КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 2 страница
П3. «Барлық жұмысшыларды жұмылдыру» Адам факторының ескерілуі. Жұмысшылардың істелінген жұмысынан қанағат алуы. Өзінің өнеркәсібі үшін сенімділікпен қарайды. П4. «Акцент на процессы» керекті қорытынды алу жөнінде анақтама алу (қатер (риск) бағамы, нақты шарттарды қою, техникалық процестердің барлық стадияларында өкілетті жауапкершілікте. П5. «Менеджмент жақындау жүйесі» өлшеулер мен бағалаудың тұрақты жақсарулардың нәтижесіне жету, жағдайлар мен ресурстарды анықтау, содан кейін барып шешім қабылдау. П6. «Үздіксіз жақсару» өнеркәсіптің тұрақты да үздіксіз мақсаты болуы керек. Бұл принцип шарты-жұмысшылардың сұраныстарын жүйелеу, өнім сапасын тұрақты жақсарту, процестермен жүйелердің бірігуі, традициялық емес шешімдерді қолдану, потенциалдық жақсару саласында критерияларды анықтау. Барлық процестердің тиімділігінің жоғарылауы тұрақты. Әрбір жұмысшыны тұрақты жақсару циклі бойынша Деминг тәсілі мен жүйелеріне оқыту. Кедергілерді шешу анализдері және т.б. жақсартуды жүргізудің мақсатын анықтау, жақсаруды мойындау. П7. «Фактілер әсерінен шешім қабылдау тәсілі» Бұл принципті қолдануда есепке қатысы бар берілулер мен ақпараттарды жинау. Ақпараттардың дәл және сенімділігін қамтамасыз ету. П8. «Тасымалдаушымен тиімді қатынаста» Өнеркәсіп пен тасымалдаушы бір бірімен байланысты. Бір-бірімен қатынастары арқасында құндылықты құру қабілетінің ұлғаюы. Бұл принцип шарты-негізгі тасымалдаушының идентификациясы - баланс мақсатының негізінде тасымалдаушы мен қатынасты бекіту - тұтынушы сұранысын нақты түсінушілікте бірігіп жұмыс істеу - өндіріс ашық та нақты қатынаста - өнім сапасын жақсартуда біріккен өңдеулерді болдырмау - болашақта ақпараттар мен жетістіктермен алмасу - тасымалдаушының жақсаруы мен жетістіктерін мойындау. Осы принциптерді сақтау, және практика жүзінде жүзеге асыру өндірістік күшті талап етеді, бірақта бәсекелестіктің өсуі барлық шығындарды өтейді. Көптеген өндіріс орындары өздеріне сапа менеджментінің құрылымының құрылуын мойындайды және ИСО-9000 шарттарына сәйкес сертификацияларды жүргізеді: Біріншіден-заказ беруші тек сол тасымалдаушыны қалайды, егер оның сапа құрылымын сертификаттау нормаларға сәйкестендірілсе. Екіншіден-бұл жақсы жарнама, бәсекелестікте өздерінің жақсы нәтижелерін көрсетулерін қамтамасыз етеді. Үшіншіден-құрылым «жасырын өндірісте» максимальді қысқартулардан пайда әкеледі. Төртіншіден-сертификатталған сапа құрылымының болуы, сақтандыру компанияларымен шартқа отырған кезде аргумент болып саналады Өндірістерде ИСО 9001: 2000 енгізудің артықшылығы: * саланы бақылайтын құжатталған құрылғымен қамтамасыз; * процедуралардың жазылуы, тұтастай өкілеттілігін анықтайтын, жауапкершілікті, өзара қатынасын және мамандықтарын меңгеруін; * тұтынушының қанағаттануынан нарықта өнеркәсіптің дәрежесінің деңгейінің жоғарылауы; * сәйкессіздікті анықтауға мүмкіндік беретін, оларды басқару мен кері қатынасты шешетін құрылғымен қамтамасыз ету; * қорытымды және тиімді шығындарды ұсыну; * қызметкерлер мотивациясы; * қызметкерлерді оқытуда қажеттілікті қамтамасыз ету саласына енгізілетін өзгертулерді бақылау; * жауапкершілікті сапа саласында алға ұмтылу мен сапаны тұрақты жақсарту арқылы жарнамалау; * ұйымда ақпараттау құрылымының жақсаруы; * сапа менеджмент құрылымының тиімділігі мен деңгейін растайтын ақпараттың болуы; * жаңа қабылданған жұмысшыларды таныстыратын кіріспе ақпараттардың болуы Қазахстан Республикасының аумағында материалдарды сынау мен техникалық жағдайларын сипаттайтын стандарттар: республикалық гармонизирленген, мемлекет аралық және AASHTO (егер объектіні Дүниежүзілік даму банкі қаржыландырса) қолданыста. Инженерлік шешімдердің технико-экономикалық көрсеткіштері олардың экономикалық тиімділігіне ықпал етеді. Пайдалану көрсеткіші: қозғалыс қауіпсіздігін, жолдың инженерлік қондырғылары, қажетті қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз ету, жол жамылғысының беріктігі, тегістік пен жамылғының ілігісу сапасына ықпал етеді. Өнім сапасын жоғарылату соңғы түрде тура экономикалық нәтиже береді және ол социальді нәтижеге әкеледі. Бірақта технологиялық процессте қажетті сапаны қамтамасыз ету белгілі бір шығынға әкеліп соғады. Талаптарды жоғарылатқан сайын бұл шығындар да өсе түседі. Жаңа деңгейге өтудің экономикалық нәтижесі мына формуламен есептелінеді. F=C1-C2-EH(DK2+Фл)+(Э1-Э2) C1-C2-соңғы өнiмнiң өзiндiк құны EH-капитал салудың нормативтiк коэф-тi Фл-негiзгi қордың бағасы Э1-Э2-ескi нормативтiк деңгейдегi жолдың пайдалану шығыны.
Сапаны көтеру тiкелей үнемдiлiк беру керек F>0 Ақаудан жоғалауы формуламен берiледi
Fб=a+P-L+N
a-өнiмнiң ақауының өзiндiк құны Р – қымбаттаудың өзiндiк құны L – таратушы баға N – уақытынан ұстаудан тапсырыс берушiнiң жоғалтуы
Ақау бағаланып және оған сәйкес санкциялар қолданылады. Францияда ц/б жамылғысының берiктiгi 15-20% төмендегенде төмендi 20%-ға төмендетедi. 25% төмендегенде айлық ақшаны 50% төлеймейдi. Кейбiр дефектердi техникалық жағынаң жасау мүмкiн болса, жоғалуын келесi формуламен анықтайды: Fисп=U+N U – ақауына жұмсаған шығын N – уақытынан ұстаудан тапсырыс берушiнiң жоғалтуы. § 3. Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды ұйымдастыру ҚР жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау құрылымының структурасы 1 суретте келтірілген.
Сурет 1. ҚР ЖҚМ сапасын бақылау структурасы
Құқылық және ұйымдастыру-әдістемелік негізі аяқталған объектілер мен жұмыстарды қабылдау сәулет жөніндегі, қалашық құрылысы мен Қазахстан республикасының құрылыс саласының заңы болып саналады, толық түсініктеме ПР РК 218-35-04 бекітілген және келісілген жобалық құжаттар мен нормативтік құжаттар инженерлік қондырғылар мен қолданылған материалдарға сәйкес, сонымен қатар шарт талаптарына сәйкес. Бақылаудың барлық стадиясындағы ақаулар подрядчиктің немесе субподрядчиктің қорынан жасалады, бұл жөнінде заказ беруші мен оны орындаушы (подрядчик) келісім шарттарында келтірілген. Құрылыстың сапасын бақылауда кешенді жұмыстардың орындалуы үшін атқарушы сапа жұмысының қызметін ұйымдастырады, немесе тәуелді яғни мемлекеттік лицензиясы бар, аттестациядан өткен және зертханалық қондырғылары сынақтан өткен зертханалармен шартқа отырады. Атқарушының сапа қызметі өзінің жұмыс барысында нағыз инструкция ПР РК 218-35-04, қызметтік инструкциясы, СНиП, ГОСТ, ТУ, СТ РК ИСО 9001, жобалы-сметалы құжаттар және т.б. нормативті құжаттармен жұмыс істейді. Атқарушының сапа қызметінің негізгі міндеті: - құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру (бастапқы және операциялық бақылауларды қосқанда); - стандарттарға сәйкес материалдарға, бұйымдар мен конструкцияларға сынақтар жүргізу; - технологиялық пәндердің сақталуын бақылау, ақаулардың болуын анықтау және олардың жойылуын бақылау; - құрылыс жұмыстарының аспаптық бақылауы; - өндірістік және орындалушы құжаттарды енгізудің нақтылығын бақылау; - орындалған жұмыстарды қабылдауда комиссия жұмыстарына қатысу, кепілдік мерзімі кезіндегі ақаулардың пайда болу себебін анықтауда сұрыптамаға қатысу; - қажет болған жағдайда материал мен бұйымдарды тасымалдаушыға наразылық арыз жазу. Бастапқы бақылау кезінде атқарушының сапаны бақылау қызметі келіп түскен барлық материалдардын әр бөлігін тексереді, қоймаға жинау стадиясы мен объектіге жеткізу стадиясында. Жол-құрылыс материалдарының әр бөлігі нақты объекті үшін жарамды деген аттестациядан өтуі керек, осы жөнінде зертханалық бақылау журналы мен зертханалық қорытындылауда жазылуы керек. Жұмыс сапасын бастапқы бақылаудың орындалуы кезінде қажетті журналдар тізімдемесі: - тас материалдарының физико-механикалық қасиетін сынау журналы; - органикалық тұтқырғыштарды сынау журналы; - түрлі қоспаларда құрамын таңдау журналы; - цементті сынау журналы; - түрлі қоспа дайындауда қажетті материалдарды сынау журналы (судың химиялық анализін қосқанда); - цемент бетон және т.б. қоспаларды таңдау мен сынау, сынақты үлгілер журналы; - келіп түскен темір бетон материалдары мен конструкциялардың сынау журналы. өнім сапасының қасиетін өлшеу үшін аспапты, органолептикалық және аралас тәсіл қолданылады. Аспапты тәсіл өнім қасиетінің көрсеткіштерінің бағалауда аспаптарды қолдану негізінде құралған.Олардың ғылыми базасы бар және жобалау кезінде, өндірісте және қолданылуда кеңінен пайдаланылады. Органолептикалық тәсіл адамдардың сезу анализі негізінде құралған.Бұл тәсілдер өнім қасиетін өлшеу кезінде аспаптардың көмегімен өлшеуге келмейтін (топырақтардың біртектілігі, жобаның эстетикасын). Кез келген органолептикалық тәсіл субъективті болып келеді, осы кезге дейін кең көлемде дамыған ғылыми базасы бар. Аралас тәсіл аспапты және органолептикалық тәсілдердің қосылуы. Тәсілдің теория жүзінде ашылмаған, бірақ практикада кеңінен қолданылады. өнімнің сапа көрсеткішінің мәндері қолданылған құрамына қарай әртүрлі тәсілмен анықталады: - экспериментальді, техникалық өлшегіш құралдармен жүзеге асады немесе болып жатқан шаралар мен объектілерді санау жолымен; - есептік, басқа тәсілдермен анықталған өнім параметрлерінің мәндерін есептеу арқылы; - органолептикалық, өлшегіш құралдардың көмегінсіз, сезім мүшелерінің қабылдау негізінде; - социологиялық, пайдаланушылардың ойларын жинау мен қорытындылау негізінде; - сұрыптық, маман-сұрыпшылардың ойларын ескеретін. Сапаны қамтамасыз етудің құрылымының ұйымдастыру структурасы екі деңгейде келтірілген: мемлекеттік және ведомстволық бақылау. Мемлекеттік бақылау - бұл мемлекеттік басшылық жағынан сапаны бақылау құрылымы, жол-құрылыс өндіріс саласында бақылауды жүзеге асырады (сәулет-құрылыс инспекциясы, Мемстандарт және т.б.). Ведомстволық бақылау деңгейінде техникалық және өндірістік бақылау жүзеге асады. Өндірістік бақылау – бұл жұмысты өндірушінің өзіндік бақылауының құрылымы, өндіріс жұмыстары кезінде технологиялық процесстің міндетті элементі болып саналады. Өндірістік бақылауға бастапқы, операциялық және қабылдау бақылауларының формасы қосылады.
Сурет 2. Өндірістік бақылаудың структурасы
Ескерту: өндірістік бақылауда бастапқы, операциялық және қабылдау бақылаулары жүзеге асады.
Бастапқы – бұл бақылау тасымалдаушыдан келген өнімдер, соның ішінде жол-құрылыс материалдары, бұйымдар, жартылай дайындалған бұйымдар, жасанды қондырғыларды монтаждауға қажетті темір бетон конструкциялары, сонымен қатар экологиялық және мемлекеттік сұрыптаудан міндетті түрде өтетін жобалы-сметалы құжаттарды тексеру. Операциялық – бұл бақылау өндіріс жұмыстары кезінде және одан кейін де орындалатын технологиялық процесстер. Қабылдау бақылауы – бұл бақылау, аяқталған жолдың (қондырғы) конструктивті элементтерін бөлек қабылдау немесе бөлек аяқталған жұмыстар, соның ішінде субподрядті ұйымдармен орындалған жабық жұмыстар мен конструктивті элементтер, сонымен қатар аяқталған құрылыс және жөнделген объектілер. өндірістік бақылаудың мақсаты ақауларды ескерту, оларды уақтылы анықтау және ақауларды түзету, технологиялық пәндерді жоғарылату мен орындаушылардың өзіндік міндеттілігін барлық деңгейде көрсету. өндірістік бақылау келесі стадияларға бөлінеді: - жабық жұмыстарды қабылдау; - аяқталған жұмыс пен аяқталған конструктивті элементтерді аралық қабылдау; - толығымен тұрғызылған, күрделі жөндеуден өткен және жөнделген жолдарды қабылдау. Техникалық надзор – бұл қызығушылық танытқан ұйымдардың қызметімен орындалған таңдау бақылауы. Ол бөлінеді: - заказ берушінің қызметінің бақылауы; - жобалық ұйымдарының өкілдік авторлық бақылаулар; - тәуелді инспекциялық бақылау өкілдері. Операциялық бақылау кезінде жұмыс атқарушының сапа қызметі технологиялық процесстердің орындалуын, бөлек операциялардың дұрыс орындалуын бақылайды. Операциялық бақылаудың қорытындысы болып сапа көрсеткіштері жөнінде ақпараттар, осының негізінде ақауларды ескерту мен оларды жоюды шаралары өңделіп жүзеге асады. Операциялық бақылау жұмыс атқарушының сапа қызметімен орындалады соның ішінде жұмыс өндірушілері (бригадирлер, мастерлер, прорабтар). Жұмыс сапасын операциялық бақылау кезінде қажетті журналдар тізімі: - жер төсемесін тығыздау және топырақ сапалығын сипаттайтын бақылау журналы; - түрлі қоспалардың үлгісін сынау және құрамын анықтау журналы; - асфальтобетон қоспаларын жаю журналы; - жол жамылғыларының конструктивті қабаттарын тығыздау журналы; - жол жамылғысының конструктивті қабаттарының шабындыларын сынау журналы; - өндіріс жұмыстарының журналы; - түскен техникалық құжаттар журналы; - жұмыстарды жүргізу сапасы жөнінде ескертулер мен ұсыныстар журналы; - инженердің, авторлық надзордың қызметтерінің инспекциялық бақылау мен қолданылған шаралар жөнінде берілген алданала жазылу журналы.
