Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Прямий метод правового регулювання 1 страница




Лекция № 7,8

Лекция №1.

Лекция № 1. Кіріспе «Мүмкіндігі шектеулі балаларды сенсорлық дамыту мен сөйлеу тілінің арнайы әдістемесі» пәнінің нысаны, мақсаты, міндеті және мазмұны.

1.Сөйлеу тілінің дамуы және пайда болуының әлеуметтік жағы.

2.Сөйлеу тілінің физиологиялық механизмдері.

3.Сенсорлық дамытудың жолдары

Сенсорлық даму (лат. sensus – сезім, сезіну) бұл баланың даму үдірісіндегі сыртқы ортаны қабылдап және айналадағы болып жатқан заттарды, коршаған ортадағы өзгерістерді көз алдына елестетіп сезінуі. Бала өмipгe таза кіршіксіз ақ қағаздай келеді: оның көзі, аузы, құлағы бар, оның нәзік денесі, сезгіш немесе тітіркеніш болады. Бұл тек қана алдағы айнала коршаған әлемді қабылдаудың алғы шарты. Толыққанды сенсорлық даму сенсорлық қабылдау процесі орындалғанда ғана іске асады, бала мақсатталған түрде түсті, пішінді, көлемді, түрлі заттардың қасиеті мен сипаты және материалы, олардың кеңістіктегі орны туралы білімдерін кеңейтіп, қабылдау түрі дамиды, сонымен қатар ақыл–ой дамуының негізі қаланады.

Сенсорлық даму психикалық функцияның қалыптасуының қажетті алғы шарты, яғни үйренуіне мүмкіндік беретін біріншілік мағынасы. Ол көру, есту, тактильді, кинетикалық, кинестетикалық және басқа түрдегі сезіну мен қабылдау қабілеттерінің дамуына бағытталған.

Сезімталдықты тану шынайлығы тікелей танымның бірінші деңгейі болып келеді. Мектепке дейінгі жастағы балаларда сезімталдықты жалпы жетілдіру түрлі анализаторлардың жұмыс естеуімен іске асырылады: көру, есту, тактильді–қимылдау, тері–бұлшықеттік, сипап сезу, дәм сезу. Қабылдау түрлі сезінудің негізінде қалыптасады. Дыбыс, иіс, түрлі дәм және т.б.мәліметтер арқылы біз ақпараттарды көзбен шолу арқылы бақылаймыз. Ғалымдар (С.М.Вайнерман, Л.В.Филиппова және т.б) балалық шақта сенсомоторлы реакция кезінде даму қарқынды болмаған деп сипаттайды, яғни ол бұл жас аралығында сенсорлық және сенсомоторлық процесс («сенсо» – сезім, «моторика» – қимыл) дамуы толық қалыптаспаған болады.

Мақсатталған заттардың бейнесі (объект, құбылыс) физикалық әрекеттің арқасында жоғарғы сезімталдық сезім мүшесі арқылы іске асады. Алдымен сезіну қандай–да бір біртектілік ретінде, кейіннен бірігеді және бейненің біртектілігін құрайды. Мысалы, бейнені суретті журнал бойынша қалыптастыру тактильді сезім арқылы дамуы мүмкін: қағаздың құрылымы, қолдың ауырлығы, салқындық. Бейне көрнекі модаль жиынтығымен толығады: түстердің сәйкестігі, ашықтығы, түрлі–түстілігі, мәтіннің орналасуы мен суреттелуі және т.б. Бейне құрылымында парақшаны ашқанда типографиялық бояудың иісін сезу байқалады. Осылайша заттар мен объектілердің бейнесі құрастырылып, шынайы модел құбылысымен ажыратылады.

Қабылдау өз алдында қоршаған ортамен тығыз байланысты. Қабылдаудың физиологиялық негізі жүйке жүйесінің аралық анализатор мен ішкі анализаторлардың жинағымен шартты–рефлекторлық әрекетте болады, ол бейнеленген құбылыстарды мақсатты түрде сипаттауға мақсатталуын қамтамасыз етеді. Бұл танымның қажетті кезеңі, яғни ол ойлау, ес, зейін, мотивацияға бағытталады және аффект–эмоционалды бейнені анықтаумен іске асады.

Сөзбен жеткізу және сезімдік тәжіриебеге сүйене отырып берілген білім анық емес және беріксіз, кейде шынайы емес, ал ол толық қабылдау болмаса баланың ақыл–ой ы қалыпты дамымайтындығын психология ғылымы мен тәжірибесі (В. Н. Аванесова, Э. Г. Пилюгина, Н. Н. Поддьяков және т.б.) дәлелдеген.

Балалардағы сезімдік тәжірибе арқылы қалыптасқан елестету – түрлі сезімдерге толы, жалпылама сипаттағы ойларын еркін жеткізумен анықталады. Олар баланың қоршаған ортадан алған білімдерімен толықтырылып, заттардың қасиеті мен құбылыстарын меңгереді. Серсорлық тәжірибенің кең ауқымды көзі қоршаған орта, тұрмыстық еңбек, құрылыс, құрал–саймандар мен техника болып табылады.

Бала қоршаған орта мен объектілерін танып, геометриялық, кинетика және динамикалық қасиеттеріне, кеңістік заңына және уақыт өлшемінің тәжірибелік процесс құбылысына негізделеді.

Толық бейнені құру кезінде бала тапсырманы орындауда кеңістіктегі бейні табу қабілетін меңгерген болса, заттың барлық сипаты ескеріледі. Осы мақсатта объектіні реттілік бойынша бақылау, ары–бері қарау, ұстап көру және зерттеуге баланы үйрету керек.

Процесті меңгеру кезінде бала түрлі сезімдік қабілеттерді үйреніп, тарихи, – сенсорлық эталон – берілген заттың қасиеті мен сипатын анықтау және басқа заттармен салыстыру арқылы үйренуін қадағалау керек. Тек сол кезде ғана қабылдау дәл болады, сонымен қатар заттардың қасиетін талдай алу қабілеті қалыптасады, оларды салыстырады, қабылдау бойынша нәтижені жалпылама жеткізе алады.

Сенсорлық эталонды меңгеру – геометриялық пішін жүйесін, көлемнің өлшемін, түстердің спектрін, кеңістік және уақытқа бейімделу, дыбыс толқын ретін, музыкалық дыбыс өлшемін, фонетикалық тілдің жүйесін және т.б. – күрделі және ұзартылған процесті үйрену. Сенсорлық эталонды меңгерту – ол заттарды не болмаса басқа құбылысты дұрыс айта білу емес: ол түрлі жағдайдағы түрлі құбылыстарды нақты талдай білуге, қасиетін дәл анықтауға үйрету. Сол себепті мұндай үлкен мағынада сенсомоторлық әрекет іске асады: қандайда бір затпен тәжірибелік тұрғыда танысу барысында оны қолмен ұстап көру, мыжу, сипау, ары–бері домалату, иіскеу құбылыстары іске асады.

Бала затты қол қимылы арқылы зерттегенде көрнекілік және кинестетикалық қабылдау арқылы ұйымдастырады, заттың пішіні туралы ойлауын көрнекі қабылдаумен нақтылайды және оның сипатын сырттай біледі. Пішін, көлем,кеңістік және басқа да сипаттағы заттармен танысуда қолдың және көздің көмегенсіз орындау мүмкін емес.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

 

 

Лекция № 2

Серсорлық қабылдау – баланың ақыл–ой дамуының негізі.

1.Сенсорлық даму психикалық функцияның қалыптасуының қажетті алғы шарты.

2.Сенсомоторлық әдістің негізгі екі түрі.

3.Сенсорлық эталонды дамыту

Сенсомоториканың түрлі заттарды тану мен қабылдау кезіндегі негізгі белсенді орын алатынын Б.Г.Ананьев, А.В.Запорожец және т.б.атап өткен болатын. Тері–механикалық және қимыл анализаторының біріккен жұмысында ақпараттар көлем, пішін, қаттылық, бөлшектердің өзара байланысы және басқа заттарды сипап сезу арқылы жеткізумен іске асырылады.

Егер адамға көрінбейтін заттың пішінін енжар сезіну бойынша анықта десе – затты терісімен сипап өту кезінде қабылданған бейне тура пішінді айта алмайды. Егер адам белсенді түрде затты тануға мүмкіндік алса, затты түрлі монупуляция арқылы зерттеп заттың тура пішінін атап бере алады. Сондықтан бала ойының біріншілік даму деңгейі бекерден бекер сенсомоторлы интеллект деңгейі деп аталмаса керек.

И.М.Сеченовтың (1953) ұсынысы бойынша психиканың рефлекторлы концепциясы, уақыт пен кеңістіктегі қабылдау процесінің психомоторика ұғымымен нақтылы түсіндіріледі. Кеңістікті қабылдау көру қабілетімен және кинестетикалық анализатормен байланысты екені дәлелденген.

Екінші сигналдық жүйені қалыптастыруда бұлшықеттік сезім үлкен роль атқарады. Есту қабылдауы қимылдың сөйлеу әрекеті кезінде орындалады: есту қабілеті бар адамда қимылдың сөйлеу аппаратымен байланысты екенін, естіген сөздерін қайталайтындығы бейнеленген.

Затты ұстау және шымшу арқылы сезіну кезінде, заттарды көзбен бақылау, яғни басты дыбыстың шыққан жағына қарай ары – бері бұрау бақыланады. Бала миында сөйлеген дыбысты есту мен сөзді айтқандағы бұлшықеттің қимылы бірдей болып естіледі, сөйлеу кезіндегі қатты дауыс қалыптасады.

Отандық ғылым сенсомоторлық әдістің негізгі екі түрін белгілейді – зерттеу және салыстыру.

Зерттеу – затты қабылдауда мақсатты түрде нәтиже алуға арнайы ұйымдастырылған тәжірибелік әрекеті.

Баланың сенсорлық әрекетін дамыту өзі орындалмайды, тек жалпылама сенсорлық тәжірибені меңгеру жолымен, тәжірибе мен оқытудың күшімен іске асады. Бұл процестің белсенділігі жоғарылайды, егер бала заттарды зерттеуде сенсорлық эталонды байланыстыра орындау әдісін арнайы оқыған болса.

Зерттеу сызық немесе көлемі бойынша жүргізілуі мүмкін; ол бала орындайтын әрекетке байланысты. Мысалы, затты сызығы бойынша жүргізгенде, біз оның көлемін бейнелейміз, оны пішіні бойынша танимыз, негізгі бейнесін саламыз.

Сипау арқылы заттың көлемді пішінін, ұстап көру арқылы заттың негізгі бейнесін жабыстырады.

Басқа әрекет түріне дайындық кезінде, мысалы еңбекке, зерттеудің сәйкес тәсілі алынады және таңдалады. Яғни, қағаз және матаның қасиетін анықтауда, балаларға қағазды және матаны мыжғандағы, қағаз және мата қиындысын қиғандағы, қағаздан және матадан жасалынған қуыршақ киімін суда жуғандағы дыбыстарды естуін қадағалау бұйырылады. Ал лимонның толыққанды бейнесін құруда оны иіскеу, жалау немесе дәмін көру ұсынылады.

Балалар өздеріне таныс қасиеттер бойынша сол немесе басқа әрекеттерді тануды үйренеді.

Зерттеудің жалпы үлгісі анықталған реттілік бойынша орындалады:

- Затты жалпы қабылдау;

- Оның негізгі бөлігін және қасиетін анықтау (пішін, көллем және т.б.);

- Бір–біріне сәйкесінше өзара кеңістіктегі бөлшектерді анықтау (жоғары, төмен, сол және т.б.);

- Кіші бөлшектерді белгілеу және оларды көлемі, сәйкестігі, орналасуы бойынша анықтау;

- Затты қабылдауда жалпылама қайталау.

Салыстыру – бұл дидактикалық әдіс, сонымен қатар ойлау операциясы, құбылыс пен зат арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтауға арналған әдіс. Салыстыру заттар мен оның бөлшектерін салыстыру жолы арқылы, заттарды бір–біріне қою арқылы немесе бір–бірінен салыстыру арқылы, сипап–сезу, түсі бойынша біріктіру, пішіні немесе басқа қасиеті бойынша үлгіден–эталон, сонымен қатар реттілік арқылы қарау және заттың белгілі сипатын сипаттау арқылы әрекеттік жоспарлы орындалу тәсілімен анықталуын қарастырады. Алғашқы сипаты тек зат туралы ойын, кейіннен оның толық анықтама және бөлшектік қабылдауы сипатталады.

Сонымен, салыстыру – ол затты зерттеудің өзіндік механизмі, заттың пішінге, көлемге, кеңістіктегі орнына байланысты арақатынасы, ал нәтижесі затты қабылдаудағы дұрыс ойдың қалыптасуының негізгі жалпаламасы және жүйелік ілімі.

Қабылдау процесінің әрекетіндегі аналитика–синтетиканың белсенділігі баланың түрлі әрекеттегі қимылына байланысты болады, соған байланысты заттың бейнесі дифференциацияланады, яғни ол жерде қасиеті сипатталады. Естілім – психологиялық қабылдау, сезім мүшелерінің әрекетін бейнелеу.

Естілім әрекет (А.В.Запорожец) тәжірибелік әрекетпен біріктіріледі, сонымен қатар сыртқы қимылмен сипатталады. Мысал ретінде затты сипаудағы қолдың қимылы, сызықты бақылаудағы көздің қиымылы, естіген дыбысты айтудағы тамақ бұлшықетінің қимылын айтуға болады.

Онтогенезде естілім әрекеттің қалыптасуы психология–педагогикалық процесстің жетекшілігімен сәйкес болуы тиіс: заттық моделді қолдануда шынайы заттармен ойындар мен жаттығуларды орындауы және ары қарай заттың сипатын көзбен көру құбылысы жүзеге асуы тиіс. Әрекеттің сыртқы бейімделуі жаймен ішкі жоспарға ауысады, яғни алмастырылады. Сенсорлық эталон қимылдатпай–ақ ауысады, заттардың сызықтарын біріктіру, айналдыру және басқа сыртқы әдістерін қолдану іске асады. Оларды көзбен қарау немесе қолмен сипап–сезу әрекеттерімен алмастырылады. Тек осы жағдайда ғана бейнені құрастыру процесі жай тану процесімен алмастырылады. Осы жағдайда баланың сенсорлық эталон жүйесінің даму құбылысында өзгерістер пайда болып, ол зерттеудің негізгі меңгерілген әдістерін қолдана бастайды.

Сонымен, сенсорлық эталонды дамыту өз алдына екі негізгі жиынтықты қосады:

1) Сенсорлық эталонды функцияны орындайтын заттардың түрлі сипаттарын елестетуін орындау және қалыптастыру;

2) Шынайы заттардың қасиетін талдау барысында эталонды қолданудың негізгі естілім әрекетін орындау және қалыптастыру.

Мектепке дейінгі жастың аяғында қалыпты дамып келе жатқан балада сенсорлық эталон мен естілім әрекет жүйесі қалыптасуы тиіс, яғни оқу мен тәжірибе ұйымдастырғанда дұрыс нәтиже шығады.

Сонымен қатар, психикалық даму кезінде үлкен орынды сөздегі сезімдік мағынаға көңіл аударылады. Сөз адамның ойлау қабілетіндегі негізгі құралы, сөйлесу арқылы әрекетті қадағалайды. Көптеген түрлі әрекеттерді қолдану арқылы қабылдаудың, әрекеттерді өзіне бағындыру және бағытталған сұрақтарға зейін қойып, балаларға көргендерін сипаттауға меңгерту керек және өз ойын нәтижелі түрде жеткізуге үйрету керек. Сөйлеу арқылы заттардың қасиетін жеткізу, өзара байланыстың және байланыс аралық әрекеттің жалпылама ісін орындау іске асады. Тең түрдегі орындалған әрекеттер кезінде балалар бойында сөздік қор молайып, заттардың әрекетін анағұрлым түсінуі жоғарылайды.

Жоғарыда айтылғандардың негізі сүйене отырып, біз қабылдаудың келесі үлгілерін ұсына аламыз:

- Объектіге қызығу негізінде (бейімделу, танымдық);

- Зейін қою (объектіге нақты көңіл аудару);

- Қабылдау бойынша өзіндік әрекеті (естілім әрекет);

- Тәжірибеге сүйену;

- Объектінің жалпылама бейнесін құру және сөздік қорда бекіту.

Сенсорлы қабылдау процесінде негізгі зейін алдын ала орындалатын әрекетке көңіл аудару қажет, жұмыс барысын қадағалап, аяқталғанда нәтижесін алатын шешім керектігін ескеру қажет, ол мектепке дейінгі жастағы балаларға ғана емес, мектеп жасындағы балаларға да жеңіл болуы тиіс.

Сонымен, сенсорлы даму, бір жағынан бала дамуының ақыл–ойының негізін қаласа, бір жағынан–өз бетінше мағына ретінде қабылдаудың негізгі бір оқу әрекетінің меңгерілуі болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Лекция № 3 Баладағы сенсомоторлық дамуының жас ерекшелігі.

1.Жас ерекшелікке қатыстысенсомоторлық реакция.

2.Жас ерекшелікке қатыстысенсорлық тәрбие.

3.Жас ерекшелікке қатыстысенсорлық қабылдау

Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері:

ü 3-6 айда – Бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды. Көрген затына қолын созады және алады.

ü 6-12 айда – Бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді қорапқа сала алады.

ü 1-2 жаста – Шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады. Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды парақтай алады. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.

ü 2-3 жаста – Үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады.

ü 3-4 жаста – Қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатырған допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады.

ü 4-5 жаста – Қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.

ü 5-6 жаста – Суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады.

Баладағы интеллектінің бұзылысы көп жағдайда қимыл әрекет аймағының жеткіліксіздігімен байланысты, ол таным әрекетінің дамуына кедергісін келтіреді.

Моториканы дамыту түзету жұмыстарының жалпы және жеңіл моторлы қабілеттерінің, яғни интеллектісі бұзылған балалардың өз бетінше орындай алмауы, дұрыс емес қимылды орнына келтіру, қимылдың мақсатталған өнімін қалыптастыру, кейбір негізгі қимыл әрекеттерін орнына келтірумен тығыз байланысты.

Бәріне мәлім болғандай, психофизиологиялық негіз кез – келген қимылды толықтырады: көру, есту, сөйлеу, жазу, оқу. Осыны ескере отырып моториканы дамытудың негізгі тапсырмасы қимыл координациясының мақсатталған жүйесін бала денесінде және қимылдың жеке бөліктерінде орындау іске асырылады (қол – көру, көру – есту, қол – көру – есту, есту – сөйлеу және т.б.), өзара арасындағы байланыстардың ішіндегі көру, есту, сезіну, қимылдау, сөйлеумен байланыстырылады.

Баланың ойлауы, көзі қолымен бірге жылдам қимылдайды. Яғни, систематикалық жаттығулардың арқасындағы жаттыққан саусақтың қимылы бас мидың жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Түрлі зерттеулердің нәтижесі бойынша, баланың сөйлеу тілінің даму деңгейі қол саусақтарының ұсақ қимылдарының қалыптасу деңгейімен тікелей байланысты.

Негізінен, егер саусақ қимылдарының дамуы жасына сай болса, онда баланың сөйлеу тілі де қалыпты болады. Сондықтан да саусақ пен білектің қимылын жаттықтыру баланың сөйлеу тілінің дамуын белсендіретін, артикуляциялық қимылдарды жақсартатын, қол білегін жазуға дайындайтын бас миының жұмыс қабілетін көтеретін, баланың ойлау жүйесін белсенденіретін маңызды 2 – 3 айдан бастап жасау тегін емес. Саусақ және қол білегінің қимылын дамыту жұмыстарын күнделікті жүйелі түрде 2 – 5 минут жасау керек. Алғашқыда балалар жаттығулардың бірқатарын орындауда қиналады. Сондықтан да бастапқыда үлкендердің көмегімен жүргізіледі. Қол саусақтары мен білектің қимылын дамытуға өзіндік уқалау, сонымен қатар шығармашылық іс–әрекетпен айналысу (жабыстыру, сурет салу, аппликация) және қол еңбегі (қағаздан, ағаштан, жіппен және т.б) жақсы әсерін тигізеді.

Психологтардың айтуынша, қолдың қимылы бала бойында ойлау, ес және зейін әрекеттерін дамытады.

Қысқаша айтар болсақ, педагогтар мен балалар психологының мақсаты – ата–аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Жалпы моторика дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу – орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ – бала сен қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балан үйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен щи пісірдім», деп жаттығуларды жүйелі түрде орындау тиіс.

Интеллект бұзылысы бар балаларда қимыл іс–әрекеті баяу болатыны кіші жаста анықталған. Олар өз жасындағы балаларға қарағанда ойыншыққа тартылуы, отыруы, тұруы, кеңістікке бейімделуі баяу болады. Қимылы әр кезде епсіз, координациясы жаман, баяу немесе импульсивті (Н.П.Вайзман, В.М.Мозгова және т.б.) болады.

Мұндай балалардың қиындығы, моториканың дұрыс жұмыс істемеуі байқалып, түймені қадауда, бауды байлағанда, өз–өзіне қызмет етуде көптеген қиындықтарға тап болады.

Интеллект бұзылысы бар балаларға заттарды қалыптастырудағы қимылдар мен оларға байланысты іс–әрекеттерді түсіну қиындықпен орындалады. Ырғақ өте баяу жүреді. Мұндай ырғақ айтарлықтай баланың қоршаған ортадағы заттарды танып, білуіне кедергісін келтіреді.

Қазіргі таңда тәжірибелік жұмыстар бекіткендей, қимылдарды меңгергенде балалар қимыл дағдысын орындап, ойлау, сезім, кеңістікті бағдарлау және координациясы, өзін ұстауы, өмірлік жағдайы өзгеріске ұшырайды. Белсенді қимыл процесінде баланың бас миында шартты–рефлекторлық дағды қалыптасады, яғни интенсивті түрде жан–жақты даму жүзеге асады. Кез–келген қимыл әрекетінің мақсаты – эмоциональды–аймақ дамуы мен сенсомоторикалық деңгейді жоғарылату болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 524; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.074 сек.