Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Мен формалары 2 страница




Қарым - қатынастың жоқтығы баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ол оның танымдық іс - әрекеті, тілі, қалыпты көрсеткіштен қалып қояды. Қоршаған адамдармен қарым - қатынасында қиындық туады. Егер бала селқос болып өссе, ересектер оған үйрену обьектісі бола алмайды. Жеке қарым - қатынасқа ғана, балада пайда болатын басқаға керек екенін түйсіну, қауіпсіздік сезімнің тууы, өмірлік тонустың жоғарлауы өз - өзіне сенімділігінің қажетті шарты болады.

Қарым - қатынас мазмұны қабылданушы оқиға шегінен шығып жететін, қарым - қатынас оқиғадан тыс деп аталынады. Ол тек қана тілдік формада жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, жай ғана ойыншықтармен ойнау жеткіліксіз. Мектепке дейінгі балалардың, көрмегені туралы әңгімелер, оның әлем туралы көзқарасын кеңейту қажет.

Оқиғадан тыс қарым - қатынастың формасы бар - танымдық қарым -қатынас. Танымдық қарым - қатынас бала тілді жақсы меңгергенде, көру алаңында жоқ затта туралы ересектермен әңгімелесе алғанда, ол білімге қүмар, әлемді түсінуге үмтылатын және осы мақсатпен әр түрлі сүрақтар қойған кезде ғана жүзеге асады. Бүл кезде бала үлкендердің оны қүрметтеуіне қажеттілігін тигізеді.

Біртіндеп мектепке дейінгілердің назары адамдар арасында өтіп жатқан оқиғаларға ауа бастайды. Адамдардың қатынасы, жүріс - түрыс нормасы баланы қызықтырады. Не істеу керек, не істемеу керек, кім мейірімді, кім сараң, не жаман,не жақсы - осы сүрақтар жоғағы мектепке дейінгілерді толғандырады.

Жоғарғы сыныпқа дейінгі жасында бала жақсы болуға, бәрін дұрыс орындауға, өзін - өзі дұрыстау, қүрбыларының ісін бағалауға, өзінің үлкендермен, балалармен қатынасын құруға үмтылады. Бүл ұмтылыс, әрине ересектердің қолдауын қажет етеді. Жоғарғы мектепке дейінгілер сонда да ересек мақтауы мен мадақтауын қажет етеді, бірақ оны нақты қабілеттілігі емес, керсінше бүтіндей баға көбірек толғандырады. Егер ересектер қүрметпен қараса, онда ол жеке әрекеттен қабілетіне қатысты ескеулерді қалыпты қабылдайды.

Баланың жеке қарым - қатынасқа қабілеттілігін одан кұрбылары туралы әңгімелесу арқылы анықтауға болады. Мысалы, достарының ішінен кім оған өте ұнайды? Неге? Кіммен ол көп келіспей қалады, кіммен дос болғысы келетінін сұраңыз. Балада сүйікті кітабы бар ма екенін сұрап көріңіз. Бүл жерде ересектер балаға сұрақ қойып қана қоймай, сонымен бірге оған өзінің қатынасын, өзі туралы басқа адамдарға айтып, қызықты әңгімелесуші бола алуы керек. Жеке қарым - қатынасының тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Ол бала өмірінің шынайы оқиғаларымен, оның адамдармен қарым - қатынас тәжірибесі мен қызығушылығы мен байланысты болы керек. Ең негізгісі - әңгіме заттар, жануарлар туралы емес, адамдар, олардың істері, қатынастары туралы болуы керек. Осыдан баланы ересектердің пікірі қызықтырады ма? Өзінің бағасы ересектердің бағасымен сәйкес келуі оған қажет пе екенін білу өте маңызды.

Алғашқы шығармашылық бастамасы оның құрбылыары мен баланың қарым - қатынасында жақсы көрінеді,себебі оны еш нәрсе қыстамағанда және оның белсенділігін еш нәрсе тежемегенде ешкім оған «қалай істеудің» қатаң үлгісін көрсетпегенде, өзінің неге қабілеттілігін ешкімнен үялмай жасап көргендегі құрбыларымен қарым - қатынасында ғанаасады. Шығармашылық көрінуді талап ететін іс - әрекеттің түрлері - ойын,қиялдау және тағы басқалары - ең алдымен қүрбыларымен бірге жүзеге асады.

Төменгі сынып оқушыларының қарым - қатынасының төртінші ерекшелігі өзінің функциясы бойынша біршама бай болады. Құрбысының бағытталған баланың әрекеті біршама көп бейнелі, яғни құрбысының орнында ересектер болғанға қарағанда. Ересек үнемі балаға ненің жақсы, ненің жаман, не істеу керектігін айтады. Немесе бір нәрселер туралы айтады, яғни бала өзінің әрекетіне баға немесе жаңа жаңалықтар күтеді. Ал құрбысымен қарым - қатынасы өте бай.

Мектепке дейінгі баланың алғашқы жылдарында баланың бойынан коммуникативті әрекеттің формасын байқауға болады. Қарым-қатынастың екінші түрі сияқты бұл қарым-қатынас та бала ересекпен практикалық серіктес емес ортақ танымдық әрекетте болады. Тіпті бүл кезді «теориялық» серктестік немесе бірлестік деп айтуға болады. Мектепке дейінгі бала көп те аз да білгісі келеді язни өзіне қажеттісін ғана білгісі келеді. Мәселен, бүл әлем қайдан пайда болды, қалай пайда болды, табиғаттағы өзара байланыс қайдан келді, заттарда қандай құпия бар деген сияқты сұрақтар төңірегінде білгісі келеді.

Бірақ бұл мәселелрді жалғыз өзі танып білу үшін баланың мүмкіндіктері шектеулі. Тығырықтан шығуға көмектесетін жалғыз жол ол айналадағы ересектермен араласу, сөйлесу. Балалар өздерінің бітпейтін неге деген сұрақтарын ересектерге қарша боратады. Сол үшін де қарым-қатынастың үшінші формасында танымдық мотив ілгерілейді.

«Теориялқ серіктестік» кезінде бала дүниеге келгеннен бастап ересек адам мен бала арасындағы әрекеттен мәселелер талқылынатын болғандықтан қарым-қатынас оқиғадан тыс сипатқа ие болады. Мақтау сөз мектеп жасына дейінгі баланы қатты қуантады екен. Өз тарапына мақтау сөз естіген бала қуаныштан айқайлап, секіріп, қол шапалақтайды дейді ғалымдар. Бірақ сәл ғана кейіс білдірсңіз бала оны көтере алмай қалуы мүмкін. Ол бірден дауласып, ренжіп, тіпті жылап та қалулары мүмкін. Қарым-қатынастың ситуациядан тыс танымдық формасы үшін балангың ересектердің өздерін силауларын қалайтындығы тән. Бала эрдайым тек мақтау ғана естігілері келеді, өздерінің тарапына айтылған ескертпелерді мойындағылыры келмейді. Ескертпелерді олар қарсыластың көрсеткен реніші деп түсінеді.

М.О. Смирнованың зерттеулері бойынша төменгі мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың танымдық мотивін таңдайды екен [31]. Олар көбіне табиғат, жан-жануар, заттар туралы әңгімелескенді жақсы көреді екен. Ал мектепке дейінгі жастағы балалар түлғалық мотивті таңдайды. Олардың қызығушылығы адамдар болғандықтан әңгімелері де солардың төңірегінде болады. Олар көбіне өздері, ата-анасы, достары туралы айтып бергенді, ал ересектерден олардың өмірлері, жүмысы, отбасы туралы сүрап білгенді жақсы көреді. Қарым-қатынастың төртінші формасында да балалардың ересектермен қатынасы «теориялық» сипатқа ие болып, танымдық әрекетпен үштасып жатқанымен, бүл жерде баланың заттарға емес «адамдар әлеміне» көп назар аударатыны байқалады.

Төменгі сынып жасындағы балалардың үлкендерінде ересектерден тек жылы көңілді ғана қалыптастыруды емес өзара түсіністік пен алаңдаушылықты да қалыптастыруға үмталатынын байқауға болады. Коммуникативті қажеттіліктің жаңалығы сол, бала енді тек мақтауды ғана талап етпейді, ол үшін енді маңыздысы дұрыс немесе дұрыс емес екенін білу. Яғни ол өзінің қателік істегеніне кейісе де, сол қателігін түзету керек екеніне келісіп, қателігін түзетуге тырысады. Ол ересектердің дәрежесіне жету үшін барлық қателіктерін түзетуге күш салады. Өздерінің позицияларымен ересектердің позициялары сәйкес келетін болса ол бала үшін қандай да бір істі дүрыс жасағанының белгісі болады. Бұл кезде бала дауласуға асықпайды. Алдымен ол ересектерді түсіну үшін мұқият тыңдап алады. Ол үшін ең маңыздысы, ересек неге олай, неге басқалай ойламайтынын түсіну.

Қарым-қатынасытың жаңа формасы төменгі мектеп жасындағы баланың ойнайтын ойындарының деңгейімен тығыз байланысты. Бала енді маңайында болып жатқан оқиғалардың заттық жағына аз мән беріп, оның орнына отбасында қалыптасқан қарым-қатынастың қиын түріне қызығып, соған көп мән бере бастайды. Оны адамдар арасындағы қарым-қатынас қызықтырады.

Мектептегі балалалық шақ баланың тұлға болып қалыптасу кезеңі. Бұл кездеөсіп келе жатқан адамның психикасы, әлеуметтік жүріс-тұрыстың әдеті қалыптасады. Дәл осы кез басқа адамдарға деген мейірімділік сезімдердің қалыптасуына өте қолайлы. А.В.Запорожец пікірінше «Бұлай қалыптасудың негізі тек үйреніп және білім алып қана қою емес, сонымен бірге баланың өмірлік позициясының өзгеруі. Және де қоршаған адамдармен жаңа қарым-қатынас орнатуы мен жүріс-тұрыста жаңа мотивтердің қалыптасуы да оның негізі бола алады.

Ересектермен қарым-қатынас ерте пайда болып, қалыптасады. Бүл кейін баланың өзімен жасты балалармен қарым-қатынас орнатуына өзіндік ерекше көріністер береді. Яғни баланың өзімен жасты баламен қалай арасаласытыны сол қатынастарға байланысты болады.

Бұл жастағы балаға тәрбиешінің, мұғалімнің педогогикалық ықпалы (әсерленгіштік, иланушылық, қызбалық яғни эмоцияға тез берілушілік) аса зор. Тәрбиешінің немесе ересек адамның эмоцианальды бағалауы бала үшін өте маңызды. Төменгі мектепке жастындғы баланың топтағы орны, көңіл күйі, әлеуметтік орны қандай болатыны дәл осы эмоциональды бағалауға тәуелді болады. Баланың «баламен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас кешірек пайда болады. Ол қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсудің екінші саласын қүрайды.

Егер қарым-қатынастың бірінші саласында (бала-ересек) психикалық дамудың бағыты мен мазмұны қарастырылса, екіншісінде баланың өзін-өзі дамыту шарты пайда болады. Бүл өзімен жасты баланың серік болатындығынан. Сыныптастарымен бала қарым-қатынаста өзімен тең болады. Бүл балаға өз мүмкіндіктерін ешқандай шектеусіз ашуына жағдай жасайды. Ол өзімен жасты баламен белсенді әрекет жасау арқылы онытануға мүмкіндік алады. Құрдастарымен бала оған «айна» іспетті. Өзін және маңайдағылырды тану нүктесі сияқты.

Сонымен ересектер мен құрбылары баланың түлғасының жан - жақты дамуына жағдай жасайды. Ересектермен қарым - қатынаста бала сөйлеуге, не істеу керегін басқаларды түсініп тыңдауға, жаңа білімдерді меңгеруге үйренеді. Ал құрбысымен қарым - қатынаста өзін көрсетуге, басқаларды басқару, әр түрлі қатынасқа түсуге үйретеді. Сондықтан баланың қалыпты дамуы үшін тек ересектер емес, басқа да балаларды қажет етеді.

Баланың жеке басы дегенде, біріншіден ол нендей қасиетке ие, оның ішкі «Мен» дейтін сапасы қандай т.с.с. екіншіден, «жеке басы» деген сапа кім болса соған тән емес, бүл өзбеттілігі бар адам деген мағынаны білдіреді. Мектепке дейінгілер ересектерге бағынышты болғандықтан, оларды соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды. Дегенмен бүларда өзбеттіліктің бастапқы қасиеттері кездесе бастайды.

Ал төменгі сынып оқушыларының «мен» деген қасиетіне келсек, бөбектерге қарағанда осы сапасы едәуір қалыптасып қалған. Бұлар ересектердің байланысып кетеді. Белсенділіктің бұл екі түрінің араласуы баланың қоршаған орта туралы түсінігінің кеңеюіне жағдай жасайды.

Төменгі сынып оқушыларының мінез-құлқында үлкендермен және өзге балалармен жақсы өзара қарым-қатынас орнату және сақтау мотивтерінің үлкен мәні бар. Балаға төңірегіндегілердің жақсы қарым-қатынасы қажет.

