Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Прямий метод правового регулювання 3 страница




- Көлемі бойынша 10 элементті негізгі орындарға орналастыру.

5. Көру арқылы қабылдауын бағалау:

- Шынайы суреттерді тану және атау (10 сурет);

- Сызықты суреттерді тану (5 сурет);

- Жапсырылған және штрихталған суреттерді тану (5 сурет);

- Әріптер мен сандарды белгілеу (10), түрлі қаріппен жазу.

6. Есту арқылы қабылдауын бағалау:

- Қиын емес ырғақтық суреттерді атау;

- Дыбыстар мен шумдарды есту бойынша анықтау (магнитафонға жазылған дыбыстарды): газеттің мыжылуы, баланың жылауы, судың аққан дыбысы, балғаның ұрылған дауысы және т.б.;

- Сөздегі суреттерді анықтау (балаға 4 заттық картинка беріледі, сөзді естіген кезде бала суреттердің ішінен аталған картинканы табуы тиіс).

7. Кеңістік арқылы қабылдауын бағалау:

- Кестеде көрсетілгендей сол жақ, оң жақ, жоғары, төмен, ортасында орналасқан заттардың атауын табу және т.б.;

- Топтық бөлмедегі заттардың орналасуын анықтау (астында–үстінде, алдында–жанында, жоғары–төмен, биік–төмен);

- 10 есептік таяқша бойынша үлгіні құрастыру.

8. Уақыт арқылы қабылдауын бағалау.

- Баламен уақыт бойынша әңгіме жүргізіледі (тәулік бойы, апта күні, ай, жыл мезгілі), өткен және келер шақ бойынша (мысалы: «Көктем аяқталды, қандай жыл мезгілі болады?» және т.б.).

Қандай да бір тапсырманы орындау сапалы үш критерия бойынша бағаланады:

- «жақсы» – егер бала тапсырманы өз бетінше дұрыс орындайды, оған түсіндірген нұсқау бойынша жұмыс жасайды, арасында есепке алынбайтын қателік жібереді.

- «қанағаттанарлық» – қиындықтар кездеседі, бала өз бетінше тек оңай тапсырмаларды орындайды, өзінің және негізгі тапсырмаларды орындауда көмекке жүгінеді.

- «қанағаттанарлықсыз» – көмек берген кезде де тапсырма қателікпен орындалады, тапсырманы орындай алмайды, өзінің әрекетінде біраз қиындықтарға тап болады.

Түзету сабақтарына нәтижесі «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз» деген бағалау нәтижелеріне ие болған балалар тіркеледі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Луцкина Р.А. Методические рекомендации к обследованию дефектной речи детей. – Алма-ата, 1991г.

2. Полушкина Н.Н. Диагностический справочник логопеда. – М.: Астрель: Полиграфиздат, 2010. – 607 с.

3. Поваляева, М. А. Справочник логопеда. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. - 445с.

4. Логопедия. Под ред. Волковой Л.С. – М., 2004г.

Көру арқылы қабылдауын дамыту.

1.Көру арқылы қабылдау

2.Көру арқылы талдау

3.Көру арқылы саралауды дамыту.

Көру арқылы қабылдау – бұл көздің көмегі арқылы жүзеге асатын, көптеген тітіркендіргіш процесті талдайтын күрделі жұмыс. Көру арқылы қабылдау жоғары болған сайын, сапа мен күшін сезіну соғұрлым нақты, дифференциацияланған тітіркендіргішті сипаттайды. Қоршаған орта туралы негізгі ақпаратты адам көру арқылы қабылдайды.

Көру арқылы қабылдау – түрлі жиынтықты қосатын біріктірілген процесс: өнімділік, мақсаттылық, көру–моторлы координация, көру арқылы қабылдау дағдысы, көру анализаторының аналитика–синтетикалық әрекеті, көлем, қабылдаудың нақтылығы.

Көру бейнесі басқа психикалық бейнелер сияқты көптекті және күрдделі, олар үш деңгейді сипаттап көрсетеді: сенсорлы–естілім бейнелейтін деңгей және вербальді–логикалық деңгей. Зерттеулер көрсеткендей, интеллект бұзылысы бар балаларда көру арқылы қабылдау деңгейінің қалыптасуы айтарлықтай бұзылмаған (Э.С.Бейн, К.И.Вересотская және т.б). Негізгі бұзылыстарды қысқаша сипаттай отырып, бұл балаларда көру бейнесі біріккен, көп жағдайда тұрақсыз екенін ескертеміз. Интеллект бұзылысы бар балалар бөлшектерден тұратын заттарды, пропорцияны, өзіндің құрылымды қиындықпен көрсетеді, маңызды бөлшекті ұмытып кетуі мүмкін (мысалы: қол сағат–таққышсыз); түстер қатарын және түсті нақты тани алмайды. Құбылыстар мен объектілерді тануда, өткен тәжірибелерін ескере отырып, оларда жалпылама түсінік қалыптасады, заттардың ұқсастықтарын және ол туралы қоршаған ортадан басқап білгендерін біріктіру процесі жүзеге асырылады. Интеллект бұзылысы бар балаларда көру арқылы бейнелеу айтарлықтай шынайы заттардан айырмашылықпен көрінеді. Өзгерген шарттардан қабылдау көптеген нақтылықсыз көрінеді және ұқсас заттармен айтылады. Бұл балаларда педагогтың көмегінсіз заттарды қабылдауы қателікпен, кедей сөздікпен тіпті шынайы құбылыспен байланыссыз қабылданады. Зерттеу көрсеткендей, объектіні қадағалау процесі бұзылады және арнайы оқытусыз қалыптаспайды.

Көру арқылы қабылдаудың нақтылығы және шынайлығы, көру арқылы жинақталған бейнені сақтап, соңында жазу мен оқу дағдысының белсенділігін қалыптастырады. Көру арқылы қабылдаудың бұзылысы пішіндерді, әріптерді, сандарды, оның көлемін, бөлшектерге сәйкестігін белгілеуде қиындықтар туғызып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары нақты көзге көрінеді. Сонымен бірге, көру арқылы қабылдаудың қалыптаспауы көру немесе моторлы функцияның жоқтығы емес, сол функциялардың өзара байланысының жоқтығы екені мәлім.

Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда көру арқылы қабылдауының жеткіліксіздігі өз алдында кеңістікке бейімделу қалыптасуының артта қалуымен байқалады. Кеңістікте–көру арқылы қабылдау көз қимыл жүйесінің – жылдамдығы үлкен роль атқарады, ал көз қимыл реакциясының нақтылығы, екі көз аралығындағы байланыстың жақсаруына соқтырады. Көз қимыл жүйесі келесі өзгерістерді бағалау мен талдауға қатысады, олар кеңістік қасиеті, көз объектісінің орны, көлемі және объектінің бақылануы, олардың қимылы, өзара байланысының түрлі бірігуі. Интеллект бұзылысы бар балалардағы кеңістік–көру қабылдауының жоқтығы көру функциясының түрлі өзара байланысының толық емес екендігімен түсіндіріледі: ертіліс аумағы, көз айналасы, оның дәлдігі.

Алайда тәжірибе көрсеткендей, систематикалық және мақсатталған жұмыста көру және кеңістік–көру арқылы қабылдаудың жеткіліксіздігін айтарлықтай төмендетуге болады. Бұл келесі жұмыстардың тапсырмасын орындағанда іске асады:

- Заттар, объект және қоршаған орта әрекеттерін белсенді көру арқылы қабылдауын қалыптастыру, олардың кеңістіктегі орны;

- Көлемнің кеңеюі, көру арқылы қабылдау мен көру арқылы есте сақтау қабілетінің нақты және толық қалыптасуы;

- Объектіні бақылай алу қабілетін қалыптастыру, сонымен қатар көру арқылы бақылау (қимылдаған іс–әрекет);

- Көру–қимыл координациясын орындау;

- Құбылыс әрекетін, оның қасиетін. Заттар мен объектіні қабылдаудың көрнекі сипаттамасын вербальді дағды арқылы қалыптастыру.

Көру арқылы қабылдау мен көру арқылы есте сақтау қабілетінің жеке ерекшеліктерін дамыту көп жағдайда балалар түзету жұмысын жүргізгенде анықталады. Қатысушыларға қабылдаудың тез ұғынатыны заттар мен бейнелердің шынайы көрінісі, ал қиынырақ келетіні – сызба суреттер, белгілер және символдар. Соңғы кезекте үлестірмелі материалдар қолданылады, яғни аяқталмаған суреттер, құрастырмалы бейнелер т.б.

Балаларда толық көру арқылы қабылдау оқу процесінде және көптеген алынған білімдерін бекіту мен түрлі жағдайлардағы әдістерді меңгеруде қалыптасатынын ескеру керек. Сондықтан көптеген дидактикалық жаттығулар мен ойындардың мысалдарын түрлі нұсқада қолдану керек.

Кезекпен қиындату принципінің негізінде көру арқылы қабылдауды дамытуға арналған тапсырмалар нұсқасын қарастырайық:

- Жеке көлемді заттарды зерттеп, құрылымын кезекпен қиындатамыз;

- Табиғи көлемді заттар мен объектілерді салыстыру (2–4), көзге көрінетін сипаттарға қарай қарастыру (түс, пішін, көлем, бөлшек саны, жеке бөлшектердің орналасуы және т.б.), ары қарай сурет бойынша салыстыру;

- Түрлі жағдайдағы суреттерді шынайлықпен тану;

- Жиегі бойынша жазық заттарды жеке зерттеу, кейіннен шашылған бөлшектермен құрылымын өзгертеміз;

- Заттар мен объектілерді шеті бойынша салыстыру (2 – 4), көзге көрінетін сипаттарға қарай қарастыру (түс, пішін, көлем, бөлшек саны, жеке бөлшектердің орналасуы және т.б.);

- Ұқсас заттар мен объектілерді табиғи салыстыру (2 – 4), қасиеттерін ажырату (құрылымы, бөлшектер саны, бір түсті болуы, өлшемі, жеке бөлшектердің орналасуы және т.б.);

- Заттар мен объектілердің суреттеріндегі шеті бойынша салыстыру (2 – 4), қасиеттерін салыстыру (түс, пішін, көлем, бөлшек саны, жеке бөлшектердің орналасуы және т.б.);

- Бөлшектер бойынша заттарды тану;

- Сюжетті картиналарды қарау, сюжетті қатарларды анықтау (жұмысты қиындату барысында біріктіру ұсынылады);

- Екі сюжеттік картинаны қарау, айырмашылығы бар элементтерді табу, оларды көрсету.

Тапсырманы қиындату суреттерді біріктіру, сызу, аяқтау, шынайы заттардың санын табу, көлемін анықтау және суреттерді есте сақтау (2 – 3-тен 6 – 7-ге дейін), абстрактілі және графикалық суреттерді (сандар, әріптер және олардың символдары мен элементтері) пайдаланумен байқалады.

Жұмысты бастар алдында оған мақсатталған түрде қарап, көру арқылы зерттеу керек. Педагогтың жетекшілігімен балалар негізгі элементтерді, объектінің бөлшектерін, олардың өзара байланысын, кеңістіктегі орнын, объектітегі өзгеріс пен оның орналасу ретін орындайды. Интеллект бұзылысы бар балаларда суреттегі бөлшектерді қарастыруда, заттарды тануда айтарлық көп уақыт жұмсалатыны ескере кетуіміз керек, бұл талдау мен саралау процесінің баяу қабылдалдануымен байланысты сипатталады.

Көру арқылы талдау мен саралауды дамыту, көру зейінінің өнімді және есте сақтау жаттығуларын орындағанда қалыптасады:

- Заттар қатарының өзгерісін анықтау;

- Суреттен, ойыншықтар арасынан «артық», «түсіп қалған» бөлшектерді табу;

- Ұқсас екі сюжетті картинкадан айырмашылықтарды табу;

- Түсініксіз картинкадан шынайы емес элементтерді табу;

- 4 – 6 заттарды табу, ойыншықтар, картиналар, геометриялық пішіндер, әріптер, сандар және олардың кезектілік бойынша орындалуы.

Негізгі зейін баланың қол қимылы мен көзіне аударылады, көзбен қол қимылын орындауы, ары қарай кеңістікте объектілерді қимылдату жұмысына аса назар аударылады. Көру-моторлы координация түрлі қимылдық жаттығуларды орындағанда белсенді дамиды: белгілер бойынша жүру және жүгіру, велосипед тебу, жол бойында және қоршалған аумақта самокат тебу; ойын кезінде түрлі заттардың ұшуын қолдану «Ұшатын тәрелкелер», «Ұшатын қақпақтар», «Дартс», «Сақина дәлдегіш», «Нысанаға дәл тигізу».

Арнайы жаттығуларды мүмкіндігінше трафареттер, суреттің силуэті мен жиегін қолдану арқылы орындау. Мысалы:

- Неше дыбыс естілсе, сонша шаршының үзік сызық бойынша жүргізу.

- Жоғары жолақта 7 домалақты, төменгі жолақта 2 үшбұрышты кем етіп жүргізу;

- Жоғары жолақтағы екінші, төртінші және алтыншы шаршыны қызыл түске бояу, ал төменгі жолақтағы үшінші, бесінші және жетіншіні штрихтау.

- Парақтың әр жерінде орналасқан ойыншықтарды сыртқы және ішкі үзік сызығы бойынша трафаретпен жүргізу, кейіннен оларды жолақпен қосу.

Мақсатталған кеңістікте қимылдайтын объектілерді бақылау, ойыншықтың мүшесінің қимылы, оның орын ауыстыру, мысалы қуыршақта (аяқ-қолы), машинада (төбесі, есігі), үйде (терезе, есігі) және т.б. Көлемді, жалпақ, алмалы-салмалы, жинақтық ойыншықтар және заттар қолданылады, бір (бірнеше) қимылдайтын бөлшегі затқа бекітулі болуы тиіс. Осы процеске сүйене отырып балада қимыл бейнесі мен орнын көру арқылы қабылдау меңгеріледі, сонымен қатар өз бетінше сол қимылдар мен әрекеттерді үлкендердің көрсетуі арқылы есте сақтап, сөздік нұсқау бойынша орындайды.

Көзбен қимылдаутын объектілерді бақылауда және оны сол уақыт аралығында бағалау кезінде кеңістікте мына ойындар қолданылады: «Хоккей», «Баскетбол», «Футбол», «Бильярд», «Қалалық жолдар» және т.б.

Бірнеше қимылдайтын объектілерді бақылауда қинтеллект бұзылысы бар балалар арнайы жаттығуларды ылғи орындау барысында қалыптасатынын ескертеміз (тышқан қайда? Қоян қайда жүгіріп кетті? Жүк машинасы қай жаққа кетті? Өрт сөндіруші машина қайда кетті? Және т.б.), сонымен объектілердің саны қимылдайтын бағыттарға қарай ауысатыны мәлім.

Балаларда қашықтықты көру арқылы қабылдау қиынырақ болады, объект біріктірілуі, көлемі, кеңістіктің үлкендігі, олардың орнын анықтау көп қиынға соғады. Балаларды кеңістіктегі объектілерді анықтап, олардың орны мен өлшемін білуге үйрету керек. Осы мақсатта көз арқылы көру жаттығуларын дамыту керек:

- Қуыршаққа дейін, партаға дейін неше қадам (көшедегі жолға дейін) және т.б.; арғы жерде кім отыр: Марат немесе Қанат; кім үлкен: Нұрбек немесе Қалдыбай және т.б.

- Екі заттың биіктігінің арақатынасын көрсету және т.б.

- Шеңберді, шаршыны, төртбұрышты 2, 4, 3 бөлікке теңдей бөлу.

- Лентаны теңдей бөлікке бөлу.

Өлшеуді меңгергеннен кейін балаларға тапсырманы метрмен өлшеу арқылы күрделендіруге болады, олар сантиметр, метр өлшемін көз мөлшерімен анықтайды. Сонымен қатар кеңістікке бейімделу кезінде осы үйренгендерін жаттығулар мен ойындарда қолданады.

Педагог-психолог білуі керек, көрнекі ақпарат пен сөйлеу қабілетінің бірігуі жаттығуларды нақты орындап, балалардағы көру арқылы қабылдауын дамытады. Сонымен бірге көрген бейнелерін есте сақтап, вербальді өнім әрекетін іске асырады.

Көру фнукциясының іске асуы көру қабілетенің алтын алу мен гигиенасын нақты сақтау жұмыстарына да байланысты. Көру қабілетінің төмендеуі түрлі себептерге байланысты, негізгісі – оқу кезінде көзге салмақтың түсуі. Мамандар айтады, көзі қалыпты көретін балаларда жинақтық жаттығуларды жиі орындап отыруы тиіс, ол көздің талуын, көз қарашығының дұрыс жұмыс істеуін жақсартады.

Көздің жақсы көруі көп жағдайда систематикалық жаттығуларға байланысты, сондықтан түзету жұмыстарында жаттығулар мен ойындар қажет. Мысал келтірейік:

Педагог өлең жолдарын оқиды, ал балалар жаттығуды орындайды.

Буратино керілді (балалар аяқ ұшымен тұрып, қолдарын жоғары көтереді), оңға, солға, айналды, артқа, алға қарады (бастарын қимылдатпай оңға, солға, жоғары, төмен қарайды) және тыныш орындарына отырады.

Сабақ кезіндегі көз жаттығулары кезінде балалар терезеге қарап, жақын – алыс және төмен – жоғары, қалың – жіңішке, жуан – жіңішке объектілер мен заттарға көңіл аударады, көзбен қадағалап, анықталған мәліметтерді сипаттап береді (5 – 10

Лекция № 10,11 Есту арқылы қабылдауын дамыту.

Есту қабылдауын дамытуға арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар.

Тексерудің әдістемелік тәсілдері.

Жай ғана тыңдау емес, тың салу, дыбысқа көңіл айдару оның ерекшеліктеріне мән беру – адам қабілетінің маңызды бөлігі. Ол болмаса басқа адамды тыңдап, айтылған нәрсені тыңдауды меңгеру, музыканы жақсы көру, табиғаттың даусын түсіну, қоршаған ортаға бейімделу болмас еді.

Адамның есту қабілеті дені сау адамның дене мүшесінде қалыптасады, ерте жастан акустикалық қабілеттің арқасында дамиды. Қабылдау процесі кезінде адам күрделі дыбыстарды талдап және саралай алмайды, тек оларды анықтайды. Басқа адамның сөздері, бөтен дыбыстарды қабылдау есту мүшесі арқылы жүзеге асады. Есту арқылы қабылдауды кезектілік акт деп атасақ та болады, ол акустикалық зейін және сөйлеу сигналналдарын талдау арқылы ойға келеді. Соңында есту арқылы қабылдау фонематикалық дифференцияциаға және есту бақылауын тануға әкелді.

Фонем жүйесі (грекше phone – дыбыс) – бұл да сенсорлық эталон, тілдік мағынаны, тілдік функцияны реттейтін құбылыс.

Сөйлеу тілін қалыптастыратын екінші сигналдық жүйе баланың есті қабылдауын дамытатын сөйлеу қимыл анализаторы. Дифференциацияланған есту арқылы қабылдау сөйлеу тілі кезінде негізгі фонем болып табылады. Фонематикалық есту және сөйлеу арқылы есте сақтау бұзылысы дислексияның (оқу процесінің қиындығы), дисграфияның (жазу процесінің қиындығы), дискалькулия (арифматикалық дағды меңгерудің қиындығы) пайда болуына соқтыруы мүмкін. Егер дифференциацияланған шарт есту анализаторының жай болуымен келсе, сөйлеу тілінің, және ойлау қабілетінің төмендеуіне соқтырады.

Интеллект бұзылысы бар балаларға дифференциацияланған шарттар аумағында есту анализаторы арқылы жай қабылдау қалыпты, соның салдарынан бала дыбыстарды ажырата алмайды, сөздерді түсінбейді, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды түсінбейді, сөйлеу тілін толық ұғынбайды. Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын меңгеруде, сонымен бірге моторлы аймақ (бас миы аймағының сөйлеу қимылы және сөйлеу тілі аппараты) дамымауы сөйлеу тілін меңгеруде қиындық туғызады. Нәтижесінде есту және кинестетикалық бейнесі немесе көптеген сөздердің сызбасы балалар үшін түсініксіз болады, өзінің сөйлеу тілін бақылау төмен жағдайды құрайды.

Сөйлеу тілінің сенсорлық базасының түзету жұмысына тоқталсақ (сезім негізі), оған бірінші ретте есту зейіні, сөйлеу кезіндегі есту және сөйлеу моторикасы жатады. Есту арқылы қабылданған сөздер эталонның роліне ауысады, солайша есту бейнесі арқылы қабылданған сөздер артикуляциялық құрылымдағы сызбаны құрайды.

Нәтижесінде есту арқылы қабылдау, екі бағытта жүреді: бір жағынан есту арқылы сөйлеу тілі дамиды, яғни фонематикалық есту қалыптасады, екінші жағынан – сөйлеу тілі жоқ дыбыстарды қабылдау дамиды, яғни шумдар мен дыбыстар.

Дыбыстар қасиетін, пішін немесе түспен, заттарды ауыстырумен, не болмаса олармен жасалатын түрлі манипуляциямен шатастыруға болмайды. Дыбыстың кеңістікпен байланысы, оның уақыт аралығында, олардың салыстыруларында қиындықтармен болуында болады. Бала көрген білгендерін әндету арқылы немесе дыбыстаумен жеткізуге тырысады, яғни дауыс аппаратын қолдану арқылы шумдарды қалыптастырады.

Есту және қимыл анализаторлар арасындағы айтарлықтай орынды сөйлеу тілі дыбыстарына еліктеу жұмыстары алады. Жүргізілген зерттеулерде (Л.В.Нейман, Ф.Ф.Рау және т.б.) сөйлеу қабылдауы түрлі болады (есту-көру, көру-тактильді, есту) шумдар шартына қарай сөйлеу тілі бисенсорлы қабылдау арқылы жүзеге асады және белсенді болады, ары қарай моносенсорға ауысатыны көрсетілген (есту немесе көру). Эксперименттік мәліметтер өмірлік бақылаумен толықтай ұқсас болып табылады. Сөйлеу тілінің дұрыс емес естілуінен немесе дыбыстардағы кедергілердің кесірінен сөйлеушінің аузын бақылай алмай, дыбыстарды шатастырады.

Сондықтан, арнайы сабақтар екі негізгі тапсырманы, есту арқылы қабылдауды қалыптастыру бағыттарын қарастыруы тиіс:

1) Сөздегі есту бейнесі және сөздік емес есту бейнесін өңдеу;

2) Есту моторлық координацияны дамыту.

Сөйлеу арқылы есту мақсатталған түрде логопедиялық сабақтарда жаттықтырылады. Жалпы психологияда есту сезінудің үш түрін ажырату жұмыстарын қарастырайық: сөздік, музыкалық және шум.

Интеллект бұзылысы бар балаларға түрлі дыбыстарды естіп, оларды түсінуін, ұзақ уақыт бақылауын меңгерту керек, өйткені оларда есту қабілеті толық жетілмеген: естей алмау, дыбысты ажырату және бағалау, сипаттау.

Жалпы потологиялық бақылауда дыбысқа қызығушылықтық жоқтығы, оларға назар аудару, дыбысқа сәйкес әрекет ету байқалмайтындығы ескеріледі. Бұл кедергілер кеңістікте бағдарлануларына, кей жағдайда өкінішті жағдайларға соқтыруы мүмкін.

Дыбыссыз сөйлеу тілі адам өмірі үшін маңызды. Дұрыс анықтамада бағдарлау, кеңістікте дұрыс бағдарлауына, өз орнын дұрыс анықтауға, қимылды дұрыс жасауында дыбыстың көмегі өте қажет. Дыбысты жақсы және дұрыс қабылдау адам әрекетін түзетуге және орындауға септігін тигізеді.

Балалармен жүргізген тәжірибеміз түрлі дыбыстарды және соған сәйкес қимылдарды кезекпен қалыптастыруға болатынын көрсетті. Сөздік емес дыбыс арқылы қабылдауды дамыту түрлі жай дыбыстарды меңгеруден бастап, кейіннен дыбыс жоқ болған жағдайда оларды салыстырмалы түрле қарастырып, әрекеттің мағынасына қарай орындау іске асады. Ол үшін арнайы бейімделген дидактикалық ойындар мен жаттығулар қолданылады.

Бала бірінші кезеңде сөзддік емес дыбыстарды меңгереді (сөйлеу тілі материалы ретінде) ол үшін көру немесе көру-қимыл әрекеті қажет. Бұл бала затты көріп, оның не мағына беретінін түсіну керек, содан соң ғана оның қандай дыбыс шығарып тұрғанын өзі анықтап білуі тиіс. Осы кезде қосымша сезім мүшелері оған көмек ретінде қолданылады, кейін ол шынайы қабылдауға ауысып қажетті есту бейнесі қалыптасады.

Есту бейнесінің негізгі сапасы – заттық бейне. Естуді қалыптастыруда ойын арқылы қабылдау қалыптасуы тиіс, яғни судың дыбысы, тоқыл, құстың дауысы, машина, поездтың дыбысы, тыныш немесе қатты дыбыстар туралы құбылыс бала бойында қалыптасуы керек.

Дыбыс жоғарлық, ырғақтылық, естудің динамикалық ээлементі музыка-ырғақтылық сабақтарында қалыптасады. Б.М.Теплов атап өткендей, музыкалық есту адамның үйренуі, оқуы барысында қалыптасады. Дыбыс қоршаған ортадағы заттық сапалардың дыбысталуы арқылы дифференциацияланып, айтарлықтай есту қабілетін қалыптастырады.

Музыкалық ойындар мен жаттығулар, балалардың айтарлықтай күш жігерін жақсы эмоцияға ауыстырады. Муызкалық ырғақ арқылы баланың нерв жүйесін ретке келтіруге, темпераментін және бала бойындағы тежелуді жоюға болады. Музыка емдік қасиет ретінде және жүйке жүйесін реттеуге көмектесетін түзету жұмысы ретінде қолдануға болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-13; Просмотров: 592; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.054 сек.