Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Зерттеу міндеттері. 2 страница




 

5 кесте

Ата-ана бала қарым-қатынасының «қабылдау-шеттету» және «кооперация» шкалалық көрсеткіштері

 

 

Қабылдау Шеттету Ранг   КооперацияЖолы болмаушы Ранг d   d
  92,40   83,79 14,5 -3,5 12,25
  90,50   53,87      
  31,13   83,79      
  83,79   83,79      
  53,87   32,13      
  95,76   95,76   -3,5 12,25
  83,79 4,5 69,30   6,5 42,25
  95,76   83,79      
  13,86 4,5 53,87   -0  
  13,86   83,79      
  3,79 4,5 9,77   -0  
  3,79 4,5 9,77 4,5 -0  
  99,36 14,5 48,82   -3,5 12,25
  99,36 14,5 80,93 14,5    
  0,65   4,90      
           
                     

 

а) Ч. Спирменнің рангілік коореляция коэффицентін есептейміз:

6-∑(d) 6-159 954

Rs = 1-............. = 1------------ — = 1.............. = 1- 0,28 = 0,72 (3)

(n-n-1) 15-(15-1) 3360

 

ә) Таблица бойынша Rs-тің критикалық мәнін анықтаймыз. (В.Ю. Урбах, 1964)

 

0,52 (р > 0,05)
Rs = { Rsэмп >Rsкр, (р>0,01)

0,66 (р>0,01)

яғни, Н0 теріске шығарылып, Н1 қабылданады.

 

Ата-ана бала қарым-қатынасының "Авториторлық" және "Жолы болмаушы" шкалалық көрсеткіштері арасында өзара тығыз байланыс бар және ол статистикалық мәнділіктің жоғары деңгейіне жетеді.

Бақылаудың көмегімен және социометрия әдісі арқылы алынған эмпирикалық мәліметтерге сүйене отырып балалардың құрбыларымен қарым-қатынасындағы индивидуалды стиліне тәуелді топ бөлінеді. Анықтау барысындағы негізгі криетрийларға: қарым-қатынастағы әлеуметтік дағдының қалыптасуы, құрбыларымен қатынас стилі, сыныбындағы оқушының статустық орны, құрбыларымен өзарақатынастағы белсенділік немесе енжарлық. Бұл критерий бойынша бірінші топқа 9 оқушы жатқызылды (36,4%). Екінші топтағы 16 оқушы жатқызылды (51,7%) бұл зерттелуші топта жоғары статустық орныды алады, құрбыларымен өзарақатынаста белсенді, қарым-қатынастағы әлеуметтік дағдылар жоғары деңгейде мотивцияға ие. Бұл топтағы балаларда құрбыларымен өзара қатынаста белсенді позицияны алатын, шектетілетін және менсінбейтін зерттелінушілер құрайды, бірақ олар қарым қатынастағы әлеуметтік дағдының төменгі деңгейіне ие. Үшінші топқа 5 оқушы жатқызылды (12,7%) сыныбында төменгі статустық орынға алатын оқушылар кірген. Олар құрбыларымен өзарақатынаста енжар, қарым-қатынасқа қиын түсетіндер жатады. Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынастағы индивидуалды ерекшеліктері бойынша ашық қарым-қатынасқа оңай түседі, өз құрдастарының алдында статусының жоғары болғанын қалайды.

Келесі кезеңде зерттелушілердің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауын анықтауға арналған әдістеме бойынша алынған мәліметтердің сапалығын талдап пайыздық өлшемге салу жұмыстары жүргізілді. Әдістеме негізінен қарым-қатанста өзін-өзі бақлауының 3 деңгейін анықтайды.

1) қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауының жоғары деңгейі.

2) қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауының нормаға сәйкес деңгейі.

3) қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауының төменгі деңгейі.

Бұл әдістеме бойынша зерттелушілердің қарым-қатынас барысында өзін-өзі бақылау деңгейі бойынша зерттеу тобында норма днңейі жоғары көрстекіштерді көрсетті, яғни олар қарым-қатынас кезінде шыншыл ашық және өздерін эмоционалды ұстамсыздық қасиеттерін білдіреді. Өз мінез-құлқы туралы қоршаған ортасымен санасып отырады. Ал екінші топта қарым-қатыанста өзін-өзі бақылауы төменгі деңгейі көрсетті. Әдістемелер арасындағы өзаратәуелділікті алынған мәліметтер статистикалық салыструы арқылы анықтадық.

Қарым-қатынас белсенділігі арқылы адам жолдастарымен, адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас белсенділіктің нәтижесі. Жеке адамның бойындағы адамгершілік қасиеттері (қамқорлық, қайырымдылық, жауапкершілік сезімі т.б)қалыптасады.

Яғни қарым-қатынас барысында келесі қасиеттердің болуы шарт:

-Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу.

-Тұрақты жақсы көңіл-күй;

-Басқа адамдарды түсіне білу;

-Өзін басқа адамдардың орнына қоя білу;

-Жеке адамдардың негізгі көзқарастарын есте сақтау;

-Жаңа адамдармен тіл табыса білу;

-Адамдардың жас ерекшелігін ескере отырып,қарым-қатынас жасау;

-Кикілжіңге түспеу жолдарын қарастыру немесе дұрыс шеше білу;

-Басқа адамдардың көзқарастарын есепке ала білу;

-Адам құндылықтарына сипаттама беру.

Қарым-қатынас мазмұны ақпараттық, жеке даралық байланыстар арқылы басқа субьектілермен немесе өзіндік қатынастар арқылы айқындалады.

Зерттеу жұмысының алғашқы кезеңінде жүргізілген проективті әдістеме «Отбасы» суретінің мақсаты – балалармен ауызша жүргізілген проективті интервьюде жіберілген, байқаусыз қалған ақпараттарды алуға бағытталады. Екінші кезеңдегі «Отбасы» суреті бойынша алынған мәліметтерге талдау жасау барысында мектеп жасындағы оқушылардың отбасылық қарым-қатынаспен отбасы мүшелеріне деген субъективті қатынасы туралы вербальды әдістерге қарағанда проективті әдістерге біршама толық мағлұмат алуға болатынын байқауға болады. «Отбасы» әдістерінің нәтижелерін сапалық талдауда суреттеу формальды және мазмұндық ерекшеліктерінен өзге маңызды екі аспектіні бөліп шығаруға болады.

а) Отбасы суретінің құрылымын талдау, яғни отбасының реалды мүшелері мен суреттегі бейнелер санының өзара теңдігі және суреттегі отбасы мүшелеріннің бейнелену орны мен өзара әрекеттестік дәрежесі мектеп жасына дейінгі балалардың салған суретін талдау барысында осы аспектіге байланысты мынандай заңдылығы анық байқалады. Бала мынандай өз Отбасының мүшелерін толық салмайды. Әдетте бұл баламен эмоционалдық шиеленістегі адамды тастап кетеді.

Сонымен қатар бала суретіндегі отбасы мүшелерінің орналасуына қарап отбасылық өзара байланыс пен өзара қарым-қатынас табиғатын анықтауға болады. Мұнда бала отбасы мүшелерін субъективті түрде бірден бір қашықтықта орналастырады. Кейбір суреттердегі отбасы мүшелері арасындағыкездейсоқ обьектілерді салу байқалады. Ол өз кезегіндегі баланың осы отбасы мүшесіне деген эмоционалдық жағымсыз қатынасын қарастырады. Бала суретіндегі ортақ іс - әрекетпен айналысып жатқан отбасы бейнелері бұл отбасындағы ата-ана бала қарым-қатынасының жағымды психологиялық ахуалын көрсетеді. Кейбір суреттерде ортақ іс-әрекетке бірден-бір адамдар бейнесі ғана салынады. Бүл жайтты отбасындағы микротондық қалыптасу көрінісі деп түсіндіруге болады.

б) Бала отбасы мүшелері арасындағы өзі жақсы көретін әрі бала үшін беделді саналатын бұл тұлғаны басқаларына қарағанда азырақ салатыны және ауызша түсіндірмемен толықтыратыны байқалады. Керісінше бала үшін жағымсыз тұлғаны толық емес, кейде дене мүшелерін де түгелдей салмайды.

Сонымен қатар мұнда суретті өшірумен бастыра салуды да айқын байқауға болады. Балалардың берген жауабы мен проективті "Отбасы" суретін талдау барысында алған мәліметтердің өзара сәйкестйлігін өте жоғары деп бағалауға болады. Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі бала отбасы мүшелерін салуда бейнелеу сызықтарын қолдануда ер адамдарды бір түрде, әйел адамдарды бір бір түрде бейнелеуі де кездесіп қалады.

Отбасылық қарым-қатынасты анықтауға баланың осы салған суретіндегі өзін орналастыруына қарап, баланың отбасындағы орны және жалпы жанұялық қарым-қатынаспен тәрбие стилі туралы толыққанды мәлімет алуға болады деген тұжырымдауға тығыз негіз бар. Себебі бала суретінде авторитарлық стиль басым болса беделді тұлға өте үлкен, ал бала өзін қағаздың төменгі бөлігінде кішкентай етіп белгілейді.

Отбасылық қарым-қатынас типі мен тәрбие стилінің бала коммуникативтік қабілетіне әсерін зерттеу жүргізу нәтижесінде "Ата-аналар қатынасы" (ОРО) әдістемесінің нәтижелеріне сандық - статистикалық өңдеуден алынған мәліметтерді шкалалық көрсеткіштер бойынша талдау жүргізілді.

Осы зерттеудің негізгі міндеттерінің бірі- мектеп жасына дейінгі балаларға проективті әдістемелер арқылызерттеу жүргізіліп ата-ана қатынасымен тәрбиелеу стиліне баланыңқатынасы анықталды. Енді осы жүргізілген проективті зерттеудің нәтижелерінің сапалық психологиялық талдау.

Бірінші кезеңде баламен өткізілген проективті интервью сұрақтарынан алынған жауаптарға талдау жасаймыз.

1. Үйде кіммен тұрасың? Бұл сұраққа жауап бергенде баланың отбасы мүшелері ішінен өзіне ең жақын адамы (әкесі, шешесі, аға-іні, әпке,сіңлі) немесе отбасындағы беделді тұлғаны атайтыны байқалды. Көпбалалы отбасында отбасы мүшелерін атап шығуда ең соңғы кезекте балаүшін жағымсыз тұлғаны әдейі атамай кететіні де байқалады.

2. Саған отбасы ойынын ойнауды ұсынса кімді бірінші бейнелейсің? (әке - шеше, бала; шеше - бала - әке; бала - әке - шеше) т.б. мұнда көбінесе мектеп жасына дейінгі балалар өз жынысының яғни, үл-әке, қыз-шеше, ролін ойнауғабейім екенін байқауға болады.Үйде ешкім жоқта бірінші кезекте кімді күтесің? Бұл жерде ана ролі айқын басымдылықпен көріне түседі. Себебі: ана қамқоршылығында болып, оған эмоционалды түрде етене жақын болуы әсер етеді.

3. Егер сені біреу ренжітсе, ол туралы кімге айтар едің? Не үшін? Мұнда отбасындағы ата-ананың ролі анық байқалады. Бала үшін отбасындағы кімнің беделі жоғары екенін көруге болады. Ал баладан ешкімге айтпаймын деген жауап алу - отбасы мүшелері арасындағы эмоционалдық сенімді байланыстың жетіспеушілігін байқатады.

4. Сені қателік жібергенде кім жазалайды? (Әке-шеше, аға-іні, әпке). Бұл сұрақтың тиімділігі сол отбасында жазалаудың қандай түрі орын алғанын анықтауға болады. Балалардың көбі бұрышқа тұрғызу, денесін жазалау немесе ойынға шығармау сияқты жаза түрлерін қолданылатынын айтады.

 

6. Сен үлкейіп, өзің әке немесе шеше болғанда өз балаларыңды қалай тәрбиелейсің? Мұнда ұл бала үшін әке, қыз бала үшін шеше ролінің маңызы қандай дәрежеде екенін байқауға болады. Келесі маңызды мәселелердің бірі бала өзі тәрбиеленіп жатқан отбасындағы тәрбие стилі мен қарым-қатынас табиғатына деген көзқарасын ашық білдіреді. Олар өздері үшін не жағымды, не жағымсыз екенін балалық шынайы көңілмен дәл жеткізеді.

7. Өскенде кім боласың? Бала өзі үшін отбасындағы беделді тұлғаның мамандығын, айналысатын кәсібін айтады. Сұрақшы кей жағдайда бала ұғымына сай бейімдеуге болады. Себебі: зерттеу барысында кейбір жаұяда балалар әке-шешесінің мамандығы немесе айналысатын кәсібі жайлы бейқабар болатыны байқалады.

Басқаша айтқанда, да демократиялық стиль басым болса ата-ана мен бала отбасында өзара тең позицияда, әрі арасында ешқандай кедергісіз бейнелейтіні анық.

Симбиотикалық - қолдаушы стилі басым болғанда баланың өз бейнесі ата-ана бейнесіне өте жақын әрі образдары етене араласып, бала өзін әдеттегідей кемсітіп бейнелейді.

Зерттеу нәтижелерін сапалық талдау барысында бала суретімен проективті интервьюге жауаптары бойынша болжанған отбасылық қарым-қатынаспен тәрбие стилі ата-аналарға жүргізілген зерттеу нәтижелерін өзара жоғары сәйкестікте болатыны анықталды.

Бұдан шығатын қорытынды мектеп жасына дейінгі балалар бойында жанұялық қарым-қатынас пен тәрбие стиліне деген жағымды немесе жағымсыз эмоционалдық қатынас қалыптасады. Ал бұл қатынас өз кезегінде бала коммуникативтілік қабілетіне қолдаушы немесе кедергілік сипатта ықпал етеді.

Төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынас қабілеттерінің дамуына ең тиімді қарым-қатынас типі "қабылдау-шеттету" және "кооперация" типі, ал тәрбиелеу стилінде демократиялық стиль ең қолайлы ретінде көрінеді.

Керісінше, балаға "жолы болмаушы" деп қарау, тәрбиелеу кезіндедиктаторлық немесе шектен тыс қамқорлық көрсету стильдері -бала бойындағыкоммуникативтік қабілетінің дамуына кедергі болады.

Бұл баланың тұлғалық психологиялық белсенділігінің қажетті дәрежеде дамуын тежеумен бірге, баланың ойын әрекетінен байқалатын тұлға аралық қарым-қатынас пен дербестікке қабілеттерінің қалыптасып, дамуына зиян келтіреді.

1. «Отбасы суреті» әдістемесі ең бірінші отбасыішілік қарым - қатынас ерекшеліктерін және эмоционалды проблемаларды анықтауға арналған. Салынған сурет негізінде және клиенттің психолог сұрақтарына жауаптары және коменттарилері негізінде бұл сурет клиенттің отбасы мүшелеріне деген қандай сезімдерінің бар екендігін ашады.

2. Ата-ана баланың психологиялық дамуына қатысты позицияларын міңездейтін негізгі параметрлері болып ата-ананың даму процессіне қатынасы және оған әсер ету әдістері табылады. Ата –ананың баласымен өзара қатынасының шиеленісуі бала дамуы белгілі бір стандарттан ауытқып кеткенде басталады. Бұл әдістеме бойынша аутқу себептері анықталады және ата –ана позицияларының екі параметрлері арасындағы байланыстың болуы да қарастырылады. Ата-ананың баламен қарым-қатынас типтерінің классификациясын бөліп көрсетейік:

1. ата-анамен белгілі бір бейнені немесе өзіндік қатынасты тура немесе жанама сендіру(міңез-құлық арқылы)

2. балада талаптар деңгейінің қалыптасуы.

3. бала өзіндік басқару әрекеттерін және оның параметрлерін тану кезіндегі баланы бақылау.

4. баланың өзіндік санасының қалыптасуын тура немесе жанама бақылау.

Барлық үш топ балалардың ата-аналарының міңез-құлқы төрт параметрлер бойынша қарастырылды:

1. бақылау – бала іс-әрекетіне әсер ету әрекеттері.

2. пісіп-жетілу талаптары: ата-ананың балаға деген қысымы. Оның эмоционалды және әрекеттілік деңгейін асыру үшін.

3. қарым-қатынас деңгейі: сөзге тарту.

4. мейірімділік: ата-ананың баласына деген қызығушылық және махаббат, жылулық деңгейінің іске асуы.

Балалары әлеуметтік дамыған, ересек болған ата-аналар барлық параметрлер бойынша ең жоғарғы балдарға ие болды. Бұл ата-аналық бақылаудың, индуктивті техниканың және бала тілектерін қолдау, түсіну байланыстары ата-аналық бақылаудың авторитетті моделіне ие болды.

Өздеріне сенімсіз балалардың ата-аналары төмен баллдарға ие болды. Олар балаларды қатаң бақылап, өз биліктерін оларға жеңіл қолданады және балаларына өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік бермеді. Бұндай ата-аналар моделі – биліктікке басым болды. Әлеуметтік дамулары төмен балалардың ата-аналары ұйымдаспаған және талап қоймайтын болады. Бұндай ата-ана моделі аямпаздық деп аталады.

Әр түрлі бағыттардағы зеріттелушілермен алынған нәтижелер негізінде баланың дамуына әсер ететін ата-ана мен баланың қарым-қатынасының екі басты параметрі болады деп айта аламыз: Бірінші параметр балаға дегенқатынас болып бейнелене алады. Ал екінші параметр: балаға әсер ету әрекеттері болып табылады(талап және бақылау). Сонымен, балаға деген эмоционалды қарым-қатынас және оған әсер ету әрекеттері – баланың дамуына жоғарғы дәрежеде әсер ететін ата – ана позициясының негізгі құраушылары болып табылады.

Біздің ұсынысымыз бойынша ата-ана позициясы тек балаға қатысты екі параметрлі болмайды, онымен қоса оның даму процессіне қатысты да параметрлер болады: бірінші параметрге бала дамуына деген қарым қатынасжатады,ал екінші параметрге бала дамуына ата-ананың әсер ету әрекеттері, жастық ерекшеліктерін ескеріп, оның толық реализациясын қадағалау немесе баланың жастық ерекшеліктерімен санаспай, одан дамудын тездетуін талап ету.

Отбасы – баланың психологиялық дамуының дұрыс қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырып, келесіні айтып кетейік:

1. ата-ана және бала қарым қатынасының жақсы және нашар түрлері болады, және олар баланың дұрыс дамуында көптеген қиыншылықтар туғызады.

2. баланың дұрыс дамуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы қатынас проблемаларын ұғыну керек және отбасының бала дамуына әсерін түсіну қажет.

Отбасыдағы индивидтердің өзара қарым қатынасы нәтижесі ол тұлға дамуының персоналды микроорталығына айналуы. Дамудың микроорталығы ретінде отбасының негізгі бөлімдері: коллективті ой, тұлғааралық отбасыішілік қатынастар, отбасы дәстүрлері, салттары, көңіл-күйлері, отбасыішілік міңез-құлық нормалары, рухани ауа райы.

Отбасы белгілі бір құрылымға ие, оның әр мүшесінің өзіндік орнының болуы. Отбасының өмірлік іс әрекетінің негізі болып қарым қатынас жүйесі саналады – тұлғааралық, отбасы ішілік және сыртқы байланыстар, ақпарат алмасу, ойлар мен іс әрекеттер бірлігіне ұмытылу және отбасының әр мүшесінің индивидуалды ерекшеліктері.

Баланың дамуын және оған көмек көрсетуді оның шыңайы өмірлік жағдайынан бөліп, қарастыруға болмайды. Баланың дамуы дұрыс болуы үшін отбасыдағы жағымды атмосфераның болуы шарт және қорғаныстық сезімін беретін қатынастың да болуы маңызды, онымен қоса, бала дамуын стимулдайтын және бағыттайтын түрлерінің де болуы керек.

Отбасының және отбасылық байланыстардың бала дамына әсері зор екендігі анық. «отбасылық және қоғамдық даму өзара байланысты, бір бірін толықтырып, белгілі бір шекараларда бір бірін алмастыра да алады, бірақ жалпы алғанда олар тең емес, және кез келген шартта тең бола алмайды.

Тәрбиелеу процессі кезінде көңіл бөлу керек, отбасылық тәрбиенің кең таралған негативті факторларымен танысайық:

1. материалды факторлардың адекватты емес әсері.

2. ата-ананың рухани дамымауы, балалардың рухани дамуға талпынбаулары.

3. авторитаризм немесе либерализм, жазаланбаушылық.

4. отбасы қатынасында моральді емес тон мен стильдің басым болуы.

5. отбасыда жағымды психологиялық климаттың мүлдем болмауы.

6. кез келген көріністегі фанатизм.

7. педогогика-психологиялық сауатсыздық.

8. үлкендердің өзара қарсыластық іс әрекеттері.

Отбасылық тәрбие берудің келесі принциптер жүйесі ұсынылады:

1. балалар мейірімділік, махаббат және бақыт атмосферасында дамып, тәрбиеленуі керек.

2. ата-аналар өз баласын қандай болса да сондай болып қабылдап, онда жақсы қасиеттердің дамуына ықпал етулері керек.

3. тәрбиелік әсер етулер тек қана жастық, жыныстық және индивидуалды ерекшеліктеріне сай құрылуы керек.

4. отбасылық тәрбие негізінде тұлғаны құрметтеу және шыңайлылықтың диалектикалық бірлігі болуы керек.

5. ата-аналардың тұлғасы – еліктеудің идеалды моделі ретінде.

6. тәрбие өз бастауын тұлғада жақсылықты дамытудан алу керек.

7. баланың дамуына бағытталған отбасыдағы барлық іс әрекеттер тек ойын жүзінде құрылуы қажет.

8. оптимизм және мажор – отбасыда балалармен қарым қатынасқа түсу стилі мен тоны.

Түсінудегі қарым-қатынас тренингі.

Мақсаты,тапсырмасы:

1. Қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында контак орнату мүмкіншіліктерінің кеңеюі.

2. зін және басқа адамдарды түсіну дағдысының өңделуі,сонымен қатар адамдар арасында өзара қатынас.

3. Эффективті тыңдау дағдысының болуы.

4. Өзін-өзін тану және өзін -өзі бағалау процесінің активизациясы.

5. Шығармашылықты қабілеттілік көлемін ұлғайту.

Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы-аса қиын және жіңішке процесс.Қарым-қатынастағы эффективті еместілік,коммуникативті танудың толықтылығы мен бөлшектілігінің болмауымен байланысты болуы мүмкін,мысалы;бейімделе алу және нақты жағдайда өзін ұстай алу.

Өзін-өзі қадағалаудың жетіспеушілігінен туындауы мүмкін, мысалы;қайта қозу мен импульсивтілікпен,агрессивтілік және т.басқалармен күресе алмаушылықтан.Біздің әрбіріміз барлық өмір ағынында оған үйренеміз,қателермен көңіл қалушылықтан тұратын нәтижелерді жинаймыз.Қарым-қатынасқа өзіміздің шынайы тәжірибемізді қолданбай-ақ үйрене аламыз ба?

Ойын-бұл өмірлік жағдайлардың модельі.Қарым-қатынастың жасанды жағдайында қажеттілік жасап, шынайы өмірде қашып құтыла алмайтын жауапгершілікті адам сезбейді.Бұл шығармашылықты көрініс жасап көруге, бір-бірімен эффективті өзара байланыс жасау формасын іздеуге мүмкіншілік береді.

Адам өзінің қарым-қатынасының қасиетіне қарағанда, туысқандарының, қызметтестерінің, жетекшілерінің қателерін байқау оңайға соғады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-08-31; Просмотров: 1398; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.014 сек.