КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Мен формалары 1 страница
Зерттеу міндеттері. 1. Әдістемелер арқылы зерттеу жүргізу 2. Индивидуалды мәліметтерді өңдеу 3. Математикалық статистика әдістері арқылы топтық көрсеткіштерді айқындау. 4. Зерттеу болжамын дәлелдеу. 5. Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы. Таңдау тобы: 15 бастауыш сынып оқушылары және 15 жұп ата – ана
1. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1.1 Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін Психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психикалық белгілер - олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пенқызығулардың туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Жетекші іс- әрекетті арнайы атап көрсеткен жөн, одан дәл осы кезеңдегі психикалық дамудың маңызды ерекшеліктері соған байланысты болады. Нәресте үшін жетекші іс- әрекет, мектепке дейінгі бала үшін ойын болып табылады. Л.С. Выготский тұлғатүсінігінің мазмұнынпсихологияда аффект пен интелект бірлігінің үстанымы сияқты, тұлға түтастығының үстанымына негіздеп түжырымдаған [1]. Бұл принциптіары қарай нақтылау үшін, жеке адамның ерік - жігерін енгізу қажеттілігі туындады. Ерік - жігер - жогары психикалық функция, ол сезім менақыл - ойдың органикалық бірлігін жэне олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Яғни әрекеттегі үғыну мен ниеттену ерік -жігердің функциясы болып табылады. Біз баланың жеке тұлғалық дамуын, оның психикасындағы когнитивтік, танымдық, кайта кұрушылық және құндылық - бағыттылық сияқты түрлі іс -әрекетте көрінетін өзгерістері арқылы бағалаймыз. Л.С. Выготский бала дамуындағы жеке тұлғалық өзгерістерді әлеуметтік жағдайдағы белсенділігі арқылы байқаймыз десе, ал Л.И. Божович мұны қарама -қайшылықтардың және дағдарыстардың, жеке тұлғалық қадір - қасиеттердің пайда болуынан аңғарамыз деп түйіндеген [2]. Баланың жас ерекшелік дамуының динамикасымен оның мазмұны педагогикалық бағдарламалар арқылы жобаланып, өзгеше және жетілген дидактикалық тәжірбиелер, өзіндік генетикалық бағдарламалар арқылы анықталады. Бұл дамудың әр алуан қозғаушы күші, шарты және қайнар көзі, яғни даму факторлары. Біліктілікке бала іс әрекетіндегі қалыптасқан қарым - қатынасты, мінез - құлықты және өмірлік іс - әрекетті, жеке тұлғалық тіректік сипаттамалардың нәтижелері енеді. А.Н. Леонтьев пен Д.Б. Элькониннің топтастыруы бойынша, баланың жеке тұлғалық дамуын, эмоционалдық қарым - қатынас, айлалы әрекет, заттық -құралдық іс-әрекет, сюжеттік - рольдік ойындар және оқу сияқты жетекші іс -әрекет түрлерінің ауысуы барысында талданып отыратыны анықталды. Баланың тұлғалық дамуының генетикалық талдау ұстамын қарастырғанда, Д.Б. Элькониннің кезеңдері бойынша психикалық даму кезеңдерін ерекшелеп, негізгі жаңа білім беру жүйесі тұлғалық жетістіктермен үйлесімін табады [3,4]. Э. Элькониннің кезеңдері бойынша тұлғаға жаңа білім берудің тірегі, бұл сенім, дербестік, еркіндік, бастама жасаушылық деп қарастырылған. Бала дамуының өзіндік қисын тұжырымын түсіндірмей, жас ерекшелігінің психологиялық маңызын және генетикалық міндетін талдамай, баланың жаңа білім алудағы жетістіктерінің заңдылықтарын түсіну қиын. Л.Ф. Обухова бала дамуының ерекшелігінің түсініктерін түрлі авторлардың теориясымен (биогенетикалық, конвергенциялық психоаналитикалық, әлеуметтік үйрену теориялары және Ж. Пиаженің генетикалық даму психологиясы т.б.), салыстыра отырып, бүл Л.С. Выготскийдің мәдени - тарихи даму теориясы мен психиологиялық жастың құрылымында толық көрсетілді деген қорытындыға келді [5]. Балалардың психикалық дамуы бір қалыпты болмайды, бала психикалық бейненің қандай да бір негізгі белгілерін ұзақ уақыт бойы сақтағанда дамудың біршама баяу, бірте - бірте өзгеретін кезеңдері және ескі психикалық белгілердің құрып бітуімен, жойылуымен және жаңа белгілердің пайда болуымен байланысты, кейде баланы неғұрлым тез, сеңірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі байқалады. Осы секірмелі түрдегі өтуді даму дағдарысы деп атайды. Олар шамамен бірдей жағдайда тұрған, жас жағынан шамалас балалардың барлығында пайда болады да балалак шақты жас шағына карай бірнеше кезеңге бөлуге мүмкіндік береді. Туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңде (баланың дүниеге келуіне байланысты оның өмір сүру жағдайын кенет өзгертетін дағдарысты айтпағанда) бала үш дағдарыс сәттерін; бір жаста, үш жаста және ақырында, жеті жаста басынан кешіреді. Осыған сәйкес бұл кезеңде үш жас шағы кезеңдері бөлініп шығады; нәрестелік шақ (туған күннен бір жасқа дейін), сәбилік шақ (бір жасткан үш жасқа дейін) және мектепке дейінгі балалық шақ үш жастан жеті жасға дейін) [6]. Мектептің рөлі балаға адамның нақты қызметінің әр түрі үшін (қоғамдық өндірістің, ғылымның, мәдениеттің әр учаскесіндегі жұмыс) қажетті білім мен іскерлікті үйрету және психикалық сапаларды дамыту болып табылады. Бала туғаннан бастап мектепке барғанға дейінгі кезеңнің маңызы қоғамда өмір сүру үшін қажетті адамның жеке басының психикалық сапалары мен қасеттерін калыптастыру болып табылады. Бүларға тілді игеру, тұрмыс заттарын қолдану, кеңістікпен уақытты бағдарлауды дамыту, қабылдау, ойлау, елестетудің т.б адамға тән формаларын өрістету, басқа адамдармен өзара қарым-қатынастың неіздерін қалыптастыру, әдебиет пен өнердің туындыларын оқып, үйрене бастау жатады. Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М. Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орныдалады деген. Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оны орныдау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділі, пікірлесушілердің арасындағы қарым-қатнастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды [9]. Г.С. Абрамова бойынша қарым-қатынас әдістері. Оның пікірі бойынша, мұғалім мен оқушы өзарақатынастарының үш стилін болуге болады: оқиғалық, операциондық және құндылықтық. Әрбір жас шағы топтарының осы міндеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес қоғам балаларға басқа адамдар арасынан белгілі орын береді, оларға қойылатын талаптар жүйесін, қүқықтары мен міндеттерінің шеңберін белгілейді. Әрине, балалар мүмкіндігінің өсуіне қарай олардың құқықтары мен міндеттері де неғұрлым күрделі бола түседі, атап айтқанда, балаға берілетін дербестіктің және олардың өз ісіне жауапкершілігінің дэрежесі артады. Үлкендер балалар өмірінің дұрыс жолға қойылуын ұйымдастырып, олардың тәрбиесін сәбидің қоғамдағы орнына қарай жүргізеді. Қоғам әрбір жас шағы кезеңінде баладан нені талап етуге және нені күтуге болатыны жөніндегі үлкендердің түсінігін белгілейді. Баланың қоршаған дүниеге көзқарасы, оның қажеттері мен қызығуы өзге адамдар арасында алатын орнымен, үлкендер тарапынан болатын талап, үміт және әсер ету жүйесімен анықталады. Егер нәресте үшін үлкендермен үнемі эмоциялы қарым- қатынас жасау қажеттігі тән болса, оның себебі сәбидің бүкіл өмірі үлкендердің қолында болуынан деп түсіндіріледі және қолында болғанда әлдебір жанама емес, тура жолмен: үлкендер баланы орағанда, тамақтандырғанда, ойыншық бергенде, тәй - тәй басқан кезде қолынан сүйгенде, т.б. үздіксіз дене қатысы жүзеге асырылады [7, 1326]. Сәбилік шақта үлкендермен қатынас жасауға қажеттіліктің, таяудағы қоршаған заттарға қызығушылықтың пайда болуы мыналарға байланысты: бала мүмкіндігінің өскенін ескере отырып үлкендер олармен қарым -қатынасты өзгертеді, қандайда зат немесе қимылдар жайлы қатынас жасауға көшеді, үлкендер балалар үшін сан алуан заттың, кимыл жасауға арнайы бейімделген заттардың (пирамидалар, қуыршақтар, қүм салғыштар) ерекше әлемін жасайды. Үлкендердің қимылдарына және өзара қарым-қатынасына араласу қажеттілігінің пайда болуы, қызығудың тікелей қоршаған ортадан шығып кетуі, сонымен бірге осы қызмет процесінің өзіне (оның нәтижесіне емес) қызығудың бағытталуы - мектеп жасына дейінгі балаларды басқалардан бөліп көрсететін және сюжетті - рольді ойыннан көрініс табатын негізгі белгілер. Бұл белгілер мектеп жасына дейінгі балалардың басқа адамдар арасындағы алатын орнының екі жақтылыгын белгілейді. Бір жағынан, баладан адамның қылықтарын түсінуді, жақсылық пен жамандықты айыра білуді, мінез - құлық ережелерін саналы орындауды талап ете бастайды. Екінші жағынан, баланың бүкіл өмірлік қажеттерін үлкендер орындайды, оған қатаң жауапкершілік жүктелмейді, оның іс - нәтижесіне ересектер елеулі талап қоймайды [8]. Дамудың әрбір жас шағы кезеңдерінің дамуына тән баланың қоғамдағы психикалық белгілердің байланыстығы баланың бір кезеңнен екіншісіне өтуін түсіндіріп бере алмайды. Бүл өту кезеңінің алдында баланың өзінің басқа адамдар арасындағы орнына қанағаттанбауы және ол орынды өзгертуге ұмытылуы пайда болады. Осы кезең ішіндегі дамудың мынадай сәті туады: баланың өсіп келе жатқан мүмкіндіктері - оның білімі, іскерлігі, психикалық сапалары - ескі түрмыс қалпымен, қызметтің және айналасындағы адамдардың қарым -қатынасының ескі түрлерімен қайшылыққа ұрындырады. Бала өзінің жаңа мүмкіндіктерін сезінеді де осының алдында ғана қызықтырған іс - әрекетке ынтасын жояды. Ол үлкендермен жаңа қарым -қатынас жасауға ұмытылады. Бұл қайшылық дағдарыс ретінде көрінеді, қарым -қатынас жасалған жоқ. Бұл кезде бала тәрбиесінде белгілі қиындықтар пайда болады, бала үлкендердің талаптарына жөнді құлақ аспайды, қыңырлық, қарсылық көрсетеді. Бүл қиындықтардың ауырлығы және қаншаға созылатындығы көп жағдайда үлкендерге байланысты болады. Үлкендер баланың іс - әрекет пен қарым -қатынастың жаңа түрлеріне ұмытылуын дер кезеңінде байқап, ескеруге және көмектесуге тиісті. Алдымен, үлкендердің өздері балаға деген көзқарасын өзгертуі керек, оған көбірек дербестік беріп, оның өсіп келе жатқан мүмкіндіктерін мойындауы және осы мүмкіндіктері толық ашылатындай жаңа іс - әрекетке үйретуі қажет. Психикалық даму барысында пайда болған және жаңа қажеттер мен қызығушылыққа итермелейтін, сондай - ақ іс-әрекеттің жаңа түрінде игеруге бастайтын қайшылықтар психикалық дамудың қозғаушы күштері больш табылады [8,45-47б]. Егер бүл қайшылықтар тумаса, психикалық дамудың негізгі кезеңінен екіншісіне өту мүмкін болмас еді, және бала сол жеткен дәрежесінде қалып қояр еді, өйткені оның ілгері үмтылуға, үлкендер үйреткен нәрсені игеруге ынтасы болмас еді. Біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің ықпалы әрдайым өрісін кеңейтіп келеді. Баланың туғаннан бастап жеке адам болып саналуы, бала дамуының психология ғылымында маңызды мэселе болып саналады. Бала дамуының психологиялық жағын зерттеу арқылы ерекшеліктерге тән қасиеттердің, сапалардың қалай пайда болатынын ашуға тырысамыз. Баланың жеке адам болып қалыптасуында қарым - қатынас негізгі рөлді атқарады. Көптеген жылдардан бері осы қарым - қатынастың табиғи заңдылығы, оның жас және жеке ерекшеліктері, дамуы мен өзгерістері психология ғылымында негізгі зерттеу саласына айналады. Баланың өз құрбыларымен қарым -қатынасын дұрыс жолға қоя білуі баланың қандай адам болып қалыптасуына қатты әсер етеді. Бірақ осыны қалай қоя білу керек? Міне осы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі балабақшаларда тәрбиеленіп өз қатарларымен сонда жақсы араласады [10]. Балаларды тәрбиелеудің ең қажетті бөлшегі тәрбиешінің балалардың бір -біріне деген қарым-қатынасын жақсы ұйымдастырып, қадағалап отыры болып табылады. Отбасылық тәрбиеде және басқа балалармен қарым - қатынас бала психикасының дамуында өз пайдасын беріп отырады. Қарым - қатынас жүрісінде баланың жеткіліксіз қанағатттандырылуы оның ары қарай эмоционалды сезімділікке, қаталдыққа, әлемге бастапқы сенімсіздігінің қалыптасына алып келеді. Қарым - қатынас бала қандай ортада өсседе, адам үшін өмірлік маңызы бар қажеттілік болып табылады. Егер ересектер балалардың қарым - қатынасқа түсуге түрткі болатын ішкі қажеттілікті тануға үйретпесе де, онда бала оны түсінбейді және оған дұрыс жауап бере алмайды. Осы қарым - қатынас сферасындағы сәтсіздік өзінің артынан басқа да сәтсіздіктердің болына алып келеді,себебі, олар бір - бірімен өзара байланысты, бірақ әрқайсысы өзінің заңымен дамиды. Психологтардың алдындағы мәселе осы дамуды қажетті қалыпқа бағыттау. Ал, бүл үшін қарым - қатынасы зерттелініп келеді. Қарым - қатынастың табиғи заңдылығы, оның жас және жеке ерекшеліктері, дамуы мен өзгерістері философ пен социологтардың Б.Д.Парыгин, И.С.Кон және тағы басқа зерттеу саласына айналды [26]. Бала және жас ерекшелік психологиясын А.Н. Леонтьев, В.С. Мухина т.б., көптеген зерттеушілер қарастырған. М.И.Лисинаның басқаруымен психикалық дамуы және мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу лабороториясында зерттеуден өткен [4,12б.]. Осы лабароториялық зерттеулердің нәтижесінде балалардың бірінші қарым - қатынасының пайда болуын және өзгеріп отыруын зерттеді. Танымал психологтар Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейннің пікірлері бойынша баланың психикасының дамуы әке - шешесіненбалаға ауысады. Балалық шақта бала отбасынан алған тәлім - тәрбие арқасындапсихикасы қалыптаса бастайды. Мұнда психика көптеген өзгерістерге ұшырап отырады. Балаға тек ересектермен ғана қарым - қатынас жасап отыруы мүмкін емес, ол өз қатарындағы балаларға тартып тұрады [1,4,27б.]. Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынас арқылы араласып отырып айналасындағы адамдармен қарым - қатынас жасауына өте үлкен көмек береді. Төменгі сынып оқушылары мектепте тәрбиеленіп, өз қатарымен сонда жақсы араласады. Балаларды тәрбиелеудің ең қажетті бөлімі мұғалімдерінің балалардың бір - біріне деген қарым - қатынасын жақсы ұйымдастырып, қадағалап отыруында. Отбасында тәрбиеленгенде баланың басқа баламен қарым - қатынасынан өз пайдасын беріп отырады. Бір баласы бар көптеген отбасындағы бала ата - анасының өзіне деген көңіл бөлуін көбірек қажет етеді. Балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасы жайлы мәліметтерді ғылыми әдебиеттерден оқи отыра, мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасын зерттеу көптеген өзгерістерге және қиыншылықтарға тап болып отыр. Осыдан жиырма шақты жыл бұрын В.С. Мухинаның лабороториясында балалардың құрбыларымен қарым -қатынасының пайда болуы және дамуы жайлы эксперимент басталған еді. Бұл экспериментте мектепке дейінгі балалардың құрбыларымен қарым -қатынасындағы шешілмеген сұрақтардың тапсырмалары қарастырылған болатын [23]. Соңғы жиырма жылдың ішінде жас балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынастағы психологиялық прболемалары ғылымдардың назарын қатты аударуда. Барлық елдің ғалымдарының алдындағы ең күрделі сұрақ балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасының атқаратын рөлі мен жұмысы көптеген ғалымдардың пікірі бойынша балалардың өз құрбыларымен қарым - қатынасын дұрыс жолға қоя білу баланың болашақта қандай адам болуына қатты әсерін тигізеді. Көптеген зерттеулерге қарамастан бұған әлі жауап табыла қойған жоқ. Я.Л.Коломинскийдің пікірі бойынша баланың психикалық дамуында өз құрбыларымен қарым - қатынасының атқаратын рөлін білу үшін әлі де көптеген ғылыми зерттеулер қажет. Баланың өз құрбыларымен ғана емес, сонымен қатар үлкендермен және жас жеткіншектермен қарым - қатынасыда баланың психикалық дамуынан әрқайсысы өз әсерін және рөлін атқарып отырады. Осы зерттеулердің алдындағы мақсаттарының бірі, мектеп жасына дейінгі баланың өз қатарымен араласпай өскен және керсінше көп баланың ортасында өскен балалардың айырмашылығы мен ерекшеліктері [28]. Көптеген ғалымдар пікірі бойынша төменгі мектеп жасындағы балалардың құрбыларымен қарым - қатынасын былай айтуға болады. Терең де мазмұнды іс-әрекет балалардың жан дүниесінің жай табуындағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет. Бала өскен сайын қүрбысымен қарым - қатынасының мәні ұлғая түседі. Мұны бірнеше комплекске бөліп көрсеткен: 1. Бала көбінесе құрбысымен біріккен іс - әрекетке бейімделген. Ол қүрбысымен жүмыстық байланыстармен араласуға ұмтылады, кеңес береді, өз ойын білдіріп отырады. Өз іс - әрекетін және құрбысы жасаған іс - әрекетті бақылап отырады. 2. Бала өзінің қүрбысынан өзін бөліп алып отырады. Ол өзінің қолынан келетін жұмыстарын айтып мақтанып отырады. Балаларды құрбыларымен қарым -қатынасындағы жоғарғы сезімталдығы, өкпелеуі, қарсы болуы қарым -қатынасты тоқтатады. Егер құрбысы келіспесе, оған бағынбаса бір - біріне өкпелеуі бұл жағдайда көбірек болады. 3. Мектеп жасындағы баланың құрбысымен байланысындағы іс -әрекетінде құрбысы эрқашан көз алдында. Бұл өзінің көргендері мен болған жағдайлармен пікір қалыптастыруға бейімделіп отырады. 4. Баланың іс-әрекетінде бір нэрсені ойдан шығаруы, көңілді болуы, біреудің айтқан сөзін ары қарай жалғастырып отырады. Кұрбысының оны қолдап отыруы балаға көп көмегін тигізіп отырады. Осындай қарым - қатынастан бала көп қанағат алып отырады [9, 135-136 б.]. Мотив - белгілі қажеттілік қанағаттандыруға байланысты әрекетке түрткі салу. Қарым - қатынас мотиві қажеттіліктен үздіксіз байланыста болғандықтан, қажеттіліктің мазмүнын ашып отырды талап етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың қарым - қатынасындағы мотивтің дамуын оқу үшін обьектілерді зерттеу керек. Балалардың жалпыбілімге құмарлығы артып үлкендермен қарым - қатынасынан алған білімдері көбейіп,тақпақ айтуды үйреніп, әңгімелер айтуды көбейтіп отырады. Әр түрлі көргеннәрселердің, жаңа ойындардың сюжетін кұрап отырады. Д.Б. Эльконин «Үлкен адамдармен қарым -қатынасына қарағанда құрбысына деген қарым - қатынасы жоғарғы баға береді. Олардың құрбысын танып білуге құмарлығы арта түседі» [12]. Баланың өзіне және құрбысына деген көзқарастары өзгереді. Балалар өздерінің мүмкіншіліктерін жоғары қойып отрады, қарым - қатынаста таңдау қалыптаса басталады. Танымдық және өзіндік мотивтері ерекшелініп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым - қатынасындағы жұмыстық мотивтің үш нұсқасы бар: 1. Бірігіп ойнауды құру мотиві, біріккен іс-қимыл, бала құрбысынан өзінікіндей қызығушылық іздейді және ортақ істерінен пайда келтіруге тырысады. 2. Жұмыстық мотив - лидерге байланысты, құрбысын өзі ойлаған, мақсаты жэне ойлаған ойын іске асыры үшін қызықтырып, тартып отыруынан ол өзіндік жақсы сезім алып отырады. 3. Жаңаойын түрлерімен, мақсаттарымен танысу, ойынға жақсы қатысуды үйрену. Мектеп жасына дейінгі балалардың арасындағы танымдық байланыс өсіп отырады [3]. Бүл байланыстар ойын барысында немесе өмірдегі сфераларда көрінеді. Табиғаттағы қүбылыстарды бақылай отырып, олардың алған түсініктерін балалар бір - бірінің арасындағы танымдық байланыстарды қолданады. Осы жастағы балалардың қүрбысынан өзін жоғары қоюы, сақталып отырады. Мысалы: мазақтау, ойнатпай қою немесе дөрекі қылықтарды көрсету. Баланы қүрбысымен қарым - қатынасының қалыптасуы баланың коммуникативті қажеттілігін өзін қоршаған адамдардың көмегімен іске асырады. Егер ересектер баланың қарым - қатынасқа түсуге түрткі болатын ішкі қажеттілік таңдайға үйретпесе, онда бала оны түсінбейді және оған дүрыс жауап бере алмайды. Бүл жағдайда балалардың бір - біріне қарым - қатынасына да қатысты. Құрбыларының арасындағы көптеген келіспеушілік ең алдымен басқаның көзқарасымен санаспау, одан өзінің тілектерінің қажетттіліктеріне ие түлғаны көре алмауымен байланысты болады. Қарым - қатынас сферасындағы бір сәтсіздік өзінің артынан басқа да сэтсіздіктердің болуына алып келеді. Себебі олар бір - бірімен өзара байланысты, бірақ әрқайсысы өзінің заңымен дамиды. Үлкендердің алдындағы мәселе осы дамуды қажетті қалыпқа бағыттау. Ал бүл үшін қарым - қатынастың дамының жалпы заңдылықтары мен олардың эр түрлі сферадағы өзіндік ерекшелігін білу қажет. Баланың ересектермен қарым - қатынасы оның өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. Қандай болмасын, мүқият күтімнің өзі балаға осы қарым - қатыныстың орнын ауыстыра алмайды.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1382; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |