта болғандықтан, ешқандай қиынға соқпайды. Бipaқ сабақта, мұғалім, әcipece, көп сөйлеген шақта, жаттықтырылмаған дем өзінің кемшілігі байқатады. Жаттықпаған, яғни дұрыс дем алу ұйымдастырылмаған, мұғалімнің жүрек соғысы жиілеп, беті қызарып, демікпе пайда болуы мүмкін.

Дем алу техникасының нeгiзгi қағидалары: дем алу процесіне қатысатын бұлшықеттерге сәйкес онын төрт түpiн ажыратады.

Жоғарғы дем - иықтың және кеуде қуысының жоғарғы жақ бұлшықеттері қатысатын әлсіз, үстіртін дем, бұнда өкпенің тек ұшы ғана белсенділікке ие.

Кеуде демі - қабырғааралық бұлшықеттер арқылы жасалады. Кеуде қуысының көлденең көлемі өзгереді. Диафрагма аз қозғалады, сондықтан дем шығарудың энергиясы жеткіліксіз.

Диафрагмалық дем - диафрагманың қысқаруы нәтижесінде (әдетте, бұл жағдайда қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің сәл қысқаруы байқалады) кеуде қуысының ұзына бойы көлемі өзгepiп, дем алу npoцeci жүреді.

Диафрагмалық-қабырға демі - диафрагманың қысқаруынан, қабырғааралық дем алу бұлшықеттерінің, қарынның бұлшықеттерінің жиырылуынан пайда болатын кеуде қуысының көлденең және ұзына бойы көлемі өзгepyi арқылы жүретін дем алу және дем шығару процесі. Бұл дем - дұрыс дем болып саналады және оны сөйлеудің негізі ретінде таниды.

Диафрагмалық-қабырға дем алу механизмі. Диафрагма қозғалысы: диафрагма қысқара отырып, төменге түседі, қарында жатқан iшкi органдарды жаншиды. Нәтижесінде


қарынның жоғарғы бөлігі көтеріліп, төменге түскен диафрагма есебінен кеуде қуысы көлденең бағытта кеңиді өкпенің төменгі бөлігі ауамен толтырылады.

Кеуде қуысының кеңеюі: кеуде қуысын ашатын және кеуденің ұзына бойы көлемін арттыратын қабырғааралық бұлшықеттердің белсенді жұмыс жасауы нәтижесінде пайда болады. Өкпенің ортанғы бөлігі ауаға толады.

Қарынның төменгі жағын тарту диафрагмаға тірек болып табылады, өкпенің төменгі және ортанғы бөліктеріндегі ауаның жоғары жаққа өтyiнe, нәтижесінде өкпенің тұтас ауамен толығуына жол ашады.

Дем шығару қалай жүреді? Диафрагма жайлап әлсіреп, кеуде қуысына қарай көтеріледі, кеуде қуысының ұзына бойы көлемі қысқарып, қабырға төменге түседі, нәтижесінде кеуде қуысының көлденең көлемі азаяды. Кеуденің жалпы көлемі кішірейіп, ондағы қысым артады да, ауа сыртқа шығарылады.

Фонациялық демнің кәдімгі демнен айырмашылығы неде? Әдеттегі дем дем алу және дем шығару мұрын арқылы жүреді. Олар қысқа болып келеді. Әдеттегі, физиологиялық дем алудың бірізділігі - дем алу, дем шығару, үзіліс.

Сөйлеу үшін әдеттегі физиологиялық дем жеткіліксіз. Сөйлеу және оқу көп ауаны, оның тиімді жұмсалуын және дер кезінде қайта толтырылуын талап етеді.

Сөйлеу дыбыстары дем шығаруда жасалады. Сондықтан оны ұйымдастыру сөйлеу дем алысы мен дауысты орнатуда, оларды дамытуда, жетілдіруде ерекше мәнге ие.

Диафрагмалық-қабырға демін дамыту үшін дем шығарудың ұзақтығын жаттықтыратын, диафрагманы, қарын және қабырғааралық бұлшықеттерді дамытатын жаттығулар қажет.

Диафрагмалық-қабырға демін дамытуды қарапайым жаттығулар жасаудан бастаған жөн.

Шалқалай жатып, мұрын арқылы терең демаламыз. Сіз ауаның өкпенің төменгі жақ бөлігіне қалай толтырылғанын, қарындағы бұлшықеттердің қозғалысын, қабырғаның майысуын сезіне аласыз. Осыны тұрып жасап көру керек. Бұнда ауаның өкпенің тек төменгі жақта жинақталуын қадағалап, оның кеуде қуысының жоғарғы бөлігіне өтуіне жол берілмеуі тиіс. Ауаны әрдайым төменге қарай жіберу керек.

Дем шығаруды жаттықтыру үшін жаттығулар жасаған жөн. Мұғалңмдердің арасында табиғатынан берілген орнатылған дауысты адамдар болады, бipaк олар көп кездесе бермейді. Жақсы қойылған дауыстың өзі де арнайы жаттығуларсыз уақыт еткен сайын бұзылады, ескіреді сапасы кемиді.

Дегенмен, әpбip адам қуатты, ырғақты, өзгермелі дауысқа ие деп айтуға болады.


Дауыс аппараты үш бөлімнен тұрады: генераторлық, энергетикалық, резонаторлық.

Генераторлық бөлік дыбыстардың шулы және тоналды ажыратылуын қамтамасыз етсе, энергшетикалық жүйе (кеңірдек, мұрын қуысы, ауыз қуысы) сөздің қуаттылығы мен ұзақтығын белгілейді. Ал резонаторлық жүйе (сыртқы дем алу механизмі) дыбыстың жасалуына қажеті ауаның жылдамдығын және көлемін қамтамасыз етеді.

Педагог дауысының ерекшелігі қандай? Бұл, ең алдымен, дауыстың қуаттылығы. Дауыстың естілуінің маңызды шарты - оның ұшқырлығы. Бұл терминмен ғалымдар дауысты белгілі бip қашықтыққа Жіберу және оның қаттылығын peттеудi белгілейді.

Дауыстың қозғалғыштығы, өзгермелілігі де ерекше мәнге ие, яғни оны жеңіл өзгертуге, оны мазмұнға, тыңдаушыларға бағындыру іскерлігі. Дауыстың қозғалғыштығы оның биіктік бойынша өзгертілуімен анықталады. Биіктік - дауыстың тональдық деңгейі. Диапазон - адамның дауысы жете алатын тұрлі биіктіктегі дыбыстардың жиынтығы. Оның шегі ең жоғарғы және ең төменгі тондармен анықталады. Дауыс диапазонының тарылуы бip сарындылыққа әкеледі. Ал бip сарынды дауыс қабылдауды тежейді, ұйқы келтіреді. Тембр - дыбыстың реңі, айқындығы, жұмсақтығы, жылылығы, даралығы. Дауыс шығаруда әрдайым бip негізгі тон және бірқатар обертондар қатысады, обертон - бұл негізгі тонға қарағанда биіктеу қосымша дыбыстар. Осы қосымша дыбыстар неғұрлым көбірек болса, соғұрлым адамның даусы ашық, қанық, әдемі болады.

Аталған дауыстың қасиеттері арнайы жаттығулармен жасалады. Дауысты тәрбиелеу - жеке және көп еңбектенуді қажет ететін үрдіс. Ол қатаң жеке-дара әдістемені және арнайы тәжірибелі мамандардың бақылауын талап етеді. Эксперимент жүзінде дәлелденген, төмен денгейлі дауыстарды балалар жақсы қабылдайды, ұнайды.

Мұғалім үшін анық айту - кәсіби қажеттілігі. Ceбeбi ол педагог сөзін оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді.

Дикция - бұл сөзді, буынды, дыбысты айтудағы анықтық және айқындық.

Дикция тұтас сөйлеу аппаратының энергетикалық және бipiккeн жұмысына бағынышты. Сөйлеу аппаратына ерін, тіл, тic, азу, таңдай, кішкентай тілше, кеңірдек, дауыс желбезектері енеді.

Кемшіліктер - ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің сонғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.

Дикцияны түзету үшін, ең алдымен, артикуляцияны, яғни сөйлеу органдарының қозғалысын өңдеу қажет.

Ырғақ - сөздің, буынның, үзілістің ұзақтығы мен жылдамдығы. Сөздің жылдамдығы мұғалімнің жеке қасиеттеріне, оның сөзінің мазмұнына, ситуацияға байланысты.

 

 

Сөздің жылдамдығы минутына 110-115 сөз (ағылшындарда - 120-150 сөз, орыстарда - 120 сөз). Бipaқ, эксперимент көрсеткендей, 5-6 сыныптарда мұғалім минутына 60-тан, ал 10- сыныпта 75 сөзден артық. сөйлемеуі керек.

Keйбip сөздерді дыбыстау ұзақтығы олардың ұзындығына ғана емес, сөздің сол контекстегі мәніне байланысты. Сөз неғұрлым маңызды, мәнді болса, сөйлеу де соғұрлым жай, ұзаққа созылады.

Материалдың қиын бөлігін мұғалім жаймен айтса, әpi қарай сөзін тездетуге болады. Белгілі бip қорытынды (анықтама, ереже, принцип, заң) жасалатын шақта сөз міндетті түрде жайлап айтылады.

Сонымен қатар оқушының қозу деңгейі де есепке алынады. Оқушы неқұрлым қозулы болса, соғұрлым сөйлеу жай айтылғаны жөн.

Сөйлеуді мәнерлеуде логикалық және психологиялық үзілістерді пайдаланған дұрыс. Логикалық үзіліссіз айтылған сөз - сауатсыз, психологиялық үзіліссіз – өлі тіл. Үзіліс,жылдамдық және мелодиканың жиынтығы сөздің интонациясын құрайды.

Мұғалімнің дауысы ашық, қанық, айқьш, назар аудартатындай, ойға, іске шақыратындай болуы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 4033; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.068 сек.