Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Криминалистік техника




 

Криминалистік техниканың жалпы ережелері

1. Криминалистік техника ұғымы, салалары, мазмұны.

2. Криминалистикалық техниканы қолданушы субъектілер.

3. Криминалистикалық техниканы қолдану, қолдану шарттары

4. Техника криминалистік әдістер мен құралдар және олардың қолданылуы.

1. «Криминалистік техника» термині жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан – техникалық құралдар жиынтығы.

Криминалистік техника – бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша қылмысты ашу мен тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға зерттеуге және пайдалануға арналған техникалық-криминалистік құрал-жабдықтар, әдістер мен тәсілдерді құрамына қосатын криминалистиканың бөлімі.

Техникалық-криминалистикалық құралдарға қылмыс іздерін табуға, жинауға, зерттеп бағалауға керекті түрлі приборлар, аппаратуралар, құрал-саймандар, жабдықтар мен материалдар және т.б. жатады.

Қазіргі кезде криминалистикалық техника жүйесіне келесі салалар кіреді:

1. криминалистік техниканың жалпы теориясы;

2. криминалистік фотосурет, дыбыс және бейнежазу;

3. криминалистік ізтану (трасология);

4. криминалистік қарутану (баллистика);

Криминалистика негіздері 15

 
 


5. криминалистік құжаттану;

6. адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистік ілім (габитоскопия)

7. криминалистік тіркеу (есепке алу).

Сонымен қатар, соңғы уақытта криминалистік техниканың басқа да салалары қалыптасуда, олар: криминалистік одорология, вокалография мен фоноскопия (иіс, дауыс пен дыбыс іздері туралы ілімдер), материалдарды, заттар мен жабдықтарды криминалистік зерттеу т.с.с.

2. Криминалистік техниканы қолданушы субъектілер қатарына: тергеушілер, анықтаушылар криминалист-мамандар, сарапшылар, жедел-іздестіру қызметкерлері, прокурорлар, прокурор-криминалистер, соттар, тергеу, сараптау, криминалист, жедел-іздестіру бөлімдерінің басшылары және басқа осы құқық берілген ішкі істер органының қызметкерлері жатады.

3. Криминалистік техниканың құралдары мен әдістерінің қолдану формалары іс жүргізу түрінде және іс жүргізу емес түрінде қолданылады.

Криминалистік техника құралдары мен әдістерінің қолданылуы іс жүзінде бекітіліп, қалыптастырылады. Яғни, тергеу әрекетінің хаттамасында, сарапшының қорытындысында және басқа да құжаттарда криминалистік техниканың құралдары мен әдістері қолданылғаны туралы көрсетілуі керек.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістерді қолданудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістер мына талаптарға немесе қолдану шарттарына сай болуы қажет:

1. әлеуметтік және жаратылыс техникалық сілтемелеріне сәйкес қолдануға ыңғайлы;

2. адамның абыройын түсірмейтіндей, адамгершілік нормасына сай келуі қажет;

Криминалистика негіздері 16

 
 


3. ғылыми түрде толық сыналып тексерілген, тиімділігі ғылыми қағидаларға сай дәлденіп, ұсынылған;

4. этика нормаларын бұзбайтындай болуы;

5. қолданғанда адам өміріне қауіп-қатер, денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы;

6. пайдалану тиімділігі;

7. нормативтік және құқықтық қолдану актілерінде бекітілген болуы.

4. Қылмысты тергеу барысында, оған қатысты деп табылған объектілер және олармен байланысты іздердің барлығы табылуы, тіркелуі және алынуы тиіс. Қылмыс іздері көзге көрінетін, шамалы көрінетін және көрінбейтін болып үш түрге бөлінеді. Сондықтан оларды тез арада тауып алу үшін арнаулы іздеуші техникалық құралдар қолданылады. Құралдар мен әдістерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қылмыс іздерін табуға арналған құралдар: жарық түсіруші құралдар – олар түнде жарық аз түскен жерлерді, сонымен қатар оқиға болған жерлерді қарау, фотосуретке түсіру барысында қолданылатын түрлі жарықтың жасанды көздері. Оптикалық құралдар – бұлар адам көзінің сезіну диапазонын кеңейтіп, жай көзбен көрінбейтін немесе көмескі көрінетін объектілерді үлкейтіп қарау үшін қолданылатын құралдар. Іздегіш құралдар және жабдықтар – олар қылмысқа қатысты жасырылған: объектілер мен айғақтарды заттай, бағалы металдар мен тастарды, өліктерді, қаруды, есірткіні және т.б. объектілерді табу үшін қолданылады. Химиялық заттар немесе риагенттер, объектілердің биологиялық және химиялық құрамдарына негізделген.

2. Қылмыс іздерін бекітудің техника криминалистік құралдары: фотографиялық құралдар және бейнетаспаға жазу құралдары, өлшеуіш құралдар – объектілердің өлшемі мен сандық сипатын анықтау үшін қолданылады, көшірмелер

 

Криминалистика негіздері 17


дайындау үшін қажетті жапсырма материалдар, әсіресе беткі және үш өлшемді іздерді бекітіп алу үшін қолданылады.

3. Қылмыс іздерін алудың техника криминалистік құралдары. Криминалистикада қалыптасқан ережелерге сәйкес іздер өздері орналасқан объектілермен немесе олардың бөліктерімен алынуы керек (мысалы, ыдыс-аяқ бетіндегі саусақ ізімен бірге алынады). Егер басқа бір себептермен ол мүмкін болмаған жағдайда олар объектісіз алынады. Ол үшін көлемді іздерден жапсырма қалыпқа көшіріледі, ал беткі жазықтықтағы іздерден олардың көшірмесі дактилоскопеялық пленкаға көшіріледі.

 

 

6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.

 

1. Криминалистік фотографияның түсінігі, маңызы және міндеттері

2. Суретке түсірудің объектілері, суретке түсіру түрлері

3. Соттық-жедел фотосуретке түсудегі қолданылатын әдістер

4. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін суретке түсіру

5. Тергеу әрекетін жүргізуде бейнежазуды қолдану

 

1. Криминалистік сурет криминалистиканың бір бөлімі ретінде ғылыми ережелер жүйесін және олардың негізінде қылмысты ашу мен алдын алу, қылмыскерлерді іздестіру мен табу дәлелдемелерді табу мен зерттеу үшін суретке түсіру құралдарын, тәсілдерін қолданатын әдіс.

2. Суретке түсірудің объектілері жедел-іздестіру іс-шараларында немесе сарапшының зерттеулерінде пайда болған түсіруге қажетті кез келген материалды денелер мен олардың жиынтығы болып табылады. Оған оқиға болған

Криминалистика негіздері 18

 
 


жердің жағдайы мен жеке бөлімдері, айғақтық дәлел ретіндегі заттар, қылмыс іздері, тұлғалар және т.б. жатады.

Түсірілуші объектілердің ерекшеліктері мен олардың аралық орналасуы туралы жалпы және ерекше түсінік алу үшін суреттің бірнеше түрлері қолданылады: бағдарлап түсіру, шолып түсіру, тораптамалы, бөлшектік түсіру.

Бағдарлап түсіру әдісі – бағдарлау әдісімен түсірілгенде оқиға болған жердің айналасы толық қамтылып, осы жерден тұрақты заттар бірге түсіріледі. Мысалы, оқиға үй-жайда болса, оның сыртқы көрінісі қасындағы ағаш, қора-қопсамен бірге толық түсіріледі.

Шолып түсіру әдісі – іздердің, басқа да заттай айғақтар неғұрлым көп шоғырланған, атап айтқанда оқиға болған жердің маңызды бөліктері түйінді әдіспен түсіріледі.

Тораптамалық сурет - бұл жеке ірі заттарды және тергеу жүргізу орнының немесе оқиға болған жердегі жағдайдың маңызды бөлшектерін түсіру.

Бөлшектік фотоға түсіру - заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бекіту үшін қолданылады. Бөлшектік фотосуреттің мақсаты – заттай дәлелдемелердің нысаны, мөлшері туралы барынша анық көрініс беру болып табылады. Мұда оқиға орнынан табылған әрбір дәлелдемелік зат жеке-жеке түсіріледі.

3. Соттық – жедел фотосуретке түсіруде қолданылатын әдістер:

- Понарамалық фотоға түсіру – объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.

