Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Прямий метод правового регулювання 2 страница




Қимыл іс–әрекеттік тапсырмаларды орындау процесінде балалар түрлі заттардың қасиеті мен ұғымы туралы біледі (түсі, пішіні, сапасы, материалы); кеңістікке бейімделу ерекшеліктерімен танысады; бір заттың екінші затқа байланысын, оның орналасу ретін анықтайды, өз денесін ұстай алу қабілеті бойынша бейімдеуге үйренеді. Сонымен бірге таным түрлі қабылдау модалі бойынша жүзеге асады (кинетикалық, көрулік, кинестетикалық және т.б.), сондай–ақ сөйлеу тіліне байланысты.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей (В.В.Кисова, Л.А.Метиева, У.В.Ульенкова және т.б.) интеллект бұзылысы бар балаларда арнайы оқытусыз өзін – өзі басқару – жалпы әрекеті қалыптаспайды.

Өзін – өзі басқару құрылымы үш негізгі кезеңді қарастырады: бейімдеушілік (нұсқауды түсіну және игеру), орындаушылық (әрекет бағдарламасы және оның орындалуы), бақылау – бағалаушылық (алынған нәтижесінің бағалануы). Төменгі сынып оқушыларында бұл кезеңдердің қалыптаспағандығы бақыланады.

Вербальді нұсқау бойынша орындалған әрекет, уақыт өте келе мазмұнына қарай күрделеніп әрбір талаптарға сай (мысалы, көздің жұмулы және ашулы кезіндегі әрекеттің орындалуы) мәселені шешу жолдары қарастырылады. Нұсқау бойынша мысалдарды қарастырайық.

1–ші нұсқа:

- Отыр, допты ал – тіктел;

- Отыр, допты ал – тіктел, алдыға қарай созыл, допты басыңа қарай көтер;

- Отыр, допты ал – тіктел, алдыға қарай созыл, допты басыңа қарай көтер, – допты кеуде тұсына дейін түсір, сақина ішіне лақтыр.

2–ші нұсқа:

- Қолды белге қой – алдыға қарай бір қадам;

- Қолды белге қой – алдыға қарай бір қадам – оңға қарай екі қадам;

- Қолды белге қой – алдыға қарай бір қадам – оңға қарай екі қадам – бір қадам артқа;

- Қолды белге қой – алдыға қарай бір қадам – оңға қарай екі қадам – бір қадам артқа – қолыңды түсір. Егер бірінші нұсқа балалар үшін оңай орындалса, келесі тапсырмалар қателікпен орындалады: бала ұмытады, немесе әрекеттердің орнын ауыстырады немесе қимылдарды жасамайды. Нұсқа қиын болған сайын балалар қателіктер мен қимылдың дұрыс орындалмауын жасайды, бірақ кезеңді бағалау кезінде осы қиындықтар мен бұзылыстар, дұрыс орындалды деп қарастырылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Лекция № 4 Графомоторлық дағды, моториканы дамыту.

1. Ұсақ моториканы дамыту

2.Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.

3.Жалпы моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар.

Психологиялық танымда белгілі бір фактор ол бала бойындағы жоғары психикалық функцияның және ұсақ қол моторикасының дамуы болып табылады. Моторика – ерте жастағы балаға тән қимыл іс–әрекет реакциясы.

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз.

Бұл фактілер өзін–өзі басқару әрекеттері дұрыс емес қалыптасқанын көрсетеді. Педагог–психолог айтқан нұсқаны мақсатталған түрде үйрету процесінде, нақты айтқанда әрекетті орындауда балалар бірнеше негізделген жиынтықты іске асырады:

- Педагогпен бірге нұсқаулықты қайталау емес, баланы да қосу;

- Орындауға тиісті қимылдарды балаға түсіндіру;

- Тапсырманы орындауда педагог нақтылықты үйрету;

- Тапсырманы аяқтар алдында балаға қандай әрекеттерді қандай кезектілікпен орындау керектігін әңгімелеу;

- Нұсқаны дұрыс орындауда баланың өзін–өзі бағалауы.

Нұсқаулықты орындаудағы нәтиженің дұрыстығына үлкен мән беретін балалардың өзіндік мотивациясы, яғни сабақ барысында ашық және қызықты ойындарды қолдану арқылы тапсырманы орындау (мысалы, ертегі кейіпкерлері және т.б.) және жарыстық қажеттіліктер. Талдау мен бақылауда топтағы барлық балалар алынады, яғни оларға көз арқылы бейімделу, зейін іске асып, баланың тапсырманы орындауда белсенділік танытып, сөздік қормен ауызша сөйлеу тілі дамуы есепке алынады. Нәтижесінде – әрекетті өзіндік бағалауда әрекет басқаруы (бейімдеушілік, орындаушылық, бақылау–бағалаушылық) оқу материалында меңгеріледі.

Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор. Қол моторикасының жоғары деңгейі баланың мектепке деген психологикалық дайындығын, ақыл кіргенін түсіндіреді. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады.

Әрекет координациясының орындалуына арнайы жаттығулар көмектеседі; ойындар мен доппен жаттығу: орнына қою, кейіннен допты қолдан қолға лақтыру; допты түрлі биікке лақтыру және бір, екі қолмен допты тосып алу. Айтылған жаттығулар қимылдың нақты және тура орындалуына, тез әрекет етуіне септігін тигізеді.

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне–өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Моториканың дамуы басқа жүйелік дамуларға әсер етеді. Көптеген зерттеулер (Г.А.Каше, Т.Б.Филичева, В.В.Цвынтарный және т.б.) дәлелдегендей, сөйлеу тілінің деңгейі ұсақ қол моторикасының дамуына байланысты екенін көрсеткен. Балалар физиологиясы институтының ғалымдары және жасөспірімдер академиясының педагогикалық ғылымдары (Е.Н.Исенина, М.М.Кольцова және т.б.) көрсеткендей, интеллектуальды даму мен саусақ моторикасы тығыз байланысты.

Моторлы функция дамуының дұрыс жетілмеуі кезінде саусақ қимылының және қол білегінің икемсіздігі; қимылдар және координация нақты емес екендігі байқалады. Бұл мына әрекеттер кезінде қатты байқалады: қол еңбегі, сурет салу, жапсыру, ұсақ бөлшектермен жұмыс (мозайка, құрастырғыш, пазлдар), сонымен қатар тұрмыстық әрекеттерді орындауда: бауларды байлау, шашты өру, түймені қадау және т.б.

Бас мидың органикалық зақымы кезінде күрделі қимыл координациясының дамуы жоқтықтың қасы болады, қолдың графикалық қимылы интеллект бұзылысы бар балаларда айтарлықтай қиындықпен іске асады, олар жазу мен өзін–өзі күту әрекетінде қажетті қимылдар қалыптаспайды. Бұлшықет тонусының өзгерісі барысында қол білегінің әлсіздігі байқалып, бала қолында ұзақ уақыт қаламды не болмаса қаламсапты ұстай алмайтын жағдайда болады. Жүйке жүйесінің жеткіліксіз әрекетінде қимыл қолайсыз, біртекті емес болады. Айтылған бұзылыстар көру–қимыл координациясының бұзылысымен сәйкестендіріледі. Сондықтан арнайы жұмыстар ғана емес, күрделі координацияны қалыптастыруға арналған графикалық білімдер, мақсатты түрде бағытталған тапсырмалар орындалады.

Баланы жазуға үйрету кезіндегі сызықтық графика негізіне сүйене отырып ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жұмысқа назар аударайық.

Жылдар бойғы тәжірибеде көрсеткендей, ұсақ қол моторикасын дамытуға штрихтау, бояу, қаламмен сурет салу өте пайдалы.

Штрихтау балаға қимыл координациясын бақылауға, сызықтың жиегін сақтауға, бейнеленген суретті барлық силуэті бойынша орналастыруға көмектеседі. Штрихтауды жалпылама, пунк бойынша немесе ирек бойынша қолдануға болады. Бірақ, ең қызықты сабақ – бір суреттегі бірнеше заттық штрихтау болып табылады.

Сабақ кезіндегі ең негізгі амал ол сызық. Ол параққа түрлі құралдармен салынады: гель немесе шарик қаламсаппен, түрлі–түсті немесе жай қаламмен, фломастермен, бормен, гуашьпен, тушьпен немесе бояумен орындауға болады. Түрлі материалдармен жұмыс істеу кезінде оны бағалап, анық орындалуын қадағалап, бір жағынан жұмысты орындау кезінде қол моторикасын арналған тапсырмаларды орындау арқылы қол координациясын қалпына келтіреміз.

Қимылдың графикалық координациясын қалыптастыруда келесі жатығулар маңызды болып табылады:

- Қолдың қимылы арқылы түрлі бағыттағы штрихтарды орындау;

- Парақтағы түрлі бағыттағы бейнелерді бояу;

- Суреттің шетін сызу немесе қайта көшіру;

- Негізгі шет бойынша сурет салу;

- Суретті аяқтау;

- Шектелген сызықта сурет салу;

- Графикалық диктант.

Сонымен бірге баланы жазуға дайындау кезінде көптеген арнайы жаттығулар мен тапсырмалар бар.

Балалардағы графикалық дағдыны қалыптастыру мәселесін қарастыруда педагогтың ылғи бақылауы қажет, ол тек қимыл әрекеті емес, ол күрделі психофизиологиялық процесс, ол анализатор қатарымен тығыз байланыста болады: сөйлеу қимылы, сөйлеу–естуі, көру, кинетикалық және кинестетикалық.

Көру бейнесін қол қимылымен орындау графикалық дағдыны кеңістікте ұйымдастыруылуын қажет етеді және координация қатарын қалыптастырады – көру – моторлы, есту – моторлы, естіп – көру. Сонымен байланысты жазуға дайындық кезі бірнеше бағыттардан тұрады: саусақтың қимыл координациясын дамыту және қол білегінің жұмысын жақсарту; парақ бетіндегі сызықтық және сызықтық емес бағыттарға бейімделу; жазу құралдарын қолдануға және оқуға үйрену; жеңіл графикалық дағдыны меңгеру; әріп пен дыбысқа байланысты дағдыны қалыптастыру.

Жазудың техникалық жағы барлық дайындық жұмыстарына қарағанда күрделі: балалардан ақыл–ой, физикалық және аймақтық талаптарды қажет етеді және үйренуге 5 мин артық оқу кезеңі ескеріледі.

Ұсақ қол моторикасының дамуы графикалық дағдының қалыптасуының негізі болып табылады. Әрбір түзету сабақтары арнайы саусақ жаттығуларымен және қол білегіне арналған үш түрлі қимылмен орындалуы тиіс: қысу, босату және еркін ұстау. Жаттығуды кемінде екі рет 2 – 3 минуттан әрбір түзету сабағында; жазу дағдысын меңгеру кезіндені арнайы жаттығулар арасында қолдануға болады. Барлық саусақ жаттығулары жай ырғақпен орындалып, 5 – 7 рет жақсы қимылмен, әрбір қол жекелей, кезекпен немесе бірге – ол жаттығудың бағытына қарай орындауға болады.

Алдымен біртекті және бір мезгілде орындалатын жаттығулар беріледі, олар координацияның сәйкестендірілген қимылына байланысты дамиды, ал кейіннен барып ғана күрделі тапсырмалар – түрлі қимылдармен беріледі.

Педагог бала қол білегін дұрыс қойып орындады ма, тапсырманы нақты қимылмен жасады ма бәрін бақылайды, қажет болған жағдайда асықпай нұсқаулықты орындатқызады.

Ерекше атап өтетіні, мұндай жұмыстың мақсаты қол қимылының механикалық жаттығуы, ал систематикалық үйренуі бала үшін координациялық қимылдың жаңа бір әрекеті ретінде көрінеді.

Ұсақ қол моторикасын дамытуда маңызды жаттығулар моншақты, түймені, ағаш, пласмас, резина доптарды домалату, майда құрастырғыштар жұмыс, пазл жинау және т.б. болып табылады. Жеңіл жаттығулар қолдағы ауырлықты алып, ерін мен ақыл–ой шаршауын басады. Қол білегі уақыт өте келе жақсы қимылдап, қимылдың әлсіздігі, ыңғайсыздығы жойылады, жазу дағдысы жақсарады.

Моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарды өткізуде арнайы құрылғылар болуы тиіс:

- Түрлі майда заттар (түймелер, моншақтар, тастар, дәндер, жаңғақтар, концелярлық скрепкалар, кнопкалар және т.б.) және түрлі қораптар, банкалар, жинауға арналған жинауыштар;

- Жіпті, бауды, сымды орауға арналған катушкалар;

- «Ғажайып–түймелер» көптеген тесіктері бар бау өткізгіш бау–ойыншықтар;

- Түрлі қыштырғыш түрлері: ілгектер, түймелер, баулар, замоктар;

- Байлауға арналған, өруге арналған, бантиктерді байлауға арналған түрлі өлшемдегі баулар жиынтығы және ленталар;

- Түрлі–түсті қыстырғыштар, ағаш немесе пластмас таяқшалар жиынтығы;

- Түрлі мозайкалар, құрастырғыштар, пазлдар.

Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 – 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.

Тәжірибеде педагогтарға саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс–әрекеттері үстінде үнемі пайдалану ұсынылады. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Лекция № 5

Кеңіске бейімделу негіздері

1.Кеңіске бейімделуін дамытуға арналған дидактикалық ойындар. 2.Кеңіске бейімделуін дамытуға арналған жаттығулар.

3.Тексерудің әдістемелік тәсілдері.

«Қай қол?»

Картинкадан қыздың қай қолына жалауды, бала қай қолында шарды ұстағанын, қыз қай аяқта тұрғанын анықтау керек.

«Дұрысын көрсет»

Педагог қуыршақтың түрлі дене мүшелерін жылдам ырғақпен көрсетеді. Балалар өз денелерінде көрсеткен дене мүшесін көрсетулері керек (сол аяқ, оң қол, сол иек және т.б.).

«Аяқталмаған сурет»

Балаларға аяқталмаған бейнелері бар карточкалар таратылады (иттің оң аяғы салынбаған, мысықтың сол құлағы салынбаған). Балаларға суретті аяқтап салып, оларды атауын және кеңістікті айтуын сұрай ды.

«Сенің мектепке жолың»

Баладан мектепке қалай келетіні туралы айтып беруін сұрайды (дүкенге, саябаққа және т.б.). Әңгімені айту барысында балаға, жолдың оң жағында, сол жағында, артында, алдында не бар екенін нақтылап айтады.

«Автокөліктер»

Педагогтің дыбыстауы бойынша балалар түрлі бағытта автокөлік сияқты жүреді, бағытты және жүріс жылдамдығын өзгертеді.

Нұсқалар:

- Әрбір бала өз автокөлігін автотұраққа өз жолымен жеткізеді.

«Тапсырманы орында»

Көше мен бөлмедегі кеңістікке бейімделуге арналған тапсырмалар балаға беріледі.

Нұсқалар:

- Жиһаздардың жеке орындарын анықтау;

- Өзінен алшақ тұрған балалардың орындарын анықтау;

- 180 0С–қа бұрылғанда өзінен алшақ тұрған балалардың орындарын анықтау;

- Бір–біріне жақын тұрған заттардың орындарын анықтау;

- Педагогтың айтуы бойынша заттардың кеңістікте орналастыру (үлгі бойынша, сызба бойынша, сурет бойынша).

«Бөлмеде не жақын, не алыс?»

Балалар сұраққа жауап береді, кейіннен өлшеуішпен өлшейді.

«Бөлмедегі ең биік және ең төмен заттарды ата»

Балалар заттарды атайды, олардың қайда орналасқанын түсіндіреді, кейіннен олардың арасындағы қашықтықты өлшеуішпен салыстырады.

«Не қайда орналасқан?»

Бала картинка бойынша заттарды атайды.

«Қай жақтан, кімнің даусы?»

Балаға сыныптастарына артымен қарап тұру ұсынылады және есту қабілеті бойынша кімнің даусы, қай жақтан шыққанын айтады: сол жақ, оң дақ, артында, жақында, бөлменің оң жақ бұрышында және т.б.

«Мұқият тыңда және сал»

Педагог геометриялық пішіндерді парақта орналасу реті бойынша айтады. Бала берілген нұсқау бойынша суретті салуы тиіс.

Мысалы, сол жақ жоғарыда төртбұрыш, оның оң жағында шаршы, ортасында шеңбер және т.б.

Нұсқалар:

- Парақты мыжу арқылы төрт бөлікке бөлу. Балаға нұсқау беріледі: «оң жақ жоғарыға төртбұрышты, оң жақ төменге....және т.б.».

«Қай жерде не жатыр?»

Педагог үстел үстіне, астына, жанына түрлі заттарды қояды және балаға сұраққа жауап беруін сұрайды, қай жақта қандай зат жатқанын бала атауы тиіс.

Нұсқалар:

- Балаға педагогтың нұсқауы бойынша заттарды орнына қою, үстел үстіне, астына, жанына және т.б.сонымен қатар өзінің әрекетін түсіндіру ұсынылады;

- Геометриялық пішіндердің суретін сызба бойынша үстелге орналастыру, пішіндерге сәйкес өзінің әрекетін түсіндіру ұысыналады.

«Кесілген картинкаларды құрастыру» (дайын үлгі бойынша заттар мен сюжеттік картиналар).

«Із кескіш»

Сурет–сызба бойынша балалар бөлме ішінде жасырынған заттарды табады.

Нұсқалар:

- Балалар алдымен ойыншықтарды өздері жасырады және сурет–сызбаны құрастырады;

- Осы ереже бойынша ойын саябақта, мектеп ауласында, көшеде ұйымдастырылады.

«Тыншылар»

Жазбаша нұсқау бойынша жасырынған маңызды хабарды табады.

Нұсқаның үлгісі:

1. Сыныптағы тақта алдына шығып, тақтаға арқа бөлігіңмен қара.

2. Алдыға қарай 5 қадам және оңға қарай 3 қадам.

3. Солға қарай бұрыл.

4. Көз айналаңызда орналасқан заттардың бәріне асықпай қарап шығыңыз.

Не көрдіңіз? Асықпай іздеңіз!

«Өте зейінді»

Тақтаға ватман қағазға жазылған әріптер қатары (6 қатар 6 әріп). Қатысушыларға тапсырмасы жазылған карточкалар беріледі: дәптеріңе барлық дауысты дыбыстарды жаз, барлық дауыссыз дыбыстарды жаз.

Графикалық диктанттар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Лекция № 6,7 Балалардағы сенсорлық және моторлық процестердің қалыптасу деңгейін зерттеу сызбасы.

1.Статистикалық теңсіздіктің бағалануы.

2.Қол моторикасының бағалануы.

3.Көру–моторлы координацияға тесттер.

4.Тактилді сезімді бағалау

1. Жалпы моторика жағдайының бағалануы (Н.И.Озерецкий, М.О.Гуревичтің диагностикалық тапсырмасы):

Статистикалық теңсіздіктің бағалануы:

- 6 – 8 сек.бойында теңсіздікті сақтау (орташа деңгей, қанағаттанарлық нәтиже) кейіннен «тырна»: бір аяғын тізеге бүгіп, қолын беліне қояды. Бала теңсіздікті сақтап, тізесінің дірілдеуіне жол бермеуі тиіс.

Динамикалық теңсіздіктің бағалануы:

- Бір аяқта 5 м арақашықтықта секіру, қимыл бағыты 50 м кем болмауы тиіс.

2. Қол моторикасының бағалануы:

- Кезек бойынша қолмен келесі қимылдарды жасау: алдыға қарай екінші және бесінші саусақты созу («ешкі»), екінші және үшінші саусақтар («қайшы»), бірінші және келесі саусақтармен «сақина» жасау;

- Екі қолмен координациялық қимыл «жұдырық–алақан»: қолдар үстел үстінде, бір білек жұдырық, келесі – саусақтар жазылған. Бір уақытта екі білекті ауыстырамыз, ол кезде жұдырық жұмулы.

Көру–моторлы координацияға тесттер:

- Геометриялық пішіндер, сызықтар, әріптер, сандар пропорциясын сақтай отырып қарапайым жазу;

- 3 – 4 сөзден құралған фразаны жазбаша қаріппен, үлгіні сақтай отырып жазу.

3. Тактилді сезімді бағалау:

- Оң және сол қолды бірге қолдану арқылы сипап таныс заттарды тану (тарақ, тіс щеткасы, өшіргіш, қасық, кілт);

- Геометриялық пішіндерді көлемі бойынша (домалақ, куб) және жазықтық бойынша (квадрат, үшбұрыш, төртбұрыш) сипап тану.

4. Сенсорлық эталонды меңгеруін бағалау:

Түстерді ажыратуға арналған тесттер:

- Түрлі–түсті қолдану арқылы 7 карточканы бір қатарға жинау, түстер бірдей болуы тиіс: ашық түстен жабық түске дейін;

- Барлық түстерді атау және көрсету, 3 түстен асатын бір–біріне ұқсас түстерді атау (сары, сарғыш, қызғылт және т.б.).

Түрлі пішіндер:

- Пішіне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру (баланың алдына квадрат, шеңбер, үшбұрыштың қатарын құрады. Ұсынылған 15 пішіннің ішінен осы қатарды құрастыруы тиіс);

- Баланың жасына қарай тапсырманы күрделендіруге болады: пішіндердің санын 5–ке, ал берілген материалдар санын 24–ке.

Көлемді қабылдау:

- Көлемі бойынша таяқшаларды орналастыру, олар 2 см–ден 20 см аралығында;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 550; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.