КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Жаттарды криминалистік зерттеу. 2 страница
Тактикалық тәсіл дегеніміз – ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла тәсілдері. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы тәсіл қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің Криминалистика негіздері 60 бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді. Тергеу ситуациясы дегеніміз – ол тергеудің белгілі бір кезеңде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіндігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Комбинация дегеніміз – қиылыстыру, былайша айтқанда қиылыстырудың айласы. Операция дегеніміз – ол бір күрделі әрекет. Тактикалық комбинация мен операция дегеніміз – тергеу үстінде тергеу ситуациясына байланысты қылмыстың мән-жайын анықтау үшін жүргізілетін тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа да ұйымдық жұмыстардың жиынтығы және олардың белгілі бір кезекпен, тактикалық айламен қисындастырып жүргізу әдісі. Тактикалық тәсілдердің негізгі қағидалары: 1. әдістің қылмыстық іс жүргізушілік заңға сәйкес келуі; 2. әдістің адамгершілік пен этика қағидаларына сәйкестігі; 3. әдістің ғылыми негізділігі; 4. әдістің қауіпсіздігі; 5. әдістің сапалылығы; 6. әдістің үнемділігі. 13.Тергеу қарауының тактикасы
1. Тергеу қарауының мақсаты – іздер мен заттай дәлелдемелерді таладау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту. Криминалистика негіздері 61 ]Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі. Қылмыстың ашылмауының себептерінің бірі – оқиға орнын сапасыз және ұқыпсыз қарауы, нәтижесінде қылмысты ашудың кілті болып табылатын маңызды дәлелдемелер жоғалып қалады. Тергеу тәжірибесінде қараудың мынадай түрлері қолданылады: оқиға болған жерді қарау; өлікті қарау; іздерді және жеке заттарды қарау; құжаттарды қарау және т.б. Тергеу қарауының негіздері ҚР ҚІЖК-нің 222-бабында көзделген. Оқиға орнында әр түрлі заттар, құжаттар, жәбірленушілердің мәйіттері табылып жатады. Орыннның өзі мекен-жай учаскесі не тұрғын жай болады. Бұл жағдайда оның жабдықтарын құрайтын бүкіл объектілерге қарай бір тергеу әрекетінің шеңберінде жүргізіледі. Ол қарауды жүргізудің келесі жалпы айла-тәсілдерін бөлуге мүмкіндік береді: қарауды дара басқару; қараудың уақыттылығы; объективтілігі; толықтылығы және жан-жақтылығы; жоспарлылығы; криминалистік техникалық құралдар мен әдістерді, мамандар мен жедел қызметкерлер көмегін пайдалану; қаралатын объектілерді ұстай білудің криимналистік ережелірін сақтау. Дара басқару, терегу әрекеті әр түрлі қызмет атқаратын көп тұлғалар тартылатын күрделі іс жүргізу әрекеті болғандықтан қажет етеді. Қараудың уақыттылығы деп жасалған қылмыс туралы хабар келгенде тергеушінің оқиға орнына еш кідіріссіз жетуін айтады. Қараудың объективтілігі барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді. Қараудың толықтылығы мен жан-жақтылығы қылмысқа Криминалистика негіздері 62 қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамассыз етуі. Қараудың жоспарлылығы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Жедел қызмет мүмкіншілігін пайдалану оқиға сипаты туралы, оған қатысты тұлғалар туралы, қылмыстық іс үшін маңызды объектілердің орны және белгілері туралы қосымша мәлімет алу үшін қажет. Қарауға қатысушылар қатарына тергеуші, полиция қызметкерлері мен мамандардан басқа куәлар және сонда қарау жүргізетін мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдардың өкілдері жатады. 