Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жаттарды криминалистік зерттеу. 6 страница




б) оқиға болаған жерде жәбірленуші мен көлік бар, ал жүргізушісі жоқ..

Мұнда уақыт, оқиға болған жер, салдары және көлік белгілі. Оқиға болған жерді қараумен, жәбірленуші мен куәларды жауаптаудан басқа жүргізушіні ұстағаннан кейін, өтірік алибиді тексеру қажетті мүмкіндігі тууынан сот сараптамасын тағайындау және тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.

5. Сот-жол-көлік сараптамасы шешетін мәселелердің тізімі:

1. көлікте қандай зақымдар бар және олар ненің салдарынан қалыптасқан;

2. көлікте қандай жөнделмейтін жерлер бар, оның түсу себебі мен ескілігі;

3. оқиғаның алдында көлік қандай жылдамдықта қозғалған;

4. оқиғаны болдыртпайтын техникалық мүмкіндік болды ма;

Криминалистика негіздері 110


5. оқиғаның техникалық себебі қандай?

 

 

31. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың, сондай-ақ жарылыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдісі.

1. Өртеудің немесе өртке қарсы қауіпсіздік тәртібін қылмыстық жолмен бұзудың криминалистикалық сипаты

2. Анықтауға жататын мән-жайлар

3. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеудің әрекеттері

4. Жаралыс деректері бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктері.

1. ҚР ҚК-сі келесі өртпен байланысты құқыққа қарсы әрекеттерді қарастырады: өрт қою арқылы жасалынған терроризм (233), өртеумен ұласқан жаппай тәртіпсіздіктер (241, 1 тарм.) және оларға қатысу (241 2 тарм.); өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (256); отты ұқыпсыз қолдану салдарынан, сондай-ақ өртеу арқылы ормандарды жою немесе зақымдау (292); өрт қою арқылы жасалынған диверсия (271).

2. Өртеу және өртке қарсы тәртіптерді қылмыстық бұзу туралы істер бойынша келесі мән-жайлар анықталуға жатады:

- объект сипаты, оның иесі, шаруашылық маңыздылығы;

- өрттің пайда болу уақыты мен мән-жайлары;

- қандай мүлік бұзылған немесе бүлінген;

- оқиғаның нақты кінәлілері және олардың тұлғасын сипаттайтын мәліметтер;

- басқа қылмысты жасыру белгілерінің болуы немесе болмауы;

Криминалистика негіздері 111


- материалды залал мөлшері;

- өртеуге немесе өртенуге ықпал етуші мән-жайлар.

3. Осы дәрежедегі қылмысты тергеудің бастапқы кезеңінде екі түрлі тергеудің жағдайлары болуы мүмкін.

а) Өрт себебі белгісіз

Бұл жағдайда түрлі немесе жалпы болжау болып келесі әрекеттер табылады: өрт орны бар ма, өрт - өрттің қауіпсіздік ережесін қылмыстық бұзу салдары болып табылады; абайсызда өткен қолдану салдарынан пайда болған өрт, табиғи құбылыстардан пайда болған өрт.

Бұл жағдайда тергеудің бастапқы кезеңінің келесі кешені мен реті тән: өрт болған жерді қарау; жәбірленушілерді, материалды жауаптыларды, куәларды және басқа тұлғаларды жауаптау, өрт-техникалық және басқа да қажетті сараптамаларды тағайындау, сондай-ақ өрт себептерін және өртеген сезіктілерді анықтауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру.

ә) Өрт себебі белгілі:

бұл жағдайда бірінші тергеу әрекеті болып арызданушыны жауаптау, содан кейін өрт болған жерді қарау, куәларды және басқа тұлғаларды жауаптау, өрт-техникалық және басқа да сараптамаларды тағайындау, сезіктіні іздестіру, тінту және оны жауаптау болып табылады.

4. Жарылыс болған объектілерге байланысты жалпы болжам қозғалады және тексеріледі.

Өндірістегі жарылыс:

а) қауіпсіздік техникалық ережелерін бұзу салдарынан;

ә) сәтсіз оқиға салдарынан;

б) басқа қылмысты жабу үшін жүргізіледі.

Жарылыс болу үшін жарылыс құралдары пайдаланылса, мына мақсаттарда қасақана жасалады:

А) объектіні құрту;

ә) басқа қылмысты жасыру;

б) террористік акт немесе бірқалыпты жағдайды бұзу;

Криминалистика негіздері 112

 


в) қорқытып алушылық немесе кек, сондай-ақ жарылыс құралын пайдаланудағы абайсыздық. Тергеудің бастапқы кезеңінде келесі мән-жайлар анықталуға және делелденуге тиесілі:

- жарылыс шынында болды ма;

- жарылысты дайындау және жүзеге асыру тәсілдері;

- жарылысқа ықпал етуші жағдайлар;

- жарылыс себебі;

- объектілерде өрт болғанда бірінші пайда болған жарылыс немесе өрт;

- жарылыс салдары (залал құны қандай);

- оқиғаға кінәлі тұлға, оның мақсаты, дәлелі;

- қылмыстың болуына ықпал етуші себептер мен шарттар.

32. Бұзақылықты тергеу әдісі.

1. Бұзақылықтың криминалистикалық сипаты

2. Анықтауға жататын мән-жайлар

3. Жалпы түрлі болжамдар

4. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі жағдайлар мен түрлі тергеу әрекеттері

5. Тағайындалушы сараптамалардың түрлері

 

1. Қылмыстық заңның анықтамасы бойынша: бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленген әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық (ҚР ҚК 257 бап).

 

Криминалистика негіздері 113


Бұзақылық топ адамдармен алдын ала келіссөздермен ұйымдастырылған топпен; қоғамдық тәртіпті қорғау немесе қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмау міндеттерін атқарушы мемелекет өкіліне немесе өзге тұлғаға қарсылық көрсетумен байланысты, бұзақылық үшін бұрында сотталған тұлғамен жасалған әрекет немесе әрекетсіздік қарумен, қаруға ұқсас затпен қорқытып жасалынған істер болып табылады.

2. Бұзақылықты тергеуде мына мән-жайлар анықталуға жатады:

- сезіктімен қандай әрекеттер жасалынған, оларда бұзақылық белгілері бар ма және оның түрі қандай;

- бұзақылық әрекеттері қайда және кіммен жасалынған;

- бұзақылық басқа қылмыстарды жасаумен істелінді ме, істелінсе қандай қылмыстармен байланысты істелінген;

- бұзақылық әрекеттерді кім істеді, ұқсас әрекеттерді ол бұрын жасаған ба, бұрындары майда бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды ма, егер қылмыс топпен жасалса, әр қатысушының рөлі қандай;

- жәбірленушілер бар ма, олар кімдер, олар бұзақылық әректтерге жол берген жоқ па;

- материалды залал тиді ме, кімге және оның мөлшері қандай;

- бұзақылықтың болуына қандай мән-жайлар әсер етті.

3. Бұзақылықты тергеудің басында жалпы түрлі болжамдар қозғалады және тексеріледі:

а) сезікті қылмыскердің жазаланатын бұзақылық әрекет жасауы;

ә) сезіктінің әрекетінде бұзақылық құрамы емес, басқа қылмыс құрамының болуы;

б) сезіктінің майда бұзақылық жасауы.

4. Бұзақылықты тергеудің бастапқы кезеңінде мынадай түрлі жағдайлар пайда болады:

а) бұзақы оқиға болған жерде ұсталынған, жәбірленуші белгілі, куәлар мен қылмыс іздері бар. Бұл жағдайда тергеуші басында бұзақылық әрекеттерді тоқтату шараларын қолданулары тиісті.

Криминалистика негіздері 114


Қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданғаннан кейін мыналарды жүзеге асыру керек: сезіктіні ұстау, оқиға болған жерді қарау, сезіктіні жауаптау, жәбірленушіні жауаптау, оның киімін қарау және куәгерлендіру, куәгерді жауаптау, сезіктінің тұратын жерін тінту, сараптамаларды тағайындау.

ә) бұзақы оқиға болған жерден қашып кеткен, бірақ оның сырт кейпі және басқа белгілері анықталған.

Бұл жағдайда тергеудің бастапқы кезеңінде келесі тергеу әдістерін жүргізуге болады: жәбірленушіні жауаптау, оның киімін қарау және куәгерлендірі, оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді жауаптау. Тергеушінің негізгі мақсаты – бұзақыны анықтауға бағытталған ақпаратты жинау және қылмыстың болуымен байланысты мән-жайларды анықтау.

б) бұзақылық болған, бірақ бұзақы белгісіз.

Бұл жағдай алдыңғыдан қылмыстың мән-жайлары және қылмыскер туралы ақпараттың жоқтығымен ерекшеленеді.

Егер бұзақылық туралы ақпарат демде қылмыс болғаннан кейін түссе, онда оқиға болған жерді қарауы, жәбірленушіні, көрген куәларды жауаптауы керек, ал қылмыс белгілерін тапқан жағдайда қылмыстық іс қозғалады. Әдетте мұндай жағдайларда: арызданушы мен жәбірленушіні жауаптайды, сезіктінің киімін қарап, куәгерлендіреді, куәларды жауаптайды, сот сараптамасын тағайындайды, анықтаушы органдарына жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсырады.

5. Бұзақылықты тергегенде келесі сот сараптамалары жүргізіледі:

- жәбірленушінің сот-медициналық сараптамасы;

- заттық дәлелдердің сот-медициналық сарптамасы;

- сот-психиатриялық сараптамасы;

- сот-химиялық, биологиялық сараптамалар;

- криминалистикалық сараптамалар (трасологиялық, сот-баллистикалық, суық қару сараптамалары және т.б.).

Криминалистика негіздері 115


33. Салық қылмыстарын тергеу әдісі.

  1. Салық қылмыстарының криминалистикалық сипаты
  2. Салықты төлеуден бұлтару тәсілдері
  3. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі тергеу әрекеттері
  4. Тағайындалатын сараптама түрлері мен мақсаты.

 

1. Салық – бұл заңды қалып бойынша міндетті, мемлекеттік билік органдарымен олардың мөлшері мен төлеу мерзімі анықталған мемлекеттік бюджет жүйесіне есепке алу үшін бекітілген заңды және жеке тұлғалардың жекеше төлемдері.

Қылмыстық заң азаматтардың салық төлеуден жалтаруға (221) және ұйымдарға салынатын салықты төлеуден бұлтару әрекет немесе әрекетсіздік қалпында кірісті жабу жолымен жүзеге асады.

Салық қылмыстары туралы материалда ақпаратты негізгі тасушылар болып жеке тұлғалардың деклорациясы (немесе оның болмауы) және ұйымдардың бухгалтерлік құжаттары (немесе олардың болмауы) болып табылады.

Салық қылмыстарының субъектісі болып ағымды заңдылықпен белгілену соңынан асатын кіріске ие және салықты төлеуден бұлтаратын жеке тұлға немесе сәйкес келетін бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын, салық инспекциясына кіретін немесе бухгалтерлік құжаттарды өкілдік етпейтін, бірақ ұйымда сақталатын (алғашқы құжаттар) ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылады.

2. Салықты төлеуден бұлтару тәсілдері:

а) жеке тұлғалардың салық төлеуден бұлтарудың кең тараған тәсілдері мыналар болып табылады:

- қатыссыз үлгімен толтырылған салық деклорациясы;

 

Криминалистика негіздері 116

 


- мекемелердегі ақша қаражатын төлеудің алғашқы құжаттарын қатыссыз рәсімдеу;

- жеке тұлғаға төленген ақша қаражатының толық рәсімделмеуі;

- қолма-қол ақшаны мекеме кассасы арқылы емес, қамсыздандыру фирмалары арқылы төлеу;

ә) әр түрлі салықтарды төлеуден заңды тұлғалардың бұлтаруларының негізгі тәсілдері мен әдістері:

- шарттық әрекеттің заңды рәсімдемесінің болмауы;

- шарттық операциялардың немесе жеке шаруа субъектісінің әрекет түрлерінің бухгалтерлік рәсімдемесінің болмауы немесе жартылай болуы;

- тауар материалды құнды заттарды сатудағы кірісті есептемеген деректермен негіссіз есептен шығару;

- ешқандай мағынаға иесіз шығындарды жатқызу;

- шаруашылық субъектілерімен салық жеңілдіктерін негіссіз қолдану.

3. Тергеудің бастапқы кезеңінде қарастырылып отырған қылмысты қарауға тән тергеу әдістері мыналар: құжаттарды алу мен қарау, тінту, мүлікті және пошта-телеграфтық хабарларды тежеу, жауаптаушылар, сараптаманы тағайындау мен жүргізу.

4. Салық қылмыстарын тергеуде әр түрлі сараптамаларды тағайындау:

- сот-бухгалтерлік сараптама – бухгалтерлік құжаттардың дұрыс рәсімделуі, материалды құндылыққа тиесілі жетіспеушілік пен артықшылық түрлерінің мөлшерін анықтау, өткен тексерістің дұрыс сапалығының мәселелерін шешу;

- сот-экономикалық сараптама – мемлекеттік есептегі жоспардың орындалуын жоспарлау мен көрінісінің дұрыстығын, қорлардың, кредиттердің қалыптасуы мен пайдалану, келісім шартты бекіту дұрыстығын және т.б. анықтау мәселелерін шешеді;

Криминалистика негіздері 117


- сот-тауартанымдық сараптама – бұйымдардың сапалық және сандық сипатын және оның техникалық үлгілер мен эталон үлгілеріне сай келуін анықтайтын мәселелерді зерттейді;

- құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – олардың ұйымдағы бухгалтерлік есеп пен есептесудің тәртібіне сай келуін анықтау мақсатында жүргізіледі.

34. Топтық және ұйымдастырылған қылмыстарды тергеу ерекшеліктері.

 

  1. Қылмыстық топ ұғымы мен түрлері
  2. Анықтауға жататын мән-жайлар
  3. Қылмысты тергеудің сапалылығын қамсыздандыратын талаптар.

 

1. Қылмыстық топ – бұл екі немесе бірнеше тұлғалардың бір немесе бірнеше қылмыстарды істеуге ұйымдастырылып қосылуы.

Ұйымдастыру дәрежесі бойынша барлық қылмыстық топтарды келесі криминалистикалық түрлерге бөлуге болады:

А) кездейсоқ (немесе қолайлы) қылмыстық топтар;

Ә) серіктік түріндегі қылмыстық топтар;

Б) ұйымдасқан топтар;

В) бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтар.

2. Топтық қылмыстарға олардың түрлеріне қарамастан келесі мән-жайларды анықтау қажет (берілген қылмыс түрі үшін криминалистикада қарастырылатын қосымша мән-жайлар):

1. топтық қылмысқа қатысқан адамдарды және топтың барлық қылмыстық әрекеттері;

2. қылмыстық топ сипаты, құрамы, криминалистикалық түрі және құрылысы, олардың мүшелерінің ара қатынас

Криминалистика негіздері 118


ерекшеліктері, топтағы қақтығысушы қатынастардың болуы, оның сыртқы байланысы;

3. нақты топтық қылмыс ұйымдастырушы;

4. топтық қылмысқа қатысушылардың ролі мен кінә дәрежесі, қылмыстық топты қалыптастыруға және топтық қылмысты жасауға ықпал етуші себептер мен шарттар.

 

3. Ұйымдастырушы қылмыс топтармен жасалатын қылмыстық тергеудің сапалылығын қамсыздандыратын жалпы әдістемелік талаптар:

1. ұйымдастырушы қылмыс тобының бағытын бірінші анықтау, топ мүшелерінің жасаған басқа қылмыстарын ашу;

2. тергеудің басталуы, қылмыскер жағынан қарсылық білдіру;

3. ұйымдастырылған қылмыстық топпен жасалынған жеке қылмыс түрлерін тергеу үшін әр түрлі тергеу жағдайларын, тергеу ситуацияларын қолдану;

4. ұйымдастырылған қылмыстық топтың жасаған қылмыстарын, тергеуді жоспарлаудағы ұйымдастырылған қылмыстық топтың құрылымдық, территориялық және басқа әрекет ерекшеліктерін тіркеу;

5. жедел іздестіру аппаратының тергеушімен қарым-қатынасы; тиянақты әрі жан-жақты Ұлттық қауіпсіздік комитетімен тығыз байланыста болу;

6. тергеу барысында икемді тактикалық әдістерді қолдана отырып, күтпеген жерден соққы беру қылмыстық топтың ортасына кейіннен ұйымдасқан қылмыстық топтың төменгі бөліміне, соңынан қайтып орталық тобына оралу;

7. тергеуге маңызы бар мәселелерді шешу үшін тактикалық операцияларды қолдану;

Криминалистика негіздері 119


8. ұйымдастырылған қылмыстық топ арасындағы және топтар ішіндегі күндестікті пайдалану;

9. криминалистикалық және арнаулы техника құралдарын тергеуге молынан қолдана білу;

10. жәбірленушілерді, куәгерлерді, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерін, олардың отбасын және мүлкін қорғауды қамсыздандыру үшін қолданылатын шаралар.

11. тергеу барысында күрделі өтпелі міндеттерді шешудің мақсаты кең көлемде тактикалық операцияны қолдануға байланысты.

 

Криминалистика негіздері 120


35. Криминалистика пәнінен тест сұрақтары

 

1. Криминалистика ұғымы

а) қылмысты спалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті заңдылықтар

б) дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау, қылмысты ашу әдіс-тәсілдері

в) қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі жаңа ақпараттың пайда болуы, дәлелдемелерді жинау, бағалау, қылмысты ашу, тергеу, болғызбау әдіс-тәсілдері.

г) барлығы дұрыс

 

2. Криминалистика жүйесіне жатпайтынды атаңыз

а) криминалистік әдістеме

б) криминалистік техника

в) криминалистік тактика

г) дұрыс емес

 

3. Ұқсатудың негізгі шарттарының бірін атаңыз

 

 

а) салыстырылатын объектілерді тұрақты белгілерінің көрінісі бойынша жүзеге асыру

б) салыстырылатын объектілердің бірнеше болуы

в) белгілерді сипаттау бойынша ұқсату

г) ешқайсысы дұрыс емес

 

4. Диагностикалық зерттеулер қандай мақсатта жүзеге асады

а) болған оқиға арасындағы себепті байланысты бекіту үшін

б) объектілердің тұрақты зерттеудегі құрамы мен жағдайын анықтау үшін

в) толық анализ жасау үшін

Криминалистика негіздері 121


г) барлығы дұрыс

 

5. Жалпы ғылыми әдіске кірмейтінін атаңыз

а) логикалық әдіс

б) биологиялық әдіс

в) эвристикалық әдіс

г) бейнелеу әдісі

 

6. Арнаулы әдіске кірмейтінін атаңыз

а) әлеуметтік әдіс

б) одорологлия

в) бақылау

г) тергеуді ұйымдастыру

 

7. Тергеу жоспарының принципіне қайсысы кірмейді

а) жеке және жалпы болуы

б) заңды және қолайлы

в) индивидуальды

г) нақты және айқын

 

8. Криминалистік техника жүйесінің бір саласы

а) құрал-саймандар мен жабдықтар

б) криминалистік есепке алу

в) криминалистік зерттеу

г) приборлар, аппаратуралар

 

 

9. Соттық-жедел суретке түсіру әдісіне жатпайтынды атаңыз

а) өлшемді

б) тереңдік масштабындағы суреттер

в) репродуктивті

г) зерттеу экспериментін түсіру

 

10. Трасология жүйесіне жатпайтыны

Криминалистика негіздері 122


а) көрініс іздерін зерттеу

б) заттың шығу көзін анықтау

в) пайда болу механизмін анықтау

г) барлығы дұрыс

 

11. Механоскопия:

а) криминалистік трасологияның бөлімі

б) қылмыс құралдарының іздері

в) қылмыс құралының ізін зерттеуші

г) көлік құралының ізін зерттеуші

 

12. Атылушы механизмдер тобы

а) азаматтық, әскери, қызметтік

б) қыздырушы, ұрушы, жалындамалы

в) жарылушы құралдар

г) жарылушы техника

 

13. Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің неше түрі бар

а) 2

б) 4

в) 3

г) түрге бөлінбейді

 

14. Адамның сыртқы бейне көрінісінің бөлінуі

а) субъективті және объективті

б) физиологиялық, анатомиялық, функционалдық

в) жай және жүйеленген

г) ешқайсысы дұрыс емес

 

15. Криминалистік тіреку объектілері

а) шетел азаматтары

б) ізделінудегі антикварианттар

в) нөмірленген құжаттар

г) адамдар, ұрланған заттар, жоғалған мал, қару.

Криминалистика негіздері 123

 


Дәрістер жинағын құрастыруға пайдаланылған норматитік актілер мен оқу құралдары

 

1. ҚР Конституциясы, Алматы, 1995ж.

2. Қ Р Қылмыстық кодексі, Алматы, 1997ж.

3. Қ Р Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы, 1998ж.

4. Криминалистика. Е.Тілеубергенов – Алматы Дәнекер, 2002

5. Криминалистика негіздері. жоғары және ортра кәсіптік білім беретін оқу орындарына арналған оқулық/А.Я.Гизнбург және т.б., Алматы, Мектеп – 2007

6. Криминалистика. оқулық/Жәкішев Е.Ғ және т.б.., Алматы Жеті Жарғы - 2006

7. Тергеу әрекеттерінің тактикасы. С.Е.Еркенов, С.И.Сұлтанов – Алматы, Дәнекер, 2002

8. Криминалистика негіздері А.Ғ.Абуов – Алматы, Жеті жарғы, 2004

9. Қылмыстық іс жүргізу. Е.Ерешов – Алматы – 2006

10. Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Ү.Нұрмышов – Алматы Жеті Жарғы - 2008




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 1102; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.