Үлкендердің еркелетуіне, кұптауына, мақтауына лайық болу тілегі баланың мінез-құлқының негізгі тұтқаларының бірі болып саналады. Мектепке дейінгі балалық шақта намыс, өзін таныту мотивтері дамиды. Олардың шығар жолы-ерте сәбилік шақпен мектепке дейінгі шақтың шегінде пайда болатын өзін-өзі адамдардан бөлу, үлкендерге мінез-құлық үлгісі ретінде қарау. Өзін танытуга тырысу белгілерінің бірі-ойындарда басты рольдерді орындауға балалардың дәмеленуі [18].

Балалардың бір-бірін бағалаулары қарым-қатынасты бақылау мен түзеу тәсілі сияқты. Балалардың бірін-бірі бағалаулары олардың түлғасының жақсы жақтары мен рухани дамуының көрсеткіші сияқты. Жоғарыда қарастырылған балардың бағалауларының аспектілері өзара тығыз байланыста. Сол арқылы топта болып жатқан бағалау қарым-қатынастың көрінісін айқындай аламыз. Зерттеушілердің көпшілігі балалар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастың қалыптасуының негізгі факторы ретінде өзара әрекеттің сәтті дамуында дейді.

Төменгі мектеп жасындағы баланың әрекетінің негізгі көрсеткіші ойын мен оқу. Я.Л.Коломинский балалар арасында жақсы қарым-қатынастың орнауына ойын ойнаудың маңызын зерттей келе, дәл рольдік ойындарда мектеп оқушылырының қарым-қатынас жүйесі қалыптаса бастайды деген пікірге келді. Ересектердің қарым-қатынасы мен әрекетін модельдейтін бүндай ойын әрбір балада жақын зона психикасын ғана тудырмай, балалар коллективінің жақын даму зонасын тудырады [28].

Осылайша, баланың өзімен жасты балалармен қарым-қатынас орнатулары кеш пайда болады. Бірақ ересектермен қалыптасқан қарым-қатынастан көрі жемісті болады. Бала түлғаның қалыптасыуына септігін тигізеді. Ол баланың белсенділік таныту, жекеленген тұлғалық мінез қалыптастыру өзін және өзімен жасты балаларды тану сияқты өзін өзі дамыту процесіне әсер етеді.

Ерте сәбилік шақта қалыптасқан баланың жеке басы дамуындағы алғышарттар төңірегіндегі адамдар тарапынан балаға ықпал жасалуының жаңа жолдарының негізін қалайды. Өсіп жетіге келе бала мінез-кұлықтың жаңа формалары мен психологиялық белгілерін игереді, осының арқасында ол адамзат қоғамының кішкентай мүшесі болады.

Төменгі сынып оқушылары біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мүның өзі әлі де болса толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.

Төменгі сынып оқушыларының даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау-өзекті талапқа айналады.

Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберінен шығарыпіс-әрекетті өзара қарым-қатынас формаларының байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді [11]. Бала өз құрдастарыменбірлескен іс-әректке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісудежолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренуді, мектепке дейінгі бүкіл балалақ шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сактау және басқа психикалақ процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-кұлқын үйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзерістер мен бетбұрыстар орын алады.

Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын калыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді, одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады. Адамның жеке басының даму шарттары дамудың өзімен тығыз кіріккендігі сонша, оларды практика жүзінде ажырату мүмкін емес.

Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар: оның бірінші жағы -баланың қоршаған ортаны біртіндеп біліп, өзінің, одан алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы- сезім мен еріктің дамуы, олар осы мотивтердің ыкпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді [11,121-123 б].

Балалардың жеке басының дамуына үлкендер ыкпалының негізгі жолы-олардың адамдар қоғамындағы мінез-кұлқын реттейтін мораль нормаларын игерулерін ұйымдастыру. Бала бұл нормаларды мінез-құлық ережелері мен үлгілерінің ықпалы арқылы игереді. Балалар үшін мінез-құлық үлгілері -үлкендердің өздері, олардың іс-қылығы, өзара қарым-қатынастары болашақ. Балаға оның айналасындағы ең жақын адамдардың мінез-қүлқы айтарлықтай ықпал етеді. Бала оларға еліктеуге, олардан үлгі алуға, олардың адамдарға, оқиғаларға, заттарға берген бағасынан тәлім алуға бейім тұрады. Әйтсе де іс жақын адамдармен бітпейді. Мектеп жасына дейінгі бала үлкендер өмірімен көптеген жолдармен: олардың еңбегін бақылау, әңгімелер, өлеңдер, ертегілерді тыңдау арқылы танысады. Айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне, қошеметіне бөленген адамдар бала үшін үлгі болады. Құрдастарының балалар тобында қолдау тауып, кең тараған қылықтары да бала үшін үлгі болуы мүмкін. Ақырында, белгілі бір моральдік қасиетке ие кейіпкерлерінің әрекеттерінде көрініс беретін мінез-құлық үлгілерінің мәні аз емес.

Бала төңірегіндегі адамдардың мінез-құлық шеңберінен тысқары шығатын мінез-құлық үлгілерін игеруге шешуші сәт-ол баланың өзі жақсы көретін және ол үшін пікірі ерекше беделді болып саналатын адамдардың өзге үлкендерге, балаларға, әңгімелер мен ертегілердің кейіпкерлеріне берген бағасы [12].Ал кіші мектеп жасындағы балалардың ниетіне не іс - әрекетіне келсек, осылар түрліше келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және соларға арналған қатынасына байлпнысты. Егер баланың ересектермен қатынасы жақсы, тату келсе, оның тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрлі сол обьектінің, мысалы, ойынның оған қызықтылығы. Ойын неғүрлым қызықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

 

1.2 Төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік қабілетінің дамуына отбасылық қарым-қатынас стилдерінің әсері

Әртүрлі әлеуметтік факторлардың арасында мектеп жасындағы балалардың коммуникативтік қабілетінің дамуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ол - отбасы. Себебі, отбасы - тәрбиенің негізгі институты. Отбасынан үйренгенін адам өмір бойы санасында сақтайды. Отбасының бұлай маңызды болу себебі адам өмірінің біршама уақытын жанүяда өткізеді. Жанұяда тұлғаның негіздері қалыптасады. Анасы, әкесі, бауырлары, атасы, апасы және де басқа туыстармен арадағы қарым-қатынас бала дүниеге келе салғаннан басталады. Және осы адамдармен қарым-қатынас орнату арқылы балада тұлгалының құрылымы қалыптаса бастайды.

Отбасында тек баланың тұлғасы ғана емес, оның ата-анасының да тұлғасы қалыптасады. Балаларды тәрбиелеу ересек адамның тұлғасын байытады. Оның әлуметтік тәжірбиесін күшейтеді. Көбінеки ата-анада бұндай процесс санадан тыс жүреді. Бірақ кейінгі кезде саналы түрде өздерін де қоса тәрбиелеп жатқан жас ата-аналар да бар. Өкінішке орай ата-аналардың бұл позициясы кең тарала қойған жоқ.

Отбасы дегеніміз – некеге қарағанда күрделірек қарым – қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата – аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым – қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез – құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасы бала үшін ол туылған орта менуақытының көп бөлігін өткізетін орта. Отбасында ол өзі қандай болса сол қалпында қабылдайтын жақын адамдары бірге тұрады. Отбасында бала қоршаған орта туралы алғашқы рет біле бастайды. Ал мәдениеті мен білімі жоғары ата-анадан қүралған отбасында баланың білімі жоғары деңгейде дамиды. Отбасы - нақты бір рухани-психлогиялық климат. Бала үшін ол адамдармен қарым-қатынасты қалай жасау керектігін үйрететін мектеп. Дәл осы отбасында балада мейірім мен жауыздық, парасаттылық, заттық және рухани құндылықтарға деген құрмет деген сияқты түсінік қалыптасады. Отбасындағы жақын адамдарымен бала махаббат, достық, міндет, жауапкершілік, әділеттілік сияқты сезімдерді басынан кешіреді. Отбасылық тәрбиеге ие. Отбасылық тәрбиеге эмоциялар тән. Оның түрткісі ата-анасының балаға деген махаббаты. Ол махаббат балада ата-анаға деген махаббатты оятады.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ата-ана мен баланың өзара әрекеттестігінің әсері туралы сұрақ отандық әдебиетте кеңінен талқылануда. Қазіргі уақытта отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың жеке тұлғасының, әсіресе оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі екені туралы көзқарас қалыптасқан. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ерекше және көрнекі түрде, әсіресе, бала тәрбиесінде көрінеді.

Мектеп жасындағы балалардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына қажетті бірқатар жағдайлар орындалуы тиіс. Оны қоршаған әлеуметтік орта, тұрмыс жағдайы тағы сол сияқты. Осы жастағы балалардың ең басты әрекеті ол ойын болып табылады. Ойынның да бұл мәселе бойынша тигізетін пайдасы маңыздылардың қатарынан көрінуде. Алдымен баланың ойнына нендей нәрсе түрткі болатынын ашып алайық.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1798; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.012 сек.