2. Оқиға болағн жерді қарау, терегудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер. Оқиға болған жерді қарау дегеніміз – іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Тергеуші оқиға болған жерге шықпай тұрып оқиға жөнінде хабар алысымен дайындық жұмыстарын жүргізеді: не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамассыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы жергілікті әкімшілік немесе полиция органына нұсқау береді және оларға оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі турады ескертеді; егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау береді, полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған Криминалистика негіздері 63 оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған-қолданбағанын анықтайды; тергеу портфелінің, фотоаппараттарының және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыртуға міндетті. Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді. Тергеу әрекеті оқиға болған жерді шолып қараудан басталады, бұл қараудың бірінші кезеңі. Оқиға болған жерді қараудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен, жеке-жеке қаралып зерттеледі. Оқиға болған жерден алынған барлық айғақты дәлелдемелер бекітіліп, хаттамада белгілі бір кезекпен жазылады. 3. Мекен жерлерді қарау олар оқиға орны болғанда жүргізіледі. Үй жайды қарау. Криминалистік маңызы бар деректер үй жайды, қызмет орнын, сауда, қойма және өндіріс орындарын, көрме залдарын т.б. қарау барысында алынуы мүмкін. Заттарды қарау дербес тергеу әрекеті ретінде келесі жағдайда жүргізіледі: олар оқиға орнын, жерін, жайда қарау, тінту барысында табылып, оларды қарау үшін ұзақ уақыт пен арнайы жағдайлар қажет болғанда; заттай дәлелдемелер ретінде табылуы мүмкін заттарды тергеушілерге жәбірленушілер, куәгерлер, сезікті немесе басқа тұлғалар ұсынғанда тергеуші оларды сараптық зерттеу үшін сақталуын қамтамассыз ете отырып, оларды өзінің жұмыс бөлмесінде қарайды. Құжаттарды қарау оларды заттай дәлелдемелер немесе басқа құжаттар деп тануға, криминалистік маңызы бар мән-жайларды анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді анықтау, талдау және бекіту үшін жүргізіледі. Мәйітті қарау. Мәйітті сырттай тексеру тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 224-бабына сәйкес куәгерлер көзінше сот-медицина сараптамасының, ол болмаса дәрігердің қатысуымен жүргізіледі. Қараудың мақсаты - өлу уақыты мен өлу тәсілін Криминалистика негіздері 64 анықтау; терегеудегі іске қатысты тұлғалар туралы мәлімет алу, ал кей жағдайда жәбірленушінің тұлғасын анықтау. Қарау келесі тәртіп бойынша жүргізіледі: Қоршаған ортаны және табылған күйінде жатқан мәйіттің температурасы анықталады. Оның жынысы, жасы, бойы, дене құрылысы, толықтығы, шашының түсі көрсетіледі. белгісіз азаматтың мәйітін қарау барысында оның сыртқы бейнесі егжей-тегжейлі бекітіледі. Куәландыру тергеулік қараудың ерекше түрі болып табылады. Оның мақсаты айыпкердің, сезіктінің, куәгердің немесе жәбірленушінің денесіндегі қылмыс іздерін, жеке белгілерін, зақымдарды анықтау, мастық күйін және қылмыстық іс үшін маңызды басқа да мән-жайларды анықтау. Куәландыру денесі мәжбүрлеп жалаңаштандырумен байланысты болып, жеке тұлғаның құқықтарын белгілі бір деңгейде қозғайтын болғандықтан, заң куәландырылатын тұлға үшін міндетті болатын арнайы қаулы шығаруды талап етеді. Егер куәландыру толық жалаңаштауды талап етсе, куәлардың жынысы сол тұлғамен бірдей болу керек. Терегуші басқа жынысты тұлғаның жалаңаш денесін қарамайды, оның нұсқауы бойынша аталған қарауды куәлардың көзінше дәрігер жүргізеді. Куәландыру жүргізілгені туралы хаттама толтырылады. Табылған барлық іздер мен ерекше белгілер адам денесінің сызба нұсқасында белгіленеді және олардың көлемін сипаттау арқылы бекітіледі. Куәландыру барысында суретке түсіру мен бейнежазба жасау куәландырылатын тұлғаның рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Терегеуші анықталған фактілерді дәрігер мен куәлардың сөздері бойынша хаттамаға енгізеді.