Жұмыс атқарушының сапа қызметі келесі функцияларды орындайды: - жоба талаптары мен нормативтік құжаттар бұзылған жағдайда ары қарай өндіріс жұмыстарын жүргізуге рұқсат бермейді және жауапты адамдарға ақауларды жоюға және жұмыстың орындалу ережелерінің бұзылғандығы жөнінде хат жазылып талаптардың орындалуы сұралады, бұл талап хат тек басшының жазбаша бұйрығымен ғана өзгертілуі мүмкін; - қажет болған жағдайда қайта сұрыптау жүргізілуін талап етеді; - сапалы жұмыстары жөнінде ұжымды, бөлек жұмысшыларды марапаттау жөнінде басшыларға ұсыныс беріледі; - жұмыстың төмен сапалығына қатысты бөлек жауапты адамдарды, ұжымды жауапкершілікке алынуы жөнінде ұсыныстар беріледі; - құрылыс ұйымдарының қорытындылау жұмыстарына қатысады.
Авторлық надзор жобалық құжаттарды өңдеушімен ҚР ҚНмЕ 1.03-03-2001 сәйкес орындалады. Қазақстан Республикасының бекітілген әсер етуші заңдылықтарының тәртібі бойынша авторлық надзордың өкілі: - ҚР КжКМ № 218-35 бұйрығы бойынша жұмыс өндіруші жауапты адамдарға ақауларды жоюға және олардың пайда болу себебін анықтауға хат түрінде талап етеді; - Жұмыс атқарушының өкілінің міндетті түрде қатысуымен өзіндік бақылау жүргізеді; - Жұмыс сапасының қайта бағалануының жүргізілуін талап етеді; - Бақылаушы бөлімдердің комиссия жұмыстарына қатысады; Авторлық надзордың негізгі мақсаттары: - Жобалық шешімдерді таратуға әдістемелік көмек көрсетеді; - Жұмыс сапасын төмендетпейтін және құрылыстың қымбаттауына әсер етпейтін жобаның өзгертулеріне келісім беру. Болған ескертулерді авторлық надзор журналына енгізу. Инспекциялық бақылау Мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен жүргізіледі. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері келесі есептерді жүзеге асырады: - Орындалған жұмыстардың төлемі жөнінде құжаттарды талап ету; - Заказ беруші мен жұмыс атқарушының бақылау қызметтерінің жұмыс журналын тексеру; - Ведомстволық мемлекеттік органдарға заказ беруші, жұмыс атқарушының, материалдарды тасымалдаушының жауапты адамдарына атқарылған сапалы жұмыстарын марапаттауға ұсыныстар беру. Сапаны бақылау бірлік сапа көрсеткішінің санының негізінде жүзеге асады. Көптеген объектілерде өлшеулерді жүргізу үшін бірлік пен талапты дәлдікті қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар өлшеу жұмыстары зертханалық бақылау мен геодезиялық өлшеулерде жүргізіледі. Метрологиялық бақылау құрылымы мемлекеттік метрологиялық қызметпен ведомстволық метрологиялық қызметтен тұрады. Стандартты емес және төменгі (жіңішке) сала өлшеу құрылғылары тексеруден өтуге, бақылауға, жөндеуге және ведомстволық метеоқызметтен аттестациядан өтулері керек. Жол саласында 60% пайызға жуық аспаптар төменгі (жіңішке) салаға жатады және ведомстволық метеоқызметпен осы аспаптарды ойлап жасаған ұйымдардың арнайы әдістемелік нұсқаулар негізінде тексеріледі. Мемлекеттік метрологиялық қызмет топырақтарды, жол-құрылыс материалдарын, темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын, түрлі беттік-активті қоспаларды дәл және өте жоғары дәлдіктегі аспаптардың көмегімен тестілерді жүргізген кезде дәлдікті бақылауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің негізгі міндеті болып: - өндірістің стандарттарын жаңартуда уақытылы жұмыстарын жүргізу мыналарды қамтиды: -жинақтау, жол сапасы жөнінде ақпараттарды өңдеу, жаңа бақылау аспаптарын қолдану кезінде өндірістік процесстердің жағдайы мен жүрістері; -сапаға әсер ететін факторлар мен жағдайларды болдырмауға бағытталған шешімдерді қабылдау мен дайындау.
Бөлім 2. Бастапқы бақылау § 4. Жол құрылысында геодезиялық бақылау сапасы
Геодезиялық бөлулердің негізін құруды заказ берушінің геодезиялық қызметі жүргізеді. Тұрғылықты жерде геодезиялық бөлулерге жататындар: а) белгілер, бұрылу бұрыштарының төбесін бекіту және айналудың басты нүктелері, сонымен қатар түзу аймақтардағы жолдың осі жиі емес әр 1 км; б) жол трассасының бойындағы реперлер (жиі емес әр 2 км) Осы белгілер арнайы ведомостарда тіркеледі. Көпір, құбыр және де басқа қондырғылар үшін геодезияның негізі ҚНмЕ «Мосты и трубы» сәйкес құрылады. Геодезиялық қызмет жол құрылысында, құрылыстың барлық стадиясында жобалаудан бастап объектіні пайдалануға дейінгі геодезиялық жұмыстардың орындалуының сапасын бақылайды. Қызмет құрамы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне байланысты. Геодезиялық қызмет қосымша бақылау қондырғыларын жүйелеуге қатысады. (мысалы: откосниктер, асфальт төсегіштегі плиткалар және де басқа жабық қондырғыларда). Геодезиялық бөлулердің бөлшектену негізінің құрамына енетіндер: - Геодезиялық негіздің барлық белгілерін жол жиегінің шекарасынан ары шығару; - Пикеттерді бөлу мен плюстік нүктелерді жол жиегінің шекарасынан ары шығару; - үйінді > 3м қосымша реперлерді қондыру, ойық тереңдігі > 3 м, жасанды қондырғыларда, ғимараттарда және т.б. қиылысу жерлерде аралық реперлерді қондыру; - қисықтар мен өтпелі қисықтарды бөліп шығару және аралық нүктелерге бекіту; - жол-құрылыс машиналарының жұмысын геодезиялық басқару; - орындалған жұмыстарды геодезиялық бақылау; - планда жол төсемесінің орналасуын бақылау(таңдау өлшеулермен) - нивелирленген жолдың ұзына бойлық профилі; - көлденең профилі (көлденең қиманы нивелирлеумен); - жер төсемесі мен жүру бөлігінің ені; - суағарлардың еңістігі мен пішіндері, құлама беткейлері; - жамылғы тегістігі; - пландағы және ұзына бойлық профильдегі биіктік белгілер; - қисықтарды бөлудің орындалу дәлдігі; - жол осінің бекітілу дәлдігі. Қондырғылардың формасы мен пішіндерінің ауытқуларын, жол элементтерінің салыну дәлдіктерін анықтау үшін, орындалатын геодезиялық түсірім аяқтау стадиясында орындалады. Геодезиялық бөлу жұмыстардың СН и П III – 40 – 78 бойынша тексеріледі. Жол жобасын жерге орналастыруда жіберілетін ауытқулар 1 кестеде келтірілген мәндерден аспауы керек. 4.1 кесте
Орындалатын түсіріс бір данада орындалады және жұмыс атқарушы жұмысын тапсырған кезде заказ берушіге табыстайды..
Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1232; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |