Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Алматы 2011 ж




Пікір жазған: саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент -

Жазыбаев Дулат Мұсабалаұлы

 

Құрастырған: Алматы қаласы Заң колледжінің

1-санаттағы оқытушысы

Құлбекова Ақтолқын Ермекқызы

Алматы қаласы Заң колледжінің

оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген

Хаттама № _____

«____»________2011

ОӘК төрайымы

 

Бұл студенттерге арналған дәрістер жинағында олардың құқық қорғау органдары жұмысына қажетті теориялық білім алу мен тәжірибелік дағдыны үйренуін қамтамсыз етуін көздейтін материалдар жиынтығы, тәжірибелік сабақтар және өзіндік дайындық үшін тапсырмалардың нұсқалары берілген..

 

Криминалистика негіздері 2

 
 


1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.

1. Криминалистика ұғымы

2. Криминалистика пәні

3. Криминалистика мақсаты

4. Криминалистиканың негізгі міндеттері

5. Криминалистика жүйесі

6. Криминалистиканың қағидалары

1. Криминалистика – қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және болғызбау әдіс-тәсілдерінің танымына негізделген заңдылықтарына бағытталған ғылым.

2. Криминалистика пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Криминалистиканың пәнімен заңдылықтардың 3 тобы қамтылады:

1. Қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары.

2. Қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдерінің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б.

3. Тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары, қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б.

3. Криминалистика мақсаты: а) Криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу,

 

Криминалистика негіздері 3


тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту.

 

ә) Техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану арқылы қылмысты тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту.

б) Алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін құрастыру және қатыстыру.

в) Қылмысты алдын алудың криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарды тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру.

г) Шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.

4. Криминалистикалық ғылыми зерттеулердің негізгі 3 түрлі қызметі реттеледі:

- таным қызметі;

- құрамалы қызметі – практикалық із танудағы құралдарды дамыту және жетілдіру;

- криминалистикалық зерттеу қорытындыларын тәжірибеге енгізу қызметі.

5. Криминалистика жүйесі басқа да кез келген ғылым жүйесі сияқты өзара байланысты тараулар мен бөлімдерден тұратын біртұтас кешен болып табылады. Криминалистика жүйесі ғылым ретінде 4 бөлімнен құралған:

1. Қылмыстың жалпы теориясы;

2. Криминалистикалық техника;

3. Криминалистік тактика;

4. Криминалистік методика

 

Криминалистика негіздері 4

 
 


Криминалистиканың жалпы теориясы криминалисмтика пәнінің әдістемелік негізі, оның ісші және сыртқы дүниетаным қағидаларының, теориялық

 

тұжырымдамаларының, ұғымдарының, әдістерінің, терминдер анықтамаларының жүйесі.

Криминалистік техника бөлімінде заттай дәлелдемелерді және іске қатысты деректерді іздеп табуға, бекітуге, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістерді, қолданылатын қажетті техникалық құралдарды қарастырады.

Криминалистік тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді де нәтижелі әдістерді, оларды қолдану қағидаларын қарастырады.

Криминалистік методика – бұл бөлімде жеке ылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі, себебі әрбір қылмыс түрін тергеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

Крминалистика жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өте тығыз байланыста. Криминалистиканың жалпы теориясы бүкіл осы ғылымның әдістемелік негізі болып табылады. Криминалистикалық техниканың мүмкіншіліктері әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылады. Ал жеке криминалистік әзірлемелерді жасағанда техникалық-криминалистикалық құралдар мен әдістерді және тергеу әрекетерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

6. Криминалистиканың қағидалары негізінен мына көрсетілген үш бағытта болады:

· Шынайылық қағидасы, ол криминалистік ғылыми зерттеулердің қандай да болмасын саяси көзқарастан, ой-ұғымынан тәелсіздігі, шынайы өмірдегі заңдылықтар мен құбылыстардың мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнелеуін көрсетуіне негізделуі қажет;

Криминалистика негіздері 5

 
 


· Тарихтық қағидасы, яғни криминалистика пәнінің мазмұнын, қызметін және байланыстарын басқа ғылымдармен динамикалық қарым-қатынаста ұстап, олардың пайда болуымен және өзгерістерімен ұштастырылып отыруы керек;

· Ғылымның үйелілік қағидасы бойынша криминалистиканың жеке бөлімдерінде оқытылатын құбылыстар мен фактілер бір бүтіннің бөліктері ретінде өзара байланысты да тәуелді түрде қарастырылуы қажет.

 

2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы

1. Криминалистиканың басқа ғылым салаларымен

байлынысы

2. Қылмыскер сипаттамасы

 

1. Криминалистика ең алдымен қылмыстық құқық, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарымен тығыз байланысты. Қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамының белгілерін анықтамай осы қылмыс түрлерін тергеу әдістерін реттеу мүмкін емес, себебі алдымен қылмыстың жағдайын қандай жолмен анықтау туралы мәселелерін шешуден бұрын, олардың құрамы мен белгілерінің қандай екенін білу қажет. Қылмысты тергеу, тергеу әрекеттерін және іс бойынша әділдікті анықтау үшін дәлелдемелік ақпараттар жинау мен зерттеуді қамтамассыз ететін ұйымдастыру шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымды жағынан жоғары қызметкерлері жердің, үй-жайлардың,

Криминалистика негіздері 6

 
 


заттардың, құжаттардың, көзі тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардың қарауын жүргізеді.

Бірінші кезекте оқиға болған жерді келіп қарайды. Қараудың толықтығын қамтамассыз ету үшін тергеуші криминалистика саласындағы қажетті танымдарын жеткілікті білуі керек, әсіресе, трасология, атап айтқанда іздердің қалу механизмін білуі керек, қылмыскер қылмыс істеу кезінде қандай тәсілдерді қолданғаны туралы қандай белгілер куәландырып тұрғанын анықтай алуы керек. Ондай белгілерді таба алып және ондай белгілердің жиынтығы тек қана оқиғаның өзін ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің белгілерін жекелендіре алатынын ескеріп, олар бойынша істелген қылмыс көрінісін қалпына келтіре алуы керек. Тергеуші қарауды жүргізуді ұйымдастыруда іс үшін маңызы бар бірде-бір мән-жайды көзден таса қалдырмауы керек. Табылған деректер іске қатысты сұрақтарды шешуге көмектеседі. Іске қатыстығы әлі толық анық емес, бірақ қатысты болуы мүмкін объектілер әрі қарай іске қатыстығы туралы сұрақты шешу үшін зерттеу мақсатында алынуы керек.

Криминалистика криминология ғылымымен де тығыз байланысты. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және түр аралық өзгешеліктерін, оынң алдын алу шараларын қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминология қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық анықтап,бұл себептер мен жағдайларжы жою үшін қандай әрекеттер жүргізу керектігін белгілейді.

Криминалистика жедел-іздестіру қызметі мен ол қолданылатын арнаулы техникамен де тығыз байланыста.

2. Қылмыс – орын мен уақыттың белгілі бір жағдайында жасалады. Қылмыстар әртүрлі, олар жасалынатын жағдай да бірдей емес, қылмыстық нәтижеге жету кезіндегі

Криминалистика негіздері 7


қылмыскердің әсер ететін материалдық ортасы да, қылмыстан түсетін зардап та әртүрлі. Материалдық орта қылмыс жасалынып, іздер қалатын орта, белгілі бір кеңістікпен шектелген: ауданмен, аймақпен, үй-жаймен. Қылмыс іздері табылған жерде немесе басқа жерде жасалуы мүмкін. Егер қылмыс бір жерде жасалып, ал оның іздері басқа жерден табылса, онда қылмыс жасалған жер қылмыс орны болады да, қылмыс жасалған жер мен іздер табылған жер оқиға орны болып есептеледі.

Алғашқыда тергеуші қылмыс па, әлде жоқ па, ал егер қылмыс болса, онда осы жерде не басқа жерде жасалды ма, осылар туралы біле бермейді. Қылмыстың криминалистикалық сипаты да осында. Қылмыс осы жерде қалған немесе осы жерден алынған қарумен жасалды ма, қылмыс осы жерде табылған объектілердің біреуіне бағытталды ма, заттарда қылмыскер әрекеттерінен іздер қалған немесе осы жерде қылмыскерде болған заттар қалып кетті ме және қылмыс осы ортада жасалған, оның жағдайлары қылмыскер әрекеттерінің тәсілін анықтап қылмыстық мақсатқа жетуге септік етуі мүмкін.

Қылмыскер өз қылмысын жасыру мақсатында өзін әртүрлі сипатта көрсетуі мүмкін. Мысалы, қылмыстың жалған көрінісін туғызу үшін қылмыстың өтірік көрінісін әшкерелеуі мүмкін.

· белгілі бір жерде шынында болған қылмыстың белгілерін жасырып, басқа қылмыс болғандай етіп көрініс жасау.

· оқиға жерінде жасалған қылмысты жасыру үшін қылмыстық сипаты жоқ көрініс туғызу.

· қылмысты жасаудың көрінісін әдепсіз құлықтарын және басқа да әрекеттерін жасыру үшін туғызу.

шын мәнінде жасалған қылмыстың жеке бөліктері немесе оның құрамының жеке элементтері туралы тергеушіде басқа

 

Криминалистика негіздері 8

 
 


ойларды қалыптастыру үшін көрініс туғызу: қылмысты

· басқа да адам, басқа мақсаттарда және басқа ниеттермен, басқа жерде, басқа уақытта және с.с. жасағандай етіп көрініс туғызу.

Осы жағдайлардың бәрінде тергеушіге криминалистика ғылымы және криминалистикамен байланысты ғылымдар көмектеседі.

 

 

3.Криминалистикалық ұқсату (идентификация) және диагностика

 

1. Ұқсатудың ұғымы, шарттары және объектілері.

2. Ұқсату түрлері.

3. Криминалистикалық диагностика және оның кезеңдері.

 

1. Ұқсату берілген объектіні ізделінуші болып табылатындығы туралы мәселені шешу мақсатындағы объектінің жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша жекешелігін немесе ерекшелігін анықтайтын құбылыс.

Негізгі шарттары:

1. Криминалистикалық ұқсату объектілерінің жеке өзіндік анықтылығы, объектілерді сипаттайтын тұрақты белгілерінің болуы.

2. Салыстырылатын объектілерді тұрақты белгілерінің көрінісі бойынша криминалистикалық ұқсатуды жүзеге асыру.

3. Қылмысты ашу мен тергеу және істі сотта қарастыру процесіндегі криминалистикалық ұқсатуды қолдану.

Ұқсату процесінде екі түрлі объект қатысады:

1. ұқсасталынатын объект – ол ерекшелігі анықталатын объект

Криминалистика негіздері 9


ұқсастырылушы объект – ол арқылы ерекшелік анықталады. Ұқсасталынатын объект біреу, ал салыстырушы

2. объект бінеше болуы мүмкін. Ұқсастырылушы объектілердің екі түрі бар – пайда болуы белгілі және белгісіз.

2. Криминалистикада ұқсатудың 4 түрі белгіленеді:

1. Материалды тіркелген белгі көріністері бойынша ұқсату.

2. Жалпы пайда болу белгілері бойынша ұқсату.

3. Адам есінде қалған ойша бейне бойынша ұқсату.

4. Белгілерді сипаттау бойынша ұқсату.

«Криминалистік ұқсату» теримині үш мағынада қолданылады:

А) зерттеудің мақсаты, міндеті және қорытындысы;

Ә) ұқсастықты, тепе-теңдікті табу үшін орындалатын әрекеттер жүйесі

Б) криминалистиканың жалпы теориясының құрамына кіретін жеке ғылыми теориялық тұжырымдама.

Криминалистік ұқсатуда бір заттың қасиетін, табиғатын анықтау үшін екінші затты қажет етеді. Мысалы, оқиға болған жерден кілт табылса, оны сәйкес құлыппен теңестіреміз, есіктің жақтауынан табылған қол іздерімен терезенің жақтауынан табылған қол іздерін салыстырамыз. Осылайша кілттің құлыпқа сәйкес келетітін, ал қол іздерінің бір адамға немесе басқа адамға тиесілі екенін анықтаймыз.

2. Криминалистикалық диагностика – бұл салыстырумен байланысы жоқ белгілі бір деректің, құбылыстың, объект құрамының мәнін жүргізуші тұлғамен анықтау немесе іс бойынша тергеумен байланысты мәселелерді шешу үшін топтық тиістілікті бекіту. «Диагностика» термині грек тілінен аударғанда анықтау, ақ-қарасына жету деген мағынаны білдіреді. Біз диагностика деген сөзді көбінесе медицинада және техника жөндеу орталықтарынан естиміз. Медицинада адамның немесе жануардың қай жері ауырып тұрғанын диагноз қою арқылы анықтаса, автомобиль ісінде де диагностикалық тексеру арқылы көлік құралының ақау жерін

Криминалистика негіздері 10

 
 


анықтап береді. Тура сол сияқты криминалистикада да оқиға болған жерден табылған затқа диагостика жасау арқылы оның қасиетін анықтайды. Диагностиканың салыстырудан, яғни ұқсатудан айырмпшылығы, мұнда бір заттың қасиетін анықтау үшін екінші заттың қажеті жоқ.. Мәселен, адамның жазуына қарап, оның жынысын, жас шамасын айыру; атыс қаруының оғына қарап, оқ атылған уақытты пайымдау; аяқ киімінің ізіне қарап, иесінің бойының биіктігін анықтау т.с.с.

Диагностика объектінің өзінің немесе көрінісі зерттелуінен тәуелсіз, объектінің белгілерін зерттеуге негізделген. Белгілердің ақпараттық жақтарына негізгі көңіл бөлінеді. Диагностикалық зерттеулер объектінің құрамы мен жағдайын анықтау бойынша оның жағдайын анықтап қана қоймай, объектінің өткен жағдайын, сонымен бірге іздердің қалу әдісін және ол арқылы қылмыскердің әрекет бағытын айқындайды.

Диагностикалық зерттеулер келесі мақсаттарда жүзеге асады: объектінің берілген сипаттамасына сай (сай емес) құрылымдары мен жағдайларын анықтау үшін, әрекет жағдайларын зерттеу үшін, болған оқиға арасындағы себепті байланыстарын бекіту үшін.

Диагностикалық зерттеулерді 3 кезеңге бөлуге болады: 1. объектінің тұрақты зерттеудегі құрамы мен жағдайын анықтау.

2. объектінің құрамы мен жағдайын көрініс бойынша анықтау. 3. интегративтік диагностика, толық жағдай анализі.

4.Криминалистиканың арнаулы әдістері мен жалпы ғылымдық әдістері

  1. Криминалистиканың әдістеріне түсінік
  2. Жалпы ғылыми әдістер
  3. Арнаулы әдістер

Криминалистика негіздері 11

 
 


  1. Әдістерді қолдану белгілері.

 

1. Криминалистиканың әдістері – бұл теориялық және қолданбалы сипаттағы криминалистикалық зерттеу процесіндегі ғылыми мәселелерді шешу тәсілі.

Криминалистиканың әдістері жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

 

2. Жалпы ғылыми әдістер – бұл барлық практикалық әрекеттердің ғылымдары мен салаларында қолданылатын тәсілдер. Криминалистиканың жалпы ғылыми әдістері қатарына мыналар кіреді:

1. сезімге рационалды әсер етуші әдістер – бақылау, сипаттау, бейнелеу, салыстыру, тәжірибе жасау, үлгілеу жатады. Бақылау – бұл алдын-ала бағытталған мақсатты түрде белгілі бір объектіні қабылдау құбылысы. Сипаттау - бұл анықталған және жүргізіліп жатқан зерттеуге қатысы бар кейбір объектілердің белгілерін сипаттап зерттеу немесе басқа әдістер арқылы алынған ақпаратты анықтап тіркеу тәсілі болып табылады. Бейнелеу әдісі криминалистикада деректі затты не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін өте жиі қолданылады. Салыстыру әдісі – бұл екі немесе бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып көру;

2. логикалық әдістер – анализ - талдау; синтез - жинақтау; индукция - жекеден жалпыға бағытталған ойлау; дедукция - жалпыдан жекеге бағытталған ойлау; гипотеза – жорамалдау; аналогия – ұқсастық.;

3. математикалық әдістер - өлшеу, есептеу, геометриялық құрылыс, математикалық модельдеу. Өлшеу – объектілердің салмағы, көлемі, екі не болмаса бірнеше объектілердің өзара ара қашықтығы есептеліп шығарылады және өлшеу арқылы кейбір заттардың тән қасиеттерінің сандық сипаттамасы беріледі. Кейбір оқиғалардың, құбылыстың болған уақытын да

Криминалистика негіздері 12

 
 


өлшеу арқылы шешуге болады. Есептеу – объект немесе құбылыс параметрлерін анықтауда және математикалық үлгілеуде қолданылатын қажетті әдіс болып саналады. Геометриялық құрылыс әдісі өлшеумен өте тығыз байланыста. Ол жоспарларды, сызбаларды, графиктерді, кестелерді құрастыруда пайдаланылады. Математикалық модельдеу – математикалық есептердің көмегімен үрдістер мен құбылыстардың өту жолдарын, шарттарын үлгілейді.

4. Кибернетикалық әдістер – криминалистикаға соңғы жылдары өмірге белсенді еніп жатқан компьютерлендіру негізіндегі ғылыми жаңа әдіс түрі. Бұл әдістің негізінде жаңа ақпарат беретін технологиялардан ақпараттарды компьютерлік модельдеуді және т.б. жедел-іздестірумен автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асыру мүмкіндігі туындайды.

5. Эвристикалық әдістер – бұл криминалистиканың жалпы ғылыми әдістер қатарына жаңа эвристика ғылымынан соңғы кезде қосылды, яғни терең де тиімді түрде ойлау нәтижесінде жаңалық табуды білдіреді.

3. Арнаулы зерттеу әдістері – бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген салада қолдану әдісін түсіндіреді. Криминалистиканың арнаулы зерттеу әдістері екі топтан тұрады. Бірінші топты жеке криминалистикалық әдістер құрайды, яғни алғашқы рет криминалистика ғылымымен зерттелген және осы ғылыммен қолданылатын әдістер. Оған криминалистикалық идентификация, дактелоскопия, одорология, тергеу әрекеттерін жоспарлау, тергеуді ұйымдастыру әрекеттері жатады. Екінші криминалистикалық арнаулы әдістер тобын басқа ғылымдардың арнаулы әдістері құрайды. Олар ерекше криминалистикалық мәселелерді шешу үшін немесе өзгертілмей қолдануға негізделген.

Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. заттар мен материалдардың марфологиясын, құрамын, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін талдау

Криминалистика негіздері 13


үшін аранаулы физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер;

2. биологиялық әдіс, биологиялық пайда болған облыстарды зерттеу үшін қолданылады;

3. антропологиялық және антропометриялық әдістер, өлген адамның сүйек қалдықтары бойынша тұлғасын анықтау, адамды іздеу үшін сырт бейнесін суреттеп сипаттау және танытуға қажетті белгілерді жақсарту кезінде қолданылады;

4. әлеуметтану әдісі, қылмыстың жасалуы мен жасырылуының себептерін, қылмыс тәсілінің анализің, тактикалық тәсілдер мен түсінік қорытындысы туралы ақпарат жинаудың себептері мен шарттарын зерттеу үшін қолданылады.

4. Криминалистикадағы әдістерді қолдану принциптері мыналар:

- әдістің ғылымдылығы – алынып отырған қорытындылардың анықтылығы мен негізділігі, олардың сенімділігі ұғындырылады;

- әдістің қауіпсіздігі – яғни оны қолдану барысында адамдардың өмірі мен денсаулығына зияны тимеуінің қажеттігі;

- әдістің заңдылығы мен этикасы. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қарастырылатын тек қана заттар емес, сонымен бірге адамдар болатынын ескеріп, заңдылықтың конституциялық қағидалары мен қоғамдық тәртіп белгілеріне жауапты әдістерді қолдану;

- әдістің тиімділігі, яғни әдіс қысқа мерзімде алға қойған мақсатқа толық жеткізіп, жұмсалған күш пен шығынға тұратындай қорытынды алуды қамтамассыз ету қажет.

 

 

Криминалистика негіздері 1 4

 
 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1190; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.