- Өлшемді фотоға түсіру – объектілердің көлемін, олардың ара қашықтығын өлшеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі. Масштабты фотоға түсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса

Криминалистика негіздері 19

 
 


түсіріледі. Метрикалық түсіру тек ірі объектілердің мөлшерін ғана емес, олардың ара қашықтығын да өлшеу үшін қажет.

- Тереңдік масштабындағы фотосуреттер – бейне бойынша фотоға түсірілген объектінің өлшемін анықтауға мүмкіндік береді.

- Репродуктивті фотосуретке түсіру – үшін құжатты тегіс жазықтыққа орналастырады. Ол үшін әйнекпен бастыру ұсынылады.

4. Оқиға болған жерді түсіру – ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын, мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады.

Тінту барысында суретке түсіру – фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады. Тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орынды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды.

Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.

Тірі тұлғаларды фотоға түсіру. Қылмыскерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіріледі. Тұлға алдынан және оң жағынан суретке түсіріледі, ал сол жағынан ерекше белгілері, ен таңбалары болған кеде түсіріледі. Мысалы, қал, татуировка т.б.

Өлікті фотоға түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін, сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.

5. Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.

Криминалистика негіздері 20

 
 


Бейнетаспаға жазу – киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады. Бірақ суреттің де өз артықшылығы бар. Оны кез келген жерде, кез келген уақытта алып көруге болады.

Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып өтеді, содан кейін бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әрекетіне қатысушыларды жеке атап өтеді, түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды.

Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:

- өрт, көліктік апаттар болғаны жайында оқиға туралы барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;

- бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;

- тергеуші тәжірибе – сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;

-сұрақ-жауап алу, аудармашының қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.

 

Криминалистика негіздері 21

 
 

 


 

Криминалистика негіздері 22

 
 

 


 

Криминалистика негіздері 23

 
 


7.Тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау

1. Криминалистикалық тергеу болжауының түсінігі.

2. Тергеу болжауының түрлері

3. Тергеу жоспарының ұғымы, принциптері

4. Тергеу жоспарының элементтері

 

 

1. Тергеу болжауы дегеніміз – тергеудің белгілі бір кезеңінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі.

Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсаты және ұйымды түрде жүруі тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатысқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бұл ойша талдау арқылы жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді.

3. Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжамы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау – ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі

Криминалистика негіздері 24


тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде өлік табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қанадй қылмыс жасалғандығы жөніде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және

қандай қару пайдаланғаны жөніндегі, т.б. сұрақ болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі керек. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

3. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарасақ, ол негізінде тергеу жоспарын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екені айқын көрінеді. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

Сонымен, тергеуді жоспарлау дегеніміз – бұл уақыт пен күшті аз жұмсау үшін заң талабына сай болған қылмыстың барлық жағдайын анықтау мен кінәлілерді ұстау бойынша

Криминалистика негіздері 25


жасалынатын мазмұнның негіздемесімен және жұмыс тәртібімен қорытындылатын ойлау процесі.

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір принциптерге негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты принциптері бар. Олар: жоспардың индивидуальдығы (жекелігі), нақтылығы, серпінділігі (динамикалық), жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

Жоспардың индивидуальдығы, яғни жекелігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керекті не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмысты істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізілетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.

Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Егер де іс бойынша анықтауға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі керек.

Жоспардың серпінділігі – оның тергеудің әр кезеңінде, әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Терегу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп, жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болуы керек.

Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында

Криминалистика негіздері 2 6

 
 


көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық принципі деп атайды.

4. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжамдарына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі – осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін

белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және осыған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, осы орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.

Осы жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен құралады.

Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және осы қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді сараптап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, осы болжауларды тексеруді жоспарлайды.

 

 

Криминалистика негіздері 27

 
 

 


Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек.

8.Трасология. Трасологиялық ізтану.

1. Трасология ұғымы, жүйесі

2. Трасологиядағы іздердің ұғымы мен маңызы

3. Іздердің жіктелінуі

4. Адам іздері (антропоскопия)

5. Механоскопия

6. Көлік құралдарының іздері

 

1. Трасология – бұл із түсетін объектілердің сыртқы құрылысының белгі көрінісіне ие іздер, іздің түсу механизмі, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізудегі маңызға ие жағдайларды анықтайтын мақсатта жүргізілетін құралдар, әдістер мен тәсілдерді табу, тіркеу, алу, сақтау және зерттеу туралы криминалистикалық білім саласы.

Трасология жүйесіне жататындар:

· жалпы мәселелер;

· көрініс іздерін зерттеу (қол, аяқ, тіс, бұзушы және көлік құралдарының іздері);

· құралдарды қылмыс іздері ретінде зертеу (өндірістік механизм іздері бойынша шектеулі заттардың жағдайын, тұтас бөлшектерін, заттың шығу көзін анықтау);

· заттарды қылмыс іздері ретінде зерттеу.

2. Трасологиялық мағынада іздер – материалды объектінің басқа екінші объектімен қатынасы арқылы түскен бірінші объектінің белгілері болып анықталады.

Іздер арқылы:

Криминалистика негіздері 28

 
 

 


· пайда болу механизмін (м: объектілердің ара қатынасындағы байланыс)

· болған оқиғаның бөлек жағдайын (м: тұрғын жайға немесе алаңға кіру әдісі)

· топтық қатыстығын (м: протектор ізі бойынша авто көлік түрін анықтау)

· объектінің теңестірілуін (м: әртүрлі оқиға болған жерлердегі қалған қол іздерінің бір тұлғаға тәндігін) анықтауға болады.

3. Іздер үлкен үш топқа топталады:

1) көрініс іздері – ізді қалдырушы объектінің және олардың түсу механизмінің белгілерін көрсететін іздер (қол, сындыру, көлік дөңгелегі, қан іздері);

2) құрал іздері – объект белгісі мен оның әрекет сипатын көрсетеді (құлпылар бұзу, іздері бар пломбалар, шынының сынықтары және т.б.);

3) зат іздері – трасология үшін екінші орынға ие және іздің қалыптасу механизмін, топтық және басқа да белгілерін анықтау арқылы ғана зерттеледі.

4. Трасологиялық мағынаға ие адам іздері былай ажыратылады: қол, қолғап, аяқ, тіс, бастың бөлшектері (бет), папилярлы өрнектері жоқ (ерін, мұрын, маңдай), киім, қан іздері.

Қол іздері басқа іздермен салыстырғанда қылмысты ашу мен тергеуде жиі және ұтымды қолданады. Ол қолдың қызметтік маңызын және маймен терінің затқа иелігін көрсетеді. Қол алақанының беті – папилярлы сызықтармен қабатталған және немқұрайлы бөлінген кішкене ірі сызықтардың биіктігі мен ені. Попилярлы сызықтар бір-біріне ешқашан қайшы келмейді, бірақ олар бір бағытта бөлінуі және әртүрлі өрнектерді құруы мүмкін. Олар адам анасының құрсағында жатқанда 3-4 айлық кезінде пайда болып, өлгеннен

Криминалистика негіздері 29

 
 


кейін де ең ұзақ уақытқа сақталады. Адам су астында жатқанда да оның қаншалықты жатқандығын осы алақандағы попилярлы сызықтардан білуге болады. Попилярлы сызықтармен бірге алақанның бет терісінің басқа да рефлекс-бедер белгілері көрініс алады. Криминалистикада көп көңіл рефлекске бөлінеді. Папилярлы өрнектің құрылымын зерттеумен дактилоскопия айналысады.

Попилярлы өрнектің үш түрі бар:

1. доға тәріздес – саусақ өрнегінің бір бетінен екінші бетіне иіліп доға тәрізді түсуі

2. ілмекті өрнек – саусақ ортасында ілмек тәріздес бір жақтан екінші жаққа сызылып орныққан өрнек.

3. ораулы өрнек – спираль тәрізді оралып орналасады.

Аяқ іздері әртүрлі қылмыстарды тергегенде оқиға болған жерден табылуы мүмкін. Аяқ іздерін қарау мен жалғасушы сараптамалық зерттеу қылмыскерді табу мен іздестіру үшін қолданылатын маңызды мән-жайларды анықтайды. Аяқ іздері арқылы оны қалдырған адам туралы (оның бойын және жүрісіндегі ерекше белгілері), аяқ киім белгілері туралы, әрекет жағдайы туралы (қозғалыс жылдамдығы мен бағыты) анықтауға, адамды және оның аяқ киімін салыстыру үшін қолдануға болады. Іздер жалаң аяқ, аяқ киім, шұлық киген аяқ киім іздері бойынша ерекшеленеді. Жалаң аяқ іздеріне табан өлшемі, әрбір саусақ ұзындықтары мен ендері, табанның жалпы қалыбы, папилярлы өрнектердің жалпы құрылысы, иілген қабаттар көрініс алады. Шұлық киілген аяқ іздерінің жалпы белгілері болып мыналар табылады: шұлық өлшемі, жіптердің тоқылу түрі мен схемасы, өкше жақтарының тігістері.

Аяқ іздері арқылы шамамен адам бойын, оның аяқ киім өлшемін анықтауға болады. Антропометриялық зерттеулер ер адамның табан өлшемін 15,8 % және әйел адам бойын 15,5% -ға теңесетінін анықтаған.

 

Криминалистика негіздері 30

 
 


Қылмыскердің тіс іздері тағам өнімдерінде және басқа да заттарда қалыптасуы мүмкін. Тіс іздері адам денесінен де табылады. Тіс іздері бойынша оның қалыптасу механизмін анықтап, адамды салыстырады. Идентификациялау үшін тістің бату іздері өте ыңғайлы және оларда ақпарат мол болады. Мысалы: тіс қатарының доға қалпы, оң және сол қатардағы тіс ретінің ассиметриясы, бір қатардағы тістердің иілуі, тістердің араларындағы қашықтық, тіс саны, протез. Сараптаманы сарапшы криминалистпен тіс дәрігері сот медигі жүргізеді.

 

Тырнақ іздері кримин.алистикалық зерттелуші объект ретінде көбінесе қылмыскерлердің немесе жәбірленушілердің денесінде кездеседі. Тырнақ іздерін қарауда немесе зерттеуде ізде қалатын жеке белгілері анық көрінбейтін ерекшеліктер анықталуіы қажет.

Тырнақ іздерін фотосуретке түсіріп, хаттамаға тіркеп жазады. Қылмыскер тырнағының астында жәбірленушінің терісі немесе басқа да тергеуге маңызы бар заттардың болуына айғақ болса, онда оның тырнақтары тазаланып, алынып сот-биологиялық сараптамаға жібереді.

Киім іздері көліктердің лактанған бетінен (көлікпен адамды қағып, басып кеткен жағдайда), дымқыл жерде (қылмыскер мен жәбірленушінің күрескен жерінде) және т.б. оқиға болған жерлерден табылады. Киім іздерінде жіптердің тоқылу түрлері мен суреттері, матаның басқа да жалпы белгілері, киім тігісі көрініс алады. Киім іздерін масштабты сурет әдісімен түсіреді және хаттамаға сипаттап жазады. Лакталып боялған обьектілерден көрінген киім іздерін дактелоскопиялық пленкаға түсіріп, үлкен іздерден гипстік жапсырмалар дайындалады. Іздердің суреттері мен көшірмелерін сараптамаға тексерілуші тұлғаның киімдерімен бірге жіберіледі.

Қан іздері – заттардың іздерін білдіреді. Оқиға болған жердегі табылған немесе киімнен табылған қан іздерінің

Криминалистика негіздері 31

 
 


қалпын зерттейтін трасологиялық зерттеулер олардың пайда болу механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Қан іздерінің түсу жағдайларын білу арқылы қылмыс жағдайындағы жеке деректерден көрініс алуға болады. Қан іздері былай жіктелінеді:

· қанның ұю қалпына;

· қанның шашырауына;

· қанның тамшыларынан қалған іздеріне;

· қанның ағуына;

· қанның жағылуына байланысты.

Қан іздері өз құрамында қылмыстың келесі мынадай жағдайларын анықтай алады: жәбірленушіге тиген жарақат орны және оның залалының шамасы, оқиға болған жерде күректі пайдалану арқылы қажетті қорғаныстың болуы, қылмыскердің денесінде немесе киімінде қан ізінің қалу мүмкіндігі, жәбірленушінің қозғалыс немесе өлікті тасу бағыты, жарақат тиген уақыттағы жәбірленушінің денесінің жатқан жағдайы және т.б.

Қан іздері табылған объектілерді, сол іздермен бірге фотосуретке түсіреді. Қан іздері кеуіп кеткен жағдайда үстіне жұқа қағазды қою арқылы олардың контурын көшіріп алуға болады.

Сондай-ақ, оқиға болған жерде адамның попилярлы өрнегі жоқ құлақ, ерін іздері де табылады. Алғаш рет құлақ ізі Германияда тіркелген. Онда ұрлық болған жерде қылмыскер сейфті ашпақ болған кезде оны тыңдап түрып ашқан екен.

5. Механоскопия – бұл қылмыс құралдарымен, сондай-ақ қылмыс қаруын жасау үшін қолданылатын механизмдердің, аспаптардың және әртүрлі жабдықтардың іздерін зерттеуші криминалистикалық трасологияның бөлімі.

Криминалистикада механизмдерге адам қолының күшіне байланысы жоқ, керісінше құралға және құрал

Криминалистика негіздері 32

 
 


бөлшектерінің еркеше қызметтеріне байланысты құралдардың әрекеттері мен күштері жатады.

Механоскокияда қарулар, аспаптар және механизмдер мынадай топтарға жіктеледі:

· кесуші – пышақ, қайшы және т.б.

· шабушы әрі ұрушы – балта, лом және т.б.

· аралаушы ара және т.б.

· тесуші – қол бұрғы.

Әсер ету тәсілі бойынша барлық қарулар мен аспаптарды екі топқа бөлуге болады:

а) механикалық – пышақ, қайшы, әйнек кескіштер, балта, лом, ара, тесуші құрал және т.б.

ә) қыздырушы – темірлерді кесу мен оларды бір-біріне жалғастырушы газды және электро құралдар.

Құралдың, аспаптың немесе механизмнің әсер ету сипатына қарай іздер үш түрге бөлінеді: салмақ түсіруші іздер, сызылушы іздер, кесу, аралау және тесу іздері.

Көлік трасологиясы - әртүрлі көлік құралдарымен, бөлшектерімен қалдырылған іздерді зерттеуші криминалистиканың бір бөлімі.

Болған қылмыспен байланысты көлік қолданған жағдайда автокөлік құралдарының іздері зиян тигізу заты, қылмыс құралы немесе қозғалыс құралы ретінде криминалистикалық зерттеу объектісі болады.

6. Көлік құралдарымен қалдырылған іздер криминалистикалық жоба бойынша 4 топқа жіктеледі:

1) жүргізуші бөлшек дөңгелектерінің, шана табандарының қозғалыстағы немесе бір орында тұрғандағы қалыптасып қалған іздері;

2) көлік құралдарының негізгі бөлшектері мен қалдырылған іздерінің көрінісі;

Криминалистика негіздері 33

 
 


3) көлік құралдарының өзінде пайда болған оқиға болған жердегі әртүрлі объект іздерінің көріністері;

4) оқиға болған жердегі көлік құралынан бөлініп қалған жеке бөлімдер, бөлшектер, майда құрамалар, заттар.

Оқиға болған жерде табылған, бөлініп түскен бөлшектер мен құралдар көлікті іздестіруге, салыстыруға, сонымен бірге оқиғаның болған нақты жерін анықтауға қолданылады.

Фараның және тағы басқа бөлшектердің әйнек сынықтарын зерттеу арқылы автокөлік түрін, моделін, маркасын және оларға байланысты көлік моделін анықтайды.

Көлік құралдарының қозғалыс іздері болып негізгі бейнелеу іздері табылады. Олар екі немесе одан да көп көліктердің қақтығысуынан көлік бөлшектері жәбірленушінің денесімен киімін қаққанда, адам денесін басып өткенде, қоршаған мән-жайлар объектілердің қатынасында пайда болады.

Іздердің түсуі көліктердің қақтығыс түріне байланысты. Көлік құралдарының қақтығыс іздерін зерттеу кезінде оның болу себебі анықталады:

· қарама-қарсы көліктердің бір-біріне қарсы бағыттары;

· бір бағыттағы көліктердің бір бағыттағы қозғалыстары;

· бұрышты көліктердің бұрыштап келу қозғалысы.

 

 

Криминалистика негіздері 34

 
 


 

Криминалистика негіздері 35

 
 

 


 

 

Криминалистика негіздері 36

 
 


Криминалистика негіздері 37

 
 


Криминалистика негіздері 38

 
 


Криминалистика негіздері 39

 
 


Криминалистика негіздері 40

 
 


Криминалистика негіздері 41

 
 


9.Криминалистік қару-жарақтану.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 6330; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.