Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Прямий метод правового регулювання 4 страница




Есту қабылдауын дамытуда қимылдық әрекеттер қол, аяқтың ролі жоғары. Музыкалық ырғаққа қарай, баланың дене мүшелері қимылға келеді. Өз кезегінде қалыпты сөйлеу тілі, музыкалық ырғаққа байланысты қалыптасып, баланың сезімдік мүшелері дамиды.

Сезім ырғақтарын қалыптастырудағы жаттығуларға мысалдар келтірсек:

- Алақанды ұру (еденді аяқпен таптау), ырғақтық есту арқылы немесе бейнені көру арқылы орындалады;

- Ырғақты бейнелермен аспаптардың дыбысы шығады, соны қайталау;

- Музыканың шығуына қарай жүрістің бәсеңдеуі және жылдам болуы;

- Музыка ырғағына қарай немесе сандық есеп бойынша қимылдың орындалуы;

- Шапалақпен, ырғақты өлеңмен, барабанның ұрысымен жүріс;

- Жүрістен жүгіріске ауысу;

- Барабанның соққысы бойынша көз бақылауы аймағында кеңістікте қолды алға созу;

- Қолдың қимылымен ырғаққа қосылу;

- Түрлі сипаттағы қимылдарды музыка ырғағына қарай орындау: марш, таяқ, бесік жыры және т.б.

Музыкалық ырғақ арқылы қимылдарды ұйымдастыру бала бойында зейін, ес, ішкі жинақтылық, қимыл әрекетіне бағыну, әрекетті орындауда ыңғақлықты қалыптастырады.

Ырғақтылық қатынасты қолдану көрнекі моделдерді қолданумен орындалады, мысалы қағаздардан түрлі-түсті жолақтарды қою: қысқа жолақтар – қысқа муызкаға немесе керісінше; қызыл жолақ – музыка ырғағының жоғарлауы, көк жолақ – музыканың ырғағының төмендеуі.

Дыбыстарды жоғарлығына, ұзақтығына, естілу күшіне қарай қарастыру жұмыстары балалардың әрекеттеріне белсенділікті талап етеді: музыкалық аспаптарда ойнау, түрлі тапсырмаларды әндету арқылы орындау, музыкалық шығармалардың үзінділерін тыңдау, сонымен бірге осыған орай қимыл әрекеттерін көңілді орындау. Мысалы, дыбыс күшінің нақтылығы әуеннің қатты не болмаса жай естілуі арқылы Қуыршақты қимылдатып орындағанда әрекет орындалады. Дыбыс дауысы тыныш немесе қатты музыкалық әуен процесі кезінде қабылданады.

Оқыту процесі кезінде балаларда өз дауысына көңіл аудару, есту арқылы есте сақтау, яғни заттар мен құбылыстар туралы ойлары дауыспен қатар қабылданады. Сонымен қатар біруақытта әрекетті дауыс арқылы қабылдау, кеңістікте бағдарланып, тапсырманы орындау қабілеті дамиды. 7

Сонымен, баладағы есту арқылы қабылдау деңгейі сөйлеу тілін қалай қабылдағанына байланысты қалыптасады, яғни ол психикалық дамуына әсерін тигізеді. Педагог-психолог әрдайым есте сақтауы тиіс, жалпы интеллек дамуы көру және есту арқылы қабылдау процестерімен бірге дамиды және қалыптасады

Лекция № 3-9 Сөзді түсінуін тексеру

1.Сөйлеу тілінің экспрессивті жағын тексеру

2.Сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөзді түсіну деңгейлері.

3.Әдістемелік нұсқаулар.

«Көңілді және көңілсіз музыканы ажырат»

Балаларға екі карточка беріледі. Біреуі ашық, жылы, көңілді түске боялған, әрине ол көңілді музыкаға сәйкес, екіншісі – суық, жабық, көңілсіз түске боялған, бұл көңілсіз музыкаға сәйкес. Музыканы тыңдап, балалар музыкаға сай карточканы көрсетеді.

«Қатты және жай»

Кезек бойынша жай, не болмаса қатты музыка ойнайды; бала жай музыкаға жай аяқтың ұшымен жүреді, ал қатты музыкаға аяқтарымен жерді таптайды.

Нұсқалар:

- Балаларға музыкаға байланысты өз еріктері бойынша қимылдарды қолдануға рұқсат етіледі;

- Үлкен және кіші барабанды қолдануға болады: үлкені қатты дыбыс шығарса, кішісі – жай шығады;

- Барабанның қатты дыбысы шыққанда металлофон қатты ойнайды, ал жай дыбысталғанда металофон жай ойнайды;

- Қатты музыка ойнағанда қалың және ашық жолақтарды салу, ал жай музыка ойнағанда жіңішке және әлсіз түсте жолақтар салу;

- Қоңыраудың қатты және жай дыбысталуына байланысты ойыншықтарды табуға бейімделу.

«Қандай музыкалық аспап дыбысталғанын тап»

Балаларға музыкалық аспаптардың суреті салынған карточкалар таратылады немесе шынайы музыкалық аспаптар қолданылады. Магнитофонға жазылған музыкалық аспаптың дыбысы шығады. Музыкалық ырғақ бойынша табылған музыкалық аспапты балалар карточкадағы суреттен немесе шынайы аспаптардан көрсетеді және атын айтады.

Нұсқалар:

- Баланың алдына дыбыс шығаратын ойыншықтар және музыкалық аспаптар қойылады: барабан, баян, металлофон, пианино, сылдырмақ және т.б. Бала көзін жұмып, қандай ойыншықтың дауысы екенін табу ұсынылады.

«Билейміз және адымдаймыз»

Балаға түрлі музыкалық аспаптардың дауысын естіп алу айтылады және сол дыбысқа қарай әрекет ету ұсынылады: барабан – адым, баян – би, сылдырмақ – жүгіру және т.б.

«Жоғары және төмен дыбыс»

Балаға жоғары немесе төменгі дыбыста музыкалық аспаптың дауысын есту ұсынылады, соған орай тапсырамын орындайды: жоғары дыбыс – қолдарын көтереді, төменгі дыбыс – қолдарын төмен түсіреді.

Нұсқалар:

- Түрлі музыкалық аспаптарды қолдану: скрипка, барабан, баян, домбыра, гитара және т.б.

- Түрлі тапсырмаларды орындау: дыбыс ырғағына қарай ойыншықтарды жоғары және төмен жаққа қою;

- Дауыспен қабылданған ырғақты салу.

«Барабанды ұру»

Материал: барабан, ұзын және қысқа жолақтармен салынған түрлі карточкалар.

Балаларға барабанды карточкада көрсетілген сурет бойынша ырғақты ұру ұсынылады (ұзын жолақ – жай ұру, қысқа жолақ – жылдам ұру).

Нұсқалар:

- Жолақтар дауысты көрсетуі мүмкін; сонда балалар барабанды бірде қатты, бірде жай ұра алады.

«Алыс – жақын»

Жүргізушінің көзі жұмулы. Балалардың біреуі жүргізушінің атын айтады, бірде жақын жерден, бірде алыс жерден. Жүргізуші дауыстың қай жерден шыққанын және кім айтқанын табуы тиіс.

«Зейінді бол»

Балалар музыкаға еркін адымдайды. Педагог түрлі командалар береді, ал балалар аталған жануардың қимылдарын салады. Мысалы, «тырна» –бір аяқта тұрады, «құрбақа» – отырып орындарында секіреді, «құс» – қолдарын жайып жүгіреді, «қоян» – секіреді және т.б. Ойын барысында балалар ырғаққа жылдам мән беруді үйренеді.

«Дыбыстар»

Материал: түрлі дыбыс шығаратын қоңыраулар.

Балалар жоғары дыбыстан бастап төменгі дыбысқа дейін қатарға тұрады.

«Не естілгенін анықта»

Жапқыштың артынан түрлі дыбыстар шығады: стаканға құйылып жатқан судың дыбысы, қағаздың мыжылған дауысы, қағазды қайшымен қырыққан дыбысы, үстел үстіне кілттің құлаған дыбысы, қоңыраудың дыбысы және т.б. Ненің естілгенін табуы тиіс.

Нұсқалар:

- Бір мезетте бірнеше дыбыстың естілуі.

«Дыбыс шығаратын қораптар»

Материал: бірнеше қораптар, яғни іші түрлі дыбыс шығаратын заттарға толы (темірлер, кішкентай ағаш тілінділері, тастар, тиындар және т.б.) және сілкіген кезде түрлі дыбыстар шығуы тиіс.

Балаға барлық қораптағы дыбысталған дыбыстарды қарап шығып, педагог баладан қатты дыбысталған қорапты, жай дыбысталған қорапты көрсетуін сұрайды.

«Қайтала»

Педагог бірнеше сөзсіз дыбыстарды көрсетеді, мысалы: бір тілмен таңдай қағу, екі алақанмен шапалақ, үш аяқпен таптау. Бала қимылдарды есте сақтап, қайталауы тиіс.

«Тез және жай»

Материал: қуыршақ, барабан.

Балаға қуыршақты барабанның соққысы бойынша қимылдату ұсынылады (қуыршақтың қадамы барабанның соғылған ырғағына байланысты болады). Мысалы: үш қысқа тез соққы, екі жай, екі қысқа тез соққы.

Ойын қызықты болу үшін қуыршақты тамақ тұрған немесе шырын құйылған стакан бар жерге дейін жеткізу ұсынылады. Қуыршақ (яғни, бала) өзіне тиесілі марапаттауды алады.

«Тыңда және орында»

Педагог бірнеше қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Балалар кезекпен сол қимылдарды қайталаулары қажет.

Мысалы:

1) Басты оңға бұру, басты алдыға бұру, басты төмен қарату, басты көтеру.

2) Солға бұрылу, отыру, тұру, басты төмен қарату.

«Не естілді?»

Педагогтың дыбыстауы бойынша балалардың зейіні есіктен терезеге көңіл аударылады, терезеден есікке, ол жақта не болып жатқанын естіп есте сақтау ұсынылады. Содан соң әрбір бала көрген, естігендерін әңгімелеп айтып береді.

Лекция № 3-10 Кеңістікті бағдарлау түсінігі.

1.Кеңістікті қабылдау

2.Кеңіске бейімделуін дамытуға арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар.

Кеңістікті түсіну және қабылдау байланысы – өмір сүру үшін қажетті шарттардың бірі. Кеңістік сипаттамасы құбылыс пен заттар арасындағы өзара байланыспен шартталған қатынасы. Сонымен қатар өз алдына келесілерді қосады: заттың көлемі және оның бейнелеуі, пішіні, тартымдылығы, орналасу реті, басқа объектілерге өзара байланысы, ауқымдылығы және т.б.

Кеңістікке бейімделу – қабылдаудың ерекше түрі, біртекті жұмыстардың ішіне көру, есту, кинестетикалық және кинетикалық талдауларды қосады. Кеңістікте дұрыс орынды алып, қимылдау үшін ойлаудың аналитика – синтетикалық даму деңгейі қажет болады.

Балалармен түзету жұмысы кезінде арнайы ұйымдасқан процестердің ішінде бірізділік пен жоспарланған іс-әрекет орындалады:

- Өз денесіне бейімделуі;

- Кеңістіктегі жақын және алыс орналасқан заттарды анықтау;

- Заттардың орналасу орнын анықтау;

- Парақ бетіне бейімделу;

- Берілген бағытта қимылдау және оны өзгерту.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау – көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын,қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т.б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) терендік жөнінде дәл мағлумат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады. Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Нәрсенің көлемдік қарамын қабылдау үшін оның бірігіп, қосылып көрунуі маңызды роль атақарады. Екі көзбен көруде түрлі заттардың тұтасып көрінуі, оның қашықтығы мен қоршауын, шамасы мен түсін, рельефін жан-жақты қабылдауға мүмкіндік туғызады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомодация деп атайды. Көздің аккомодациясы хрусталь дөнестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.

Бағдарламалық талаптарда арнайы термин ретінде кеңістікке қатыстылық ұғымы қолданылады.

Кеңістікке бейімделу кезінде бала өз денесін ұстап, қимылдата алуға бейімделуі тиіс. Бала өз бетін айнадан көру арқылы, сұрақтарға жауап береді: беттің жоғарғы бөлігінде не бар? Төменгі бөлігінде не бар? Сонымен қатар дене мүшелерінің барлық бөліктерін талдап, оларды кеңістікте көрсете алады (қол, аяқ, бас, құлақ, мұрын, иық, шаш) және жеке дене мүшелерін (саусақ, алақан) т.б.

