Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зерттеу міндеттері. 1 страница




Жеке болжамдар

1. Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуы оларды қоршаған орта ерекшеліктеріне тәуелді болады.

2. Төменгі сынып оқушыларының коммуникативті қабілеттерінің дамуына отбасылық қарым - қатынас стильдері маңызды әсер етеді.

Зерттеу объектісі - Төменгі сынып оқушыларының тобы.

Зерттеу пәні - Төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынас ерекшеліктерінің психологиялық мазмұны.

Зерттеу әдістемелері:

5. Ата - ана және бала қарым - қатынасын анықтау әдістемесі (А.Я. Варга, В.В Столина)

6. Проективті әдістемелер (отбасы суреті, т.б.)

7. Социометриялық сауалнама (Дж. Морено әдістемесінің модификациясы)

8. Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау (В.Ф. Реховский).

6. Әдістемелер арқылы зерттеу жүргізу

7. Индивидуалды мәліметтерді өңдеу

8. Математикалық статистика әдістері арқылы топтық көрсеткіштерді айқындау.

9. Зерттеу болжамын дәлелдеу.

10. Зерттеу нәтижелерінің сапалық талдауы.

Таңдау тобы: 15 бастауыш сынып оқушылары және 15 жұп ата – ана

 

 

2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы

1. Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтау әдістемесі

(А. Н. Варга, В.В.Столин)

Ата-ана мен бала қарым-қатынасын анықтауға арналған сұрақнама тестін ұсынған А. Н. Варга және В.В.Столин. Бұл сұрақнаманы жасауда МГУ факулътеті жанъшдағы отбасыға көмек көрсегудегі кеңес беру ортаяығына бала тәрбиесі және жанұялық қарым-қатынас мәселелері бойынша көмек көрсетуді өтінген ата-аналарға зерттеу жүргізілген. Мұнда зерттеушілер 2 топқа: эксперименттік яғни баламен қарым-қатынасына психологиялық көмек көрсететін топ; бақылау тобы бала-бала тәрбиесімен отбасылық қарым-қатынаста сырттан көмек қажетететін ата-аналар тобын топтастырды.

 

Негізгі шкалаларға сипаттама:

1."Қабылдау - шеттету" шкаласы. Бұл шкала ата-ананың балаға эмоционалдық интегралды қатынасын бейнелейді. Шкаланың жоғарғы шегіндегі мәліметтер ата-ананың бала табиғатын, жетістігі-мен кемшілігімен қоса қабылдайтынын көрсетеді. Ата-ана баласының жеке тұлғалық қасиеттерін мойындай отырып оның көз қарастары мен, ойларымен санасады. Уақыттың көбін баламен өткізуге, оның қызығуларымен шығармашылық көзқарастарын құптап қолдау жасап отырады. Баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді ерте байқап оны дамытуға бірден бір салаға бейімдеуге тырысады. Шкаланың келесі полюстік шегінде ата-ана баласын тек нашар, жағымсыз жэне сәтсіздіктер жағынан ғана қабылдайды. Ата-ана баласын өмірге бейімсіз жолы болмайтын және өмір сүруге қажетті қабілеттерінің төмендігінен ешқандай табысқа қолы жетпейтін ақыл-ой қабілеті төмен субьект ретінде қабылдайды. Мұндай ата-ана баласының қабілетімен мүмкіндіктеріне күмән келтіретінін тұлға ретінде силамайды.

2. Кооперация немесе ата-ана қатынасының әлеуметтік қалаулы образы. Бұл шкаланың мазмұны ата-ана баласының творчестволық әрекеттерімен индивид жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-ана баласының шығармашылық әрекеттерімен жеке тұлға жоспарларына қызығушылықпен ат салысып көмек көрсетеді. Ата-анабаласының интелектуалды шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалап өзінемақтаныш тұтады. Ол баланың дербестігі мен бастамасына қолдау көрсетеді және өзімен тең ұстауға тырысады. Ата-ана өз баласының мүмкінімен творчестволық қабілеттеріне сеніммен қарайды. Көзқарастары мен ой-пікірімен санасып отырады.

3. Симбиоз - баламен қатынастағы жеке адам аралық арақатынасы сипаттайды. Жоғары мәліметтер ата-ананың баламен симбиотикалық қатынасқа үмтылатынын көрсетеді. Бұл бағыттың мазмұнына ата-ана өзін баламен біртұтас организм ретінде сезінеді барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі мазасызданады. Бұл мазасыздану баланың автономиялыққа дербестікке ұмтылу байқалғанда үдей түседі.

4. Өктемшіл гиперсоциализация - бала мінез-құлқымен әрекетін бақылаудың бағытымен формаларын бейнелейді. Бүл шкала бойынша жоғары мәліметтерата-ана бала қатынасындағы өктемдігін көрсетеді.

Ата-ана өз баласына бағыну мен тыңдауды талап етеді. Ол өз көзқарастарыменидеяларын бала тұлғасына қайтадан жасауға бейім келеді. Бала өз талабынан кез-келген дербес бастама үшін жазаланып отырады. Ата-анаөз баласының әлеуметтік жетістіктері, дағдылары, ойлары, сезімдері мен индивидуалды ерекшеліктерін үнемі қадағалап отырады.

Отбасылық қарым-қатынастың мұндай типі орын алғанда бала твор-честволық қабілеттерінің қалыптасуы немесе дамуы туралы сөз қоз-ғаудың өзі артық екені белгілі.

5. "Кішкентай жолы болмаушы" мұнда ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерімен сипаттайды. Бұл шкала бойынша жоғары мәліметтер атаана қатынасындағы өзінің тұлғалық және әлеуметтік қауқарсыздығын балаға жапсыруға ұмтылуды көрсетеді. Ата-ана өз баласына табиғи жасымен салыстырғанда кішкентай деп қарайды. Баланың қызығулары ой-пікірі, сезімі, ата-анаға балалық мазасыздық болып көрінеді. Ата-ана өз баласының ақыл-ой мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттеріне күмәнмен қарайды. Баланың әлеуметтік "әлсіздігіне" қарай кез - келген іс-әрекетте бақылап қадағалап отырады.

Бұл жағдайлар баланың творчестволық қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асуына бір қатар кедергі келтіреді, кейде тіпті шығармашылық қабілетінің табиғатын әкеп тұншықтыруға әкеп салады.

 

1. «Отбасы» суреті проективті әдістемесі

Зерттелушілерге өз отбасының мүшелерін салу тапсырмасы беріледі. Бұл проективті әдіс негізінен ойын ретінде жүзеге асырылады.

Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.

Ескерту: Мұнда балаға артық түсіндірудің қажеті жоқ. Себебі ол түсіндірулер баланың шығармашылық әрекетіне белгілі бір бағдар жүзінде әсер етуі мүмкін.

Зерттеу кезінде негізінен мына жағдайларға көңіл аударумен тіркеледі:

а) дене бөліктерін салу жүйелігі;

ә) үзіліс;

б) детальді өшіру;

в) суретке ауызша түсініктеме беруге ұмтылыс;

г) суретті бейнеде эмоционалды реакция көрінуі.

Баланың шығармашылық іс-әрекетін толық аяқтағаннан кейін қосымша түсініктеме мәліметін алу мақсатында әңгіме өткізіледі.

Балаға төмендегідей сұрақтар реті қойылады:

1. Суретте кім бейнеленген?

2. Ол қай жерде орналасқан?

3. Отбасы мүшелері не шаруамен айналысуда?

4. Оны кім ойлап тапты?

5. Олар өзара көңілді ме? Неге?

6. Суреттегі ең бақытты жолы болғыш кім? Неге?

7. Суреттегі ең бақытсыз, жолы болмайтын кім? Неге?

Бұл әдістеменің басты мақсаты – зерттелініп отырған баланың өз отбасы мүшелерінің әрқайсысына және отбасылық тәрбие стиліне деген нақты қатынасы эмоционалдық жақындығын анықтау.

 

Социометриялық сауалнама /Дж. Морено әдістемесінің модификациясы/

Дж. Морено социометрия әдісінің негізінде құрастырылған модификациялық сауалнама нұсқасы кіші мектеп жасындағы зерттелуші балаларға сұрақтар қою арқылы отбасылық қатынас пен тәрбие жайлы мағлұмат алу көздейді. Сұрақ реті төмендегідей құрастырылды.

1. Үйде ешкім жоқта бірінші кезекте кімді күтесің?

2. Сенде екі билет болса циркке, кіммен барғанды қалар едің?

3. Үйде кіммен тұрасың?

4. Саған "отбасы" ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің?

5. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге бірінші айтар едің?

6. Сен қателік жібергенде кім жазалайды.

7. Сен үлкейіп әке немесе шеше болғанда өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің?

8. Өскенде кім боласың?

Социометриялық сауалнама әр баламен индивидуалды түрде өткізіледі.

 

Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау

1. Қарым-қатынас жасаудың жалпы деңгейі (В.Ф. Реховский)

Нұсқау: «Сіздің назарыңызға бірнеше сұрақтар берілдеі, ол сұрақтарға ойланбастан «иә » немесек «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет.

1. Сіз шұғыл түрдегі немесе іскер мақсатта кездесуге келдіңіз. Осы кездесудегі күту сіздің ызаңызды тудырды ма?

2. Мерекелік кеште немесе пікір сайыс кезінде баяндама немесе т.б. ақпаратты беру немесе хабарлау сізді қолайсыз жағадйға әкеле ме?

3. Дәрігерге көрінуді соңғы сәтке дейін қалдырасыз ба?

4. Сізге өміріңізде болып көрмеген қалаға іс сапармен бару керек. Сіз бұл жағдайдан шығудың амалын қарастырасыз ба?

5. Сіз өзіңіздің көңілізіде жүрген мазалайтын ойыңызды өзгемен бөлісуді жақсы көресіз бе?

6. Бейтаныс адам сізден көшеде қандайда бір өтініш сұраса сіз мазаланасыз ба?

7. «Әке мен бала» арасындағы түсінбеушілік бар және әртүрлі заман адамдары бір-бірімен тіл табысулары қиын деген пікірмен қосыласыз ба?

8. Сізге өте жақсы және білетін сұрағыңыз бойынша қате пікір айтылса сіз үнсіз қарсылықсыз отырасыз ба?

9. Сабақ немес жұмыс жөнінде өзге біреуден көмек сұрау немес өтініш сұрау сізді ызаландыра ма?

10. Бейтаныс адаммен жалғыз қалғанда онымен қатынасқа түсуді алдымен сіз бастайсыз ба?

Жауаптың ұпайлық бағасы: «иә» - 2 ұпай, «кейде» -1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай. Алынған ұпай санын қосып, алғаш қосындысы классификация бойынша қарап шығарыңыз.

В.Ф. Реховскийдің тесті бойынша классификатор.

30 – 32 ұпай сіз жақсы коммуникабілді адамдар қатарына қоспайсыз және жағдайда өзіңіз қиналасыз. Сізге сенім арту қиын, себебі ол топ бірлесуді қажет етеді. Сіз қарым-қатынас орната отырып, өзіңізді білуіңіз қажет.

25 - 29 ұпай сіз өте тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты ұнатасыз, сондықтан сіздің жолдастарыңыз өте аз. Өзіңіздің мінезіңіздің бұл ерекшілігін жақсы білесіз, сондықтан өзіңізге көңіліңіз толмайды.

19 - 24 ұпай. Сіз көпшілсіз, бейтаныс жағадйда өзіңізге сенесіз. Жаңа адамдармен қарым-қатынасқатүсер алдында асығыстық танытпайсыз.

18 - 9 ұпай. Сіздің коммуникацияға түсу дәрежеңіз қалыпты. Сізге қызығушылық бар, қарсылас адамның әңгімесін ықыласпен тыңдайсыз, өзгелермен қарым-қатынаста шыдамдысыз, өз ойыңызды салмақты түрде жеткізе аласыз. Жаңа адамдармен байланысқа еркін түсесіз.

9 – 1 ұпай. Сіз қарым-қатынасқа түсу жақын адамның қызығушылғынан айқын көрінеді. Басқалардың арасында болғанды ұнатасыз, ешкімге көмек көрстеуден бас тартпайсыз. Барлық жағдайда, кез-келегн жерде өзіңізді қолайлы сезінесіз.

 

2.3 Зерттеу нәтижесін талдау және қорытындылау

Зерттеудің жүру барысы: Зерттеудің алғашқы кезеңінде отбасылық тәрбие стилінің баланың жалпы коммуникативтілік қабілетінің дамуына әсерін анықтау мақсатында төменгі сынып оқушыларына зерттеу жүргізілді. Зерттелуші төменгі сынып оқушыларының негізінен проективті зерттеу әдістері қолданылады. Мұнда әр баламен жеке жұмыс барысында сенімді байланыс қатынасын орнатуға көп мән берілді. Зерттеу индивидуалды түрде өткізіледі. Зерттеу мәселесінің күнделігіне байланысты эксперименттік зерттеу жұмысы бірнеше кезеңге бөліп жүргізілді.

Оқушының қарым-қатынас жасай білу дәрежесін анықтау мен бағалау мақсатында оларға тест сауалнамасы жүргізілді. Тестің негізі мақсаты оқушылардың арасындағы қарым-қатынас деңгейін анықатауға бағытталды. Олардың сауаланама сұрақтарына жауап бере отырып өздернің қанашалықта қарым-қатынасқа түсудегі айырмашылықтары нақтыланды. Социометрия әдістемесі – топтың тұлғааралық қатынасын ашатын әдістеме. Бұл әдістеменің көмегі арқылы сыныптағы оқушылардың статустық орнын анықтадық.

Төменгі сынып оқушыларына жүргізілген проективті әдістер мен тестік сауаланамаларды жүргізу барысында отбасылық қарым-қатынас пен тәрбие стилінің арасында байланыс болатыны анықталды. Бұл туралы мәліметтерді жұмыстық сапалық талдау бөлімінде кеңірек баяндаймыз.

Екінші кезең: ата-ана бала қатынасын анықтауға арналған (ОРО) әдістеме көмегімен жоғарыда зерттеу жүргізілген төменгі сынып оқушыларының ата-аналарына индивидуалды зерттеу жүргізіп топтың орталық мәліметтері кестеге орналастырылады.

1 кесте

Ата-ана бала қатынасын анықтауға арналаған (ОРО) әдістеме бойынша ата-аналардың топтық орталық мәліметтері

Шкала таулары
Қабылдау шеттету Кооперация Симбиоз Автолитар- лық Жолы болмаушы
1-жұп          
2-жұп          
3-жұп          
4-жұп          
5-жұп          
6-жұп          
7-жұп          
8-жұп          
9-жұп          
10-жұп          
11-жұп          
12-жұп          
13-жұп          
14-жұп          
15-жұп          

2 кесте

Стандарттық процентилді ранг нормалары (%)

Шкала таулары
Қабылдау шеттету Кооперация Симбиоз Автолитар- лық Жолы болмаушы
    92,40   80,93   92,93   13,86   99,37
  90,50 19,22 74,97 31,13 96,83
  53,79 31,19 57,96 83,79 99,37
  12,02 48,82 74,970 53,87 84,81
  98,73 48,82 19,53 95,76 14,55
  0,63 9,77 86,63 83,79 84,81
  3,79 48,82 19,53 95,76 84,81
  93,67 48,82 39,06 13,86 45,57
  3,79 9,77 19,53 83,79 84,81
  77,21 5,67 39,06 53,87 14,55
  3,79 9,77 74,97 83,79 96,83
  3,79 9,77 39,06 83,79 14,55
  99,36 48,82 39,02 32,13 70,25
  99,36 80,93 92,93 95,76 99,37
  92,40 80,93 19,53 69,30 14,55

Эксперименттік зерттеу мәліметтерінің алғашқы өңдеу барысында зерттелуші жауаптарындағы шкалалық көрсеткіштер арасында өзара тұрақты байланыс бар ма деген сауал туындайтыны анық. Осыған орай эксперименттік зерттеу болжамы анықталды.

Зерттеу бойынша, статистикалық болжам қолданылды. Оның айқындалуы төмендегіндей:

Болжам: Но -Қарым-қатынас стилдері мен баланың коммуникативтілік

қабілеттіліктері көрсеткіштері арасында өзара байланыс жоқ.

Ні - Қарым-қатынас стилдері мен баланың коммуникативтілікқабілеттіліктері көрсеткіштері арасында өзара байланысбар.

Анықталған зерттеу болжамын дәлелдеу үшін рангілік-корреляция коэффициенті әдісі (Ч.Спирмен) қолданылды.

 

3 кесте

"Симбиоз" және "жолы болмаушы" шкалаларының өзара байланысы (%)

 

 

Симбиоз Ранг Жолы болмаушылық Ранг d d
  92,93 14,5 99,37   0,5 0,25
  74,97   96,83 11,5 0,5 0,25
    57,96   99,37   -5  
  74,97   84,81 8,5 -2,5 6,25
  19,53 2,5 14,55 2,5    
               

 

  86,63   84,81 8,5 4,5 20,25
  19,53 2,5 84,81 8,5 -6  
  39,06 6,5 45,57   1,5 2,25
  19,53 2,5 84,81 8,5 -6  
  39,06 6,5 14,55 2,5    
  74,97   96,83 11,5 0,5 0,25
  39,06 6,5 14,55 2,5    
  39,02 6,5 70,25   0,5 0,25
  92,93   99,37      
  19,53 2,5 14,55 2,5    
           

 

а) Ч.Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін есептейміз:

6-∑(d) 6-159 954

Rs = 1------------ = 1 -................ = 1 -------- = 1-0,28=0,72

(n-n-1) 15(15-1) 3360

ә)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз.

0,52 (р > 0,05)

Rs = { Rsэмп > Rsкр, (р > 0,01)

0,66 (р>0,01)

яғни, Но теріске шығарылып Н1 қабылданды.

3 – ші кестеден көріп отырғанымыздай, ата-аналардың көбісі өз жанұяларын сәтті дерлік және өте сәтті деп есептейді (әкесі де, анасы да – 26.6%); симбиоз 16.67% – аралық; 13.33% – сәтті; жолы болмаушы 10% – сәтсіз; 6.67% – сәтсіз дерлік.

Қызықты фактілердің бірі - ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы сандық бағалар сәйкестілігі. Алынған нәтижелер негізінде, екінші әдістемені өткізгеннен кейін алынған мәліметтер бірінші әдістемеден алынған нәтижелермен сәйкес келеді деп айта аламыз.

Ата-ана бала қарым-қатынасының "Симбиоз" және "жолы болмаушы" шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық жоғары мәнділік деңгейіне жетеді.

 

4 кесте

Авторитарлық" жэне "жолы болмаушы" шкала арасындағы өзара байланысы

 

 

  Авториторлық Ранг N Жолы болмаушы РангN d   d
    13,86   14,55   і  
    31,13   45,57 4,5 -1,5 2,25
    83,79   99,37   -4  
    53,87 5,5 14,55   3,5 12,25
    95,76   99,37      
    83,79   99,37   -4  
    95,76   84,81 9,5 4,5 20,25
    13,86   45,57 4,5 -1,5 2,25
9 83,79   70,25 6,5 3,5 12,25  
  53,87 5,5 84,81 9,5 -4    
  83,79   84,81 9,5 0,5 0,25  
  83,79   96,83   -2    
  32,13   14,55        
  95,76   14,55 9,5 4,5 20,25  
  69,30   70,25 6,5 1,5 2,25  
             
                             

 

 

а) Ч.Спирменнің рангілік корреляция коэффицентін есептейміз:

6-ВД) 6-126 756

Rs = 1-..... = 1-- — = 1------- = 1- 0,22 = 0,78

(п-п-1) 15-(15-1) 3360

2)Таблица бойынша Rs-тің критикалық мнін анықтаймыз.

0,52 (р > 0,05)
Rs = { Rsэмп >Rsкр, (р>0,01)

0,66 (р>0,01)

яғни, Н0 теріске шығарылып, Н1 қабыданады.

Жауап: Ата-ана бала қарым-қатынасының "Авториторлық" және "Жолы болмаушы" шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар жэне ол статистикалық мэнділіктің жоғары деңгейіне жетеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 8132; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.