Криминалистика негіздері 65 14.Тергеу экспериментінің тактикасы
1. Терегу эксперименті дегеніміз – ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әртүрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті. Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді:
Тергеу экспериментінің міндеттері:
Криминалистика негіздері 66 2. Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізілетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: - тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді байырғы қалпына келтіру; - тергеу экспериментіне қатысушылар; - керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау. Тергеу эксперименті кезінде бұрынғы жағдайда қалпына келтіру, яғни тәжірибе жүргізілетін қайсібір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жасау керек. 3. Тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді. Тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін: - Эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай-ақ көрінуі, естілуі анық болатын жағдайда жүзеге асырылу керек. - Эксперимент, егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек. -Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы қайталану кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады. Қайталап өткізу деп – тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. 4. Тергеу экспериментінің барысы мен қорытындысы, ең алдымен хаттамалар арқылы көрсетіледі. Хаттаманың баяндау бөлігінде тәжірибені кімнің, қашан, қандай мақсатта қалай жүргізгені, тәжірибені өткізу жағдайы, оған қандай заңдардың пайдаланылғаны, кімнің қатысып, жаңағы заттарды Криминалистика негіздері 67 қалай пайдаланғаны басынан аяғына дейін, яғни еш нәрсе назардан тыс қалдырылмай толық жазылуы тиіс. Тәжірибе фотосуреттермен немесе кинобейнелермен нақтылануы мүмкін. Суретке эксперименттің жалпы барысы және оның әр кезеңі жеке-жеке түсіріледі. Бейнелеу таспасына түсірілгенде де осы тәсіл қолданылады.
15.Оқиға орнындағы айғақтарды тексеру және нақтылау тактикасы. Тінту және алу тактикасы.
1. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау куәлардың, жәбірленушілердің, сезіктілер мен айыпкерлердің көрсетпелеріндегі дәлелдемелік деректерді анықтайтын тиімді әдістердің бірі болып табылады. Тексерудің мәні көрсетпесінің шүбасыздығы тексерілетін тұлғаның тергеудегі қылмыстық оқиғамен байланысты белгілі жерді көрсетуінен, ол жерде жасалған әрекеттер туралы айтуынан, сондай-ақ аталған жерде алынған деректермен салыстыру арқылы талдаудан тұрады. Тексерудегі тұлғаның әрекеттері, түсініктемелері және оқиға жағдайлары тергеушімен және куәгерлермен тікелей қабылданып, салыстырылады, сонымен жаңа мәліметтер түсуі қамтамассыз етіледі.
Криминалистика негіздері 68 Жаңа ақпарат:
Аталған көздерден алынған мәліметтер толық сәйкес келгенде тексерілген көрсетпелер шындыққа жатады деп айтуға болады. Көрсетпесі тексерілетін тұлғаның оқиға жерінде берген түсініктемелері мен алдында берген көрсетпесіне сәйкес келіп, бірақ оқиға болған жердегі нақты жағдаймен үйлеспейтін жағдайлар да жиі кездеседі. Оқиға болған жерде көрсетпені тексерудің мақсаты – қолда бар дәлелдемелерді зерттеу және нақтылау ғана емес, сонымен қатар жаңа дәлелдемелер алу. Оқиға орнында көрсетпені тексеруді сезіктінің (айыпкердің) тергеудегі қылмысқа қатыстылығы туралы мәселені шешетін тәсілдердің бірі деп қарастыруға болады. 2. Тінту дегеніміз – үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар айғақты заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті. Тінтудің мақсаты - әдейі тығып қойған немес тығулы тұрған айғақты заттарды арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу. Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы – оның еріксіздігі. Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол – жеке адамды тінту, тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, қораны немесе ғимараттар мен объектілерді тінту. Айғақты затты алу – іске қатысы бар құжаттар мен заттарды жеке адамнан талап ету не тәркілеуден тұрады. Криминалистика негіздері 69 Тінту мен айғақты затты алуды жүргізу негіздері ҚР ҚІЖК-нің 29-тарауында нақты көрсетілген. Оларды өткізу үшін прокурордың санкциясы болуы ҚР ҚІЖК-нің 232-бабымен қарастырылады. 3. Тінту нәтижелі болу үшін тергеуші тінту алдында міндетті түрде арнайы дайындық шараларын жүргізуі қажет: - тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлау мәліметтерін жинап алуы керек; - тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек; - жедел тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лаузымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек; - тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек. Тінту мен айғақ затты алу барысында бүкіл жұмыс суретке түсіріліп және бейнетаспаға жазылады.
4. Алудың тінтуден ерекшелігі, айғақ затты алу тек белгілі заттарға қатысты жүреді, ал тінтуде заттар тек болжамда болады. Тінту және алу қорытындылары хаттамамен рәсімделеді. Хаттамада тінту мен алудың жүру барысы, қорытындылары, қайда, қашан, кіммен толтырылғандығы, кімде тінту немесе алу өткізілгендігі жазылады. Егер объект ізделінген болса, қалай, қайдан ізделінгені, табылғандығы, егер зат құпия орыннан табылса, онда ол сипатталады. Заттың аты, саны, салмағы, көлемі, жағдайы, қораптың бар жоқтығы, тауар белгілері, нөмірлері және т.б. табылған объектіні мінездейтін белгілер сипатталады. Объектіні сипаттағанда қандай түсті, физикалық жағдайы, салмағын, ұзындық параметрлерін көрсеткен жөн. Алынатын объект бағалы металдан жасалған Криминалистика негіздері 70 болса, тек металл түсі сипатталады. Зергерлік бұйымдарды тәркілегенде тастардың атын жазуға болмайды, тек сапасы, көлемі, түсі және мөлдірлігімен шектелген жөн. Алынған заттар тінтуге қатысушылардың көз алдында қолдары қойылып, мөрленеді. Хаттамада қай заттың кімнің жауапкершілігімен сақтауға қойылғаны, қатысушылардың арыз, өтініштері де көрсетіледі. оған тінту барысында түсірілген суреттер қоса тіркеледі. Хаттаманың көшірмесі тінтілген адамға беріледі. Тінту мен алу дипломатиялық өкілдерге, олардың үйлеріне, жанұя мүшелеріне жүргізілмейді. Тек олардың өз ерікті келісімдерімен және ҚР Сыртқы істер министрлігінің келісімімен прокурордың қатысуымен ғана жүргізіледі.
16.Жауап алу және беттестіру тактикасы 1. Жауап алу, оның түсінігі 2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары Жауаптың қалыптасу кезеңдері және жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер 3. Беттестіру тактикасы.
1. Жауап алу – бұл істі дұрыс шешу үшін маңызды куәгерлердің, жәбірленушілердің, сезіктілердің және айыпкерлердің білетін деректі жауап ретінде белгіленген іс жүргізу тәртібімен алынатын іс жүргізу әрекеті. Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер:
Криминалистика негіздері 71
Қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар. 2. Жауап алуға дайындық үстінде адамның мінез-құлқы, моральдық және интелектуальдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, қандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн. Жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Кей жағдайда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйінде не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден жауап алғанда педагог, дәрігер не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәгердің ата-анасы да қатысады. Кәмелетке толмағандардан жауап алғанда олардың үйреншікті жерлерінен барып алған жөн. Мысалы, үйінде, оқу орнында, мектебінде. Себебі олады тергеу бөліміне шақырып жауап алатын болса, олар қорқып, сасқалақтап немесе тағы басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады.
Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 2005; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |