КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 5 страница. ПД-2.5 ұзын базалы прогибомер
ПД-2.5 ұзын базалы прогибомер Арналуы: Жол жамылғысын ВСН 52-89 бойынша статикалық жүктеу тәсілімен сынау кезінде байқалатын иілуіді өлшеуге арналған.
Техникалық сипаттамасы: Габаритті пішіні - 3810х205х165 мм көп емес; салмағы - 17 кг көп емес.
Метрологиялық сипаттамасы: иілуді өлшеу шегі 0 ден 3 мм; иілуді көрсету шегі 0 ден 20 мм; иілуді өлшеу кезінде жіберілетін абсалютті ауытқу шегі (+\-) 0,02 мм.
4 Бөлім. §9 Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын операциялық бақылау сапасы. Операциялық бақылау өндірістік процесстер барысында жобалық құжаттардың және берілген технологияның сақталуы, орындалып жатқан жұмыстардың нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Операциялық бақылау ақауларды уақтылы анықтап олардың пайда болу себебін және оларды ескерту мен болдырмауға шара қолдануға мүмкіндік береді. Операциялық бақылауды мастерлер, прорабтар сонымен қатар зертхана мен геодезиялық қызметтің жұмысшылары орындай алады. Операциялық бақылау кезінде негізгі жұмыс құжаты болып құрамында өндірістік жұмыстардың жобасы мен операциялық бақылаудың схемасы қызмет етеді. Олардың құрамында: пішіні мен өлшеу дәлдігінің талабында жіберілетін ауытқулар, сонымен қатар материал сапасына қойылатын талап сипаттамасы жөнінде ақпараттары бар конструкцияның эскизі; - операциялар немесе процесстер тізімі, орындалу сапасын жұмыс өндіруші (мастер) тексеру керек; - құрамыны жөнінде ақпарат, мерзімі, бақылау тәсілдері; - геодезиялық қызмет пен зертхананың қатысуымен бақыланатын операциялар немесе процесстер тізімі; - акт жасалып куәләндіруге жататын жабық жұмыстар тізімі. Операционном бақылау кезінде геодезиялық аспаптар қолданылады: (теодолиттер, нивелирлер, гониметрлер), жай аспаптар мен қондырғылар (рулеткалар, метрлер, деңгейлер, отвестер, шаблондар, откосниктер, рейкалар, визирлер жиынтығы, ілгіштер, қабат қалыңдығын бақылайтын щуптар және т.б.) Операциялық бақылаудың маңызды құрамы болып– зертханалық бақылау саналады, оның құрамына жол-құрылыс материалдарының физико-механикалық қасиетін уақтылы анықтап қана қоймай, барлық конструктивті қабаттардың тығыздалу сапасы, сонымен қатар конструктивті қабаттарды салуда технологиялық режимдердің сақталуы бақыланады. Операциялық бақылау кезінде қосымша геометриялық параметрлері мен тегістігі бақыланады. Операциялық бақылау кезінде жер төсемесін тұрғызуда үйінді қабатындағы топырақ беріктігі бақыланбайды (және жер төсемесінің қабаттары толығымен). Операциялық бақылау кезінде бақыланатын параметрлердің ауытқуларын СНиП 3.06.03-85 және ПК РК 218-35-04 сәйкес қабылдайды.
