КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тест тапсырмалары. 1. Комплексон ІІІ дегеніміз бұл:
1. Комплексон ІІІ дегеніміз бұл: 1) этилендиаминтетра сірке қышқылы; 2) этилендиаминтетра сірке қышқылының натрийлі тұзы; 3) этилендиаминтетра сірке қышқылының кальцийлі тұзы; 4) нитрилүшсірке қышқылы; 5) нитрилүшсірке қышқылының натрийлі тұзы. 2. Комплексонометриялық титрлеу неге негізделген? 1) кейбір метал катиондарының комплексондармен тұрақты аз диссоциацияланатын, суда жақсы еритін комплексті тұздар түзу реакциясына; 2) метал иондарының суда ерігіш комплекстүзгіштермен реакциясына; 3) метал иондарының комплексондармен тұрақтылығы нашар комплексті қосылыстар түзу реакциясына; 4) метал иондарының комплексондармен тұрақтылығы нашар және нашар еритін комплексті қосылыстар түзу реакциясына; 5) метал катиондарының комплекстүзгіштермен тұрақсыз және суда ерімейтін комплексті тұздар түзу реакциясына. 3. ЭДТА көптеген метал иондарымен: 1) суда еритін, берік, ішкікомплексті тұздар түзеді; 2) суда ерімейтін ішкікомплексті тұздар түзеді; 3) суда ерімейтін және берік емес ішкікомплексті тұздар түзеді; 4) тұрақсыз ішкікомплексті тұздар түзеді; 5) тұрақты комплексті тұздар түзеді. 4. ЭДТА металл иондарымен құрамы белгілі тұрақты комплекстер түзеді, ондағы металл мен лигандтың бір-біріне стехиометриялық қатынасы: 1) (1: 1); 2) (1: 2); 3) (1: 4); 4) (2: 1); 5) (4: 1). 5. Метал иондарын ЭДТА-мен комплексонометриялық титрлеуде рН қандай роль атқарады? 1) үлкен роль атқарады, өйткені метал иондары ЭДТА ерітіндісімен әрекеттескенде Н+ иондары ығыстырылып шығарылады; 2) ешқандай роль атқармайды, себебі ерітінді рН титрлеуге әсер етпейді; 3) ерітінді рН белгілі бір интервалда ғана әсер етеді; 4) ЭДТА-мен тек қышқыл ерітінділерде ғана титрлеуге болады; 5) ЭДТА-мен титрлеуді "металл-ЭДТА" комплексінің тұрақтылық константасы тәуелді рН мәніне сәйкес буферлі ерітінділерден жүргізеді. 6. Комплексонаттарда рН-мәнінің өсуіне қарай металдың комплекске байланысуы қандай сипатта болады? 1) күшейеді; 2) кемиді; 3) рН-мәні оған әсер етпейді; 4) дұрыс жауап келтірілмеген; 5) комплекс бұзылады. 7. Комплексонометриялық титрлеу қисығының секірмелі ауытқу ауданы комплексті қосылыстың тұрақтылық константасының мәніне қалай байланысты? 1) комплекстің тұрақтылық константасының мәні кеміген сайын, секірмелі ауытқу ауданы да кіші болады; 2) комплекстің тұрақтылық константасының мәні кеміген сайын, секірмелі ауытқу ауданы үлкен болады; 3) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне тәуелді емес; 4) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне байланысты аз ғана өзгереді; 5) секірмелі ауытқу ауданы комплекстің тұрақтылық константасының мәніне белгілі бір жағдайларда ғана тәуелді болады. 8. Комплексонометриялық анализде титрленетін көпзарядты катиондардың эквиваленттік факторлары неге тең? 1) 1; 2) 1/2; 3) 1/4; 4) 1/3; 5) 2. 9. Ca2++Y4-↔CaY2- реакциясы бойынша түзілетін комплекстің тұрақтылық константасының теңдеуін көрсетіңіз: 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) . 10. Me3+ ионы комплексонатының формуласын көрсетіңіз: 1) [MeY]; 2) [MeY]- ; 3) [Me2Y]2+ ; 4) [MeY2]- ;) [Me3Y2]+ . 11. Комплексонометрияда қолданылатын реакцияларға қойылатын негізгі талаптар қандай? Толық жауапты көрсетіңіз. 1) реакция сандық жағынан толық, үлкен жылдамдықпен және бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек; 2) реакция үлкен жылдамдықпен, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек; 3) реакция сандық жағынан толық, баяу жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек; 4) реакция үлкен жылдамдықпен, сандық жағынан толық, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіндігі болуы керек; 5) реакция баяу, сандық жағынан толық, бөгде реакциялардың қатысуынсыз жүруі керек және реакцияның аяқталғанын анықтау мүмкіншілігі болуы керек. 12. Комплексонның металл иондарымен әрекеттесуінің қандай ерекшелігі оның аналитикалық химияда кең қолданылуына түрткі болды? 1) комплексондардың полидентанттылығы; 2) металл комплексонаттарының жоғары тұрақтылығы және қарапайым стехиометриясы (Ме:Ү = 1:1); 3) металл комплексонаттарының әртүрлі жылдамдықпен түзілуі; 4) комплексонаттардың әртүрлі және ерекше боялуы; 5) реагенттердің оңай табылу мүмкіндігі. 13. Комплексонометриялық титрлеу қисығы қандай координаттарда салынады? 1) рМе – рН; 2) рМе – VЭДТА, мл; 3) lg β – рН; 4) lg β – VЭДТА, мл; 5) lg β – pMe 14. Төменде келтірілген формулалардың қайсысы металды ЭДТА ерітіндісімен титрлеуде оның эквивалентті нүктеден кейінгі тепе-теңдік концентрациясын есептеуде қолданылады? 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) [Me] = -lgCMe. 15. Комплексонометриялық титрлеудің эквиваленттік нүктесінде металдың тепе-теңдік концентрациясы βМеУ шамасына байланысты қалай өзгереді? 1) βМеУ шамасы артқан сайын өседі; 2) βМеУ шамасы артқан сайын кемиді; 3) βМеУ шамасына тәуелді емес; 4) βМеУ шамасы төмендеген сайын кемиді; 5) дұрыс жауап келтірілмеген. 16. "Хелаттар" дегеніміз не? 1) донорлы-акцепторлы байланысы бар метал-лиганд комплекстері; 2) орталық атомы циклды құрылымға кіретін комплекстер; 3) түзілгенде Н3О+ иондары бөлініп шығатын комплекстер; 4) органикалық реагенттермен түзілетін қосылыстар; 5) дұрыс жауабы жоқ. 17. Ca2+, Al3+ жқне Cr3+ иондарының ЭДТА-мен түзетін комплекстерінің стехиометриясы қандай? 1) Ca – 1:2, Al – 1:3, Cr – 1:3; 2) Ca – 1:2, Al – 1:1, Cr – 1:3; 3) Ca – 1:1, Al – 1:1, Cr – 1:1; 4) Ca – 1:1, Al – 1:3, Cr – 1:2; 5) Ca – 1:6; Al – 1:6; Cr – 1:6. 18. Төменде көрсетілген формулалардың қайсысы металды ЭДТА ерітіндісімен титрлеуде оның эквивалентті нүктедегі тепе-теңдік концентрациясын есептеу үшін қолданылады? 1) ; 2) ; 3) [Me] = -lgCMe; 4) ; 5) . 19. Төменде келтірілген факторлардың қайсысы комплексонометриялық титрлеу қисығының күрт өзгеретін (эквивалентті) бөлігіне әсер етеді? 1) металл комплексонатының тұрақтылық константасы; 2) металл катионыны бастапқы концентрациясы; 3) рН және ЭДТА-мен реакцияға түсе алатын басқа металдардың болуы; 4) температура және титрленетін металл ионы үшін лиганд бола алатын бөгде заттардың болуы; 5) барлық көрсетілген факторлар. 20. Металдарды комплексонометриялық титрлеуде индикатор ретінде қандай заттар пайдаланылады? 1) lgβMeІnd > lgβMeY болатын және металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін индикаторлар; 2) бояуы ерітіндінің рН-на байланысты өзгеретін индикаторлар; 3) lgβMeІnd < lgβMeY болатын, металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін және қышқылды-негіздік қасиет көрсететін индикаторлар; 4) металл ионымен боялған комплексті қосылыстар түзетін барлы индикаторлар; 5) дұрыс жауап келтірілмеген.
Дата добавления: 2014-11-25; Просмотров: 1760; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |