Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 3 страница




Рөлдік жүйенің жұтаңдығы педагогтың мінез-құлқының жүзеге аспауына, кәсіби міндеттеріне деген қарым-қатынаста «бұғу» типін жақтауына, жетекшілермен әріптестерге деген қатал «қорғанысқа» алып келеді. Мінез-құлықтың бұл типі өз іс-әрекеттеріне жауап беруге дайынсыздыққа, топтағы беделдің жоғалуына, еңбекпен қанағаттанудың төмендеуіне алып келеді. Осындай конгруэнттілік деңгейі төмен мамандар әлеуметтік оңашаланған, үреймен сипатталады,олар эмоциональды стресстерге осал, қызметтің әр түрлі түрін орындауға қабілетсіз болып келеді. [8].

Кәсіби деформацияның әлеуметтік қауіпі жоғары, себебі кәсіби деформациялы педагогтар «деформациялы шәкірт» тәрбиелеп шығарады. Кәсіби деформацияны айқындайтын негізгі психологиялық механизм кәсіби ерекшелікті жоғалту болып табылады.

Бұл деформация «кәсіби маргинализмнің» тууына себепші болады. Кәсіби маргинализм белгілері кәсіби этикаға және кәсіби еңбек құндылыңтарына деген ішкі қажеттіліксіздіктен байқалады. Егер қарастырылып отыған деструктивті процесстер кең етек алса және әлеуметтік норма антинорма болса онда әлеуметтік қауіп туралы сөз қозғай беруге болады.

Әрбір педагогтың тұғалық ерекшеліктері оның кәсіби еңбегінің сипаты мен нәтижесіне қарай индивидуальды-өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Осыған орай мамандықтың адамға талабы жоғары: жоғары кәсіби ерекшелік, мінез-құлықтағы және тұлғалық ерекшеліктер қалыптасады.

Тұлға мен қызмет арасындағы өзара әрекеттестік айқын сипат. Тұлға қызметте қалыптасады және дамиды, айқын мағынада тұлға жайлы қызметтің ерекшелігі жайлы айтуға болады. Бір жағынан тұлға мінездемесі қызметтің ерекшеліктерінің жүзеге асуына әсер етеді. [9]

Педагогтардың белгілі бер деформациясына педагогикалық жүйедегі барлық факторлар мен қарама-қайшылықтар әкеп соғады.(кесте 1).

Мектептептерде педагогтардың үлкен педагогикалық жұмыс өтілімен жұмыс істейтінін, олардың қайта жүктелуге әлеуметтік дайындығы, педагогикалық проблемалардың конструктивті шешімдері технологияларына, релаксация техникаларына дайындығы жоқ екенін есепке ала отырып, «кәсіпқой» ұғымының жеңілдетілуі туындайды, осындай педагогтың кәсібилікке құрылымдары бақыланады. Сәйкесінше осындай педагог кәсіби қызметті ұзақ орындау процесінде, кәсіби өзін-өзі ұстауда, кәсіби қарым-қатынаста деструктивті өзгерістерге тез ұшырағыш болады.

Кесте 1

Оқу процесінде педагогтің деформациялы мінез-құлық типі

Педагог мінез-құлқының типі Деформацияның мінездік белгілері
Конфронтационды Оқу коммуникациясы жүйесіне іріткі салуға бағытталған
Агрессивті-конфликтілі Білім беру процесі қатысушыларымен қарым-қатынас логикасын жасырады
Коммуникативті-бейтарап Қарым-қатынас тақырыбына педагог қызығушылығының жоқты,ы
Экспансивті Оқу қарым-қатынасындағы өзінедеген ерекше қарым-қатынас қажеттілігін нақтылау
Жатырқаған Қарым-қатынасқа қатыспаушы

 

 

Педагогтың коммуникативті деформациясының барлық типтерінің ядросы ретінде коммуникативті өзара әрекеттестік процесіндегі жүйе регуляциясының аффективті бұзылулары жатады. [10]. Стереотиптер көрінеді:педагогтың ақыл айтуға, бағындыру, сынау, жеңілдетуге ұмтылысы; кәсіби деформацияны күшейтетін орынсыз өзін-өзі бағалауда; жетістікке жетуге кедергі келтіретін кедергілерден қашу мотивациясында; «Мен концепциясының» бұрмалануында, өзін-өзі қабылдаудағы жеткіліксіз деңгей.

Деструктивті мінез-құлықтың соңы педагогтың шығармашылық толуына кедергі келтіреді, кәсіби хроникалық стресске алып келеді.

Э.Ф.Зеер тұлғаның өмірлік жолының белгілі бір кезеңдеріне әсер ететін критикалық жағдайлардың үш типін бөліп көрсетеді:

· Нормативті, бір кезеңнен екіншісіне өткенде кәсіби қалыптасудың логикалық шарты;

· Нормативті емес, кәсіби қалыптасуда кез келген кезеңде пайда болады;

· Төтеншелік, жағдаятта эмоциональды-еріктік күш салуды шығармашылық жеңу қызметі, мысалы, нақты емес ұйымдастыру және еңбекті жоспарлау. [7].

Б.С. Братусь педагогтың қалыпты дамуын оның «басқаға» қарым-қатынасының өзіне деген қарым-қатынас секілді болуы екенін айқындайды, педагогтың осы қарым-қатынаста берілу мен махаббатын жеткізуі; өмірлік қызметте шығармашылық мақсат тудырушы мінез; еркіндікке қажеттілік; болашақты өзіндік жоспарлау мүмкіндігі; өзінің және өзгелер алдындағы ішкі жауапкершілік; болуы маңызды.

Б.С. Братусяның пікірінше, адам психикалық сау болуы мүмкін, сонымен қатар ол тұлғалық жарымжан болуы мүмкін: жақындарымен санаспау, басқаларды жеке мақсаттарына жетуден пайдалану, т.б. [11].

Психолог А. Маслоу кәсіби деформацияның қаупініңтөмендеуіне көмектесетін педагогқа қажетті белгілер мен негізгі сиптаттамаларды ұсынды: шындықты барынша тиімді қабылдау; өзін және өзгелерді қабылдау; табиғилық, қарапайымдылық және шынайылық; мәселеге келу; автономия; мәдениет пен айналадағылардан тәуелсіздік; қабылдаудың жаңашылдығы; терең тұлғараралық қарым-қатынас; демократиялық мінез; әзілді түсіне алу; креативтілік.

Осы қасиеттерді алу жолы оларды жекелей дамыту емес, барлығын біріктіріп құруда. [12]. Педагогтың тірегі үнемі дамытып отыруға тиісті шексіз, шектеусіз бейімделгіштік қабілет болып табылады.

Өмірлік қабілеттерді педагогикалық процессте педагогтардың жұмыс өтілін есепке ала отырып бағытын дұрыстауға болады.

Сүйемелдеу - педагогикалық қызметтің тез өзгермелі шарттарында алдын алуға және бейімдеуге бағытталған комплексті процесс. Бұл процесс негізінде тұлғаға бағытталған тәсіл жатыр. Әрбір педагогты сүйемелдеуде әрқайсысына индивидуальды кәсіби бағыт болуы керек. Оның ішіндегі шешілетін функциялар:толықтай бейімделу, кәсіби шеберлікке жетуге көмек, индивидуальды педагогикалық стиль қалыптастырудағы бірлестік.

Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу шынайы педагогикалық практикамен әдістемелердің ғылыми негізі принциптерінің өзара байланысы негізінде дамиды. Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу ұжымдық және индивидуальды сүйемелдеу бағытын қосады: педагогикалық ұжымның шығармашылық тобы, іске асушы тұлғаға бағытталған тәсіл, педагогикалық тәжірибені жалыпалау және жариялау; басқа педагогтар тәжірибесімен танысу; өзінің жұмыс тәжірибесен жалпылауда және сипаттауда материалдар жинақтау; өз жұмыс тәжірибесін әріптестеріне көрсету және т.б.

Педагогты акмеологиялық сүйемелдеу оның психологиялық денсаулығын сақтау жолы ретінде кәсіби педагогикалық еңбекте маманға жаңа қарым-қатынас жасауды талап етеді. Қойылған міндеттерді шешу педагогты оқытуда үздіксіз кеңес беру арқылы, ғылыми-приактикалық конференциялармен семинарларды өткізу процесінде, білім беру ортасында ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындауда жүзеге асады.

Акмеологиялық сүйемелдеу негізінде тұлғалық факторларды дамыту қарастырады:

· Педагог қызметінің тұлғалық мотивациясы, оның қызметінің әлеуметтік маңызының қанағаттандырылуы;

· Педагог белсенділігі, оның өмірік ұстанымдары мен өмірлік жолына толығымен әсер етеді;

· Құндылықтық бағдарлардың сабақтастығы, педагог кәсібінің маңызға ие болуын қамтамасыз етуші, қажетті қорларды тануға шақыра отырып;

· Педагог тұлғасының дамуына шығармашылық шарт ретінде кәсіби және жалпы мәдени білімдердің жастық интеграциясының мәні.

С.Л. Рубинштейн мәселені адамның өмірдің шыңына жетуде өзін «соңына дейін» тауыспай, жаңа істер үшін мотивацияны, күш пен потенциялды сақтаудан іздеді. [13].

Акмеологиялық сүйемелдеу нәтижені тұспалдайды – педагог еңбегінің қоғамдық маңызын. Осы мақсатта қажет: педагог кәсібінің дәрежесін көтеру; оның қоғамдағы гумандық болмысын ашу.

Педагогикалық сүйемелдеу өзінің кәсіби және жеке мәселелерін шеше алатын кәсіби тұлғалықты өсірумен ерекшеленеді. Педагогикалық сүйемелдеуді педагогтың өмір жолының әр түрлі кезеңдерін қарастыра отырып, біз оларды мынадай критерий бойынша ажыратамыз:

· Қатысу деңгейіне қарай- табиғи немесе жанама сүйемелдеу;

· Көрсету уақытына қарай- озыңқы, уақытылы, ескертпелі жағдайлар;

· Ұзақтығына орай- біржолғы, ұзартылған;

 

Педагог қызметінің ұйымдастырылуындағы педагогикалық сүйемелдеу бірнеше қадамдарды қамтиды:

· Кеңес беру, педагогтардың практикалық проблемаларына бағдарланған;

· Тақырыптық семинарлар, педагогикалық қызмет процесінде назар педагог ұстанымдарына аударылады;

· Жаңа педагогикалық рөлдерді меңгері: кеңесші, бақылаушы-эксперт, т.б.

 

 

Педагогтарды индивидуальды қолдау формалары көпқырлы, жалпыға ортақтарын белгілесек: тәжірибелік жұмысқа қатысуы; жайлы психологиялық климат; педагогтың шығармашылық қызметін және еңбегін ынталандыру.

Репетиторлық сүйемелдеу индивидуальды кездесу ретінде жүзеге асатын ұзақ мерзімді индвидуальды жұмыс. Тьютор (репетитор) педагог қызығушылықтарын тану мен мәселелерін айқындауда жұмыс жасайды. Қабілеттер рефлексиясын ұйымдастырып қолдайды. Педагогтармен тьюторлардың жұмыс жасау әдісін фасилитацион (facilitate – жеңілдету; бірігіп жасау, алға жылжыту) деп атауға болады.

Кесте 2

Кәсібилікті дамытудың әр түрлі деңгейінде педагогтарды сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

 

Сүйемелдеу кезеңдері Жұмыс өтілі
0-5 жыл 6-15 жыл 16-25 жыл
Сүйемелдеу мақсаты Педагог-маманды дамыту Педагог-кәсіпқойды дамыту Педагог-шеберді дамыту
Педагог кәсіпқойлармен дамытылатын мотивтер Кәсіби жұмыс жасауға құлшыныс, мамандықтың қыр-сырына қанығу Тиімді педагогикалық құралдар іздеу, методикалық тәсілдер шығаруға құлшыныс Кәсіби даму арқылы өзін-өзі іске асыруға қажеттілік
Педагог қызметі Практикалық Ізденістік Шығармашылық
Сүйемелдеуді ұйымдастыру Педагогикалық қызмет үлгілерімен педагогты қамтамасыз ету Өзін-өзі іске асыруда педагогқа көмектесу Педагог шығармашылығы үшін орта қалыптастыру
Өзара қарым-қатынас:үйретуші-педагог Басшылық Бірлескен қызмет Бірлесу
Педагогикалық тәжірибені меңгеру Жекеленген педагогикалық және психологиялық әдістермен тәсілдерді игеру Педагогикалық және психологиялық технологияларды игеру Жеке педагогикалық тәжірибе негізінде теория жасау
Педагогтың тәуелсіздігі Жоғары емес, басшылық арқылы іске асады Жоғары, жаңа жұмыс формаларын өзі игеруге ұмтылады Педагогикалық қызмет арқылы өзін-өзі дамыту
Бақылау Методист Бірлескен, ортақ Өзін-өзі бақылау

 

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тиімділігінің критерийлері:

1) Сандық параметрлер – өткізілген әдістемелік іс-шаралар саны, ашық сабақтар саны, тақырыптық педагогикалық кеңестер саны, психологиялық тренингтер саны, т.б

2) Сапалық параметрлер- педагогтың тұлғалық деңгейде өзгеруі: адаптация, жұмыс барысында педагогтың өзін-өзі жүзеге асыру қабілеттерінің сақталуы, аутопсихологиялық біліктілік таныту.

Педагогтың аутопсихологиялық біліктілігі кәсіби сананың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. Бұл тұлғаішілік психологиялық қызметің тұлға қалыптастырудағы өзін-өзі дамытушы процесс. Ол екі кезеңнен тұрады:

· Жалып тұлғалық әмбебеап мінез, тұлғаның өзін-өзі дамытуында көрініс табады;

· Тұлға мінездемесі, кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда көрінеді. [14].

Психологиялық сүйемелдеу тұлғаның кәсіби дамуына жағдай жасауды қарастырады, аддекватты өзін-өзі бағалауды қолдау, өмірлік қызметте оперативті көмекпен өзін-өзі бағдарлауда жәрдемдесу, кәсіби өзін-өзі сақтау технологияларын иегері.

Психологиялық сүйемелдеудің негізгі мінездемесі ретінде: процессуалдық, ұзартушылық, директивсіздік, шынайы кәсіби күнделікті өмірге салыну.

Кәсіби қызметті коррекциялау тәсілдері мен реттеу формаларына: педагогтың үздіксіз педагогикалық-психологиялық білім алуы;қызметтің өзін-өзі іске асыруы; педагогтың өмірлік жағдаяттарға бейімделуінің психокоррекциясы.

Педагог өмірінің мәнін ұғыну кәсіби қызметтің реттелуі мен дамуына әсер етеді, өмірлік тәжірибе негізінде мықты иерархиялық өмірлік қызмет жасалады.

Қорытынды:

· Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуындағы кәсіби деформация түрлері әлеуметтік-психологиялық мінездемедегі кәсіби ортаның тізбесі негізнде пайда болады. Оларға моральды-этикалық, құқықтық, қызметтік нормалардағы бұзылыстар жатады.

· Кәсіби деформация сипаты мен динамикасы педагогтың индивидуальды-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен және тұлғаның өмірлік жолындағы белгілі кезеңдердегі қиын жағдайларға тәуелді. Мысалы: нормативті, нормативті емес, т.б

· Личностно-профессиональное развитие педагога на разных этапах жизненного пути подчиняется разным за-кономерностям и обеспечивает повышение внутренней

активности педагога, его внутриличностной устойчиво-сти через влияние собственных ценностей, в зависимости от внутренних (субъективных) и внешних (объективных)

условий реализации профессиональной деятельности и особенностей сопровождения деятельности педагога

· Педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуы өмір жолының әр түрлі кезеңдерінде әртүрлі заңдылықтарға бағынады және педагогтың ішкі белсенділігінің жоғарылауын, өзіндің құндылықтар әсерінен ішкі тұлғалық тұрақтылықты, сыртқы және ішкі іске асыруға тәуелді бола отыра және педагог қызметінің сүйемелдеу ерекшеліктеріне орай қамтамасыз етеді.

 

Педагогикалық имидж

 

Педагогикалық сөздікке «имидж» түсінігінің енуі сән емес. Тұлғалық өсуінің жеке даралық траекториясын жасаған педагог, кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын қамсыздандыра отырып, көшбасшылық орынға шығады.

Имидждің қалыптасуының психологиялық аспектілерін 90-жылдардан бастап Р. Ф. Ромашкина, Е. В. Гришунина, П. С. Гуревич, В. М. Шепель және т.б. ғалымдар қарастырған. Болашақ педагогтың имиджін М. А. Апраксина, Н. А. Тарасенков, В. Н. Черепанова, Е. В. Емельянова және т.б. қарастырса; мемлекеттік қызметкерлердікін — И. В. Веретен­никова, Н. А. Кузнецова, Е. А. Орлова, В.В. Шуваева және т.б.; политикалық имидждің эффективті факторларын — Т. Г. Анистра­тенко, И. Э. Белоусова, Л. В. Постникова және т.б.;басқарушыныкін — Ю. Андреева, С. А. Амантаева, А. А. Бирюкова; жеке персоналды имиджді — Е. В. Емельянова, O. A. Пикулева, Э. Б. Теймурова және т.б.;кәсіби имиджді зерттеген Ю. В. Андреева, Л. Г. Попова, Н. В. Тарасенко, А. А. Бирюкова; имиджді интерсубъект­ивті әрекеттестіктің феномені ретінде — Е. Б. Перелыгина сынды ғалымдар қарастырған болатын.

Бүгінде, имидж, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға қажетті маңызды аргумент болып отыр. Сонымен қатар, Е.А.Петрованың пікірінше, әрекеттестіктің басым бөлігі өзгенің болмысын тану арқылы емес, имидж негізінде құрылады. Имидждік механизмді меңгеру, ең алдымен, әлеуметпен жұмыс жасайтын тұлғалар үшін аса маңызды: саясаткерлер, тілшілер, тележүргізушілер, әсіресе, педагогтар. Сабақтар (дәрістер, сабақтар) басты ақпарат көзі, мәдени нормаларды жеткізуші, сонымен қатар, мұғалімді де, оқушыларды да әлеуметтендіруші болғандықтан, маңызы аса зор.

В.Г.Горчакованың пайымдауынша, индивидтің имиджін дамыту мақсаты, саналы мен бейсаналының, жеке даралық пен ұжымдықтың, сыртқы мен ішкінің бірігуі, тұлғаның өзіндік нығая түсуі, яғни, персонадан (бетперде) жоғарғы менге өтуі, өз бейнесіндегі шығармашылық тұлға болуымен байланысты [6, с. 12].

Қазіргі заманғы ұғымдар мен түсініктердің қысқаша сөздігі (В.А.Макаренконың редакциясымен) имиджді (бейне, тұлғаның сыртқы эффектісі) — жарнамалау, танымал ету мақсатында, эмоционалдық-психологиялық әсер етуді көздейтін, мақсатқа бағыттала қалыптасқан бейне (қандай да бір бет-әлпет, құбылыс, зат) [7].

Имидж – бұл өзің туралы әңгімелеу, әлеуметтік баспалдақтың қай сатысында, қандай мамандық иесі, мінез, темперамент, талғам, қаржылық мүмкіндіктеріңіздің қандай екенін сөздің көмегінсіз, қоршаған ортаға жария ететін белгі[8].

Имидж – бұл динамикалық жүйе, өйкені, ол адамның өзін-өзі жетілдіру жолындағы еңбегінің нәтижесі болып табылады. Оған тұлғаның табиғи сапалары, өмірлік және кәсіби тәжірибесі, тәрбиесі мен білімі ықпал етеді.

Адамның тартымдылығы имидждің негізін қалайды. В.М.Шепельдің айтуынша, бұл сан қырлы, жинақы ұғым. Ол адамның ең жақсы сапалары мен тұлғаның ақпараттық потенциалын жинақтайды[11].

Е.В.Андриенко, тұлғаның имиджін қабылданатын және берілетін бейне деп есептейді. Имидж – бақылаушының өзге адамның сыртқы бейнесі,пікірі, жүріс-тұрысы және т.б. туралы салыстырмалы түрде тұрақты әсерінің қалыптасуы.

Имидждің екі жағы бар:субъективті, яғни, сол бейнені құрушы, ұстанушы, таратушы, және объективті, яғни, бақылаушының қабылдауы бойынша. Берілуші және қабылданушы образдар сәйкес келмеуі мүмкін. Сонымен қатар, берілуші образ әрдайым тұлғаның болмысын көрсете бермейді. Егер жоғарыда айтылған сәйкессіздік болса, онда образдың шынайылығына күмән келеді. Имидж өзіне оң немесе теріс қатынас орната отырып, қабылданатын немесе қабылданбайтын болуы мүмкін[2, б. 222].

Н.А.Мореваның айтуынша, адамның тартымдылығы – бұл оның коммуникабельділігі, эмпатиясы, рефлексивтілігі, шешендігі, сонымен қатар, сыртқы сүйкімділігі, жаңа талаптарға жеңіл бейімделу, бейтаныс адамдардың ортасында сенімділігін сақтап қалу, қарсы ойларға төзімділік таныту.

Ал, жалпы тартымдылық - бұл тұлғалық және іскерлік сапалар мен біліктердің шебер түрде берілуі, яғни, өзін-өзі ұсыну, жарнамалау. Өзіңді жақсы тұсыңнан көрсете алу, өзгелерде сен туралы жақсы пікір қалыптастыру – бұл өзін-өзі үнемі жетілдіру жолында жұмыс жасауды талап ететін асқан өнер.

Имидж, бір жағынан, тұлғаның айқындалуындағы белгілі бір психологиялық процесстердің нәтижесі болатын болса, екінші жағынан – қарым-қатынас орнатушы әріптестерінің сол адам туралы пікір қалыптастырушы сыртқы ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан, өзін-өзі жарнамалаудың мақсаты - өзгелердің алдында өз бейнеңді орнату, бекіту немесе сақтап қалу.

Өзін-өзі құрастырушы стратегия «идеалды - Менді» сақтап қалу және нығайтуға бағытталған.Осыған орай, тұлғаның имиджін қалыптастыруда актуалды саналатын адамның келесідей сипаттамалары бар, олар:

- әлеуметтік, адамды қоршаған қоғамның талаптарына жауап береді. Имидждің қабылдануына уақыт, орын, статус, өзін-өзі ұстауының рөлдік үлгісі және т.б.

- белгілік, дәстүрлі мәдениетпен анықталады;

- дербестік, имиджді ұсынушының индивидуалдылығын көрсетеді[9, б. 93].

Қабылдау әрдайым таңдауға негізделген, сол себепті, В.А.Баранованың айтуынша, имиджді ұсынушы тұлға туралы ақпарат таңдаудан, сүзбеден, топтастырудан өтеді. Қабылдау процесі түсіну және саралау процесстеріне бөлінеді.

Түсіну процесі әлеуметтік топтағы құндылықтар, түсініктер, ережелер, механизмдер, яғни, әлеуметтік көріністержүйесі ретіндегі коммуникативті қатынастар жүйесінің ерекшеліктерімен анықталады.

Саралау процесі имиджді қабылдаушы тұлғалардың мотивациялық-пайдаланушылық аймағын сипаттайтын факторлар арқылы жүзеге асады.

Қабылдаудың факторлары қағамның мәдениетіне, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, қабылдаушылардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы, және кездейсоқ құбылыстар, имиджді қабылдаушының индивидуалдық ерекшеліктеріне байланысты жағдайлық деп бөлінеді.

Қабылданушы имидждің үш сатысы бар:

- биологиялық, мұнда адамның жынысы, жасы, денсаулық жағдайы, темпераменті, физиологиялық ерекшеліктері аса маңызды рөл атқарады;

- психологиялық, имиджді қабылдауға имиджді ұсынушының кейбір сапалары мен мінезінің қырлары әсер етеді: жігер, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеті, мінезі, қабілеттері. Берілген сапалар түсіндірілуі де, түсіндірілмеуі де мүмкін. Бұл сатыдағы қабылдаудың маңыздылығы әлеуметтік топтың қызығушылықтары, құндылықтары, мақсаттарының ескерілуімен байланысты, ал талаптардың қойылуы арқылы қатынастар жүйесі құрылады;

- әлеуметтік, ұсынылып отырған имиджді қабылдау немесе бас тартуға әсер ететін, қауесет, өсектер, аңыздардар құралған факттар жүйесі[3, б. 4].

Л.К.Аверченко имиджді классификациялауға негіз болатын, имиджге қатынастың мүмкін үш түрін бөліп көрсетеді:

ü функционалдық, имидж қызметіне қарай жіктелсе;

ü сәйкестік, ұқсас имидждер салыстырылса;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1425; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.053 сек.