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету қиын да кешенді ғылыми-техникалық және экономикалық кедергілерді құрайды. Бұларды шешу үшін алдын-ала қарастырылғын сапаны басқару құрылғысы қажет. Қосымша жол асфальтбетонның негізгі элементі болып: орындаушылар (операторлар), машиналар, материалдар мен ақпараттар жатады. Технологиялық процесстердің жаңа механизациясы мен автомматизациясында асфальтбетонды дайындауда сапа деңгейіне машина көп әсер етеді (технологиялық қондырғылар) және техникалық ақпараттар. Кешенді құрылымды басқарудың жалпы теориясы негізгі жағдайды ескере отырып келесі құрылымнан тұрады: сапа деңгейін жобалау, сапаны техникалық қамтамасыз ету, еңбек сапасын басқару, ұйымдастырушылық немесе ақпараттық қамтамасыз ету. Осы құрылымдардан кейін асфальтбетон жамылғысының барлық стадиясында – жобалаудан бастап пайдалануға дейінгі сапасына бағытталған әсері жүзеге асады. Бұл схемада негізгі технологиялық тізбекті келесі элементтер құрайды: материалдар – жоба – технологиялық процесс – дайын өнім (полуфабрикат) – пайдалану және құрылымды басқару (басқарушы ұйым). Құрылымның қосымша элементтеріне техникалық бақылаудың құрамы жатады: алдын-ала сынау, ағымды, қабылдау, бағалау (пайдалану) бақылаулары және келтіруші әсерлер. Бақылаудың барлық элементтері қолда бар кезде өндірістік тізбекті басқаруға болады. Асфальтбетон қоспасын таңдау алдында материалдар құрамына алдын-ала сынық жүргізеді. Бұл құрамына кіретін материалдардың сапасын бағалауға мүмкіндік береді. «материалдар» мен «техникалық процесстер» элементтерінің арасында «бастапқы бақылаудың» блогы бар, оның мақсаты қоспаны дайындау кезінде әкелінген материалдың жарамдылығы мен сапалығы жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін. Асфальтбетон қоспасы немесе дайын жол жамылғысының сапасы негізгі берілулер мен «ағымды бақылаумен» реттеледі. Дайын жамылғыны пайдалануға қабылдау «қабылдау бақылауының» негізгі ақпарттарына байланысты жүзеге асады. Асфальтбетон жамылғысын пайдалану кезінде де бақылау жүргізу сапаны басқару үшін де маңызды. Ақпаратты эксплуатациялық (бағалау) бақылауын жүргізгенде алуға болады. Осындай ақпараттар блокка «басқарушы ұйым» келіп түсуі мүмкін. Бұл блок басқарушы жұмысшылардың тобынан және мамандардан тұрады, бұлардың қолдарында есептеу техникасының қорларына келіп түсетін ақпараттардың сұрыптаулары мен өңдеулері жиналады. Осы негізде шешім қабылданады және түзетуші бұйрықтар беріледі. Ағымды бақылаудың тиімділігі артуы мүмкін егерде түрлі технологиялық операциялардың автоматтандырылған бақылауын қолданса: кептіргіш барабанда температуралық режим; асфальтбетон қоспасының құрамын араластыру ұзақтығы; қоспа құрамын еселеу; қалыңдықты бақылау, тығыздау дәрежесі мен жүру бөлігінің кез келген жерінде салынған қабат тереңдігі. «Қабылдау бақылауының» үлкен мәні бар, одан алынған ақпарат жобаның орындалу дәлдігін ғана емес, сонымен қатар пайдаланудың бастапқы стадиясында жамылғының нақты жағдайын бағалау үшін қажет. Автомобиль жолын пайдалану процессі кезінде климаттық факторлар мен көліктік құрылым әсерінен асфальтбетон жамылғысын бақылау жөнінде құнды ақпараттар жиналады. Бұндай ақпараттарды жинау мен систематизациялау «бағалау бақылауының» функциясына кіреді. Асфальтбетон жамылғысының жағдай жөнінде мағлұмат жинау үшін беріктік, тегістік пен асфальтбетон жамылғысының жылжуын өлшеу үшін қозғалмалы аспаптарды пайдаланған маңыздырақ. Осының негізінде «басқарушы бөлік» сапаны оперативті және ұзақ мерзімді