Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жаттарды криминалистік зерттеу. 3 страница




3. Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең – оқиғаның не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту). Екінші кезең – осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау. Үшінші кезең – осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

 

Криминалистика негіздері 72


Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Мысалы адамның мінез-құлқы төрт темпераментке бөлінеді. Осы төрт темпераменттегі адамдар бір қылмыстық оқиға бойынша әр қайсысы әр түрлі жауап береді. Тергеушінің осы жағдайды ескергені жөн және оларға қалай сұрақ қою керектігін білуі керек.

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ адам, ал жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады. Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуіне бағытталады.

Жауап кідіртпей жауап алу жағдайларын қоспағанда күндізгі уақытта алынады. Бір күнгі жауап алу ұзақтығы ересектерге сегіз сағаттан аспауы керек. Төрт сағат үздіксіз жауап алынады, содан соң бір сағат қажеттіліктер үшін уақыт беріліп, тағы үздіксіз төрт сағатқа созылады. Ал кәмелетке толмағандардан дәл осы тәртіппен күніне төрт сағаттан артық емес уақыт жауап алынады. Бірақ тергеуші кәмелетке толмағанның шаршағанын байқаса, бұл уақыт өтпей-ақ жауап алуды тоқтатады. Ал ауруханада жатқан жауапкерден жауап алу уақытын оны емдеуші дәрігері белгілейді.

4. Беттестіріп жауап алу дегеніміз – бұрын жауап алынған екі адамды бірге отырғызып, бір мезгілде екеуінен қатар, қайталап жауап алу.

Криминалистика негіздері 73


Беттестіруді өткізуге дайындық кезінде тергеуші мынадай мәселелерді шешіп алуы тиіс:

- Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керек?

- Беттестіруге қатысып отырған адамдарға қандай сұрақтар қою керек?

- Беттестіруге қатысатын адамдардан қандай кезекпен жауап алу керек?

Беттестіру үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жазып бекітеді.

Егер айыпкер (сезікті) өзін батыл ұстап, оны әшкерелеп отырған куәгерді (жәбірленушіні) қорқытса, ондай әрекеттерді уақытында тоқтату шараларын қолдану қажет, ал ол болмағанда, хаттамада себебін көрсетіп, беттестіруді тоқтатқан жөн.

 

17. Таныту үшін көрсету тактикасы.

Сараптама жүргізу және оның мәні.

1. Танытуға көрсету түсінігі және түрлері

2. Таныту үшін көрсетуді дайындау және жүргізу

3. Жеке объектілерді тану үшін көрсетудің ерекшеліктері

4. Сот сараптамасын тағайындау жәнежүргізу тактикасы.

 

1. Танытуға көрсету дегеніміз – ол жәбірленушіге, куәгерге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса қашан және қандай жағдайда көргендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

 

Криминалистика негіздері 74


Танытуға көрсетілген объектілер қатарына жататындар: адамдар, өлік, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жер де көрсетілуі мүмкін.

2. Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі – көрсетілетін объектіге ұқсас объектілер табу. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандарды қатыстыруға тура келеді. Айталық өліктің кім екенін таныту үшін оны көрсетуге тура келсе, сот медицина саласындағы маманды, ол объектіні танушы жасы жетпеген куәгер жас бала болса, педагогты қатыстыру керек.

Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы керек. Суретке не кинотаспаға түсіру керек болса фото-кинобейне аппаратын дайындап, оны қолданып, түсіретін адамдарды дайындау қажет.

3. Адамды тану үшін көрсету танушы тұлға онымен таныс емес, бірақ тани алатын болғанда немесе құжаты жоқ адамның не құжаттарлы күдік тудырған адамның тұлғасын анықтау қажет болғанда жүргізіледі.

Тергеуші тергеу әрекетіне қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін және тергеу әрекетінің мақсатын түсіндіргеннен кейін танылуға тиіс адамға көрсетілетін субъектілердің арасынан кез келген орынды таңдап алу ұсынылады. Сосын танушы тұлға шақырылып, оған да оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Көрсетілетін субъектілерді толығырақ қабылдау үшін тергеуші оларға тұруды, бұрылуды, жүріп, отыруды ұсына алады. Содан кейін танушы тұлғадан кімді танығанын, ал таныса, қандай белгілері бойынша танығанын сұрайды. Аталған белгілер хаттамада көрсетіледі және техникалық құралдармен бекітіледі. Тану аяқталған соң көрсетілген топты суретке түсіреді және танылған тұлғаны сигналетикалық фотосурет ережелері бойынша жеке суретке түсірген жөн.

 

Криминалистика негіздері 75


Дауыс бойынша тану барысында танушы тұлға танылуға тиіс адамдарды көрмейді, бірақ дауыстарын естиді. Ол үшін олар куәгерлермен бірге іргелес бөлмеде отырып, шарттасқан сөйлемдерін айтады. Содан соң тануға қатыстырылған бүкіл тұлғалар кім қай кезекте белгілі сөздерді айтқанын және кім танылғанын нақтылау үшін жиналады.

Мәйітті тану үшін көрсету оның жеке тұлғасын анықтау үшін жүргізіледі. Тану орны ретінде мәйітхананы таңдаған жөн, өйткені таныту алдында мәйіт бетін арнайы өңдеу қажет болады.

Тану үшін заттар мен құжаттарды көрсету жоғарыда аталған жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Зат кемінде 2 біртектес затпен бірге көрсетіледі. Қолдан жазылған және басылған құжаттарды тану үшін біртектес құжаттар арасында көрсетіледі. Танушы тұлға өзіне таныс қолжазуды анықтайды.

Жануарды тану үшін көрсету оларды ұрлау туралы іс бойынша, сонымен қатар олардың иесін анықтау үшін жүргізу қажет.

Тану үшін көрсетуді бекітудің негізгі тәсілі – хаттамалау. Хаттама кіріспе, негізгі, қорытынды үш бөлімнен тұрады. Фотосуреттер мен магнитті таспалар және бейнекасеталар нөмірленіп хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі.

4. Экспертиза деген термин латын тіліндегі «expertus», яғни білгір, арнайы білім, тәжірибе деген сөзден туындайды. Экспертиза – қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің тапсырмасы мен заттай айғақтарды және материалдарды зерттеуге эксперт қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті.

Экспертизаның объектісі – қылмыстық іске қатысы бар, арнаулы білім арқылы зерттелуге тиісті фактілер, оқиғалар, заттар.

 

Криминалистика негіздері 76


Сараптаманың келесі түрлерін бөлуге болады: криминалистикалық, сот-медициналық, сот психиатриялық, сот бухгалтерлік, сот техникалық, сот экономикалық, негізгі және қосымша, біртекті және кешенді, бір кісілі және комиссиялы, сарапшы мекемесінде және сарапшы мекемесінен тыс.

Сараптаманы тағайындау келесі бөлімдерден тұрады:

  • сарапшының зерттеу объектілерін сараптамаға жіберуге жинау, таңдау, сақтау және дайындау;
  • сараптамалық мекемені немесе сарапшыны таңдау;
  • сараптаманы тағайындау туралы қаулы шығару, онымен айыпкердің танысуы, осы кезде пайда болған мән-жайларды шешу, қаулыны жіберу сараптамалық мекемеге немесе сарапшыға оны бағыттау. Қажетті жағдайда сарапшыға қылмыстық іс бағытталуы мүмкін.

 

 

18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі

Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.

1. Криминалистік әдістеменің түсінігі

2. Криминалистік әдістеменің мақсаттары

3. Криминалистік әдістеменің бастаулары

4. Криминалистік әдістеме жүйесі.

1. Криминалистік әдістеме дегеніміз – ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және

Криминалистика негіздері 77


ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яғни криминалистік техника және тактика ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.

Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекелеген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.

2. Криминалистік әдістеменің мақсаттары:

а) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

4. қылмыстың ерекшелігін оның бөлік түрін криминалистік аспектіде үйрену;

5. әр түрлі қылмыстарды жедел тергеу және алдын алуды жалпылау және үйрену;

6. қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.

3. Криминалистік әдістеменің қайнар көздері:

- Құқық – ҚР-ның Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері;

- Ғылым – криминалистиканың өзі, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар;

Криминалистика негіздері 78


- Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі.

Криминалистік әдістеме қағидалары мыналар:

· Қылмыстарды тергеудің заңдылығын қамтамассыз ету;

  • Жеке криминалистік әдістеме құрылымында сатылардың болуы;
  • Жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдық бірлігі;
  • Қылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

4. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

1. криминалистік әдістеменің жалпы ережелері

2. қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері.

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері – ол осы бөлімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

· криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің ұғымы, мазмұны және жүйесі;

· криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

· жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.

 

 

19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.

1. Адам өлтіру ұғымы, өлтіру тәсілдері

2. Адам өлтіру мен зорлауда бастапқы тергеу этабының жағдайы

Криминалистика негіздері 79


3. Қатыгездікпен өлтіру белгілері бар өлікті табу туралы іс бойынша тергеудің әрекет сипаты

4. Зорлаудың ұғымы мен пәні

5. Адам өлтіруде және зорлауда сот медициналық сараптама тағайындау.

1. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.

Адам өлтіру тұлғаға қарсы ауыр қылмыс болып табылады. Кісі өлтіруді болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсатының бірі болып табылады.

Адам өлтірудің кең тараған тәсілі болып мыналар табылады:

· жәбірленушіге әртүрлі қарулар мен құралдардың көмегімен денесіне зақым тигізу;

· жәбірленушіні көмексіз халге келтіру немесе осы халін пайдаланып келесі дене жарақатын түсіру, яғни тұншықтыру, өміріне қауіпті жағдайды тудыру;

· жәбірленушіні биіктен лақтыру;

· жәбірленушіні қозғалмалы көлік құралдарынан құлату;

· жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу;

· жәбірленушіні батыру т.б.

2. Тергеудің бастапқы этабында қалыптасушы жағдайлар мыналар болып табылады:

1. адам өлтірілген кезде сезікті мен жәбірленушіні анық болған жағдайда;

2. қарақшылық шабуылмен жасалынған (жәбірленуші белгілі ал қылмыскер белгісіз) жыныстық қатынас себептерінен немесе бұзақылық салдарынан адам өлтіру;

3. анықталмаған дәлел бойынша адам өлтіру: адамның із-түзсіз жоғалуы (жәбірленуші белгілі, сезікті белгісіз), анықталмаған өлікті немесе дененің мүшеленген бөліктерін тапқанда;

 

Криминалистика негіздері 80


4. балаларды өлтіру: жаңа туылған нәресте өлігін табуы, нәрестенің жоғалып кетуі.

Зорлау туралы іс бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі түрлі жағдайды бөлуге болады:

1. жәбірленуші зорлаушы ретінде оған таныс тұлғаны атауы немесе сезіктіні анықтауға қиындық тудырмауы;

2. жәбірленушіге белгісіз іздестіру қиындыққа түсетін тұлғамен жасалған қылмыс.

3. Аяусыз қатігездік арқылы өлтірілген белгілері бар өлікті табу ісі бойынша тергеуші келесі бастапқы әрекеттерді жүргізуі тиіс:

- оқиға болған жерді қарау;

- білетін адамдарды жауаптау;

- өлікті қажет болған жағдайда танытуға көрсету;

- сот медициналық сараптаманы тағайындау;

- криминалистикалық сараптаманы тағайындау;

- анықтаушы органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсыру.

4. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудағы қылмыстық әрекет пәні болып нақты әйелдің жыныстық органының қол сұғылмауы болып табылады. Сондай-ақ жәбірленушіге мұндай жағдайда физиологиялық, моральдық, материалдық залал келуі керек.

5. Адам өлтіруді тергегенде, көбінесе, келесі сараптама түрлері тағайындалады:

  • өлікті сот-медициналық сараптау;
  • заттық дәлелдемелерді сот-медициналық сараптау;
  • сот-химиялық, биологиялық сараптама;
  • сот-психологиялық сараптама;
  • сот-психиатриялық сараптама;

 

Криминалистика негіздері 81

 


  • криминалистикалық сараптама (трасологиялық, баллистикалық т.б.);
  • микрообъектілерді зерттеу сараптамасы.

Зорлауда жәбірленушіге байланысты сот медициналық сараптаманың шешетін мәселелері:

  • соңғы уақытта жәбірленуші жыныстық қатынаста болуы; болған жағдайда оның болу уақыты;
  • жәбірленушіні қамқорсыздық жағдайға жеткізетін белгілердің болмауы;
  • болған жыныстық қатынастың немесе оған төнген қауіптің зорлық сипаты туралы шешім қабылдайтын жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың немесе басқа да белгілердің болуы; болған жағдайда оның пайда болуының орнықтылығы мен ескілігі;
  • жәбірленушімен болған жыныстық қатынастың қатарынан бірнеше рет қайталану белгілерінің болуы;
  • жәбірленуші қыздығынан айрылды ма, айрылса, оның бұзылуының ескілігі (егер жәбірленуші зорланғанға дейін қыз болғаны анықталса);
  • жыныстық қатынас қыздығы алынбай жүзеге асуы мүмкін бе?
  • жыныстық қатынас салдарынан жәбірленушінің аяғы ауыр болуы немесе оның денсаулығына зиянды залалдар тигізуі; жәбірленушіге венерологиялық аурудың жұғуы, жұқса аурудың қай түрі және қашан;
  • жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың пайда болу себептері мен өту мерзімі оның жағдайы туралы көрсетпесіндегі сараптамасына сәйкестігі;
  • жәбірленушінің денесінде қылмыскер ұрығының немесе қан іздерінің болуы, олардың орнығуы қандай.

 

 

Криминалистика негіздері 82

 


20. Алибиді зерттеу әдісі

1. Алиби ұғымы мен мазмұны

2. Алибиді зерттеу ерекшеліктері

3. Алибиді зерттеудегі жалпы типтік көзқарастар

4. Алибиді зерттеу этаптары

 

1. Алиби – бұл қылмыс істелген сәтте айыпкер немесе сезікті ол жерде болмай, басқа бір жерде болуы, яғни оның бұл қылмысқа қатысы жоқтығының дәлелі.

Алибиде негізгі үш элемент бар:

1. қылмыстық іс бойынша зерттелетін жер;

2. берілген қылмыстың жасалу уақыты;

3. өз алибиін айтқан адамның сол мезгілдегі орны.

2. Алибиді зерттеу барысында анықталатын мән-жайлар:

1. өз алибиі туралы айтқан адам қылмыс жасалынған кезде қайда болғаны және сол уақытта немен айналысқаны;

2. қайдан, кіммен, қандай мақсатта онда барғаны қашан, кіммен, немен байланысқаны, қай уақытта ол жерден кеткені, қай уақыт мерзімінде сол орында болғаны;

3. ол жерден кімді көргені, қандай жағдайда, оны кім көргені, кіммен қатысқа түскені, сол орында болғандардың әрекеті;

4. оның болуы қандай табиғи климаттық құбылыста (ауа райының жағдайы) өтуі мен оның шегінде болған әлеуметтік сипаттағы жағдайда болған орны;

5. берілген орында, берілген уақытта көзімен көрген адамдардан басқа онда барғаны және қандай жағдайда оның болуы кімге белгілі екенін көрген кісілерді анықтау;

6. зерттелуші алиби дерегі қандай түсіруші тасымалдаушы құралдармен анықталуы мүмкін;

7. жағдайдың, мүмкіндігің бола тұрып, алиби жайында айта алмауыңның себебі неде?

Криминалистика негіздері 83


8. қылмысты тергеуді жүргізу уақытында арызданушы өзінің болған жерінде қандай киімде, аяқ киімде болғаны, сол жерден қандай заттармен, киіммен, аяқ киіммен кеткені.

3. Алибиді зерттеуде жалпы типтік көзқарас ретінде келесілер тексеріледі:

- шындық алиби (орны бар)

- ойдан шығарылған алиби, яғни жалған

4. Алибиді зерттеу әрекеті келесі схема бойынша жүзеге асады:

а) Алибиді айтушыны қылмыс болған уақытта және оқиға болған жерде оның қайдан келгені туралы жауаптауды жүргізу мына жолмен іске асады. (оның естігені, көргені, білгені толық тексеріліп, оның қатысуымен және қатысуынсыз болған оқиғаны және оның даму тәсілі мен механизмі көрініс алатын құжаттар немесе өзге объектілер);

ә) Жауапталушы тұлғаның болған жағдайдағы оқиғаның субъективті ойшыл моделін көрсетуі бойынша құрылуы, тексеруге қажетті оның шындығын шығару мен зерттеу;

б) Осы негізде тексеру мен оны жүзеге асыру жоспарын жасау;

в) Жасалынған жұмыс қорытындысынан шығатын сқрақтар бойынша өз алибиін айтушы тұлғаны жауаптау, қажетті жағдайда оны басқа тұлғалармен немесе керісінше тануға көрсету тексерілуші көрсетпелері мен тұлғалардың көрсетпелері бөлінетін жағдайда олардың арасындағы беттестіруді жүргізу;

г) Алибимен байланысты зерттелуші іс бойынша жағдайдың деректемелік объективті модель негізінде алынған көрсетпелердің құрылуы;

д) Субъективті және объективті модельдердің салыстырушы анализін жүзеге асыру және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері туралы қорытындыны қалыптастыру.

Салыстырушы үлгілердің ұқсастығы туралы қорытынды алибидің анықталып, рас болып табылатындығын білдірді.

Криминалистика негіздері 84


21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі

 

    1. Өтірік ұғымы
    2. Өтіріктерді жіктеу
    3. Жалғанды куәландыру себептері
    4. Өтірікті ашу бойынша тергеу әрекеттері

 

1. Өтірік – бұл шындықты әдейі бұру. Өтірік айту – заттың және іс жағдайының шындығын бұру, яғни шындықты айтпау.

 

2. Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеуде келесі мәселелерге көңіл бөлу керек:

- пассивті өтірік - өзіне анық ақпаратты айтып жеткізбеу (айтпау)

- белсенді өтірік - әдейі өтірік ақпаратты беру

Пассивті өтірік толық, бөлшекті және шынын айтпаушы болып бөлінеді.

Белсенді өтірік мынандай болып бөлінеді:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1147; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.106 сек.