Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 3 страница. §5. ЖСҚ (жобалы сметалы құжат) сапасын бақылау




 

§5. ЖСҚ (жобалы сметалы құжат) сапасын бақылау. ЖСҚ сұрыптау

Қазақстан Республикасында арнайы тәртiппен құжаттық сараптама жобалары өңделiнулері, келісулер, жобалық құжаттарға ҚР заңдарымен бекітіледі «Техникалық келтірулер жөнінде» 29 желтоқсан 2006 ж № 209-III, сонымен қатар 20ақпан 2007 ж п. 16 өзгертулер мен қосымшаларға сәйкес. Жобалы-сметалы құжаттар инновациялық технологиялық жобалаулардың енгізулерін, ресурстардың барлық түрлерінің пайдалану тиімділігін ескере отырып жасалынады. Жобалы-сметалы құжат, өткізілген тендер қорытындыларының негізінде жұмыс атқарушы ұйымға табыс етіледі. Тендерді өткізуге дайындық қатысуға өтініш білдіргеннен кейін және біртіндеп ақшалай қаражат аударғаннан кейін басталады. Тендерге қатысатын өндіріс, ұйымдар өте жоғары бәсекелестік жағдайда жұмыс істейді.

Сараптама қаржыландыруға тәуелсiз, өзiңдiк формалар және ведомствалық құжаттар, Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жүргiзiледі.

Мақсаты-жобалық шешімдердің нормативті-техникалық базада ғана емес сонымен бірге ҚР заңдылықтарының талаптарына сәкестігін бағалау «Техникалық келтірулер жөнінде 29 желтоқсан 2006 жыл № 209-III

 

Сараптамаға жататындар.

- Жол категориясын дұрыс аңықтау;

- Есептік жылдамдықтар;

- әсер етуші салмақтар;

- көлденең қима параметрлері;

- Жоспар және ұзына бойлық профильдің параметрi;

- Ландшафты жобалау шарттары;

- Жасанды қондырғылар есептері;

- Жол жамылғысын жылжу, беріктікке есептеу;

- Сметалық есептердің құрастырылу сапасы;

- ПОС жасалуы;

- Қоршаған ортаны қорғау шараларының барлығы;

- Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Ғылым мен техника саласында технологиялық шешімдердің сәйкестігі (көпшілік ойларын ескере отырып);

- қор аудару тиімділігінің көзқарасымен жобалық шешуде қабылданатын бағалаулар;

- Жол ұйымының жұмысын көпшілік ойлары, көпшілік бөлімдері, жолды пайдаланушыларды біріктіретінін ескеріп бағалау;

- Сұқпат жүргізу арқылы жол қызметін бағалау.

Бекітілген жобалы-сметалы құжат жобалауға, құрылысты қаржыландыруға және құрылысты толық аяқтауға негіз болады.

Көліктерді жетілдіру мен инфраструктура келісімі бойынша ҚР көлік және коммуникациялар Министрлігігімен жобалы-сметалы құжаттарды сұрыптау орталандырылған жүйеде жүргізіледі. Сонымен қатар РГП филиалдары «Мемлекеттік сұрыптау» ҚР облыс орталықтарында орналасқан. Существуют также филиалы РГП «Государственная экспертиза» в областных центрах РК.

ҚР заңдарының әсер ету жиегінде «техникалық келтірулер жөнінде» сараптама жұмысының міндеті өзгереді.

Бұрын сараптама жұмысының мақсаты қабылданған инженерлік шешімдер-нормативтік құжаттарды тексеру болса, ал қазір қор аударудың тиімді пайдалануы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес жоба анализдерімен айналысуы керек.

Осындай функцияны-РГП орындайды «ҚР мемлекеттік сараптамасы»

Мемлекеттік сараптама келісілген шартқа сәйкес жүргізіледі.

Кәзiргi күнi бар дәлелдi мөлшердегi орындайтын құжаттарды мемлекеттiк бақылау органдарының келiсуiмен жасау керек. Ол мерзiм 15 пен 30 тәулiктiң арасында болуы шарт.

