Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жаттарды криминалистік зерттеу. 1 страница




1. Криминалистік қару-жарақтану ұғымы

2. Атылатын қару сипаттамасы және іздері

3. Суық қару және оны қолдану іздерін криминалистикалық зертеу

4. Криминалистік жарылушы техника

5. Құжаттарды криминалистік тұрғыда зерттеу

6. Құжат мазмұнының өзгеру түрі

 

1. Криминалистік қару-жарақтану – қылмыстық әрекетпен байланысы бар атылатын, суық, газды және басқа қару түрлерін, сонымен қатар оларды қылмыстық әрекетте қолдану және жасау материалдары мен құралдары жайындағы криминалистикалық білім саласы.

Криминалистикалық қару-жарақтану мыналардан тұрады:

1. атылатын қаруды және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

2. жарылушы құралдар мен оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

3. суық қару және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

Атылатын қару – бұл газды көріністі заттың термикалық энергиясы салдарынан, адамға, жануарға немесе басқа заттарға көздеу әдісімен жүзеге асатын оқпен (картеч, дробь) зиян тигізуге арналған құрал. Қолдану мақсатына, сонымен бірге негізгі параметрлері мен сипатына қарай қару үшке бөлінеді: азаматтық, қызметтік, соғысқа арналған әскери. Атылатын қару сот баллистикасымен зерттелетін құрама белгілер кешеніне ие. Олардың қатарына: жану камерасының стволы

 

Криминалистика негіздері 42

 
 


мен бытыра қуатының жануы, жарылушы және атушы құралдар жатады.

Барлық атылушы механизмдер келесі топтарға бөлінеді: қыздырушы (мылтық аузын зарядтаушы тарихи қару), шүріппелі (1895 жылы жасалған наган жүйесіне жататын револьвер), ұрушы (норвин жүйесіндегі ТТ-Тульский тапаншасы), шүріппе-ұрушы (Макаров тапаншасы, Калашников автоматы), жалындамалы (ППШ, ППС, ППД тапанша-пулеметы), электро жалындаушы (Ле Барон және Дельмас 1866 жылғы және С.Руссель1834 жылғы винтовкалар).

Оқ қарумен атылатын құрал. Оқ негізінде гильзадан құралады. Гильза тұрқы темірлендірілген немесе темірлендірілмеген болады. Гильзада атылатын қару іздері мына жағдайда қалады:

· оқтау-магазинді иілдіруден, ысырманың алдыңғы сырт қабатынан, оқ салушыдан, ысырманың алдыңғы кескінінен және тастаушысының ілушісінен;

· ату-ұру салдарынан, оқты ұстаушыдан, оқ салушының қабырғаларынан;

· атылған гильзаны алу, лақтырушы тесігінен, оқ салушыдан, көрсеткіштен.

Ату іздерін тіркеу үшін бірнеше әдістер мен құралдар қолданылады. Біріншіден, атылған оқты қолдану ізі бар оқиға болған жерді суретке түсіру жүзеге асырылады. Екіншіден, атылатын объектінің бөлшекті өлшеуші суреті дайындалады. Үшіншіден, объектілер қарастырылып, тексеру қорытындысы тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. Хаттама міндетті түрде объектілерді алу әдісі мен қаптау сипаты көрсетіледі, сондықтан хаттаманың құрылуы іздермен және кезекті жұмыстармен қатар жалғасады. Оқтар мен гильзалар тексеріс алдында бірден алынады, суретке түсіріледі, содан соң бөлек пакеттер мен қораптарға салынады.

Криминалистика негіздері 43

 
 

 

 


 

 

 

Криминалистика негіздері 47

 
 


3. Суық қаруды және оны қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу – бұл өз объектілерін ауыстырушы және еске салушы, сонымен бірге оларды қолдану іздерінің қалыптасу заңдылығы зерттелетін; қылмысты ашуда, тергеуде және алдын алуда заттық дәлел ретінде объектілерді тергеу мен зерттеудің әдіс-тәсілдерін жақсарту мәселелері қарастырылатын криминалистикалық қарутанудың бөлімі. Суық қару – бұл конструкцияланған арнайы дайындалған, яғни бұлшық ет күшімен адамға немесе өзге адамдарға, жануарларға жақын жерден қақтығыста дене зақымын келтіруге арналған қару.