Кеңістікке бейімделу алдымен баланың айналасында қоршап жатқан заттар арқылы үйретіледі. Сонымен баланың бағдарлау жақтарын нақты үйрету керек, мысалы, сол жақ, оң жақ, артқы жақ, алды т.б. түзету сабақтарында педагог-психолог балаға түсіндіреді: «Адамда екі қол бар, әрбір қолдың өз аты бар – Оң қол және Сол қол. Екі қол ғана бар, олар көп нәрсе жасай алады! Ал сендердің қолдарың не жасай алады?».

Ары қарай оң және сол қол дифференциациясы орындалады:

- Қай қолмен сурет саласыңдар? Тамақ ішесіңдер? Қай қолда қалам ұстайсыңдар? Оң қолдарыңа моншақ ұстаңдар, сол қолдарыңа жалау ұстаңдар және т.б.

Білімді бекіту мақсатында «Сыңарын тап» атты дидактикалық ойын жүргізіледі. Балаларға мысалы, бірдей екі қолғапты табу ұсынылады, яғни оң қол және сол қол.

Кеңістікке бейімделу арқылы бала заттар мен олардың орналасу орнын нақты таниды (алдында, артында, үстінде, астында, жанында, маңында).

Қалыптасқан дағдыларды меңгеру арқылы педагог-психолог балаларға келесі тапсырмаларды береді:

- Оң қолын көтеріп, оны түсіріп, оңға бұрыл;

- Сол қолын көтеріп, оны түсіріп, солға бұрыл;

- Қолды алдыға созып, бір қадам алға жылжу;

- Қолдарын артқа тығу, артқа қарай бір қадам жасау.

Жұмыстың келесі кезеңі – кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру және оларды тәжірибелік әрекетпен байланыстыру.

Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Байқау дегеніміз — белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау. Қабылдау үшін оны көру жеткіліксіз, оған белгілі көзқарас бойынша баға берілуі қажет. Бір нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт бойына жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып қадағалаған дұрыс. Бұл — байқаудың негізгі шарттарының бірі. Байқау үшін белсенді ой жүгірту, арнайы зейін қою, байқау нәтижесін сөзбен айтып отыру ерекше маңыз алады. Адамның ақыл-ой әрекетінің дамуында заттар мен құбылыстарды тез байқай алу көп пайдасын тигізеді. Байқағыштық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Байкағыштық — кез келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән берілмейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.

Кеңістікпен уақыт материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Сондықтан, кеңістік пен уақытты материядан бөлектеу, оларды материядан аулақ өмір сүреді деу шындыққа сай келмейді. Бүкіл әлемдегі барлық заттар мен қүбылыстар кеңістікте белгілі тәртіппен орналасып қана қоймайды, сонымен қатар материя қозғалысының нәтижесінде уақыт арқылы үздіксіз өзгеріске ұшырап, қайта жаңғырып, дамып отырады. Материядан тәуелсіз, оның қозгалысынан тыс жеке-дара ешбір кеңістік те, уақыт та жоқ.

Кеңістікті қабылдау— заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, заттың көлемі мен түрін қабылдау — көру, сипай сезу, қимыл қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады.

Тек адамның нақтылы тәжірибесі жан-жақты білімі арқылы ғана кеңістікті дұрыс қабылдауға болады. Адам заттардың бірінен-бірінің қашықтығын, бет алысын, көлемін, рельефін, бағдарын және формасын қабылдау арқылы кеңістікті дұрыс қабылдайды. Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікке орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік не аласа т. б.) болады. Сондай-ақ, олар бізден түрлі қашықтықта тұрады.

Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық) маңызы зор. Ал бір көзбен (монокулярлық) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір-біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауда -қозғалыс анализаторының мәні ерекше. Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен, іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашыктықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса, өзі соқтығып қалатындай көреді,

Адам қашықтықты айыруды да өмір тәжірибесі арқылы үйренеді. Мәселен, қашықтықтағы нәрсенің дәл шамасын білу үшін бала алғашқыда сол нәрсенің көрінуіне лайықты тиісті қозғалыс жасауға әдеттенеді. Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған бет алысы — көздің торлы қабығында сәулеленумен бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Заттың бет алысын адам тік тұрып немесе отырып горизонталь жағдайда ғана жақсы қабылдай алады. Мұндайда адам өзінің тұрған жерінен алдындағы бір затты нысана етіп, қалған заттардың бет алысын соған бағдарлайды.

Кеңістіктегі заттарды қабылдауға тек көру мүшесі ғана қатыспайды, мұнда қозғалыс, сипай сезу түйсікте де елеулі роль атқарады.

Кеңістікке бейімделу кезеңдер бойынша қалыптасады:

- Үлкен кісінің қимылына еліктеу;

- Дайын үлгі бойынша қимылдар жасау;

- Үлкендердің нұсқауы бойынша қимылдау, бұл жағдайды тек бала кеңістікті бағдарлаудың жоғарғы деңгейіне жеткенде ғана орындалады.

- Заттар мен объектілерді кеңістіктегі орны бойынша өзбетінше жоспарлау;

- Әрекеттің вербализациясы.

«Қай қол?»

Картинкадан қыздың қай қолына жалауды, бала қай қолында шарды ұстағанын, қыз қай аяқта тұрғанын анықтау керек.

«Дұрысын көрсет»

Педагог қуыршақтың түрлі дене мүшелерін жылдам ырғақпен көрсетеді. Балалар өз денелерінде көрсеткен дене мүшесін көрсетулері керек (сол аяқ, оң қол, сол иек және т.б.).

«Аяқталмаған сурет»

Балаларға аяқталмаған бейнелері бар карточкалар таратылады (иттің оң аяғы салынбаған, мысықтың сол құлағы салынбаған). Балаларға суретті аяқтап салып, оларды атауын және кеңістікті айтуын сұрай ды.

«Сенің мектепке жолың»

Баладан мектепке қалай келетіні туралы айтып беруін сұрайды (дүкенге, саябаққа және т.б.). Әңгімені айту барысында балаға, жолдың оң жағында, сол жағында, артында, алдында не бар екенін нақтылап айтады.

«Автокөліктер»

Педагогтің дыбыстауы бойынша балалар түрлі бағытта автокөлік сияқты жүреді, бағытты және жүріс жылдамдығын өзгертеді.

Нұсқалар:

- Әрбір бала өз автокөлігін автотұраққа өз жолымен жеткізеді.

«Тапсырманы орында»

Көше мен бөлмедегі кеңістікке бейімделуге арналған тапсырмалар балаға беріледі.

Нұсқалар:

- Жиһаздардың жеке орындарын анықтау;

- Өзінен алшақ тұрған балалардың орындарын анықтау;

- 180 0С–қа бұрылғанда өзінен алшақ тұрған балалардың орындарын анықтау;

- Бір–біріне жақын тұрған заттардың орындарын анықтау;

- Педагогтың айтуы бойынша заттардың кеңістікте орналастыру (үлгі бойынша, сызба бойынша, сурет бойынша).

«Бөлмеде не жақын, не алыс?»

Балалар сұраққа жауап береді, кейіннен өлшеуішпен өлшейді.

«Бөлмедегі ең биік және ең төмен заттарды ата»

Балалар заттарды атайды, олардың қайда орналасқанын түсіндіреді, кейіннен олардың арасындағы қашықтықты өлшеуішпен салыстырады.

«Не қайда орналасқан?»

Бала картинка бойынша заттарды атайды.

«Қай жақтан, кімнің даусы?»

Балаға сыныптастарына артымен қарап тұру ұсынылады және есту қабілеті бойынша кімнің даусы, қай жақтан шыққанын айтады: сол жақ, оң дақ, артында, жақында, бөлменің оң жақ бұрышында және т.б.

«Мұқият тыңда және сал»

Педагог геометриялық пішіндерді парақта орналасу реті бойынша айтады. Бала берілген нұсқау бойынша суретті салуы тиіс.

Мысалы, сол жақ жоғарыда төртбұрыш, оның оң жағында шаршы, ортасында шеңбер және т.б.

Нұсқалар:

- Парақты мыжу арқылы төрт бөлікке бөлу. Балаға нұсқау беріледі: «оң жақ жоғарыға төртбұрышты, оң жақ төменге....және т.б.».




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 325; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.088 сек.