басқаруды жүзеге асыру мүмкіндігі болады. Бірінші жағдайда бұндай ақпараттарды алуда тезірек түзетулер енгізіледі. Екінші жағдайда қабылдау және пайдалану бақылауында алынған ақпарттар негізінде дамуына түзетулер енгзіледі. Топырақкеуегіндегі салмағы мен көлеміндегі пайызбен көрсетілген су мөлшері ылғалдылық деп аталады. Жер төсемесінің беріктігінің негізгі критериі болып серпімді иілу саналады. Тығыздалған қоспаның минеральді бөлшегіндегі кеуек көлемі минеральді бөлшектің кеуектілігі деп аталады. Берілген режимде үлгінің сіңірген су мөлшері суды сіңіруі деп аталады, вакуумды қондырғы аспабымен анықталады (түрлі қоспа үшін өзіндік қысым мәні мен сынау мерзімі бар). Үлгінің суді сіңіргеннен кейінгі ұлғаюы ісіну деп аталады. Берілген жағдайда үлгінің бұзылуын анықтауда қажетті күштің берілуін сығылудағы беріктік шегі деп аталады. Тас материалдарының сапасы гранулометриялық шаңды-сазды бөлшектердің құрамымен аязға төзімділікке, мүжілу мен беріктік маркасы бойынша сипатталады. Жер төсемесінің сапасын операциялық бақылау кезінде үйінді қабаттарында топырақ беріктігін бақыламайды. Тығыздалған топырақ сапасын өндіріс жұмыстары кезінде тексереді. Операциялық бақылау кезінде битумның сапасын бақылауда анықтайды: битум маркасын, кинематикалық тұтқырлығын, температурасын, еруін, жалындауын.
§10. Жол жамылғысы, негіз бен жамылғының қосымша қабаттарын тұрғызу кезінде операциялық сапасын бақылау.
Бұндай қабаттарға жататындар: - Шағыл тас, қиыршық тас пен құм, сонымен қатар бекітілген топырақтардын тұратын қосымша қабаттар; - Жеңіл толтырғыштардан бетон қоспасы, тұтқырғыштармен өңделген кеуекті тас материалдары, бекітілген топырақтар мен араластырғышта дайындалған күлді шлакты қоспалар жаю температурасы > +50 C. - Жылуизоляциялық плиткалы материалдар (пенопласт) тегістеліп төселген құм немесе еленген материалдардың бетіне тегіс тіреліп жайылады. - дренирлеуші, капилярүзгіштік синтетикалық материалдан (полиэтиленді пленка, изол және т.б.) төменгі жағымен тұрғызылады. Материалды беттестіріп 0,1 м жабады да скобалармен бекітеді немесе тігеді. Тығыздалу коэффициенті Ктығ > 0,95. Тығыздалған жағдайында минимальді қалыңдығы 25 см. - Көліктің жүруіне рұқсат етіледі. Топырақ түйіршігі 20 мм үлкен болмауы керек, ал құрамы 5-20 мм құрамы шектен шықпауы керек. Пленка күн астында 2-3 сағаттан артық жатпауы керек. Осы жағдайда бақыланады: - материалдар мен құмдақ топырақтар сапасы, жоба талабы бойынша тығыздығы; - жылу изоляциялық қабатты бетоннан, тас материалдарынан, тұтқырғыш материалдармен өңделген материалдан тұрғызғанда. - пенопласттан жылу изоляциялық қабатты тұрғызғанда жер төсемесінің бетіне тегіс тірелуін және пенопласт астындағы жол жамылғысының қалыңдығын тексеру. - дренирлеуші, капилярүзгіштік және гидроизолирлеуші қосымша қабаттарды тұрғызғанда қабаттардың қалыңдығын, қосымша қабаттың асты мен үстіндегі қабаттардың гранулометриялық құрамын, материалдың бір бірімен қаптарласуы мен қабат астындағы жол жамылғысының бірінші қабатының сапасын бақылау қажет. - Тоңазыйтын және аз тоңазыйтын топырақтардан аязға төзімділік қабатын тұрғызғанда, топырақты бақылау карьерде құмдақ топырақта 500 м3 3 тен 10 үлгіге дейін жүргізіледі (құрамындағы шаң мен сазды және Кфильтрации ГОСТ 25584-83 бойынша анықтау үшін) - қабат астындағы бірінші қабат қалыңдығы көлденең қимада әр 100 м 3 нүктеде анықталады. - материалдың тығыздығы әр 100 м 3 нүктеде - қабат астындағы және үстіндегі топырақ қалыңдығының гранулометриялық құрамын сменасына бір рет.