Суық қару түрлері:

а) шаншушы суық қарулар: шпага, стилеттер, бәкі, ине шанышқылар және т.б. жатады

ә) шанышқы-кесуші суық қарулар: бір және екі қырлы болып жіктеледі.

б) шауып-кесуші суық қару: қылыштар, балталар, ай балталар

в) шаншушы және шауып кесуші суық қару: қылыш, айбалта, найза, ірі бәкілер.

г) ұрып-майдалаушы қарулар: шоқпар, кастет, нунчактар және т.б.

4. Криминалистік жарылушы техника – бұл жарылғыш заттар, жарылу құралдары, онымен байланысты тұлғалар мен қылмыстық жарылыстарды табу және тергеу бойынша әрекеттерді қамсыздандыру мақсатында объектілер туралы криминалистикалық маңызы бар деректердің пайда болу, алу мен қолдану заңдылығын зерттеуші криминалистиканың бір саласы. Белгілі бір шектеулі көлемдегі үлкен энергияның жылдам босауы немесе қатты қысылған газдардың не будың тез кеңейуінен пайда болатын үлкен жылдамдықтағы механикалық процесті жарылыс деп атайды.

5. Құжаттарды криминалистикалық тұрғыда зерттеу – бұл хаттың, осыдан шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін

Криминалистика негіздері 48

 
 


қарастыратын криминалистикалық техника саласы. Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің екі түрі бар: хатты крирминалистикалық зерттеу және техника криминалистикалық зерттеу.

Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша сөйлем мен қолжазба болып табылады. Сонымен бірге оны орындаушы авторлар мен олардың құрамы, жынысы, жасы, физиологиялық және профессионалды ерекшеліктері анықталады.

Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның мазмұны, жасалу материалы, оның мағынасын өзгерту мақсатындағы тиген іздері тексертіледі. Сонымен қатар, идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі.

6. Құжаттардың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе клишеден басу арқылы дайындалады.

Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау бұрынғы жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің болуына байланысты.

Жалған қол қоюдың келесі тәсілдері жиі кездеседі: бұрын көрген қолды есте сақтап, құжат бойынша жалған қол қою; қойылған шын қолға қарап отырып, оның суретін салу; қолды сиямен не қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру. Көшірме әдісі арқылы жалған қол қоюдың бірнеше тәсілі кездеседі: жарық өткізу арқылы, көшіргі немесе қара қағаз көмегімен; көшіру қасиеті бар бұйымдар көмегімен. Бұдан басқа, адамның қойған қолын ылғалды қара қағазбен де көшіруге болады. Аталған жалған қол қою түрлерінің көп белгілерін құжатты көлбей және шашыраңқы жарықта лупа, микроскоп көмегімен қарап, табуға болады.

Мөр мен мөртабандар – зергерлік жазу шеберханасында немесе полиграфиялық кәсіпорындарда белгілі бір үлгіге сәйкес жасалған клише. Оларды каучуктан немесе темірден жасайды. Тәжірибеде оларды жалған жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі: мөрдің суретін құжаттың өзінде салу, қолдан

Криминалистика негіздері 49


жасалған клише көмегімен таңба жасау, тура таңбаны жалған құжатқа көшіру. Аталған белгілер үлкейту құралдарының, транспортир көмегімен құжатты қиғаш түсетін жарықта немесе ультракүлгін сәулесінде қарау кезінде көрінеді.

Егер мөр құжатқа ксерокс арқылы, компьютерді пайдаланып, сканер әдісімен көшірілсе, онда құжаттың жалғандығын оның теріс жағынан байқауға болады. Бұл жағдайда мөр бояуының қағазға сіңуі байқалмайды.

Қылмыс мақсатында құжаттарды зақымдайды немесе жояды. Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның бөліктерін қағаздың сапасы, сызықтары, штрих түсі, қол қою және басқа да белгілері бойынша саралап алады. Жанып кеткен құжаттар мәтінінің мазмұнын айқындау мүмкіндігі негізінен, қағаздың құрамымен, мәтінді бояу затымен, жану жылдамдығымен және қызумен анықталады. Мәтінді анықтау үшін рентгент сәулемен суретке түсіру, стероскопия сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.

 

10.Адамның сыртқы белгілеріне қарап ұқсастыру

1. Габитоскопия ұғымы

2. Адамның сырт бейне бөлшектері мен белгілерінің жүйесі

3. Адамның сырт бейнесінің көрінісі

 

1. Криминалистикалық габитоскопия – адамның сырт келбетінің әртүрлі көріністе сақталып қалу заңдылықтарын зерделейтін және қылмысты ашу, тергеу және оның алдын алу мақсатында адамның бет келбеті туралы деректерді жинау, зерттеу және пайдалану әдістері мен техникалық

Криминалистика негіздері 50

 
 


криминалистік тәсілдерді құрастырушы криминалистік техниканың саласы.

Әр адамның өзіне ғана тән, жеке әрі қайталанбайтын бет әлпеті бар екені сөзсіз. Адамның өмір бойы өзгеруіне қарамастан оның бет келбетінің белгілері тұрақты сақталады. Адамның сырт бейнесінің белгілі бір өзгеруі оны криминалистік тәжірибеде пайдалануға кедергі болмайды, өйткені адамның сырт бейнесінің өзгеруі заңдылықтары белгілі. Адамның сырт бейнесінің әр түрлі көріністе сақталу қасиеті: материалдық көріністе суретте, фото суретте және идеалдық көріністе – басқа адамдардың санасында қалатын сыртқы бейне туралы ақпаратты қылмысты ашу және тергеу тәжірибесінде қолдануға мүмкіншілік береді.

Адамның сырт бейнесі көзбен қабылданатын адам туралы мәліметтердің жиынтығы ретінде анықталады. Ондай мәліметтер қылмысты ашу және тергеу барысында, атап айтқанда мына міндеттері: ашылмаған қылмыс орнынан жасырынған белгісіз тұлғаларды іздеуде, егер олардың бет келбеттері туралы мәліметтер болса; тергеуден немесе соттан жасырынған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан қашқан белгілі тұлғаларды іздеуде; хабар-ошарсыз кеткен тұлғаларды іздеуде; тірі тұлғалар мен өлген азаматтарды теңестіру үшін қолданылады.

2. Адамның сырт бейнесінің бөлшектері мен белгілерінің жүйесі адамның сырт бейне көріністерінің және олардың белгілерінің өзіндік ерекшелігінің негізінде жіктеу бағыныштылығын қарастырады. Жалпы бөлшектер мен олардың белгілері жалпы физиологиялық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді.

Адамның сырт бейнесінің жалпы физиологиялық элементтеріне адам жынысы, жасы, антропологиялық түрі жатады. Адамның сырт бейнесінің анатомиялық элементтеріне оның денесінің бөлімін зерттеуде немесе қадағалауда ерекшеленетін жайлар жатады: дене бітімі тұтас, бас, бет,

Криминалистика негіздері 51

 
 

 


мойын, дақ, қатпаршақтар, әр түрлі зақымдар мен операциялар іздері. Сырт бейненің функционалдық элементтеріне адам жағдайы мен олардың элементтері жатады: кейпі, жүрісі, мимика, дыбыс шығаруда ерін қозғалыстары, күнделікті тұрмыс қылықтары, аранаулы қасиеттері.

3. Қылмысты ашу мен тергеуде қолданылатын адамның сырт бейне көрінісі субъективтік және объективтік түрлерге бөлінеді.

Адамның сырт бейнесі жайында ақпарат тасушы болып мыналар табылады: адамның есінде қалған ойдағы кейіп; сипаттау; субъективті портреттер; көрнекі көріністер; өлік бетінен алынған маскалар; сүйек қалдықтары; бас сүйек арқылы адамды анықтау.

Субъективтік көрініс сипаты:

1. ойдағы кейіп – кең таралған субъективтік көрініс болып табылады. Ол көптеген фактор әсерімен қалыптасады: адамның жынысы, жасы, мекен-жайы, антропологиялық түрі, мамандығы, көргенді есте сақтауы және т.б.

2. сипаттау сырт бейненің белгілерін көрсетумен негізделеді.

3. субъективтік портрет дайындалуы мүмкін, тек сонда ғана адамның ойындағы көріністі естіп қайталап айтып беруінен туындайды.

Объективтік көрініс сипаттамасы:

1. сурет құралы арқылы адамның сырт бейнесі туралы ақпарат толық және кең түсірілуі мүмкін;

2. маскалар мен жапсырмалар мәйіттің белгілі бір себептерден өлгені байқалған жағдайда сырт бейне белгілерін түсіру үшін қолданылады;

3. бас сүйек бойынша бетті өз қалпына келтіру адам сүйегінің қалдықтары табылғанда, сонымен бірге бас сүйектің жұмсақ жерлерінің бұзылуының сыртқы белгісі туралы ақпаратты тіркеу үшін қолданылады.

 

Криминалистика негіздері 52

 
 

 


 

 

 

 

Криминалистика негіздері 55

 
 


11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары

1. Криминалистикалық тіркеу

2. Жедел анықтаманы тіркеу

3. Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеу

4. Микрообъектілер – криминалистикалық маңызы бар ақпаратты тасушы.

5. Одорология

 

1. Криминалистикалық тіркеу дегеніміз – қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін, жедел-іздестіру және қылмыстық құқықтық істерді құқық қорғау органдарында жүргізу барысында түскен объектілер туралы мәліметтерді тіркеу, шоғырландыру және пайдаланудың ғылыми негіздері мен әдістемелік жүйесі.

Криминалистік тіркеу жүйесі әр түрлі есепке алудың жүйесінен тұрады. Әрбір есепке алу түрі белгілі біртектес объектілер тобын қамтиды. Егер, тіркеудің жаңа бір түрі пайда болса есепке алудың да жаңа түрі пайда болады. Яғни, есепке алу бұл біртектес объектілер туралы мәліметтер шоғырланған криминалистік тіркеудің жүйесінің бір бөлігі.

Криминалистік тіркеудің мақсаты – қылмысты ойдағыдай ашуды бірдейлестіруге қажетті деректер мен сұраныс жасайтын органдарды қамтамассыз ету.

Криминалистік тіркеудің көмегімен сезіктілер мен айыпкерлер жайындағы қажетті ақпаратты жылдам табады; белгісіз қылмыстарды ашуға көмектеседі; қылмыстық әрекет құралын алу мен табуға көмектеседі; өлік денесі бойынша тұлғаны идентификациялауға көмектеседі; жоғалып кеткен тұлғаларды іздестіруге бағыт береді; тергеуші және ізделуші жұмыстарды тексеру бойынша ойша жақсартуға көмектеседі.

Криминалистика негіздері 56

 
 


Тіркеу объектілері: адамдар; криминалды өліктер, сонымен бірге тұлғасы анықталмаған өлген адам денесі; пайдаланған атылатын кескінді қару, ұрланған заттар, авто көліктер және т.б.; іздердің кейбір түрлері; құжаттар; ұрланған немесе жоғалған мал; ашылмаған қылмыстар.

2. Жедел анықтаманы тіркеу аудандардың, облыстардың және Ішкі Істер Министрлігінің негізгі ақпарат орталығында аумақты дәрежеде жүргізіледі.

Жедел анықтаманы тіркеудің мынадай түрлері бар: алфавиттік, дактилоскопиялық бейне түсіру, шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ тұлғалармен жасалынған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, ізделінудегі антиквариант пен мәдени мұраларды, атылатын кескінді қаруды, жалпы мемлекеттік қатысы бар құжаттар мен нөмірленген заттарды тіркеу.

3. Ішкі істер органдары мынадай криминалистикалық тіркеу жүргізеді: қылмыстың жасалу әдісі бойынша; жоғалып кеткен тұлғаларды, танылмаған өліктерді, белгісіз ауруларды және балаларды анықтау бойынша; іздердің жиынтығын; жасанды ақша белгілері мен бағалы қағаздарды; оқ гильзалардың жиынтығын; полиграфиялық әдіс арқылы жасалынған жалған құжаттарды; есірткі заттарын алуға бағытталып жасалынған медициналық рецептерді; дауыс пен сөз фонетикаларын анықтау.

4. Криминалистік микрологияны құрайтындар микрообъектілер, құралдар және технология жөніндегі, олардың пайда болуы, табылуы, тіркелуі мен сақталуы, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізуде криминалистикалық маңызы бар ақпаратты алу мен қолдану мақсатындағы оларды зерттеу әдістері мен тәсілдері туралы білім жүйесін ұғындырады.

Микрообъектілер – бұл кіші мөлшер күші мен саны жай анализ әдісімен зерттелінбейтін және ол микроскопиялық объектілермен жұмыс жасауға арналған техниканы қолдануды

Криминалистика негіздері 57

 
 


талап ететін криминалистикалық ақпаратты материалды тасымалдаушылары.

Микрообъектілерді криминалистикалық зерттеу әдістері:

  1. морфологиялық анализ әдісі – макро-кіші, микро-кішірек және ультромикро-өте кішірек деңгейдегі материалдардың алғашқы құрылымын оқуға ықпалы бар;
  2. элементті анализ әдісі – химиялық элемент заттарындағы сандық құрамын анықтайды;
  3. молекулярлы анализ әдісі – кристалды құралған заттарлы зерттеу үшін қажет;
  4. физикалық және химиялық заттардың тұрақты шамасына және жеке құрамдарына анализ беру әдісі.

5. Криминалистикалық одорология – бұл қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану мақсатымен иіс іздерін табу, анализдеу, алу және сақтау бойынша ғылыми негізделген тәсілдер, техникалық құралдар, кеңестер және олардың объектілері туралы білім жүйесін көрсететін криминалистикалық техниканың дамушы саласы. Иістерді алу, анализдеу мен тіреку әдістерімен байланысты криминалистикалық одорология кинологиялық және аспаптық одрология деп бөледі. Кинологиялық одороголияда иістенген заттардың анализаторы ретінде арнаулы дайындалған қызметтік ит асырау органы қолданылады. Аспаптық одорологияда анализатор ретінде иісті заттардың спекторын бөлуге, оны ольфактограмм түрінде тіркеуге және адамнан бөлініп шыққан бөлшектерді жоғары сезімталдықпен детектірлеуге қолайлы физика-химиялық құралдар қолданылады.

Қылмыстарды ашу кезінде адамнан қалған иістерге көп көңіл бөлінеді. Ол қылмысқа қатысушылар туралы көп ақпарат береді. Адам исін тасушы объектілер болып мыналар табылады:

Криминалистика негіздері 58

 
 

 


  • тер, қан (сонымен бірге олардың құрғақ дақтары), шаш. Бұл заттарда адамның иісі он шақты жылға дейін сақталады.
  • өзіндік заттар. Мысалы, киілген киімдер мен аяқ киімдер жекеше иісті бір күннен бірнеше айға дейін сақтайды.
  • әр түрлі заттар – қылмыс істелінген қарулар т.б. адаммен 30 минуттай мерзімде қатынаста болған заттар. Мұнда жеке иіс 2 тәуліктен кем емес мерзімге сақталады.

 

12.Криминалистік тактиканың жалпы ережелері.

1. Криминалистикалық тактика түсінігі мен бөлімдері.

2. Криминалистикалық тактиканың негізгі көздері.

3. Криминалистикалық тактика тәсілі.

 

1. Криминалистикалық тактика дегеніміз – ол тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелігін арттырып, ол іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді, ұйымды және жоспарлы түрде жүргізугебағытталған заң шеңберінде қолданылатын тиімді де қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы.

Криминалистикалық тактика келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

- криминалистикалық тактиканың жалпы ережелері;

- тергеу болжаулары және тергеуді жоспарлау- оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері;

- тергеу экспериментінің тактикасы;

- тінту тактикасы:

Криминалистика негіздері 59

 
 


-объектілерді танытуға көрсету тактикасы;

-жауапты оқиға болған жерде тексеру тактикасы;

-ұстау тактикасы;

-сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тактикасы.

2. Криминалистикалық тактиканың негізгі көздері мыналар:

- қылмыстық іс бойынша тергеу мен соттық іс жүргізудің жалпы тәртібін, сонымен бірге алдын ала жүргізілетін кейбір тергеу әрекеті және соттық әрекеттерді реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарының нормасы;

- криминалистика ғылымының басқа бөлім ережелері – жалпы теория, криминалистикалық техника және криминалистикалық методика;

- басқа ғылым бөлімдері – қылмыстық іс жүргізу бөлімі, криминалогия, қылмыстық құқық, сот психологиясы және басқа ғылымдар;

- қылмысты ашу мен тергеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі.

3. Криминалистік тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі – ол тактикалық тәсіл. Тергеушінің тергеу әрекетін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты – осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау. Сондықтан қолданылатын тактикалық тәсілдер белгілі бір талаптарға сай болу керек. Тактикалық тәсілдерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқығын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-06-04; Просмотров: 3914; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.