Жобалы-сметалы құжатты алған күннен бастап 30 күн ішінде- бас жұмыс атқарушы (генподрядчик) сұрақтарды міндетті түрде қарап және заказ берушіге және жобалау институттарына жіберу керек.

Егерде жұмыс жобасын және смета мерзiмiн бұзған кезде келiсiм шарт бойынша сол жоба өзгертілмеген күйінде қаралады. Егерде заказ берушi мен бас жұмыс атқарушы арасында келiспеушiлiк болса, соңғы шешiмдi ҚР көлік және коммуникация Министрлігінің инфраструктурасы және көлік даму Комитеті қабылдайды.

ҚР заңдарының орындалуын қамтамасыз ету «Техникалық келтірулер жөнінде» көптеген аспектілер пайда болады, пайдаланушының компетентті ролі туралы айтылады.

Жол қызметі саласында бағалау критерияларының өзгеруі жол саласының ғылыми-техникалық дамуына, техникалық деңгейінің жоғарылауына, жобалау ұйымдарының бәсекелестік деңгейінің жоғарылуы, негізгі кезекте жобалық жұмыстармен халықаралық нарыққа шығуына мүмкіндік береді.

 

§ 6. Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бастапқы бақылау

 

Өндіріс жұмыстары басталар алдында жобадағы қабылданған шешімдердің резервтегі, карьер, ойықтардағы, табиғи негіздегі, резерв көлемінің дұрыстығы, топырақ жағдайы мен құрамының фактілік көрсеткіштерінің сәйкестігі тексеріледі.

Автомобиль жолдарының құрылысында және қайта салынуда ҚНмЕ 3.06.03-85 шарттарынан басқа техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияға қатысты нормативтік құжат шарттарын орындау керек.

Технологиялық шешімдер қоршаған ортаға шығын әкелуіне рұқсат етілмеуі керек және геологиялық және гидрологиялық жағдайларының өзгеруне әкелетін табиғи баланстың беріктілігін максимальді сақтау керек. Табиғи құнарлы қабаттың бүлінуіне, құрылыс салынатын аумағынан әрі қарай жобалық және дренажды-кептіру жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Механизмдерді қабылдаған кезде атмосфераға бөлінетін газдардың шектелуін, санитарлық нормаларды сақтау керек. Органикалық тұтқырғышты материалдарды сақтайтын қоймаларда жылыту қондырғысы және өртке қарсы аспаптары болуы керек. Тас материалдарын рельсті қондырғылардағы бункерлерде түсіру керек. Минераль материалдарды сақтайтын аймақта жел раушаны сақталу керек. Жол жамылғысынң қабаттарын салу жұмыстарын дайын және ереже бойынша қабылданған жер төсемесінде салынуы керек. Жер жөсемесінің қабаттарын тығыздауда каток шетінен ортасына қарай каток ізінің 1/3 жүруі керек. Қоспа құрамын таңдау ГОСТ, немесе AASHTO шарттарының талаптарына сәйкес болуы керек.

Жер төсемесін тұрғызу кешенді ағым жұмысы басталар алдында топырақтың тығыздалуы сыналуы керек және қорытындысы жалпы жұмыс журналына жазылуы керек.

6.2. Материалдар мен өнімдердің сапасының бастапқы бақылауы. Өндіріс жұмыстары алдында жол зертханалары бастапқы бақылау стадиясында топырақтың зертханалық сынақтан өткізеді (құрамы, түрі, әртүрлілігі, ылғалдылығы, тұздылығы). Сынақ қорытындылары ведомоста толтырылады, және топырақтарды сынаудағы зертханалық қорытындысы деп безендіріледі. Топырақ сұлбасын арнайы шурфтардан және скважиналардан (кем дегенде 1 км резервтен немесе 10000 м3 қосымша резервтерден, карьерлерден, ойықтардан) алынады. Қиындықтар болған кезде сұлба саныда көбейеді. Біртекті топырақтарда бір сұлба алынады, біртекті емес топырақтарда тереңдігіне қарап кем дегенде үш сұлба алынады. әкелінетін барлық темір бетон бұйымдарына, битум, эмульсия және т.б. материалдарға құжаты мен сертификаты болуы керек, болмаған жағдайда шағым хат жазылып, зертхана сапалық көрсеткішін анықтайды.

Асфальтобетон мен цементобетон қоспаларының құрамын таңдау бастапқы бақылауда жүргізіледі. Асфальтобетон немесе цементобетонның рациональді құрамы қабылданғаннан кейін, зертханалық қорытынды жазылады. Бекітілген АБЗ немесе ЦБЗ операторларына беріледі.

Темір бетон конструкцияларының беріктігін тексеру үшін Кашкарек балғасы қолданылады.

Бастапқы бақылау кезіндегі барлық өнім міндетті түрде ГОСТпен бекітілуі және уақытылы зертханалық қорытындысы болуы керек.

6.3. Жер төсемесін тұрғызу кезінде бастапқы бақылау.

Жол құрылысында қолданылатын топырақтар, түріне, құрамына, жағдайына, ісінуіне, шөгуіне, мұз болып қату дәрежесіне қарай ГОСТ 25100 сәйкес бөлінеді. Топырақ классификациясының сипаты мен тұздану дәрежесі кесте 6.1., 6.2. келтірілген.

Кесте 6.1. Сапалы тұздану сипаты бойынша топырақ классификациясы.

№ п.п. Тұзданудың аталуы Тұзды құрауы Cl / SO
1. Хлоридті
2. Сульфатты-хлоридті 2,5-1,5
3. Хлоридті-сульфатті 1,5-1,0
4. Сульфатті Менее 1,0

 

кесте 5.2. Тұздану дәрежесі бойынша топырақ классификациясы

Топырақтар Тез еритін тұздардың орташа жиынтық құрамы, % құрғақ топырақ салмағынан алғанда
Хлоридті және сульфатті-хлоридті тұздануы Сульфатті, хлоридті-сульфатті және тұзды тұзданулар
V жол-климаттық аймақ Қалған аймақ V жол-климаттық аймақ Қалған аймақ
Азтұзданған 0,5-2 0,3-1 0,5-1 0,3-0,5
Орташа тұзданған 2-5 1-5 1-3 0,5-2
Қатты тұзданған 5-10 5-8 3-8 2-5
Артық тұзданған 10 жоғары 8 жоғары 8 жоғары 5 жоғары

 

Ескерту – аз тұзданған топырақтарға жататын топырақтар тез еритін тұздардың болуы V жол-климаттық аймақта 0,5 %, ал қалған аумақтарда 0,3 %. Жер төсемесінің жоғарғы бөліктеріне қолданатын топырақтарды қосымша құрамы бойынша бөледі (сазды топырақтар), ісінуі, шөгуі мен мұз болып қатуына бейім, сонымен қатар мұздануы және еріген кезде шөгуі 6.3.-6.6. кестеге сәйкес келтірілген.

Кесте 6.3. топырақ түрлілігі (гранулометрилық құрамы мен илену саны)

Түрлілігі Құмдақ бөлшектердің құрамы (2-0,5 мм), % салмақ бойынша Иілу саны Ip
Құмдақ Құмды 1-7
Шаңды 1-7
Саздақ Жеңіл құмды 7-12
Жеңіл шаңды 7-12
Ауыр құмды 12-17
Ауыр шаңды 12-17
Саз Жеңіл құмды 17-27
Жеңіл шаңды 17-27
Ауыр Рұқсат етілмейді 27 жоғары

 

Кесте 6.4. Қолдағы бар топырақтардың түрлілігі

Түрлілігі Жоғары бөлшек құрайтын 2 мм, в % салмақ бойынша
құмдақ, саздақ, саз (шағыл таспен) 15-25
құмдақ, саздақ, саздар галечниковые (шағыл тасты) немесе гравелистые (дресвяные) 25-50

 

Кесте 6.5. Сазды топырақтардың түрлілігі, жүктемесіз ісіну деформациясы

Сазды топырақтардың түрлілігі Жүктемесіз ісіну деформациясы
Ісінбейтін
Аз ісінетін 0,04-0,08
Орташа ісінетін 0,08-0,12
Қатты ісінетін

 

Кесте 6.6. Топырақ түрлілігі, тоңу кезіндегі мұздану дәрежесі

Сазды топырақтардың түрлілігі Жүктемесіз ісіну деформациясы
Мүлде мұзданбайтын
Аз мұзданатын 0,01-0,035
Орташа мұзданатын 0,035-0,07
Қатты мұзданатын
Мөлшерден артық мұзданатын

 

Ерекше топырақтарға жататындар: торфтанған, сапропели, илы, лессы, ылғал солончактар, сазды мергелдер и мергелді саздар, дочетвертичные глинистые грунты және сланцты саздар, қаратопырақ, көшпелі құмдар; техногенді топырақтар (өнеркәсіп қалдықтары).

Әлсіз топырақтарға байланысқан топырақтар жатады, табиғи жағдайда жылжу кезінде болатын беріктігі 0,075 Мпа. Әлсіз топырақтарға жататындар: торфтанған топырақтар, илы, сапропели, сазды топырақтар консистенция коэффициенті 0,5 жоғары, ылғал солончакты топырақтар. Дренирлеуші топырақтарға мына топырақтар жатады ГОСТ 22733 сәйкес стандартты тығыздау кезінде максимальді тығыздығы бар фильтрация коэффициенті 0,5 м/тәу кіші.

Біртекті емес дәрежелі құмдар ГОСТ 25100 бойынша 3 кіші, сонымен қатар майда құмдар салмағы бойынша 90 % кіші түйіршік размері 0,10-0,25 мм біртекті құмдарға жатады.

Жер төсемесін тұрғызу процессі ұйымдасқан түрде, үздіксіз жүргізілуі керек.

Үйіндінің бір қабатында әр түрлі топырақ қолдануға болмайды, болған жағдайда арнайы жобада қарастырылған жағдайда.

Үйіндіге топырақты шетінен ортасына қарай, қабаттап, жер төсемесінің құлама бөлігін қоса барлық еніне салу керек. Жер төсемесін тұрғызар алдында жобада қабылданған көрсеткіштердің сәйкестігі тексерілуі керек (бөлшек ірілігі, сазды топырақтардың иленгіштігі) және ылғалдық жағдайын, карьердегі, резервтағы, ойықтағы, табиғи негіздегі топырақ тығыздығын. Құрылыс кезінде беткей мен құламалардың еңістігі 1:3 тік болса, сонымен қатар әлсіз топырақтарда құрылыс кезінде нивелирмен жер төсемесінің отыруы мен жылжуы жоқпа соны тексереді. Топырақтың сынап тығыздау журналы жүргізіледі.

6.4. Негіз бен жамылғыны бекітілген топырақтардан салу кезінде жүргізіледі:

- Топырақтың гранулометриялық құрамын және біртектілігін бақылау;

- Дайын қоспаның және топырақты тығыздар алдында топырақ ылғалдылығы тексеріледі;

- Күлдің және золоминеральді қоспаның қажеттілігі, үгітілген әк байланыспайтын топырақтарға қоспа ретінде пайдалануы қоспа бөлшегі 0,071 мм майда (60% кіші) және 2 мм ірі (5% үлкен). Байланысқан топырақтарда золоминеральді қоспаның ірі фракциялары қолданылуы мүмкін. Шағыл тастан негіз бен жамылғыны салу кезінде бастапқы бақылауда сығылу кезіндегі беріктігі, шаңды-сазды бөлшектерінің құрамы, аязға төзімділік маркасы Қазахстан территориясы бойынша МРЗ 25 төмен болмауы керек. (кезектесе қатуы мен еру циклі) Эмульсияны ГОСТ 18659-81 бойынша бақылайды. Эмульсияның сапасын жоғарылату үшін физико-механикалық активизация тәсілін, активті заттар мен полимерлерді қолдану керек. Минеральді ұнтақты алдын-ала қыздырмай тұрып та қолдануға рұқсат етіледі.

- Құжаттардың болуы мен зауыдтан тасымалдаушыдан келіп түскен барлық материалдың сапа сертификатының болуы керек және міндетті.

 

3. Бөлім. Бақылау аспаптары, сынақтан өткізу, топыраққа қойылатын талаптар

 

§7. Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау

Сапаны бақылау автомобиль жолының салыну технологиясының құрамдық бөлшегі болып саналады. Операциялық бақылаудың тізімі ҚНмЕ 3.06.03-85 жазылып көрсетілген.

Операциялық бақылауда жер төсемесінің сапасы тексеріледі:

1) Жер төсемесінің остік сызығының жобада және биіктік белгілерінің дұрыс орналасуы;

2) Алынатын құнарлы қабаттың қалыңдығы;

3) Жер төсемесінің негізіндегі топырақ тығыздығы;

4) Қолданылатын топырақ ылғалдылығы;

5) Салынатын қабаттардың қалыңдығы;

6) Үйінді қабаттарында топырақтың біртектілігі;

7) Үйінді қабаттарында топырақ тығыздығы;

8) Беттік тегістігі;

9) Жер төсемесінің көлденең қимасы (өс пен жол жиегінің арасы, көлденең еңістік, құлама жақтаулары);

10) Суағарлар мен дренажды қондырғылар, қабаттардың салынуы, құламалар мен жол жиектерінің бекіту жұмыстарының дұрыс орындалуы.

Бақыланатын геометриялық параметрлер мен топырақ тығыздығындағы жіберілетін ауытқулар ҚНмЕ 3.06.03-85 (қосымша 2) немесе ПК РК 218-35-2004 бойынша қабылданады.

Операциялық бақылау кезінде жер жұмыстарының сапасы қыс мезгілінде қатқан топырақтардың құрамы мен пішінін бақылау керек сонымен қатар жол бетін қар мен мұздан тазалау сапасы бақылануы керек.

Жер төсемесінің өсін белгіленуін, биіктік белгілерін, жер төсемесінің көлденең қимасын, құламаларды, су әкетулер мен дренаждық қондырғылардың және қабат қалыңдықтарын бақылануын әр 100 м кем емес (көлденең қиманың 3 нүктесінен) жұмыс бөліктерінде белгілердің орналасуын геодезиялық аспаптардың және шаблондардың көмегімен жүзеге асырылады.

Топырақ тығыздығын әр технологиялық қабатта, жер төсемесінің өсінен жол жиегінен 1,5-2 м аралықта, қабат қалыңдығы 20 см оның аралық нүктелерінде бақылануы керек.

Тығыздықтың бақылануы әр сменалық құлашта жұмыс істейтін тығыздағыш машиналармен әр 200 м кем емес үйінді биіктігі 3 метрге дейін және әр 50 м кем емес үйінді биіктігі 3 метрден жоғары болған жағдайда жүргізілуі керек.

Ылғалдылықтың бақылануы каръерде немесе резервте сменасына 1 реттен кем емес жүргізіледі.

Топырақ тығыздығы мен ылғалдылығы ГОСТ 5180-84 бойынша анықталады.

Жүргізілетін бақылауға жетелдетілген және далалық экспресс-тәсілдерді қолдануға рұқсат етіледі, 70% өлшемдер жеделдетілген бақылау тәсілі ал 30% стандартты тәсілмен жүргізіледі.

Жер төсемесінің бетінің тегістігі нивелирдің көмегімен жолдың өсімен жол жиегінен көлденең қиманың 3 нүктесінен әр 50 м кем емес бақыланады.

Жер төсемесінің сапасын бағалау кешенді көрсеткіштерді есептеу негізінде жүргізіледі.

(7.1)

мұнда: Р – кешенді көрсеткіш;

S1-S5 – жер төсемесінің негізін дайындауда сапасын бағалау, үйіндіні тұрғызу мен ойықтарды өңдеу, суағарларды салу, үйінділерді үюмен бекіту жұмыстары, балл түрінде келтірілген:

 

- коэффициент мәндері 0,7; 1,0; 0,8; 0,6; 0,7.

Егерде кешенді көрсеткіш Р= 4,61-5,0 (онда жұмыстың орындалу бағасы «өте жақсы»);

Р-3,91-4,60 (жұмыстың орындалу бағасы «жақсы»)

Р-3,0-3,9 (жұмыстың орындалу бағасы «қанағаттанарлық»)

Егерде жұмыс әр түрлі уақытта немесе тапсырылатын жер төсемесінің аймағының әр түрлі жерінде орындалған болса, онда кешенді көрсеткішті мына формуламен анықтайды.

 

(7.2)

мұнда: С1…..С3 – сметалық құны бағасымен «өтежақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық».

7.3. жер жұмыстарының процесстері кезінде бақыланатын параметрлері, қосымша 2 келтірілген (СНиП 3.06.03-85).

Сапаның бірлік көрсеткіші анықталды

- үйіндіні дайындау кезінде;

- үйіндіні тұрғызу кезінде;

- суағарларды тұрғызу кезінде;

- себілетін жол жиегін тұрғызуда;

бөлек жұмыстардың бағалануы мына формуламен анықталады:

 

(7.3)

мұнда: P – кешенді көрсеткіш;

Pi – бағалану дәрежесі I сәйкес – жоба талаптарының параметрі, балл түрінде келтірілген;

n – параметрлер саны.

 

Кешенді көрсеткіштердің Р мәндерінде жұмыстың әр түрі бағаланады:

Р = 4,61-5,0 – «өте жақсы»

Р = 3,01-4,6 – «жақсы»

Р = 3,0-3,0 – «қанағаттанарлық»

Топырақ тығыздығын анықтауда 4 тәсіл бар:

1) көлемді-салмақтық тәсіл;

2) пенетрация мен статикалық зондирлеу тәсілі;

3) динамикалық тәсіл;

4) радиациондық тәсіл.

I. Ковалевтің тығыздық-ылғалдық өлшегіш аспабы.

Бұл аспап тығыздық пен ылғалдылықты соның ішінде оптимальді ылғалдылықты анықтайды.

Топырақ тығыздығы мен ылғалдылығын 8-10 минутта анықтауға болады.

Оптимальді және максимальді ылғалдылықты 50 минутта анықтайды.

Топырақ мұқият араластырылады, осы кезде топырақ саңылауларындағы ауа шығады, ал ылғалдылығы қоршаған су ортаға қосылады. Егерде қосымша тағы да ылғал торырақты өлшесек, онда қалған қатты фазадағы ρ, Wтабиғи төменгі ағу шекарасын анықтауға болады.

t= от -100С +40 С0 жұмыс істеуге болады және тығыздығы ρ= 1,02 г/см3 және салмағы γ=2,65 г/см3 (орташа тығыздықты)

Жүргізілген зерттеулерден дәлелденгендей, температура алынған нәтижелерге әсер етпейді, су да алынған нәтижелерге әсер етпейді (ло су минеральді ме әлде тұщы су ма т.б. айырмасы жоқ)

Сондықтан Н.П. Ковалев құрғақ топырақтың 3 тобын айыруға ұсыныс берді:

- сазды ρс=2,70 г/см3

- құмдақ ρс=2,65 г/см3

- құрамында гумус топырағы бар =2,60 г/см3

жіберілетін ауытқуларды есептейміз:




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1045; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.092 сек.