Бақылану қажет: Сменасына бір реттен кем емес - ГОСТ 12598-79 бойынша іріленіп сынғыш топырақтардың гранулометриялық құрамы - сазды топырақтардың иілгіштік саны - 5 және 10 мм електен үлгіні елеу арқылы сазды топырақтардың майдалану дәрежесі. - Органикалық тұтқырғыштың пайдаланар алдындағы температурасы - эмульсияның біртектілігі - (сығылудағы беріктік) сапасы әр 200 м кем емес - өңделетін топырақ ылғалдылығы мен дайын қоспаны тығыздар алдында үш нүктеде (жол өсінде және қабат жиегінде 0,5 м де) 5 сменада бір реттен кем емес - тез ерігіш тұздардың құрамы (ГОСТ 25100-82) - күл мен күлді шлакты қоспалардың жарамдылығы - тұрақты күтім талабы. Күл, күлді шлакты қоспалар мен үгітілген әктің бірікпейтін топырақтарға қоспа ретінде пайдалануға жарамдылығын (түйір құрамы < 0,071 мм 60% кем емес және 2 мм ірі (5%) жоғалу пайызымен анықталады. Жоғалу пайызы тесу кезінде 10 % үлкен болмауы керек. Бірігетін топырақтар үшін ірі фракциялар қолданылуы мүмкін. Беріктікті анықтау әр 250 м3 қоспада үш үлгіде сыналады. Ауытқулар: Араластырғыш қондырғыда қоспаны дайындау кезінде + 8% - топырақ араластырғыш машинада +15% - жол кескішінде (фреза) + 25% - Ктығ (кептірілген үлгі тығыздығы мен оптимальді ылғалдылық үлгісі) күштеме астында 30 МПа; - Органикалық тұтқырғышты тексеру кезінде (портландцемент немесе карбомидті смола күштеме астында 15 МПа).
§11. Органикалық және органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген негіз бен жамылғыны салуда жұмыс сапасын операциялық бақылау. Жылу электр станциясының күл қалдықтарының негізіндегі тұтқырғыштар, күл қоспаларымен және су тиген кезде қату қасиеті бар күлді шлакты қоспадан тұрады. Активатор есебінде әк, цемент, цемент шаңдары, шлакты тұтқырғыш қолданылады. Табиғи шағыл тасты қолдану кезінде беріктік маркасы М 300 кем болмауы керек, қиыршық тасты шағыл тас пен қиыршық тастың үгітілу маркасы Др 24, МРЗ қатырып ерітілуі 15 циклден кем емес. Табиғи құмды-қиыршық тасты және шағыл-қиыршық тасты қоспалар түйірлері 70 мм ірі болмауы керек, елек торы 5 мм берілген салмақ бойынша толық қалдық 30 % аспауы керек, ал елек торы 008 мм берілген салмақтың 25 % аспауы керек. Күлді шлакты қоспаларды сақтау мерзімі 1 жыл, әкті қолданған кезде 3 ай. Органикалық емес тұтқырғыштармен өңделген шағыл тасты, қиыршық және құмды материалдардан негіз бен жамылғының беріктік класы бойынша бөлінеді: I классты беріктігі 600 – 800 МПА жоғары II -//- 400- 600 МПА III -//- 250- 400 МПА Негіз бен жамылғы I - III техникалық категориялы жолдарда салынады, қату жағдайын қамтамасыз ету үшін енінен 15-25 см кеңірек етіп салады, міндетті түрде пленка түзгіш (пленкообразующий) (эмульсия, сұйық битум 0,8-1,2 л/м2). Осындай негіз бен жамылғыны тығыздау коэффициенті 0,98 кем болмауы керек. Асфальтбетон жамылғысы бар күлді – шлакты қоспадан негізді тұрғызуда (негіз қабаттарында), қозғалысты ең соңғысын салып болғасын ашады. Осындай негіз бен жамылғыда сапаны бақылау жүргізіледі: - ауысымда бір реттен кем емес а) түйір құрамы; б) қоспалардың мөлшерлік дәлдігі; в) дайын қоспа сапасы; г) тығыздалу кезінде қоспаның ылғалдылығы; д) қату кезіндегі шараларды сақтау геометриялық параметрлеріне сәйкес әр 100 м кейін жеті ауысымда бір реттен кем емес: а) қоспалардың мөлшерлік дәлдігі - өлшеніп бақыланады б) тығыздалуын бақылау (салмағы 10-13 тн гладковальецті каток жүріп өткеннен кейін) катоктың ізі қалмауы керек және толқындар пайда болмауы керек. Араластырғышта битумді эмульсиямен өңделген қара шағыл тас пен қоспадан негіз бен жамылғыны тұрғызуда бақылануы керек: 1) әр автомобиль самосвалда – қара шағыл тас температурасы; 2) қоспа біртектілігін әрдайым; 3) шабынды немесе керн бойынша 7000 м2 алынған үлгінің қоспа сапасын: Сіңдіру тәсілі бойынша негіз бен жамылғыны тұрғызуда: 1) әр құйылым кезінде – тұтқырғыш материалдың температурасы; 2) минеральді материалдың ылғалдылығын ауысымда 1 реттен кем емес; 3) қоспаның біртектілігі мен тығыздалу сапасын әрдайым; 4) шабынды немесе керн бойынша 7000 м2 алынған үлгінің тығыздалу коэффициентін. Батыру үшін салқын шағыл тасты қолдану керек, сонымен қатар ыстық және жылы шағыл тас фр. 5-10 мм, 10-15 мм және 15-20 мм пайдалануға болады. Төселінген ыстық және жылы қоспа қабатын салмағы 10-13 тн гладковальецті катокпен 1-2 жүргізіп тығыздау керек. Асфальтбетон жамылғысын тұрғызу жұмыстары барысында журнал жүргізу керек: берілген материал мен дайын қоспаның сапасын зертханалық бақылау, битум, асфальтбетон қоспалары, асфальтбетон қоспаларын жаю мен тығыздауда температуралық режимі. Асфальтбетон қоспасын дайындау кезінде бақылануы керек: - әрдайым: битум мен минеральді материалдардың, әр автомобиль самосвалдың кузовындағы дайын қоспаның температурасы - ауысымда 1 реттен кем емес қоспа сапасы ГОСТ 9128-97 және 12801-98 битумдікі ГОСТ 11501-78 және ГОСТ 11503-74 бойынша. - 10 ауысымда 1 реттен кем емес құм, шағыл тас, минеральді ұнтақтың сапасы ГОСТ 9128-97 және 12801-98 бойынша мөлшерлегіштің (дозатор) жұмысын - құрылыс барысында: - әр автомобиль-самосвалда дайын қоспаның температурасын; - ұзына бойы және көлденең ілігісу сапасын - 7000 м2 жамылғыдан 3 жерден алынған шабындының көрсеткіші бойынша асфальтбетон сапасын ГОСТ 9128-97 және 12801-98, сонымен қатар жамылғы қабаттарының ілігісу беріктігін.
Асфальтбетон – бұл тас материалдарының (шағыл тас немесе қиыршық тасты шағыл тас),құм, минеральді ұнтақ пен битумның органикалық тұтқырғышының қату нәтижесінде алынған қоспа. Асфальтбетон қоспасының дайындалу температурасы бойынша классификациясы: ыстық, жылы және салқын. Гранулометриялық құрамы бойынша классификациясы: ірі түйіршікті, майда түйіршікті және құмдақ, соның ішінде салқын қоспа тек майда түйіршікті және құмдақ болуы мүмкін. Түрі (тип) бойынша классификациясы: Ыстық және жылы: А түрі шағыл тасты құрауы 50-60% Б түрі -//- 40-50% В түрі -//- 30-40% Г түрі 33% кем емес майдаланған құм фракциясы 1,25-5 мм.
Салқын Бх түрі - 50-60% Вх түрі - 40-50% Дх түрі - 33% кем емес майдаланған құм фракциясы 1,25-5 мм. Дайындалу температурасы бойынша классификациясы: Ыстық – 140-1600 С (битумде БНД 60/90; БНД 90/130; БН 60/90; БН 90/130. Жылы – 110-1300 С битумде БНД 130/200, БНД 200/300; БН 130/200; БН 200/300, СГ 130/200. Салқын қоспа – 80-1000С битумде маркалары СГ, БГ, МГ, МГО 70/130, 130/200. Битум маркасына байланысты ыстық және жылы қоспалар жайылғаннан кейін 1-2 аптадан соң қалпына келеді, салқын қоспа 28 ден 40 тәулік арасында. Тас материалдарының беріктігіне байланысты классификациясы: I марка түрлер А, Б, В 800 ден бастап (карбонатты емес) 1000-1200 Мпа дейін, қиыршық тасты шағыл тас Др. 8-12; II марка А, Б, В 600 бастап 800 дейін Др. 8-12; III марка түрлер А, Б, В 600-800 бастап Др. 12, 16; IV марка түрлер А, Б, В 300 бастап 800 дейін Др. 16-24. Салқын қоспалар тек бірінші және екінші маркалы болуы мүмкін. Салқын қоспада асфальтбетонның минеральді бөлігінің кеуектілігі болуы керек, % түрлер үшін артық болмау керек: Бх- 18%; Вх- 20%; ГХ мен ДХ – 21%. Салқын асфальтбетон қоспасының суды сіңіруі көлем бойынша 5- 9% бастап. Салқын қоспа үшін қалдық кеуектілік 6 дан 10 % дейін. Гранулометриялық құрамы бойынша үзгіштік және үзгіштік емес (прерывистые и непрерывные) классификациясы. Ыстық және жылы асфальтбетон қоспасы үшін сапалық сипаттамасын 11.1 кестеден қара.
11.1. кесте Ыстық және жылы қоспалардың сапалық сипаттамасы
Ыстық қоспадан асфальтбетонның минеральді бөлігінің кеуектілігі болуы керек, %, артық емес: Жоғары тығыздықты үшін: 16 Тығыз түрлер: А және Б 19 В.Г.Д 22 Кеуекті 23 Жоғары кеуекті шағыл тасты 24 Жоғары кеуекті құмдақ 28.
11.2 кесте. Кеуекті және жоғары кеуекті ыстық а/б қоспаларының физико-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері
Ескерту – ірі түйіршікті асфальтобетон үшін 500С температурада сығылу кезіндегі беріктік шегі мен суға төзімділігі нормаланбайды. Кирлердің сипаттамасы Кирлер – бұл табиғи битум құрамы бар материалдың бір түрі – қопсытылған түрі, әр түрлі тұтқырлықта табиғи битуммен сіңген майда және шаңды құмдар. Кирлерді келесі қоспа түрлерін дайындауда қолданылады: - асфальтобетонды; - орнында араластырып дайындалған қара шағыл тасты, қиыршық тасты; - беттік өңдеулерді тұрғызуда қолданатын қара шағыл тасты. Кир негізіндегі қоспаларды жетілдірілген (жетілдірілген-капитальді және жетілдірілген-жеңілдетілген) жамылғы түріндегі жолдарды салу мен жөндеуге пайдаланады. Жол құрылысында кирлерді пайдалануда бөлшектеп немесе тұтастай өндіріс битумдарын пайдаланбауға мүмкіндік береді.
Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1130; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |