Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Джуран Трилогиясы. Деминг циклі. 1 страница




ГАК шпор

Глоcсарий

Табиғи сипаттағы ТЖ-лар - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ-лар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қауіпі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін әлектр-әнергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ-лар.

ТЖ аймағы - ТЖ жарияланған белгілі бір аумақ. ТЖ-лар таралу ауқымына қарай мынадай болып бөлінеді:

объектілік (зардаптарының таралуы қондырғымен, цехпен, объектімен шектелген);

жергілікті (зардаптарының таралуы елді мекенмен, ауданмен, облыспен шектелген);

аймақтық (зардаптарының таралуы бірнеше облыспен шектелген);

барынша ауқымды (зардаптарының таралуы бірнеше мемлекеттерді қамтиды).

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Апат (катастрофа) - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

ТЖ-дын алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ- дың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталғын шаралар кешені.

ТЖ-ды жою - ТЖ-лар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ-лар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық - қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.

Шаруашылык жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар.

Баршаңыздың назарыңызға! дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамаларымен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріп-тұру ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Радиациялық қауіпсіздік - белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайдың жай-күйі.

Иондаушы сәулелендіру - ортамен өзара әрекет кезінде түрлі белгілердегі иондар түзетін, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендіру.

Табиғи радиациялық - ғарыш сәулесі және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа әлементтерінде, тамақ өнімдері мен адам организмінде өздігінен бөлінген табиғи радионуклидтердің сәулесі шығаратын сәулелендіру мөлшері.

Әсерлі мөлшер - адам организмі мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезімталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейіндегі зардаптарының пайда болу қатерінің шамасы ретінде пайдаланылатын иондаушы сәулелендірудің сіңірілген әнергиясының шамасы.

Радиациялык авария - атом әнергиясын қолдану объектісін қауіпсіз пайдалану шегінің бұзылып, бұл орайда адамдардың белгіленген нормалардан тыс сәуле алуына немесе қоршаған ортаның радиоактивті ластануына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан радиактивті өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелендірудің қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуі.

Радиациялык корғаныш - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық - гигиеналық, жобалау -конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы.

Радиоактивті калдықтар - мөлшері мен құрамы нормативтік құқықтық актілермен реттелген мәннен асып түсетін радиоактивтік заттардан тұратын,шаруашылық қызмет нәтижесінде пайда болған және одан әрі пайдалануға жатпайтын кез келген агрегаттық күйдегі материалдар мен заттар.

Радиоактивті қалдыктарды көму - ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жағдайда радиоактивті қалдықтардың оларды қайта алу ниетінсіз орналастырылуы.

Радиациялык мониторинг - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдаланатын объектілерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйін жүйелі түрде байқап отыру. өрт-адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі - адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өрттен қорғалу жай-күйі.

Кұтқару жұмыстары - ТЖ-лар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ-ларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін ең төменгі деңгейіне түсіру жөнінідегі іс-қимылдар.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалудың жай-күйі.

Әскери кауіпсіздік - Қазақстан Республикасының ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төндірілетін нақты және ықтимал қауіп-қатер мен қол сұғушылықтан қорғалуының жай-күйі.

Қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан азаматтары өмірінің, денсаулығы мен берекетінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының оларға залал келтіре алатын, ықтимал қауіп қатерден қорғалуының жай-күйі.

Жарақат - сыртқы себептердің әсерінен туындайтын аяқ-қолдың шығуы мен сынуы, ет тканьдерінің жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы және өзге де көп себептерге байланысты адамның дене мүшелері мен ет тканьдерінің тұтастығы мен қызметінің бұзылуы.

Үсу - төменгі температура әсері нәтижесінде организм тканьдерінің зақымдануы.

Жара - терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ткань қабатының бүлінуінен жанға батып ауыртатын, қан кететін, зақымданған жер.

Асептика - жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.

Антисептика - жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағытталған шаралар жүйесі.

Қан кету - зақымданған қан тамырларынан қанның шығуы.

Дезинфекция - адамды қоршаған ортадағы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бығытталған жұқпалы аурулар жиынтығы.

Жер сілкінісінің ошағы - сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы.

Гипоцентр - алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі.

Эпицентр - бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.

Көшкін - өз салмағының әсерімен тау жыныстарының сырғанап түсуі.

Сел - тау өзендерінің саласында кенеттен пайда болған су деңгейінің тез көтерілуімен, құрамында қираған тау жыныстарының көп болуымен сипатталатын уақытша ағыс.

Дауыл (ураган) – шапшаңдығы 30 м/с және одан да жоғары шапшаңықтағы елеулі ұзақтығы және қиратып-бүлдіретін күші бар жел.

Құйын -найзағайлы бұлтта пайда болып, жердің жоғарғы бетіне дейін, төменге тарайтын қара жең түріндегі атмосферадағы алай-дүлей, өте таңқаларлық, сонымен бірге, табиғаттың қорқынышты құбылысы.

Тасқын - өзенде, көлде немесе теңізде судың көтерілуі нәтижесінде алаптың елеулі бөлігін судың уақытша басып қалуы.

Өрттер - бұл адамдар мен жануарлардың қаза болуына, материалдық игіліктердің жойылуына әкеп соғатын бақылауға келмейтін ану процесі.

Акклиматизация - климаттық –географиялық жаңа жағдайға (таулы жерге, ыстық және суық ауау райы жағдайына) адам ағзасының қалыптасу процесі.

Күйік - бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғары температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы.

Иммобильдеу - сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды (сынған жерден жоғарырақ және төмен) арнайы шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлау әдісі.

Қорғаныс ғимараттарына жасыру - халықты осы заманғы зақымдау қүралдарынан, әсіресе жау шабуылы қауіпі жағдайында қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Қауіпсіз аймақ - бүл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тыс қару орналасқан, кошірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

Көшіру - Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы
зақымдау қүралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың
өмірін және ондірістін жүмыс істенуін сақтау мақсатында халық пен
материалдық қүндылықтарды үйымшылдықпен әкету.

Қоныстандыру - бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда
жүмысын жалғастыратын үйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа үйымшылдықпен апару және орналастыру қаладағы үйымдарда тек ауысымда жүмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жүмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз уақытты ескере отырып үйымдастырылады (үш сағаттан аспайды).

Дауыл – бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.

Боран –ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.

Құйын – күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.

Халықты қорғау принциптері - бүл бейбіт және соғыс уақытын-дағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілөген ережелер.

Тірі қалу факторы – бұл төтенше жағдайлардағы іс-әрекетке дайын болу, өмір сүруге деген ұмтылыс, өзін құтқару негіздерін білу, аман қалудың іс-жүзіндегі практикалық дағдылары, денесінің дайындығы, өзін және бірін-бірі құтқаруды дұрыс ұйымдастыру.

8. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары

Қорытынды тапсырма тақырыптары

1. Табиғи сипаттағы дүлей апаттардың жалпы заңдылықтары.

2. Қазақстандағы демографиялық ахуал, оның мемлекеттің қауіпсіздігіне әсері.

3. Ақмола облысындағы табиғи және техногенді қауіптер.

4. Қауіпті және төтенше жағдайларды бақылау және болжау.

5. Өзін –өзі қорғау: түсінік, түрлері, әдістері, жіктелуі.

6. Жер сілкінісінен қорғану: (үйде, көшеде, көлікте, қоғамдық орындарда, оқу орындарында, пойызда).

7. Өсімдік және жануар тағамдарын қолданған кездегі негізгі қауіпсіздік ережелері.

8. Транспорттағы төтенше жағдай, олардың сипаттамасы және адамдардың апат болған жағдайдағы іс-әрекеті.

9. Әуе көлігіндегі төтенше жағдайлар, себептері, жолаушылардың іс-әрекеті, алғашқы медициналық көмек.

10. Су көлігіндегі төтенше жағдайлар, себептері, қорғану шаралары, команданың іс-әрекеті, алғашқы медициналық көмек.

11. Адамның тұрғын үйінің қауіпті факторлары.

12. Тағамдық қосындылар сипаттамасы және ағзаға қауіпі.

13. Қазақстандағы және басқа да елдердегі қалдықтарды кәдеге жарату.

14. Зардап шеккендерге психологиялық көмек.

15. Өздігінен денсаулықты сауықтыру және өздігінен жетілу жүйесі.

16. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жүйесі.

17. Қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі мәселелері.

18. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қауіпті және төтенше жағдайлардан халықты қорғаудағы мемлекеттің міндеттері.

19. Елдегі және бүкіл әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі.

20. Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі қоғамдық ұйымдар.

21. Экстремизм – ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қауіп-қатері.

22. Көшелердегі, қоғамдық орындардағы және т.б. қауіпсіздік.

23. Алаяқтық, одан қорғанудың әдістері және шаралары.

24. Жүрек қан тамыр аурулары (инсульт, миокард инфаркті, гипертания және т.б.) кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

25. Тыныс алу жолдары аурулары (бронхит, бронхиальная астма, пневмания) кезіндегі алғашқы медициналық көмек.

26. ҚР тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңдары.

27. Әлеуметтік қауіпті құбылыстардан қорғанудың және өзін-өзі қорғаудың заңдық және құқықтық аспектілері.

28. Тұтынушылардыңқұқықтары және тауар қауіпсіздігіне құқық.

29. Мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттар.

30. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру.

 

9. Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакатар, слайдтар, мультимедиялық қамтылуы және т.б.)

 

Материалдар тізімі Аталуы
  Төтенше жағдайлар жөніндегі түрлі-түсті плакаттар жиынтығы (қазақ және орыс тілінде). 1. Халықтың апаттар және авариялар кезіндегі әрекеті. 2. Халықтың дүлей зілзала кезіндегі әрекеті. 3. Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге бірінші көмек көрсету. 4. Өрт кезіндегі халықтың іс-әрекеті. 5. Террористік әрекеттер қауіпі төнген және туындаған кездегі іс-қимылдар.  
  Бейнероликтер. 1. Жер сілкінісінің анатомиясы (орыс тілінде). 2. Дүлей апаттар. Жанартаудың атқылауы.(орыс тілінде). 3. Дүлей апаттар.Цунами (орыс тілінде). 4. Дүлей апаттар. Торнадо (қатты құйын) (орыс тілінде). 5. Техногенді апат. Жапония апаты (2011ж.) 6. Нашақорлар өмірі. Көр - ойлан.  
  Слайд-презентациялар. «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша слайд-презентациялар.  
  Газтұтқышжинақтамасы. «Зиянды заттарды топтастыру» тақырыбында қолданатын газтұтқышжинақтамасы.  

 

 

1 Теміржол жабдықтарын өндіру процесіндегі технологияның ролі.

Темiржол көлiгi өндiрiстiк қызметiнiң сипаты, ұйымдастырылуы және басқарылуы жөнiнен басқа салаларға ұқсамайтын бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi бар үлкен әрi күрделi шаруашылық болып саналады. Мұндай ерекшелiктерге мыналар жатады:

1. Темiржол көлiгi бөлiмшелерiнiң көптiгi және олардың аумақтарға шашыраңқы орналасуы.

2. Темiржол көлiгi бөлiмшелерi жұмысының өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тәуелдiлiгi. Бұл тасымалдау процесiне қатысатын барлық бөлімшелер жұмысының техноло­гиялық үйлесiмдiлiгiн талап етедi.

3. Темiржол жұмысының толассыздығы мен ырғақтылығы. Бұл, станциялардың, деполар мен телiмдердiң барлық элементтерiнiң барынша өткiзу және өңдеу қабiлетiн жүзеге асыру үшiн көлiк техникалық құралдарын толығымен пайдалану үшiн қажет болады.

Темiржол көлiгiнiң аталған ерекшелiктерi темiржол жұмысын ұйымдастыруға және пойыздар жүрiсiн басқаруға мынадай айрықша талаптар қояды:

- төменгi бөлiмшелерге алда тұрған мiндеттердi орындауда барынша мол дербестiк бере отырып, пайдалану жұмысына басшылық етудi орталықтандыру және пойыздар жүрiсiне жоғарыдан төменге дейiн басшылық жасаудың бiртұтастығы принципiн қатаң сақтау;

- тасымалдау процесiн қамтамасыз етуде технологиялық жағынан байланысқан барлық қызметкерлердiң қатаң тәртiп сақтауы мен жұмыстағы дәлдiгi.

Тасымалдауды ұйымдастыру және техникалық құралдар мен жылжымалы құрамды күтiп-баптау жөнiндегi бiрыңғай талаптарды мыналар реттейдi:

1. Темiржолды техникалық пайдалану ережелерi (ТПЕ);

2. Темiржолдағы пойыздар жүрiсi мен маневр жұмысы жөнiндегi нұсқама (ПЖН);

3. Темiржолдағы сигнализация жөнiндегi нұсқама (СН).

Сонымен қатар темір жол жабдықтарын өндіруде ресурс үнемдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапқан.

 

2 Машинажасау өндірісінің жобалануы (анықтама). Істегі механикалық құрылымдар өндірісінің техникалық жабдықталуы және реконструкцияның рөлі.

Машина жасау технологиясы деп, машина шығару барысында туатын заңдылықтарды зерттеп, сол заңдылықтарды неғұрлым керегінше сапалы, арзан, өнімді және пайдалануда қауіпсіз машиналар жасауға бағыттайтын ғылымның бір саласын айтады

Егер жаңа зауыттар үшін технологиялық процестерді жобалайтын болсақ, онда негiзгi мағлұматтар ретiнде: бөлшектердің материалын, құрылымдық пiшiнi мен өлшемдерiн ақиқаттайтын жұмыс сызбасы, бөлшектің дәлдiгiне, өңдеу беттерiнiң сапа көрсеткiштерiн басқа да айрықша талаптарын /қаттылық, материал құрамы, термиялық өңдеулерi, балансирлеулерi, т.б./ көрсететiн техникалық шарттар; бұйымға жұмсалатын бөлшектердің шығынын /қосалқы бөлшектердi қоса санағанда/; бұйым және қосалқы бөлшектердi шығару мерзiмi (көбiне бiр жылдық) алынады. Егер бұйымды шығару мерзiмi тұрақсыз болса, онда шығаратын жылдар санын немесе шығару мерзiмдерiн анықтап көрсетедi.

Егер технологиялық процестерді жұмыс iстеп тұрған зауыттарға немесе қайта құратын зауыттарға жобаласақ, онда негiзгi мағлұматтарға қосымша нақтылы құрал-саймандар тiзiмi, зауыттың ауданы және басқа да жергiлiктi өндiрiс жағдайларының ретi мәлiм болуы тиiс. Бөлшекті шығару жұмыс iстейтiн зауыттың дайымдамалар шығару өңдiрiсiнiң мүмкіндiгiне байланысты, мысалы бiр зауытта ұста өндiрiсi бар, құйма өндiрiсi жоқ болуы мүмкін.

Жобалауда мәлiметтi және нормативтi материалдар қолданылды; құрал-

саймандардың құжаттары мен каталоктары; қоңдырғылардың альбомдары; кесу және өлшеу аспаптарының нормалары мен Мемлекеттiк стандарттар; дәлдiк нормативтерi, кедiр-бұдырлылықтың стандарты /МЕМСТ 25142-82/, /СТ СЭВ 1156 -78/; әдiп есептеу; кесу режимдерi және уақытты техникалық тұрғыда нормалау; тарифтi- квалификациялық мәлiметтер және басқа да қосымша материалдар.

Механикалық өндеудiң технологиялық үдерісiн жобалаудағы негiзгi кезеңдерi көрсетiлген:

1 – жобалауға керектi негiзгi мағлұматтар;

2 – бөлшектерді технологиялық тұрғыдан бақылау;

3 – өндiрiс типiн белгiлеу;

4 – дайындамалар жасау тәсiлдерiн таңдау;

5 – технологиялық базаларды таңдау;

6 – бөлшектің беттерiн өңдеу бағдарын таңдау.

7 – бөлшектің өңдеу бағдарын таңдау;

8 – әдiптер есептеу;

9 – технологиялық әрекеттердiң өлшемдерiн есептеу;

10 – операцияларды құру және құрал-саймандарды таңдау;

11 – кесу режимдерiн есептеу;

12 – техникалық тұрғыда негiзделген операциялық уақыттарды есептеу;

13 – технологиялық үдерістiң нұсқаларын салыстырып бағалау.

 

3 Дәнекерленген байланыстардың негізгі ақаулары. Ақаулардың пайда болу себептері және олармен күресу жолдары.

Дәнекерлеу — қосылатын (біріктірілетін) металл жиектерін жоғары, бірақ балқу температурасынан темен температураға қыздырып, жиек аралығына балқыған металл беріліп кристалдандыру нәтижесінде біртүтас қосылыс қалыптастыру[1]. Дәнекерлеу пісірудің бір түріне жатады, бірақ пісірулерден айырмашылығы бар. Негізгі айырмашылығы қосылатын металл жиектері балқытылмайды, дәнекердің балқу температурасы негізгі металл балқу температурасынан төмен болып алынады. Атомдар аралық байланыспен қатар адгезиялық байланыс қалыптасады. Дәнекерлі қосылыстың беріктігі пісірілген қосылыстан төмен болады.

Дәнекерленген бірікпелерде сыртқы ақауларға мыналарды жатқызады: дәнекердің қатпарлары; жіктің дәнекермен толық толмауы. Осы бірікпелердің ішкі ақауларына мыналар жатады: кеуектер; жарықтар; флюс кірмелері.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 79; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.