Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 4 страница. - гумустелген топырақтар 2,55-2,65 г/см3




- саз үшін 2,72-2,75 г/см3

- саздақ 2,69-2,71 г/см3

- құмдақ 2,66-2,68 г/см3

- құмдар 2,60- 2,67 г/см3

- гумустелген топырақтар 2,55-2,65 г/см3

Ылғал топырақтың () және құрғақ топырақтың () тығыздығын біле отырып формула бойынша топырақ ылғалдылығын анықтаймыз:

W= (ρ-ρс)100/ρс (7.4)

Далалық жағдайда топырақ ұрғышпен тығыздалады

с h=30 см –ұрылу саны:

- 38 рет құм үшін;

- 69 саздақ үшін;

- 75 саз үшін.

Анықтамаға байланысты ρс және W тығыздық пен ылғалдылық 2% немесе 16 см3 су қосылып анықталады.

Ковалев аспабы, Ковалевтің модернизирленген тығыздық-ылғалдық өлшегіші (кейін Ковалев аспабы) мыналардан тұрады:

- қалқыма –7, футляр-резервуар –4, үш кескіш сақина – 1, төрт топырақ шкаласы – 3, сыналатын топырақ үлгісінің тығыздалатын және алу үшін құрал 5, кескіш цилиндрден тұратын 4 қақпақ –3 тесігі бар 6, стержен-1 және гирлер салмағы 0,5 кг.

Сынақ жүргізілу тәртібі:

1) жұмыс жүргізілер алдында тарировка жасалуы керек: футляр-резервуардың төменгі сызығына дейін су құйылады, подставка қақпаққа 2 кескіш сақинаны қояды-1, темір ыдыс-11 қалқымалы қондырғының поддонына қойылады-7, егерде қалқымалы қондырғы шкаланың жоғарғы мәніне дейін қалқып шықса, аспаптың жұмысқа дайындығын көрсетеді, егер батса, қалқымалы аспаптың ішінде тарирлеуші материалдың көптігін білдіреді, немесе саңылау бар болғандықтан су қалқымалы қондырғыны ішінен толтырғандығын көрсетеді. Сол себепті қалқымалы қондырғыны тексеріп себебін анықтау керек, егер тарирлеуші материал көп болса артығын алу керек, ал тесік болған жағдайда аспапты жөндеу керек болады. Далалық жағдайда топырақ алынатын аймақты тазалап, кескіш сақина қойылады да ұрғылағыш аспаптың көмегімен ұрылып сақинада тығыздалған торырақты алып артығын қырып тастайды да сақинаны топырағымен бірге қақпақ подставка-2-ге қойылады да шкаланың ең жоғарғы мәні бойынша ρ г/см3 санақ алынады. Содан кейін, темір ыдыс-11-ге кескіш сақинаның ішіндегі топырақты салып оны мұқият араластырып, су құяды, бетіндегі көпіршігін елегіштің көмегімен алып оны қалқымалы қондырғының ішіне орналастырады. Енді санақты шкаладан топырақ түріне байланысты алынады.

Ковалев аспабымен анықтауға және стандарты тығыздықты жүргізуге мүмкіндік бар, себебі тығыздық пен ылғалдылықты анықтау әдісі бірдей тек айырмасы тұрақты түрде үлгі салмағынан кем дегенде 2% су қосылып отырады, шкала бойынша алынған санақта өзгеріс болса су көлемін 0,5 % дейін кемітеді, себебі максимальді ылғалдылық пен оптимальді тығыздықты дәлірек алу үшін.

 

4) оптимальді ылғалдылық пен максимальді тығыздықты анықтауда жүргізілген тестіден дәлірек мән алу үшін зертханалық жағдайда ғана мүмкін болады. Топырақ үлгісін кептіргіш шкафта 105 0С температурада кептіріп тығыздық пен ылғалдылықтың аралық мәндерін анықтайды.


Модернизирленген Ковалёвтің ылғалдық-тығыздық өлшегіш аспабы

       
   
 

 

Стандартты тығыздау үшін СоюздорНИИ аспабы бар.

ГОСТ 22733 бойынша бастапқыда құрғақ топырақ тығыздығы үлгіні трамболау кезінде тығыздағыш энергия тұрақты шығыны бар топырақ ылғалдығына байланыстылығын бекітеді, содан кейін құрғақ топырақтың максимальді тығыздығын анықтайды.

Топырақ үлгісін квартования әдісі бойынша кем дегенде 10 кг алынады және оның табиғи ылғалдылығын анықтайды. Топырақ үлгісін СоюздорНИИ аспабында стандартты тығыздау үшін трамбілеу жолымен үш тегіс қабат қалыңдығында жүргізеді. Әр қабатты құм мен құмдақ үшін 25 рет ұру арқылы тығыздайды, 40-шаңды құмдақтар, саздақ пен саздар үшін, 50- майлы саздар үшін. Ауадай құрғақ жағдайға келтіріп кептіргеннен кейін оны майдалайды, түйіршіктерін қалдырып елегіш тесігі 5 мм арқылы еленеді де ылғалдылығын W1 анықтауда елегіштен өткен салмағы 30 гр кем емес үлгі алынады. Ірі түйіршіктерін алып өлшейді де түйір ірілігі 5 мм жоғары (m2) салмағы анықталады. 5 мм ірі түйір құрамы мына формуламен анықталады:

(7.5)

Еленген топырақты сынаққа, не үшін дайындайды:

1) картон бетке немесе тығыз қағазға тегіс қабат қылып жайылады;

2) 2-кі үлгі әр қайсысының салмағы m3 2,5кг квартования әдісі бойынша бөліп алынады да сынақтан өткізу үшін темір ыдысқа салынады;

3) Алынған үлгілерді ылғалдайды 4% көлемінде құмдақ және шағыл топырақтарды ылғалдайды, 8% сазды топырақтарды. Қажетті ылғалдылыққа жеткізу үшін қосылған су көлемін мына формуламен анықтайды:

 

(7.6)

Топырақ үлгісіне қажетті мөлшерде су қосып, мұқият араластырғаннан кейін ыдысқа салынып эксикаторға 2 сағатқа эксикатор қақпағын жауып қояды.

4) аспапты дайындайды, алғашқыда поддонға цилиндрді орналастырып енді оған сақинаны орнықтырады. Одан кейін поддон мен сақина винттары арқылы кезекпен цилиндрді қысады, размері штангенциркульмен тексеріледі (ішкі диаметрі 100 мм, ал оның тереңдігі 127 мм болуы керек). Жиналған контейнерлердің салмағы m4 анықталады

(цилиндр поддон мен сақина) ауытқуы 1г. Жиналған контейнерді салмағы кем дегенде 50кг қатты қозғалмайтын жерге қойылады. Енді ылғалдылықты 1-2% көбейтеді құмды және қиыршық тасты топырақтыр үшін, 2-3% сазды топырақтар үшін. Су құрамының дәл мөлшерін 8.6 формуласымен анықтайды. Әр сынақ бөліктерін кем дегенде 3 рет сынақтан өткізеді. Жинақталған тәжірибе көрсеткендей тығыздалу дәрежесіне қарай қисықты тұрғызу үшін ылғалдылықты біртекті көтеру үшін бес-алты нүктеде (сынақтың), бірақ сынақты оптимальді ылғалдылықтан 8-10% айырмасы бар ылғалдылықта жүргізу керек. Мүмкін болатын оптимальді ылғалдылықтың шегі: ірі түйіршікті құмдар үшін 5-8 %, орташа 8-11 %, майда 11-13 %, құмдақ үшін 15-20 %, жеңіл саздақ 16–22 %, ауыр саздақ - 23-28 %, саз-кем дегенде 30 %. Топырақты келесі тәртіп бойынша сынақтан өткізеді:

1) Эксикатордан босатады да қабатпен 5-6 см етіп цилиндрге салынады, құлайтын жүкпен тығыздалады ұрылу саны топырақ түріне байланысты;

2) Жұмыстың алдында 2 және 3 оның алдындағы қабаттардың беттерін 1-2 мм тереңдікте қопсытылады.

3) 3 қабатты тығыздағаннан кейін қондырғы (насадка) алынып топырақ үлгісінің шығып тұрған беті алынып тасталады;

4) ауытқуы 1 гр. контейнер салмағы m5 анықталады және ылғал топырақтың тығыздығы мына формуламен анықталады:

 

(7.7)

мұндағы: V - 1000 см3 тең цилиндр көлемі;

5) поддон мен сақина шешіліп цилиндр ішінен тығыздалған топырақ үлгісі алынады;

6) цилиндрден алынған топырақты ыдыс ішінде қалған топырақпен араластырады;

7) үлгі ылғалдылығын тағы да жоғарылатады, ылғал матамен жауып 15 минут ұсталынады. Егер кесіліп алынған топырақ қалыңдығы цилиндрден 10мм шығып тұратын болса, сынақты кішірейтілген қалыңдықпен қайталайды. Құрғақ топырақтың максимальді тығыздығын анықтау аяқталды деп санауға болады, егер үлгінің ылғалдылығын жоғарылатқаннан кейін кейінгі 2-3 сынау дәрежесінде тығыздалу мәні төмендесе және жүкпен ұрған кезде су сығылса. Құрғақ топырақтың тығыздығы мына формуламен анықталады:

(7.8)


Құрғақ топырақтың максимальді тығыздығын анықтайтын стандартты тәсіл.

 
 
    Х-түйір құрамы 5мм ірі Q-су құрамы W1- кептірілген топырақтың ылғалдылығы m3 – топырақ салмағы +4% су W2- топырақтың табиғи ылғалдылығы W3 – топырақ ылғалдылығы +4% су     Оптимальді ылғалдылықтың ауытқуының мүмкін болатын шектеуіW(%): Ірі құм үшін 5-8, орташа 8-11, майда 11-13;құмдақ 15-20, жеңіл саздақ үшін 16-22, ауыр саздақ үшін 23-28 және саз – 30 кем емес


Топырақты стандартты тығыздайтын СоюздорНИИаспабы: 1- шектегіш сақина; 2- стержень; 3- жүк салмағы 2,5 кг; 4 – қысатын винттар; 5- поддон; 6- көлемді цилиндр; 7- сақина; 8- қондырғы; 9- наковальня.


§8. Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға қажетті бақылау құралдары.

 

КП-158 жиекті тегістеуге арналған қондырғы

А рналуы:

 

Асфальтбетон жамылғысында жиекті кесу, бетонды жамылғыларда жарықтарды кесу.

 

Қысқаша сипаттама:

 

Қондырғы дөңгелек үстіне орналасқан мотоблоктан оның ішінде:

· Іштен жану двигателі;

· Қондырғының жұмыс бөлігінің кожухпен жабылған белбеулі жетекшісі (привод);

· Белбеуді тартқыш қондырғы;

· Кожухті кескіш дискі;

· кранмен немесе түтікшемен жабдықталған суға толтырылған канистра, кесу аймағына кескіш дискіні салқындату үшін арналған;

· жанармай бачогі;

· оператордың бойына қарай реттелетін басқару немесе тасымалдау тұтқасы.

 

Тұтқаның оң жағында іштен жану двигателінің басқару рычагі орналасқан. Қондырғы отандық және шетелде шығарылған двигателдермен жинақтала береді. Жұмыс кезінде кескіш дисктен ұшатын шағыл тастардың лақтырылуынан операторды қорғау үшін сушашқышы бар кронштейн орналасқан. Кесу тереңдігін оператор анықтайды және кескіш дисктің оң жағында орналасқан тіректі роликтің көмегімен алдын-ала бекітіледі.

 

Қондырғы автомобиль жолдарының асфальтбетон жамылғысында шұңқырларды жөндеу кезінде тиімді.

 

Техникалық сипаттамасы:

· биіктігі 920 мм;

· ұзындығы 1200 мм;

· ені 200 мм;

· колен валдың айналу жиілігі кезіндегі қуаты 5200 ай/мин 2.94 кВт;

· номинальді қуат кезінде жанармай шығыны 720 г/кВт с.;

· максимальді кесу тереңдігі 80 мм;

· салмағы 35 кг.

 

 

РДТ-105 қолмен жарықтарды кесу машинасы

Автомобиль жолдарында, тротуарлар, асфальтобетонды жамылғыдаға алаңдар да жарықтарды кесуге арналған машина.

ФГУП СНПЦ "Росдортех" біріккен НТП "Волга-техника" СГТУ жалпыға пайдалануда автомобиль жолдарын күту мен жөндеу жұмыстары кезінде еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік беретін жоғарғы тиімділікті машина моделін өңдеп шығарды. Оператор жарықтарды кесу кезінде өзіне қарай және өзінен ары қарай қозғалыста жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Дисктердің жиынтығының арқасында кесілетін жарықты әр түрлі пішінде жүзеге асыруға болады.

 

Жарықтарды кесуге арналған машинаның конструкциясы қозғалмайтын және қозғалатын бір бірімен шарнирмен бекітілген рамадан тұрады. Қозғалмалы рамада іштен жану двигателі орналасқан, клин белбеулі берілуден кейін дискті алмазды фреза немесе фрездер жиынтығы айналым ала алады. Кесу тереңдігі винт-гайкамен келтіріледі.

 

Алмазды фрезаның айналу өсі екі жағынан төменгі қозғалмайтын рамада бекітілген 2-і айналмалы дөңгелек өсіне сәйкес келеді.

 

Жарықтарды кесу кезінде машинаның беріктігін қамтамасыз ету үшін төменгі раманың бұрыштарына төрт флюгерлі сақина орнатылады.

 

Машинаның конструкциясында шаңды болдырмау үшін шаң сорғыш қарастырылған (шөгу камерасының циклоны) кесу өнімін шаң жинағышқа әкету.

 

Техникалық сипаттамасы:

· кесуші жұмыс бөлігі - алмазды диск немесе дисктер жиынтығы 230 мм дейін;

· жарықтарды фрезирлеудің максимальді тереңдігі 60 мм;

· фрезирлеудің максимальді ені 20 мм;

· қолмен-фрезирлеудің тереңдігін бекіту;

· двигатель(бензинді)
пуск-электростартер;
қуаты 6-8 кВт;

· двигателдің айналым саны 3600 об/мин;

· алмазды фрезаның айналым саны, кем дегенде 10000 ай/мин;

· шаң сору қондырғысы – шөгу камерасының циклоны.

 

 

Виброплита ВП-3

Арналуы:

 

Жер төсемесі мен жол жамылғысының конструктивті қабаттарын тығыздау.

 

Қысқаша сипаттамасы:

 

Виброплитаның жұмыс істеу принципі қондырмалы вибратордың үлкен айналымдағы ортадан тепкіш күшінің тығыздалатын материалға әсер ету негізінде құрылған.

 

Вибратордың жетекшісі ретінде бір цилиндрлі екітактілі бензинді двигатель "Дружба-4" айналмалы моменттің клинбелбеудің берілісі арқылы беріледі. Двигательдің виброизоляциясы мен оның орналасу схемасы сенімді де ұзақ жұмыс істеуіне кепілдік береді. Жанармай багі үздіксіз 2 сағат жұмыс істеуге арналған.

 

Араластыру жылдамдығы еңістік пен тығыздалатын материалға байланысты 5-30 м/мин құрайды.

 

Виброплитаны басқару қолтұтқаман жүзеге асады. Тасымалдау кезінде виброплитаның көлемдік пішінін азайту үшін қолтұтқа жинақталады.

 

Жеңіл басқару, өздігінен алға қарай жылжуы, сонымен қатар виброплитаның толық автономды болуы шұңқырларды жөндеу мен қиын жасалатын жерлерде қолдану кезінде тиімді.

 

Техникалық сипаттамасы:

Араластыру жылдамдығы еңістік пен тығыздалатын материалға байланысты 5-30 м/мин;

· антивибрацилық қолтұтқаман басқару;

· оператордың көмегінсіз өздігінен жеңіл орналасуы;

· бензинді двигатель, 3 кВт;

· салмағы 70 кг.

 

 

Клині бар 3-метрлі универсальді рейка

Арналуы:

Рейка тегістікті, жол негізі мен жамылғысының көлденең және ұзына бойлық еңістіктерін, поперечных и продольных уклонов дорожных оснований и покрытий, жер төсемесінің жиегі мен бетін, сонымен қатар жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтауға арналған.

 

Қысқаша сипаттамасы:

Еңістікті өлшеуі деңгей ішіндегі ауашықты нолдік деңгейге келтіріп өлшегіш шкаладан көрсеткішін ГОСТ 11196-74 бойынша алу. Жамылғы бетінің тегіссіздігі өлшеу штангі астындағы саңылаулардың сатылы клин-өлшегіштің көмегімен ГОСТ 30412-96 сәйкестендіріліп жүргізіледі. Жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтау өздігінен құрылатын эклиметр шкаласының көмегімен жүзеге асады.

Үш модификацисы шығарылады:

· жиналмалы қапшығы бар КП-231 (7,6 кг);

· жеңілдетілген жиналмалы қапшығы бар КП-231-02 (5 кг);

· жиналмайтын КП-231-01 (6,5 кг).

 

Техникалық сипаттамасы:

· жұмыс жағдайындағы ұзындығы 3 (+/- 0,01) м;

· тіректі полкасының ені 50 мм;

· ұзына бойлық және көлденең еңістіктерді өлшеуі -57...+120 %;

· құлама коэффициенттерін өлшеуі 0-1:1;

· тегіссіздіктерді өлшеуі (рейка астындағы саңылау) жол жамылғысында 0-16 мм.

 

 

Толқындарды өлшейтін 2-метрлі рейка КП-231-01

Арналуы:

Толқындарды өлшегіш жол жамылғысының ұзына бойлық ақауларынын өлшеуге арналған.

 

Қысқаша сипаттамасы:

Толқындарды өлшегішті пайдалану қоршаған орта температурасы -15 до + 40 град.С ашық ауа кеңістігінде рұқсат етіледі.

 

Техникалық сипаттамасы:

· жұмыс жағдайындағы габариттік пішіні, кем дегенде 2005х52х180 мм;

· салмағы, кем дегенде 15 кг;

· рейканың төменгі беті мен жол жамылғысының арасының өлшеу шегі 0...250 мм;

· арақашықтықты өлшеудегі жіберілетін абсалютті қателік шегі (саңылау) (+/- 2) мм;

· рейканың (жұмыс) төменгі бетінің жіберілетін жазықтығы 0.4 мм.

 

 

 

КП-232 автомобиль жолдарында геометриялық параметрлерін бақылауға арналаған қондырғы

Арналуы:

 

Қондырғы тегістікті бақылауға, пландағы қисықтардың радиусын анықтауға, жол негізі мен жамылғысының көлденең және ұзына бойлық еңістіктерін өлшеуге, жер төсемесі мен жиегін өлшеуге сонымен қатар жер төсемесінің құлама коэффициентін анықтауға арналған.

 

Қысқаша сипаттамасы:

 

Пайдаланудағы ыңғайлылығы.

 

Тасымалдау мен сақтау кезінде жинақтылығы.

 

өлшегіш қондырғыларды кешенді түрде немесе бөлек пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Оңай жинақталуы.

 

Техникалық сипаттамасы:

автомобиль жолдарының жамылғысының ұзына бойлық және көлденең еңістіктерін өлшеу (-57..+120 0/00);

үйіндінің жер төсемесінің құлама коэффициентін өлшеуі (0..1:1);

жол жамылғысындағы тегістікті өлшеуі (рейка астындағы саңылау) (от 0 до 16 мм);

арақашықтықты өлшеу (от 0 до 999.9 м);

салмағы 20 кг.

 

 

КП-150

универсальді динамикалық тығыздағыш

Арналуы:

 

Динамикалық тығыздағыш жер төсемесінің, құмдақ және майда түйіршікті асфальтбетон жамылғысының тығыздалу сапасын бақылауға арналған.

 

Қысқаша сипаттамасы:

 

Тығыздалу коэффициенті шартты динамикалық кедергі графигі бойынша, стандартты жүктің стандартты биіктіктен лақтырылу санының қайталануына байланысты, сыналатын қабатқа аспап ұшының қажетті деңгейге дейінгі енуі арқылы анықталады. Аспап ұшының енуінің көрсеткіші аспаптағы затвордың тырс етіп жабылуымен автоматты түрде бақыланады. Құмдақ асфальтбетон тығыздығы СНиП 3.06.03-85 сәйкес жамылғы төселгеннен 1-3 тәулік өткеннен кейін бақыланады.

 

Аспап жинағына футляр, қосымша ұштар, құжат және пайдалану ережесі кіреді.

 

Техникалық сипаттамасы:

көшпелі (переносной) - түрі;

жүктің бетінен бақылау тереңдігі 20-30 см;

стандартты жүктің салмағы 2,50 (+/-0,05) кг;

жүктің лақтырылу биіктігі 300 (+/-3,0) мм;

ұштарының бұрышы 30 (+/-1); 36 (+/-1); 60 (+/-1); град;

аспаптың габаритті пішіні 860х200х60 мм.

 

 

ПГ-7 топырақ тығыздығын өлшейтін аспаптар жиынтығы

ПГ-7 аспаптар жиынтығы құрылыста және автомобиль жолын қайта салуда қолданылатын құмды-шағыл тасты қоспа, құмды-қиыршық тасты қоспа, топырақтардың тығыздығын анықтауға арналған.

 

Техникалық сипаттамасы:

габаритті пішіні футлярсыз, 350х350х800 мм көп емес;

габаритті пішіні футлярмен, 400х400х900 мм көп емес;

жиынтықтың футлярсыз салмағы, 13 кг көп емес;

жиынтықтың футлярмен бірге салмағы, 25 кг көп емес;

орташа қызмет ету мерзімі (қосымша ауыстыратын қаптамалардың қызмет ету мерзімін қоспағанда), 5 жылдан кем емес;

Метрологиялық сипаттамасы:
көлемді өлшеу шегі, 3000:7000 см3;
көлемді өлшеу кезіндегі жіберілетін нақты ауытқулар шегі 5 % көп емес;

Көлем өлшегіштің шкаласының бір бөлігі 1 мм;

Сыналатын материалдың салмағының өлшеу шегі 0,1:10 кг.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 894; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.154 сек.