Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Сейдалиева Динара




Шолаққайыңды бастауыш

мектебінің мұғалімі

(Тараз қ., Қазақстан)

КӨРНЕКIЛIКТIҢ ТҮРЛЕРI ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Егеменді еліміздің білім беру жүйесі бүгінгі таңда әлемдік білім кеңістігіне бағыт алып, өркениетті елдердің білім беру жүйесімен теңдесу жолында әртүрлі іс-шаралар жасалып жатқандығы баршамызға мәлім. Қазіргі қоғамның барлық саласында болып жатқан өзгерістер өмірге қадам басып отырған әрбір адамның әлеуметтік және жеке құзіреттілігінің жоғары деңгейде болуын қажет етеді. Бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi-“Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы». Бұл Тұжырымдама елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды[1,42].
Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу-қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Оқушыларды жан - жақты дамыту үшін сабақтарда көрнекілік қолдану оқушының, көріп, естіп ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретін, тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын әдістердің бірі деп танимыз.

Оқу-әдiстемелiк кешенiнiң бiр бөлiгi ретiнде көрнекiлiк құралдары пән мазмұнының, ұйымдастырылуының, оқу әдiстемесi мен оқу-тәрбие жүйесiнiң бiртұтастығын талап етедi. “Көрнекiлiк құралдары” ұғымының мазмұны психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде әр түрлi сипатта берiледi. “Көрнекiлiк” деген терминнiң өзi “көру” етiстiгiнен шықса да, қазiргi кезде ол әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы санаға әсер ету керектiгiн бiлдiредi [2,18].
Педагогикалық сөздiкте “көрнекiлiк-оқушылардың тiкелей қабылдауындағы нақты бейнелерде қалыптасатын оқытуға негiзделген дидактикалық ұстаным” деген анықтама берiлген. Оқушы санасында көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың құралдары ретiнде мектепте түрлi оқыту жабдықтары қолданылады. Педагогика ғылымын дамытушылардың бiрқатары табиғаттың, техникалық және қоршаған ортаның барлық заттары мен құбылыстары көрнекiлiктiң құралы ретiнде қолданылу керек деп есептейдi.

Оқыту процесiнде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекiлiк бейнелерiн қалыптастырудың қажеттi құралдары болып табылатыны белгiлi.

Педагогика ғылымында көрнекiлiктердi жүйелеудiң бiрнеше әдiсi бар. Негiзiнен оларды жеке түр белгiлерiне (көлемi, бiртүстiлiгi немесе әр түрлiлiгi, статистикалық немесе динамикалық, жекеше немесе ұйымда қолдануға арнаулы және т.б.), құрастырылған затына қарай немесе дидактикалық түрде топтастырылады [3,38].

Көрнекi құралдар табиғи, бейнелеуiш, символикалық (нышандық), динамикалық болып бөлiнедi. Соның iшiнде бейнелеуiшке-оқу картиналары, диапозитивтер, диафильмдер, муляждар, макеттер, көркем суреттер жатады; символикалыққа-сызбанұсқа, мәтiндiк, сандық кестелер, диаграммалар, карта, таңбалық бейнелер жатады.

Жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үрдiсiнiң мiндеттерiн шешудегi көрнекi құралдарының қызметтерi олардың дидактикалық құрылымдары мен тәрбиелiк бағыттарына орай анықталады. Көрнекiлiк құралдары мектептегi оқыту мен тәрбиелеуде мынадай қызмет атқарады:
-оқушының жеке сезiм-күйiне әсер етедi, яғни таныммен, ғылыммен, өнермен байланыс жасауы мен тұрақтанушылық қызметi;
-ақпаратты меңгерудi жеңiлдетедi, яғни ақпараттық таныстырушылық қызмет атқарады;

-ақикатты объект жөнiндегi ақпаратты белгiлi шамаға дейiн ұғынуға мүмкiндiк жасайды. Оқушы санасын қалыптастыруда көрнекiлiк қызмет атқарады;
-iскерлiк дағдының қалыптасуына үлес қосады, яғни жаттықтыру қызметiн атқарады;
-оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесiн бақылауға ықпал етедi, яғни бақылау мен бағалау қызметiн атқарады.

Көрнекiлiк құралдары мынадай шарттарды ескергенде ғана, өз мiндеттерiн толық орындайды деп саналады:

-оқу бөлмелерiнiң, сыныптардың толық жабдықталуы;

-қажеттi құралдар мен жабдықтардың бiлiм беру мен оқыту аясында өз мүмкiндiктерiн жан-жақты жүзеге асыруы;

-оқу-тәрбие жүйесiнiң барлық салаларының кiрiктiрушiлiк, үйлесiмдiлiк және кешендiк мүмкiндiктерiнiң ескерiлуi;

-оқытушы мен оқушының қазiргi кездегi оқыту әдiстерiн пайдалану барысында көрнекiлiктердiң мақсатты пайдалана алуы [4,45].

 

Мектептегi оқу процесiнiң негiзi сабақ болып табылады. Оның бiлiмдiк мақсатын алатын болсақ, мынадай бөлшектерiн атауға болады: жаңа материалды игеру, сабақтың практикалық дағдысын меңгеру, бiлiмдi кешендi түрде қабылдау, бiлiмдi тексеру және жүйелi қабылдау. Осы сабақ түрлерiн қазiргi жаңаша дидактикамен байыта отырып, әдебиет сабағын өтуге қолдансақ, онда әдебиеттiң қарапайым ұғымдарынан бастап, теориясы мен тарихын, тiл дамытуды, сыныптан тыс оқу, әдебиет туралы әңгiме жүргiзуге дейiн жалғасып отырады.

Осы тұрғыдан алғанда әдебиет сабағында көрнекiлiк түрлерiн тиiмдi қолдана бiлу мәселесi де-маңызды мәселенiң бiрi. Көрнекi құралдарды қолдану мектеп тәжiрибесiнде әбден сыналған, ертеден қолданып келе жатқан тәсiл. Көрнекiлiк-әрбiр сабақтың тiрегi. Мұғалiм кейбiр түсiнуге күрделi материалдарды тез, оңтайлы түсiндiру үшiн көрнекiлiк түрлерiн қолданады. Қазақ әдебиетi сабағында мынадай көрнекiлiк түрлерiн қолдануға болады:
1.Сөздiк көрнекiлiк;

2.Заттық көрнекiлiк;

3.Сызбалық көрнекiлiк;

4.Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк.

Сөздiк көрнекiлiк. Басқа пәндерге қарағанда бұл көрнекiлiк әдебиет сабағында жиi қолданылады. Сөз арқылы қаламгер кейiпкер бейнесiн, оның қарым-қатынастық көрiнiстерiн, табиғат көрiнiстерiн әсем кестелеп, көркемдеп, оқырманына жеткiзедi. Олай болса, жазушы мақсатын, шығарма тақырыбын, оның тiл ерекшелiгiн, шығарма көркемдiгiн, кестелi суреттердi, кейiпкерлердiң өзiндiк, даралық ерекшелiктерiн, сол туындының өзiне, одан алған дәйектi мысалдарға сүйену арқылы ғана оқушыны сендiруге болады. Сөздiк көрнекiлiктiң жүйесiн дұрыс қолданғанда ғана оның тиiмдiлiгiн арттыруға қол жеткiзiледi.

Заттық көрнекiлiк. Бұл көрнекiлiктiң оқушылар үшiн айғақтық-заттық, тарихи-тәрбиелiк жағынан мәнi ерекше. Заттық көрнекiлiк жазушының өмiр жолын, шығармашылық iзденiсiн, әлеуметтiк ортамен қарым-қатынасын, оның танылу аймағын танытуды мақсат тұтады. Бұл көрнекiлiк қаламгердiң әр жылдары жарық көрген басылымдарын, қолтаңбаларын, мұрағаттық құжаттарын, заттарын, қаламгер шығармашылығы бойынша қойылған қойылымдарды, көрiнiстердi, жазбалар мен мұражай дүниелерiн қамтиды.

Сызбалы көрнекiлiктер. Бұл көркем мәтiн кейiпкерлерiнiң өзара қарым-қатынасын, шығармадағы оқиғаны байланыстырушы, қозғалысқа келтiрушi ретiндегi мәнiн, портреттiк сипаттарын, мiнез ерекшелiгiн, қаламгердiң туып-өскен жерi мен шығарманың арасындағы байланыстарды, оқиға өткен аймақтарды танып-бiлуде көмектеседi. Сызбалы көрнекiлiктi шартты түрде схема, таблица, карта деп үшке бөлуге болады.

Суреттi-түсiндiрмелi көрнекiлiк. Мұның ерекшелiгi әдебиет сабағы бейнелеу-сурет өнерiмен үндес көрiнедi. Портрет, плакат, иллюстрация тiлiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Олар бояу, түстер арқылы сөйлейдi. Суреттi-түсiндiрмелi көрнекi құралдарды қолдану арқылы өнер бiрлiгi танытылады[5,25].
Сабақ процесiнде “сыртқы белсендiлiгiне, яғни, мұқият тыңдауына, дұрыс жауап беруiне” ғана назар аударса, онда сабақтың күнбе-күн қайталанатын бiрсарындылығы оқушыларды жалықтырып, сабақтың әсерлiлiгiн төмендетедi. Сондықтан сабақты түрлендiрiп, көрнекi, қосымша материалдармен толықтырып отырған жөн. Сабақта қолданылатын көрнекi құралдар, оқу мазмұнына сай, әсерлi, мәндi, эстетикалық талғаммен жасалуы керек. Олардың түсiнiктi, ауызша айтылатын материалдарды толықтыра түсетiндей, оқушыларға жан-жақты, маңызды ақпарат беретiндей болуы тиіс. Әрi сабақтың бiлiмдiк, тәрбиелiк, дамытушылық мақсатын дәл көздейтiн нақтылығы болуы қажет-ақ. Көрнекiлiктердi сабақтың қай кезеңiнде және бiр сабақта қанша көрнекiлiк түрлерiн ұсынуға болатыны, көрнекi құралдың сабақта қолданылуы мен тиiмдiлiгiне байланысты. Мұғалiм оқу процесiнiң кез келген уақытында көрнекiлiктi қолдана алады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қ Р 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. 2003.

2. Сухомлинский В.А. Сто советов учителю. Ижевск, 1981.

3. Жұмабаев М. Педагогика. А., 1991.

4. Мусина К. Әдебиет пәнінде көрнекілік қолдану негіздері. // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 4, 2005.

5. Оқу процесінде көрнекілікті қолдану жолдары. // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 7, 2002.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 962; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.024 сек.