КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Мен формалары 3 страница
Бала қозғалмай еш нәрсемен айналыспай отырса, осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттілігі оны ойнауға итермелейді. Бұл пікірге көшілік психологтар қарсы болғанымен тек жұмсалмай қалған күші барлар емес, күш қуаты тауысып, шаршап отырған баладан «Ойнайсың ба?» деп сұраса «ойнамаймын» деп жауап береді. Осыны еске алып Австрия психологы К.Бюллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлеледей алмайды, деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, бастапқы пікірге пайдасы. Бала дамуы мүмкіншіліктеріне сай немесе баланы ерте жастан оқыту біден-бір іскерліктерге үйрету балаға кейде жағымсыз ықпал етуі мүмкін. Танымның даму табиғи дамуымен астарласа жүргенде ғана оң нәтиже беретіні назардан тыс қалады. Бала мектепке барғаннан кейінде жанұялық қарым-қатынастың әсерінің күші кемімейді. қайта түрлене түседі. Төменгі сыныпта оқитын балаларга отбасы мықты таяныш, сенімді кеңесші және де сүйіспендік пен өзара көмек, әрі еркіндік ясы болып қала беруін қалар едік. Н.Н. Обозов өзара түсінушілікті тұлғааралық өзара қарым-қатынас ретінде қарастырған және тұлғааралық өзара түсінушіліктегі жыныстық рөлдік факторларға ерекше назар аударған. Ол өзінің зерттеулерінде көбінесе тұлға-аралық өзара түсінушіліктің еркектерге қарағанда әйелдер үшін эмоционалды болуы қажет екендігі туралы айтады [17, 55б]. Отбасы құруға психологиялық дайындық керек. Ол - адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасында сау рухани-психологиялық климатты орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы,дамып-жетілген ерік-жігер қасиеттері.Отбасын құруға педагогикалық дайындықөзіне педагогикалық сауаттылықты, шаруашылық-экономикалық іскерлік пен дағ-дыны,жыныстық тәрбиелілікті кіргізеді.Отбасылық өмірге қадам басып келе жатқан жастардың педагогикалық білімділігі,бұл ұрпақтың дамуы және оларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу,балаға күтім көрсету дағдысы. Шаруашылық-экономикалық іскерлік пен дағды-отбасылық қорды жобалау және бөлу, күнделікті өмір мен демалысты ұйымдастыру, отбасындағы жайлы жағдайды жасай алу қабілеттері болып табылады. Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас тарихы көптеген оқиғаға, жағдайға, мақсатқа байланысты туындайды. Адам жаны әрдайым ”қоблжуда”. Дәл осындай қобалжулар эмоционалды қатынас динамикасы жайлы айтуға түрткі болады.Бізді қобалжытатындар, көбінесе-адамдар. Жалпы өмірде ең маңызды адамдар:ата-ана, содан кейін- ерлі-зайыптылар, бала, достар мен құрбы-құрдастар. Өмір жолы кезінде көптеген заттар өзгеріп, тіпті жоғалып кетуі мүмкін. Мысалға, балалық шақтарды өткізген жерінің жоюлуы, жұмыс істеген жұмыс орынын көшіп кетуі немесе бұрын тұрған көшелердің атының өзгеруі, өмірде көптеген заттар өгереді. Бірақ ана жылуы, ана махаббаты, өмір сыйлағанынан бастап, өмір соңына дейін бірге болады. А.А. Кроник ойы бойынша, адам қаншалықты адамға жақын болған сайын, соншалықты сонымен бірге ұзақ өмір сүру мүмкіндігі бар деген. Маңызды адамдар-бұл бұрынан бері келе жатқан адамдар. Үйрену, тұлға арлық, рольдік конфликттен шығады. Бұл жұмыстарына зерттеу зүргізгендер: С.И.Голод, А.Г.Харчев, В.А. Сысенко, Г. Новайтис және т.б [23]. Некелік – отбасылық қатынастың үйрену процессі әлеуметтік жағынан зерттеу жүргізгендер: А.Н.Волкова, Т.М.Трапенизкова, Е.С.Калмыкова, Н.Ф.Федотова және т.б. Ата-ананың бала табиғатын өз қалпында қабылдауы баламен қарым-қатынастың жағымды дамуының алғы шарты болып табылады. Сонымен қатар бала дамуы мен творчестволық қабілеттің қалыптасуындағы бірлескен қолдау іс-әрекеттерінің достық қарым-қатынасын өзара түсіністіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Баламен ынтымақтастық қатынас ұлдардың аналарына, қыздардың әкелеріне деген жағымды қарым-қатынас жағдайына келудегі басты кепілі болып табылады. А.Я. Варга зерттеулерінде мұндай тәрбиенің авторлы бақылаулардан өзгесі баламен жағымды өте жақын қарым-қатынаста болатынын анықтаған. Бұл баланың шығармашылық дамуына біршама жағымды әсер етеді. Егер баланың қажеттілігімен ата-ана мүмкіндіктерінің салдары бала тұлғасында тәуелді, шабытты, бағынушылық ережелерді қатаң сақтау, көнбестік т.б. қасиеттер қалыптасатынын анықтады [24]. Өктемшілдік селбесіп қатынас жасау аналар жағынан тәрбие барысында мейірімділік, кішілік, тәуелділік қалыптастырады. Мұндай типті тәрбие көбінесе ұлдарға көп әсер етеді. Жұмсақтық әлемге тән қаттылық ер адамдарға тән қасиетін қарастырсақ, өктемшіл симбиотикалық ана баласын өзіне жақындата отырып, оның табиғатын тежейді. Нәтижесінде мұндай ер балаларда әйел адамға тән нәзіктік қалыптасады. 3. Ымырашыл-демократиялық тәрбие стилінде бала ата-ананың басты назарында болады және қажеттіліктердің барлығы дерлік барынша жоғары деңгейде қанағаттандырылады. Мұндай ата-аналар балаларын кез-келген қиындықтар мен сәтсіздіктермен қорғау және баласы үшін өздері өмір сүреді. Жанұялық тәрбие стилінің мұндай түріне баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігі, ата-ана және қарым-қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылу байқалады. Бұл бала бойындағы шығармашылық пен дербес ойлау дағдыларын басып отырады. Отбасылық қарым-қатынастың бұл түрімен жағымсыз салдары баланың әлеуметтік өмірге бейімсіздігі жоғары өзіндік бағалау реалды және «мен» арасындағы алшақтық бала қоғамдық ортадағы топ мүшелерімен қарым-қатынастағы басты кедергі болып саналады. Бұл қиыншылық бала тұлғасында жағымсыз саналар бір беткейлік, агрессивтілік, күмәншілдік, сенімсізідік т.б қалыптасуына әкеледі. Отбасылық тәрбиенің аналық махаббатпен, тіпті ата-аналармен бала арасында жағымды қарым-қатынасқа негізделген. Мұнда санасу ұмтылыстары мен идеяларын қолдау шығармашылық дербес ойлауы мен қабілеттерін ұштап-ұштап оң ықпал етуді көздейді. Жанұялық тәрбие типтерді ғалымдардың зерттеуінше қандай типінің болмасын шектік жағдайларының бала қалыптасуы үшін ықпалы басым. Сондықтан да орталық деңгейде тәрбие жүргізуге қол жеткізу қажет. балалардың ақыл-ой және шығармашылық қасиетінің дамып жетілуі [23]. Бүл әдістер психологияның негізгі әдістері өзіндік бақылаумен бақылау және сұрау әдістерінің өзіндік проекциялары болыпта болады. Бұған қоса бір өнертанқыштық өз творчествосы барысын бақылау үшін жанұялық қарым-қатынас пен тәрбие стилінің қандай типті, үйлесімді қолайлы деген сұраққа зерттеушілер әр түрлі көзқарас тұрғысында жауап береді. Д. Бауриннің пікірінше бала белсенділігін ең тиімді вариант беделділік типі басым, сондықтан беделді ата-ана тәрбиелеу әдістерін пайдалана отырып, ұлттық бағытқа бейімдейді. Бала бойындағы өзіндік қызығулары мен жеке басты бағалау және оны беделді силауға баулиды. Бүл типтегі ата-аналар міндеті баланың дербес еркімен тәртіптілікті өзара үйлестіру мүндай ата-аналар өзінің ересектік қулығымен қатар, бала қызығулары мен мүмкіндіктерін мойындайды. Бауринннің пайымдауынша беделді ата-аналар бала бойындағы жауапкершілікке тәуелсіздік сезімін күшейте отырып, оның өзін жүзеге асыруы мен компоненттілігінің дамуына жоғары дәрежеде ықпал етеді. Н.Беккер пікірінше, баласын жақсы көруімен қатар олардың дербестік кұқығын мойындайтын жанұялардың балалары белсенді тәуелсіз, қайырымды, бастамашыл, тез бейімделгіш және шығармашылық қабілеттіліктің дамуы жоғары болады. Ата-ананың өз баласының табиғатын зерттеулер көрсеткендей "қабылдау және сүю" типі баланың жалпы дамуы мен творчестволық қабілеттерінің қалыптасуына жағымды екені анықталды. Ұл балалар аналарының өзін түсіну, жақсы көрумен қатар оның жеке басын сыйлау, ой-пікірлері мен сезімдерін бөлісу және өз қызығуларын, қабілеттілігін қолдау жоғары бағаланғанын қалайды. Қыз балалар болса, әкесінің өзімен демократиялық қарым-қатынаста болғанын және бойындағы жағымсыз қасиеттерін қөре білетін өзіне жағымды қарым-қатынаста болғанын қалайды. Осы өзара түсініктің факторлары баланың жалпы физиология-психологиялық дамуымен қатар тұлғалық-шығармашылық қабілеттерінің көрінуімен болашақта шығармашылық дербес әрекеттің жүзеге асыруының бастапқы алғышарты болып саналады. Ата-ана мен балалардың өзара күтулері мен талаптарының үйлесуі немесе шиеленісі бұл тек жанұялық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарының көбеюімен қатар, бала бойындағы творчестволық іс-әрекет деген қабілеттілігін жоюдың ең ұтымды тәсілдері болатыны даусыз [25]. Отбасында пайда болған бауырмалдық қарым-қатынас оның адамдармен арақатынасының болашағының негізін құрып қана қоймай балада пайда болған жаңа немесе стрессогенді кездерде қауіп сезімін азайтуға көмектеседі, осылайша бірқатар авторлардың пікірінше жанұяның негізгі функциясы балаға сыртқы әлеммен әрекет ету кезінде қауіпсіз болады деп кепілдік беріп қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету. Бала сол қауіпсіздікті сезініп, сыртқы әлемді зерттеуге жаңа тәсіл таба алуына жағдай жасалу керек. Өсе келе бала өзін ересектермен теңестіре бастайды. Ата-анасының мінез-құлқымен өзара қатынасын өзінің бойына сіңіре бастайды. Балалар ата-анасының әдеттерін тез қабылдап алады, әсіресе жестпен сөйлеулеріне, жүрістеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатты еліктейді. Дегенмен де басқа авторлардың пікірінше, ата-ана жүріс-тұріс моделінің әдет қалыптастыру процесінде ғана емес, стрессті жеңу тәсілін қалыптастыруда ролі маңызды. Егер ата-ана қиын жағдайларда өзінің пассив жағынан көрсетсе онда бала да басына қиын іс түскенде тура сондай мінез-құлық көрсетеді. Тұлғааралық қатынаста да дәл осындай ықпалы болады. Мысалға ер бала әкесінің анасына жасаған қарым-қатынасына байланысты оның қыздармен қатынасы айқындалады. Егер жанұядағы қарым-қатынас моделі жылы болса, яғни өзара сыйластық болса, онда ұлдың жүріс-тұрысы осыған сәйкес болады. Әкесі шешесін жек көрсе, онда бұл жағдай ұлдың қыздарды жек көру мүмкіндігіне алып келеді. Балалар қалай жүріп тұру керек екенін ата-аналарынан үйренеді. Көбінеки олардың айтқандарына қарап емес, істегендеріне қарап үйренеді. Мысалға ата-ана өтірік айтпа деп өзі өтірік айтса, тағы сол сияқты. Басымдылық арасындағы байланысты анықтауға тырысты, яғни жанұядағы бір ата-ананың басымдылығы, басшылығы және баланың белсенділігімен байланысты ажыратқысы келді. Оның ойынша балада жауапкершілік сезімі жанұяда баланың жынысындағы ата-ана басқаратын болса сол кезде ғана қалыптасады. Ұл бала егер әкесі тәртіпті қадағалайтын болса ғана тәртіпті болады. Қыздар егер үйде ананың салмағы күшті болатын болса, қыздар басқа қыздарға қарағанда белсенді болады. Ата-анасының екеуі де тәрбиеге араласқан жағдайда жақсы дамиды. Бірақ мінез-құлықтары әртүрлі болады. Балаға қарым-қатынас қатты қажет екені белгілі, алайда баланың ересек адаммен қарым-қатынас орнатуы оның психикалық дамуына және оның толыққанды тұлға болып қалыптасуына аздық етеді. Қарым-қатынастың көлемімен сапасының маңызы зор. Ересектермен қарым-қатынастың аз болуы баланың психикалық дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге құштар, өнерге әуес, белсенді өмірлік ұстанымы, шекке шығару ата-ананың абзал борышы, шындығында да балалардың ата-анамен қарым-қатынасы жақсы болмауы олардың психикасының дамуына әсер ететіні белгілі жайт. Баланың ата-ана мейірімінсезінбеуі оның келешектегі ақыл-ой дамуында кенжелеп қалуымен мінез-құлқыныңнашар болуына негіз қалайды. Отбасының балаға әсері өзіндік ерекшелігі мен көзге түседі бала өз үйіндеғана шын мәнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды ересектерден жылы сөз, мейірім күтеді. Басқа жерде байқала бермейтін шығармашылық қасиеті байқалады. Баланың азаматтық абзал саналары бойына сіңіруіне үй-іші қарым-қатынасының ықпал өлшеусіз маңызды. Отбасы мүшелерінің үлкендерімен кішілерінің арасындағы сыйласымдығы, балалардың өз құрбыларымен, ересектермен мектепке және одан тыс жерлерде инабатты араласуы олардың тәрбиесіне және жан-жақты өсіп жетілуіне игі ықпалын тигізеді. Отбасындағы тәрбиенің нәтижелі тартымды болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне байланысты. Отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғасының қасиет саналарымен шығармашылық қабілетін жеке тәуелсіз дербес ойлау білу іскергін қалыптастырудағы ең басты және әлеуметтік фокторлардың бірінен саналады. Ата-анамен және жанұяның басқа мүшелерімен өзара жағымды қарым-қатынас орнауы бала бойында болашақта өз ой пікірімен көзқарасы дербес ойлауға бейім және творчестволық әрекетке қабілеттіліктің қалыптасуы үшін маңызы өлшеусіз зор. Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап бала шешесіне жақын болады. От басының бала әсері өзіндік ерекшелігімен көзге түседі, бала өз жанұясында ғана шын мәніндегі еркіндікті сезінеді, дамиды, ойнайды. Баланы өз құрбыларының қатарынан қалдырмай, білімге қүштар, өнерге әуес, белсенді шығармашылық қабілетке ие белсенді өмірлік үстаным алдыңғы шепке шығару ата-ананың ұрпақ алдындағы абзал борышы десек, балардың ата-анамен өзара қарым-қатынасының жақсы болмауы, тэрбие стилінің кемшіліктері - баланың психикалық дамуына кері әсер ететіні белгілі жайт. Баланың өз жанұясының мейірімін сезінбеуі, оның келешектегі тұлғалық калыптасуына теріс ықпал жасайды. Отбасындағы тәрбиемен қарым-қатынастың тартымды, нәтижелі болуы, көп жағдайда ата-ананың білім дәрежесіне де байланысты. Көбінесе, ата-ананың балаларына деген үлкен сүйспеншіліктің нәтижесінде бала психикасының даму заңдылықтарын білмеуден қарым-қатынаста бірқатар дөрекі қателіктер жеберіп алады. Ата-аналар оны өзі байқай бермеуіде мүмкін. Алайда мүның бәрі қалыптасушы дамушы бала психикасына әсері мол.
1.3 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы
Төменгі сынып оқушылары үшін жаңа әлеуметтік жағдай баланың өмір жағдайын қиындатады және ол үшін стрессогенді болып табылады. Баланың мектеп өміріне ауысуында оның өміріне мынадай өзгерістерге ұшырайды: 1. Өмірдің қаталырақ тәртібі: ерте тұру, қоңырау соғылғанда жұмысты бастау, сабақта тыныш отыру, жан-жақа қарамау және т.б. 2. Қарым-қатынастың арнайы стилі: мұғалім ережелердің орындалуын қатаң талап ететін, оқушының әрбір әрекетін қадғалайтын адам ретінде болады. 3. Мектепте жұмыс әдісіне, берілген әдісті саналы түрде орныдауына үлкен көңіл бөледі. Бала бұрыннан бастап отырып, тұруды үйренсе де мектепте партаға қалай дұрыс отыру, орнынан тұру, қолына қаламсап ұстау керектігін үйретеді. Төменгі сыныпта балалар үшін әлеуметтік қарым-қатынастың екі аймағы болады, олар: «бала-үлкендер», «бала-балалар». Бұл жағдайлар ойын және оқу іс-әрекетімен байланысты. Ойын нәтижелері баланың ата-анасымен арасындағы қарым-қатынасын бұзбайды, балалардың ұжымның арасында болатын қарым-қатынас оларды жан-жақты тану көмегін тигізеді. Бұл қарым-қатынастар бір-бірімен паралелді жүреді және олар иерархиялық байланыстармен орнатылмаған. Баланың жан-жақты дамуы отбасы ішіндегі үйлесімділікке тәуелді болады. Ал мектепте бұл қатынастардың жаңа құрылым туындайды. «Бала – үлкендер» жүйесі дифференцияланады.
Сурет 1 «Бала – үлкендер» жүйесі.
Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Славина «бала – мұғалім» жүйесі баланың ата-ана мен балаларға деген қатынасын анықтай бастайтындығын атап өтеді. Жақсы «бестік» мінез-құлық пен жақсы бағалар баланың үлкендер мен және құрбыларының арасындағы қарым-қатынасын тұрақтандырушы фактор болып табылады. Үлкендердің баладан ең бірінші сұрайтыны: «Сен қалай оқып жатырсың?» болып табылады. «бала-мұғалім» жүйесі бала үшін өмірінің мәні болып табылады, оған өмірдегі барлық жағымды жағдайлар тәуелді.
Сурет 2 «Бала – мұғалім» жүйесі
«Бала – мұғалім» қатынас алғаш рет «бала-қоғам» қатынасына айнала бастайды. Мұғалім қоғам талаптарын іске асырады, мектепте бірдей эталондар жүйесі, бағаға қатысты бірдей өлшем жұмыс істейді. Гегель сөзімен айтқанда мектепке келу – бұл адамды қоғамдық нормаға алып келу. Мектепке заң бәріне бірдей. Д.Б. Эльконин мұғалімнің балаларға қалай қарым-қатынас жасайтындығына өте сезімтал екендігін айтып өтеді: егер бала мұғалімінің жақсы көретін оқушысы бар екендігін байқаса, онда мұғалімнің беделі төмендейді. Бастапқы уақыттарда балалар мұғалімнің нұсқауларын қатаң ұстануға тырысады. «Бала – мұғалім» қатынасы баланың бүкіл өмірінде өтеді. Егер мектепте балалармен қарым-қатынасы жақсы болса, онда отбасында және басқа балалармен де қарым-қатынасы жақсы болады. Қарым-қатынас процесінде адамдар арасындағы қоғамдық байланыстар жүзеге асады. Қазіргі қоғамда қарым-қатынастың әлеуметтік функциясын теориялық жағынан екі категорияға бөлуге болады: әлеуметтік – тұтас қоғам немесе олардың бөлек топтарының қажеттіліктерін әсерлесу процесінде қанағаттандыруға негізделген; әлеуметтік-психологиялық – қоғам мүшелері бөлек тұлғалардың қажеттіліктерімен байланысты. Психологияда қарым-қатынасты психологиялық феномен ретінде қарас-тыратын бірнеше көзқарастар және соған сәйкес берілген анықтамалар да бар. В.Н.Мясищев бойынша қарым-қатынас - таза сыртқы өзара әрекеттестік болып табылмайды, бірақ қатысушылар арасындағы жеке қатынаспен бірге анықталы-нады,яғни оның параметрі қарым-қатынасқа түсуші субъекттілердің қатысуына тәуелді. В.Н.Мясищев қарым-қатынастың үш каласын бөліп көрсетеді: әлемге деген, басқа адамдарға деген,өзіне деген қатынас[14, 95 б.]. Субъекттік қарым-қатынастың ерекшеліктері жөніндегі терең ойлар Б.Ф.Ломовтың еңбектерінен орын алған. Қарым-қатынас - бұл мәліметтік және заттық өзара әрекет. Осы процесс барысында тұлғааралық қатынас пайда бо-лып, құрылады және іске асады. Қарым-қатынас тек мәліметтік және заттық өзара әрекеттестік қана емес,ол сонымен қатар эмоционалдық күйді алмасты-румен қатар жүреді [15, 101б.]. Б.Ф.Ломов «Қарым-қатынастың басқа өзара әрекеттестік түрлерінен ерекшелігі сол,ол қарым-қатынас кезінде адамдардың психологиялық қасиеттері ашылады және және адамдарды субъект ретінде сипаттайтын қасиеттер көрінеді.»дейді [15, 27б.]. Тұлғаның қарым-қатынасындағы танымдық іс-әрекетінің даму деңгейін анықтауға арналған эксперименттік әдістемелерді статистикалық өңдеу нәтижесі бойынша алынған көрсеткіштер негізінде қарым-қатынас процесінің тиімділігін арттыруда сыналушылардың түсінікті ойлауын бағалау, түсініктерді салыстыру, ұғыну қабілетін, ойлау деңгейін, жалпылау арқылы қиялын дамыту маңызды. Сонымен қатар кәсіби білім берудің сәттілігін анықтап, іс-әрекеттің жаңа түрін меңгергендігін және еңбек тәжірибесінің сапасын бағалау мүмкіндігі қарым-қатынас процесіне тікелей байланысты болса, тұлғаның сөйлеу қасиетін бағалауы қарым – қатынас процесінде ойын толық жеткізе білу, сөзді аяқтау, толық тыңдай білу шеберлігін дамыту жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Қарым-қатынас үрдісінде адамдар түрлі объектілерді тану нәтижелерімен, білімдерімен, тәжірибемен, ғылыми, тұрмыстық, оқу ақпараттарымен алмасады. Өзара әрекет ете отырып, олар бірлескен еңбек және демалыс туралы келісімге қол жеткізеді; идеялардың, көңіл күйінің, көзқарастардың бірлігін қалыптастырады; ойларының, күйзелістерінің, түрлі оқиғаларға, басқа адамдарға, өзіне-өзі қатысты қатынастарының ортақтығына қол жеткізеді.
Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1067; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |