КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 8 страница. Кестеге қарап, үлгінің күкірт құрамы 30 және 40% органикалық тұтқырғыштың
Кестеге қарап, үлгінің күкірт құрамы 30 және 40% органикалық тұтқырғыштың салмағына қарап, күкірт қосылмаған басқа құрамы бірдей асфальтбетон қоспасының үлгілерімен салыстырғанда жақсы беріктік көрсеткіштері бар. Өнімділігі сағатына алты тоннаға дейін бекітілген және қажет болған жағдайда үлкейтуге болады. Бір тонна күкірт бетон тұтқырғышын өндіругежұмсалатын энергия қуаты 1,5 нан 4 киловаттқа дейін құрайды. Қондырғыда өндірілген өнімді құрамын өзгертпей ұзақ сақтауға, қайталап бірнеше рет ысытуға, автогудронаторларда тасымалдауға және қарапайым жол битумы сияқты қолдануға болады. Осындай әр түрлі құрамды күкірт қосылған тұтқырғышты мұнай өңдеу зауыттарында шығаруға болады, мұнай өңдеу процесстері кезінде жол битумы мен күкіртті де өткізуге болады. Айналмалы электр магнитті полесі бар аппаратта күкірт/битум 5/95 салмағы қатынасында күкірт битум тұтқырғышы дайындалды, және осының негізінде күкірт асфальтбетон дайындалды және күкірт асфальтбетонның үлгі сұлбалары сынақтан өткізілді. Сынақ қорытындысы кестеде келтірілген.
13. 10 кесте Күкірт асфальтбетонның сынақ қорытындысы
Сынақ қорытындылары бойынша, битумға күкіртті қосу қатынасы күкірт/битум 30/70 және 40/60 жамылғының тығыздау коэффициенті өте жоғары. Сынау және бақылау аймақтарынан, төселінгеннен және жылы өткеннен кейін алынған шабуларды сынау қорытындысы бойынша былай қорытындылауға болады, күкірт асфальтбетон өзінің физико-химиялық қасиетін жоғалтпайды және СТ РК 1225-2003 306.03-85 талаптарына жауап береді. Сынау және бақылау аймақтарын кейінгі қадағалаулары көрсеткендей, сынау аймағы сақталынған (тек беттік желінуге ұшыраған), ал бақылау аймағы бір жылдан кейін бұзыла бастап, ойықтар пайда болып шағыл тастар ұша бастаған. Күкірт асфальтбетонды дайындау мен жаюда қоршаған ортаны бақылаудың барлық регламенттік жұмыстары АО «КаздорНИИ» қатысуымен жүзеге асты. Күкірт асфальтбетонды дайындау мен жаюда температуралық режимді сақтаса регламенттерге сәйкес бекітілді, политанттың максимальді консентрациясы жұмыс аймағында құрады H2S - 0,012 мг/м3 при ПДК 3мг/ м3, SO2 сәйкес 0,015 мг/м3 при ПДК - 6 мг/м3. Күкірт асфальтбетон қоспаларын жаю кезінде, Астраханның СЭС жүргізген атмосфералық ауаны зерттеулері көрсеткендей, (30-40%) битумді күкіртпен араластырғанда, бензаперен концентрациясы және көмірсутектің мөлшеріне қарай қосындысы кішірейеді, (қарапайым асфальтбетонды жаю кезінде бөлінетін политанттар жұмыс зонасы үшін ПДК асып түседі).
13.11 кесте Уақытқа байланысты күкіртасфальтбетонның физико-механикалық қасиеттерінің салыстыру көрсеткіштері
Сынау қорытындысы бойынша АО «КаздорНИИ» ҚР күкірт асфальтбетонды дайындап төсеуге болады деген рұқсат берді. Келтірілген мысалда «Ушарал-Хоргос» автомобиль жолының материалдарын зертханалық сынауларын өңдеуде тас материалдарының сапасына да көңіл бөлуге болады, ол асфальтбетон қоспасының сапасына да әсерін тигізеді. Төменде келтірілгендей жағдайлар кездессе, өзгертулерді енгізуге болады. Түрлі фракциялы шағыл тастарды майдалау арқылы алады, олардың гранулометриялық құрамы бірдей емес, ал кей кезде беріктігі мен мүжілуіне қарай әр түрлі маркалы болады. Қорытындылай келе жол-құрылыс ұйымдарының зертханаларында тас материалдарының сипаттамасында келтірілгендей қоспаларды таңдау аса ұқыптылықпен жүргізіледі. Тас материалдарын сынау қорытындысы 13.9 кестеде келтірілген.
13. 9 кесте Тас материалдарының түйірлік құрамы
Минеральді бөлшегін таңдау қорытындыларының анализі бойынша, қоспада 0,071 мм майда (10%, талап бойынша 2-8%) түйір құрамы жоғары. Түйір құрамына келтірулер жүргізу үшін үгітілген шағыл тас отсевін ДРО 636 вибромашинада, өнімділігі 30 м3/с тас материалдары үшін ірілігі 10 мм бастап және одан жоғары, және құм жуғыш ИТБР-022 майда фракциясы 5 мм бастап және төмен, өнімділігі 20 м3/с жуу керек. Зертханалық жағдайда қабылдап алынған құрам бойынша қоспа дайындалып, ыстық кеуекті асфальт қоспасының үлгісінің формасы жасалынды, ГОСТ 12801-97 және СТ РК 1225-2003 «Смеси асфальтобетонные, дорожные, аэродромные и асфальтобетон. Технические условия» талаптарына сай сыналды.. Осыған орай, ыстық асфальтбетон қоспасын дайындауға келесі құрам ұсынылды:
Қиыршық тасты шағыл тас фр. 10-25мм-20%. Жуылған үгітілген отсев фр. 0-10мм -75% Активирленген минеральді ұнтақ-5% Битум БНД 90/130 - 4,8% Ыстық кеуекті асфальтбетон қоспаларын сынау қорытындысы 13.10. кестеде келтірілген.
13.10. кесте Жамылғының төменгі қабаты үшін ірі түйіршікті ыстық кеуекті асфальтбетонды сынау қорытындысы
5 Бөлім. Жол-құрылыс материалдарына нормативтік құжаттардың талаптары. Бақылау аспаптары. §14. Жол-құрылыс материалдарын бақылау аспаптары Электронды зертханалық таразы CAS MW-T
14. 1 сурет. Электронды таразы MW-T
жалпы сипаттамасы: үстел үстіне қойылатын, қолды түрі жиынтықтағы електер саны - 11 тор пішіні: 0,071; 0,14; 0,315; 0,63; 1,25; 3,0; 5,0; 10,0; 15,0; 20.0; 40,0мм Салмағы, кг: 5 пішіні мм: диам. 200мм, 1 електің биіктігі 50мм 14.2 сурет. Електер жиынтығы Арналуы: Экспресс-бақылау шағыл тас, қиыршық тас және құм бөлшегіндегі шаңды және сазды бөлшектердің құрамы әсер ету п ринципі: Фотоэлектрлік тәсіл. 14.1 кесте аспаптың техникалық сипаттамасы
Полкалы барабан КП 123А Сынауға арналған жиынтық ішінде 12 темір шар салмағы 405 гр диаметрі 48 мм салынады. Заказ берушінің талабы бойынша шарлар жиынтығына аттестация жүргізіп калибрлі сертификат беріледі. Барабанның пішіні 700 х 500 мм, барабанның айналу жылдамдығы 30ұ2 ай./мин, электр жүйесінің қуаты 1500 Вт, салмағы 300 кг, габаритті пішіні (ДхШхВ), 1200х800х1100 мм
14.7.Сурет Полкалы барабан КП-123А
Сыну температурасын анықтауға арналған аспап.
14.8. Сурет. АТХ- ФЗМ Техникалық сипаттамасы Аппаратта бірнеше жұмыс режимі бар, сыналатын үлгі әр түрлі жылдамдықта суытылады (стандартты – жылдамдық 1 °С/мин, жеделдетілген іздеу режимі - (2…3) °С/мин) және шаршауға сынау режимі (берілген температурада аспап үлгіні үздіксіз майыстырып оны қайта түзейді, сонымен қатар үлгіні үзуге қажетті цикл саны анықталады. Модифицирленген полимерлі битумді сынақтан өткізуге қолданылады. Аспап электронды және технологиялық блоктан тұрады. Қоректену блогы технологиялық блокта орналасқан. Технологиялық блок криостат пен деформация жүйесінен тұрады. Криостат алюминиден жасалған стаканнан, сұрыптау процессі кезінде стакан ішіне битум үлгісі бар пластина салынады. Стаканның екі жағынан суытқыш жүйе орналасады, жартылай проводты микрохолодильниктер мен радиаторлар. Сұрыптау процессі кезінде радиатор арқылы үздіксіз хладагент түсіп отырады. Жартылай проводникті холодильниктердің жоғарғы тиімділігі арқасында, стакан ішіндегі температура бірнеше ондаған хладогент температурасынан кіші болғандықтан, көптеген жағдайда хладогент орнына құбырдан аққан суды қолдануға болады. Деформация жүйесі пластинаның деформация қондырғысынан, электромеханикалық приводтан және битум үлгісіндегі жарықтарды тіркеу қондырғысынан тұрады. 14.2. кесте Аспаптың техникалық сипаттамасы
ВУ-01 суды сіңіргіштігін анықтайтын вакумды қондырғы
14.9. Сурет. ВУ-01 суды сіңіргіштігін анықтайтын вакумды қондырғы Асфальтбетон (сынауда) тығыздығын – жол жамылғысының қабаттарының тығыздығын жедел - бақылайтын PQI аспабы
Жұмыс принципі: асфальтобетон жамылғысының тығыздығы оның диэлектрлік тұрақтылығына тура пропорциональ. Pavement Quality Indicator ™ аспабында материал тығыздығын өлшейтін новаторлық тәсіл қолданылады: оның қабылдағышы электромагнитті толқындарды қабылдайды, ол толқындар материалға, енеді содан кейін қабылдау бөлігінде ұстап алынады. Аспаптың электронды схемасы қабылданған сигналды тығыздық мәні етіп қорытындылап дисплей бетіне шығарады. Ашық тигелде жану температурасын анықтау үшін Бренкен аспабын қолданады. (14.11 сурет), штативке бекітілген термометрмен темір тигел диаметрі (64 + 1) мм, қабырға қалыңдығы 1 мм құмды моншадан тұрады. Аспап подставкісінде газді немесе спиртті горелка орналасқан.
Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 853; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |