Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі 5 страница. Бірқатар авторлар ойынша абыройлардың түрлі деңгейлері болатынын, бірақ олардың ішінде жоғары деңгейді




Бірқатар авторлар ойынша абыройлардың түрлі деңгейлері болатынын, бірақ олардың ішінде жоғары деңгейді белгілеу үшін нағыз абырой, дұрыс абырой, жоғары абырой, шын абырой сияқты анықтамаларды қолданды.

 

Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі

 

Педагог қызметінің ерекшілігі негізінде оның шешетін мақсат міндеттеріне байланысты абыройдын денгейлік жіктелуге қарай келесі деңгейлерге бөледі:

- позициялық, формальды деңгейді білдіреді. Оның негізін педагогтың билігі құзырындағы функциялық қызметіндегі міндеттері құрайды;

- функционалдық, формальды емес деңгейді көрсетеуші. Ол педагог жағынан кәсібилілік деңгейінің өлшемімен анықталады;

- тұлғалық - бұл да абыройдың формальды емес деңгейіне жатады.

Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша педагогтың тұлғалық сапаларына қосылады.

Абыройлық феномен оның функцияларында көрініс алады: бағыттаушы, ақпараттық, методологиялық, бағдарлаушу, сонымен бірге бақылаушы және бағалаушы, коммуникативті және әлеуметтендіруші.

Жалпы білім беру процесінің тиімділігіне абыройдың әсерін атап кетейік:

- білім беру қызметін жалпы оптималдай түседі, өйткені оқу материалын мазмұндау кезінде абыройға тікелей бағыттау уақытты үнемдейді, жігерлендіреді, оқыту қарқынын үдетеді, материалды мңгеруге қажетті қосымша уақытты табуға мүмкіндік береді;

- абыройды аты жөніне қарай, олардың қызығушылық және ғылыми проблемаларымен жарияланған еңбектеріне қарай нақтылау ақпараттық іздестіруді қамтамасыз етеді;

- абырой ескіні нивелирлеудің жылдамдығын тежейді, сөйтіп жаңаны дәлелдеудің жеткіліксіздігімен үстірттігін түсінуге көмектеседі;

- абырой пәнаралық әсерлесуі формасы болып та көрініс алады, өйткені педагогтың мүмкіндіктерінің объективті шектеулілігі, пәндік білімдердің барлық саласында бірдей компетентті бола білуге мүмкіндік бермейді, ол абыройға сүйену бұл кемшілікті компенсациялауға жол ашады;

- абыройдың плюролистілігі авторитаризмнің пайда болуына, қайсыбір тұлғаның немесе теорияның үстемдік құруына кедергі болады.

Дегенмен, білім беруде абыройдың позитивті роліне ондағы шектен тыс орталықтандыруың, сынаудың кемшілігі кедергі болады.

Педагогикалық зерттеулерде нағыз және жалған абырой феномендері ажыратылып көрсетіледі, немесе қандай түрде болмасын зорлыққа негізделген жалан абыройдың көрініс алуы байқалады.

Жалған абыройдың көптеген түрлері болатынын Макаренко айтқан. Басымшылдық абыройы. Бұл террор абыройы, барлық тәрбиелік әсерлер қорқытуға көргенсіз, дөрекі, жәбірлеуге бағытталған. Педагог үнемі өзінің өктемдігін, артықшылығын, демонстрациялай отырып, студенттерді үнемі жазаландыруы мүмкіндігі қорқынышта устайды.

Қашықтық абыройы. Оқытушы өзінің тәрбиеленушілерін өзінен белгілі бір қашықтықта ұстайды, тек өте қажет жағдайларда өзінің басымдылық позициясымен байланысқа, қарым-қатынасқа кіреді. Студент пен оқытушы арасындағы дистанцияның болуы педагогтың жұмбақ және аз рұқсатты адам образын күшейтеді.

Әлдекімсу абыройы. Оқытушының өзін бағалауы гипертрафикаланған, асакөтерумен көрінеді. Педагог әр бір адымында өзін ең құрметті, еңбегі сіңген қайраткер қызметкерлік дегейін қайталап отырады, өзінің қандай қабілетті екенін, оған қоршағандардың барлығы таңқалатынын, студенттерге және әріптестеріне менменшілдікпен, аямпаздықпен басынады.

Тақуа абыройы. Педагогтың өз жұмысына бюрократтық келісімен байқалады. Ол үнемі әмір береді, олардың дереу орындалуын, мүлтіксіз орындалуын талап етеді және студенттер үшін оқытушының айтқан сөзі заң болады деп санайды. Бұндай педагог студенттер алдында қате жіберуден, жасқаншақтықтан қорқады.

Мейрімділік абыройы. Бұл абыройдың ең ақылсыз түрі. Бұл жағдайда оқушылардың илануы жұмысақтықпен, көнгіштікпен және тәрбиеленудің қайырымдылығымен қол жеткізіледі. Ол бәрін күйретеді, ол ештеңені аямайды, ол түрлі жан-жалдан қорқады, барлығы жақсы болуы үшін ештеңесін аямайды.

Абыройдың достық, сатып алушылық, әдемілік, көңілсіз және т.б. түрлері де белгілі.

 

Педагог абыройының құрылымы. Субъект-субъект қарым-қатынастары толықрақ қарастырылып төмендегі компоненттерге бөлінген:

1. Кәсіби компонент: арнайы эрудиция, әдістемелік шеберлік, технологиялық әртүрлілік, әдістемемен пәнді оқытуды кіршіксіз білуі қажет.

2. Тұлғалық компонент абыройдың қозғаушы күші болып табылады.

3. Әлеуметтік компонент

4. Рольдік компонент

Барлық компоненттер бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді.

 

Педагогикалық абыройдың өзіндік ерекшеліктері. Өзіндік ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

1. Педагогтың тұлғасының мінезқұлықтық маңызы - оның адалдығында, ашықтығында, ақжүректігінде, шыдамдылығы мен, қарапайымдылығында.

2. Мінез-құлықтың өзін-өзі жетілдірілуі, педагогтың өзіне деген жоғары талабы, оның принциптілігі мен белгілілігі, идеялық позициясының болуы, азаматтық терең сенімділігінде байқалады.

3. Интеллектуалды дамушылығы, руханилылығы, пайымдау тәуелсіздігі және білімділігі.

4. Тәрбиеленуші тұлғаны шынайы сыйлау, педагогпен студент, оқушы арасындағы тиімді және жайлы шырайлы қарым-қатынас, олардың адамгершілік-эстетикалық бірін-бірі тартымдылығын қамтамасыз етуші.

Педагог абыройына қойылатын талаптар иерархиясында қайсыбіреуін бірінші орынға қою мүмкін емес, өйткені оқытушы абыройы студенттер санасына өзіндік рухани билік қамтамасыз етуші кәсіби-тұлғалық қасиеттердің кешені болып табылады.

Абыройлы оқытушыны мейрімді, көңілшең қамқоршы студенттер мен оқушылардың талап-тілектерін түсінуші, кәсіби компетентті, принципті педагог, жоғары мәдениетке ие адам деп көреді. Оқытушы абыройы білімінде, қарым-қатынасында, тұлғасында сырт көрінісінде көрінеді.

 

Абыройдың қалыптасу кезеңдері. Педагог абыройының қалыптасуында мынадай негізгі кезеңдерін бөліп көрсетеді:

1. Педагог - ақпарат көзі. Педагогпен оның оқушылары арасындағы қарым-қатынас педагогтың қажетті деректер көзі ретінде, тіпті кейде ол тұлға ретінде, оқушылар көзінде мағынасы жоқ сияқты оның жеке қасиеттерінің ешбір маңызы жоқ сияқты көрініске негізделген. Бұндай қатынастар ахуалдық болады, ол жеткілікті көлемде болғанда бұзылады.

2. Педагог - референт (жәрдемші) кісі. Бұнда қарым-қатынас басқаша орындалады. Шәкірттерге маңыздысы педагогикалық фактілер мен оқиғаларды оқытушының тұлғалық бағалауы арқылы орындалады. Педагогтың референттілігі студенттер үшін өмірлік және кәсіби өзіндік бағдар ролін атқарады. Оның пікірі маңызды деп табылады да, оқытушы позициясынан қимыл-әрекет жасауға негіз болады.

3. Педагог - абыройлы кісі. Педагогқа сенім аванспен беріледі де, оның пікірі алдын-ала дұрыс және іс-қимылды бастауға нұсқау деп саналады.

Абыройды жеңіп алу және ұстап тұру - күрделі және күнделікті қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, педагогқа өзінің абыройын тек үнемі ұстап тұру ғана жеткілікті емес, сонымен қатар рухани мінез-құлықтық өрлеуі қажет: өзінің студенттермен қарым-қатынасын талдау, өзінің мінезін сынай отырып ұғыну, күдігі мен көкіректілігін баса білу, кісілік қадір-қасиетін және педагогикалық намысын сақтау.

Жоғарыдағы мазмұндалғандарды қорыта отырып абыройлы педагогтың өзіндік портретін салуға болады (Бусыгина А.Л.).

Бірінші блокты педагогтың қабілеті, білімі, педагогтық дағдысы, жоғары деңгейлі интеллекті, кәсіби біліктілігі, студентпен дербес қатынас орната білуін қамтиды.

Екінші блокты қызметтің бағыттылығы мен мотиві, еліктеушілігі, әдістемешілігі, белсенділігі құрайды.

Портреттің маңызды штрихіне әділділік, жауапкершілік, принциптік, бірізділік сияқты педагогтың мінезінің сипаттары оның адамдар мен жұмыс істеуге селқосеместігін көрсетеді.

Енді бір блок - темпераментімен байланысты қасиеттері. Портретті суреттеу коммуникативті қасиеттерді жатырқамаушылық (сөлеткіш), әлеуметтік, сезгіштік, әдептілік тамамдайды.

Сонымен оқытушының абыройы -оқу-тәрбие жұмысын табысты шешуге керекті шарттардың бірі. Бұл әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін салынған күрделі әлеуметтік феномен. Абыройда педагогикалық қызметтін жалпы заңдылықтары және нақты жеке адамдардың ерекшеліктері бекітіледі; абыройда динамикалық жүйеге тән даму деңгейлері және қалыптасу кезеңдері болады; абырой студенттермен оқытушы арасындағы қарым-қатынастың негізі, бұл осы қатынастардың көрінісі әрі соның өнімі

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1285; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.019 сек.