Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Джуран Трилогиясы. Деминг циклі. 8 страница




 

68. Технологиялық орталардың сипаттамалары мен резервтері

Технологиялық операцияның элементтерi деп затты орнатуды, технологиялық әрекеттi, қосалқы әрекеттi, жұмыс қимылын, қосалқы қимылды, позицияны айтады. Орнату – өңделетiн дайындаманы немесе құрастырылатын құралым бiрлiгiн өзгертпей тұрып, бiр бекiткенде орындалатын технологиялық операцияның бiр бөлiгi болады. Технологиялық әрекет деп технологиялық операцияның бiр бөлiгiн айтады. Технологиялық әрекеттi өткiзудегi пайдаланылған аспаптар, өңделетiн беттер және құрастырылатын құрылым бiрлiктерi өзгермейтiн тұрақты болуы қажет.

Қосалқы әрекет деп технологиялық операцияның бiткен бөлiгiн айтамыз. Қосалқы әрекет адам мен құрал-сайманның қимыл-әрекетiнен тұрады да, сондағы өңдеуге /құрастыруға/ дайындаған объектiнiң сапа-құрамын өзгертпейдi. Ол тек негiзгi технологиялық әрекеттi өткiзу үшін қажет болып табылады. Жұмыс қимылы – технологиялық әрекеттiң бiткен бөлiгi. Ол аспаптың дайындама бетiнен бiр мәртебе жонып өткен қозғалысынан тұрады да, объектiнiң сапа-құрамын өзгертумен тынады. Қосалқы қимыл да технологогиялық әрекеттiң бiткен бөлiгi болады. Бiрақ бұл қимыл объектiнiң сапа-құрамын өзгертпегенiмен, жұмыс қимылының іске асырылуына қажет. Позиция дегенiмiз – технологиялық операцияның керектi бiр бөлiгiн жасау үшiн дайындаманы және құрылым бiрлiгiн қондырғыға орнатып, оларды аспап және құрал-сайманның белгiлi бiр орнына мықтап бекiтiп тастау /3.3-суретке қараңыз/

 

69. Механикалық өңдеудің режимдік параметрлерінің беттің кедір-бұдырлығына әсері

Механикалық өңдеуге әдіп Механикалық өңдеуге әдіп, соғылма пішінінің ауытқуын ескеретін негізгі және қосымша әдіптерді өзіне қосады.

Әдіптердің мөлшерін соғылманың номиналды өлшемдерінің бір жағына белгілеу қажет. МЕСТ 7505-89 бойынша, тетіктің сызықтық өлшемін мен беттің кедір-бұдырлығын қолданып анықталған бастапқы көрсеткіштерді қолданып, соғылманы механикалық өңдеуге қажетті негізгі әдіптерді табады. Осы әдіптерді 4.5-кестесінен тауып соғылмаға белгілейді. Суық және ыстық мөлшерлеуге түсетін соғылмалардың қалыңдығына белгілейтін әдіптерді 4.6- кестесінен табады. Соғылманың ығысуын, иілгендігін, жазықтықтықтан және түзусызықтықтан ауытқуын, центраралық және ось аралық арақашықтықтар мен бұрыштық өлшемдердің ауытқуын ескеретін қосымша әдіптер, соғылманың пішініне және оны жасаудың технологиясына сәйкес анықталады.

Механикалық өңдеу кезінде пайда болатын барлық қателіктер екі топқа бөлінеді: жүйелік, яғни анықталған фактордың әсерінен туатын және заңды сипаттағы қателіктер (бұранда қадамының қатесі, дұрыс емес баптау т.б.); кездейсоқ қателіктер, көптеген себептерден туындайды және белгілі бір заңдылыққа ие емес (дайындамалардың түрлі қаттылығы, әдіп тербелісі, дайындаманы бекітудің дәл келмеуі т. б.). Математикалық статистика әдісімен өңдеу барысында туындайтын кездейсоқ және жүйелік қателіктердің заңдылығын орнатады. Сондай-ақ барлық партия тетіктерінің деректі өлшемдерін өлшеуді жүргізеді, ол мәліметтерден кейін таралу қисығын тұрғызады. Ірі партиялар үшін өлшенген тетіктердің үлкен және ең кіші деректі өлшемдері арасындағы айырмашылық теңдей интервалдарға бөледі және өлшемдері берілген интервал шегінде болатын тетіктер санын анықтайды. Абсцисса өсімен таралу қисығын тұрғызған кезде интервалдардың қабылданған санына бөлінген өлшемдерді шашу аумағын (шақтама аумағы), ал ордината өсімен абсолютті жиілікті шығарады. Қисықтық нүктелерін салу үшін берілген интервалдардың орташа арифметикалық мәнін анықтайды және табылған нүктеден перпендикулярды қалпына келтіреді. Нүктелерді қосқаннан кейін сынық сызықты алады. Партиядағы тетіктер саны ұлғайған сайын сынық сызық бірқалыпты қисыққа жақындайды, ол таралу қисығы деп аталады.

 

 

70. Бақылау мен сынау кезінде бұйымның сапасын қамтамасыз ету

 

71. Сапа көрсеткіштерін бағытты қалыптастыруға арналған көп байланысты технологиялық орталарды құру концепциясының негізгі ережелері.:

Сапа (өнім) көрсеткіштері – өнімнің сапасына кіретін, оны құру және пайдалану немесе тұтынудың белгілі шарттарына қатысты қарастырылатын, бір немесе бірнеше қасиеттердің сандық сипаты.

Әрбір өнім өзінің номенклатуралық көрсеткіштеріне ие, ол өнімнің тағайындалуына, оны өндіру және пайдалану және басқа да көптеген факторлар жағдайына байланысты. Сапа көрсеткіштері әртүрлі физикалық өлшемдерде (мысалы, секунд, метр, шаршы метр, км/сағ, грамм, вольт, ватт және т.б.), өлшеудің шартты бірліктерінде (ұпай, рубль, FLOPS және т.б.), сонымен қатар өлшемсіз (күтілген жағдайдың туындау ықтималдығы) көрсетілуі мүмкін. Техникалық талаптар түрінде көрсеткіштер өндірілетін өнім мен техникалық жағдайлардың техникалық міндеттері құрамына кіреді.

Көрсеткіштердің жалпы сипаттары.

Көрсеткіштер номенклатурасы кесімді өнімді жобалау сатысында қалыптасады, себебі мұнда олар құрылымға салынады. Одан әрі, өндіріс сатысында бұл көрсеткіштер өз іске асуын табады. Ал пайдалану сатысында көрсеткіштер өнімнің жеке сипаттамасына айналады, оны өнімнің басқа түрінен бөліп алады, оның тұтынушылық қасиетін құрады және ізінше тартымды және бәсекеге қабілетті етеді.

Көрсеткіштерге келесі талаптар қойылады:

- Басқа көрсеткіштердің тұрақтылығы жағдайында сапамен бір қалыпты байланыс;

- Анықтаудың, өлшеудің және бақылаудың қарапайымдылығы;

- Объект немесе үрдістері қасиеттерінің бейне көрнекілігі;

- Қарастырылатын қасиеттерге сәйкестігі;

- Осы қасиеттердің өзгеруіне жақсы сезімталдылық;

- Кездейсоқ кедергілерге тұрақытылық.

Көрсеткіштердің жіктелуі:

Тіршілік кезеңінде орны бойынша

- Болжалынатын;

- Жобалық;

- Өндірістік;

- Пайдаланушылық.

Тұтынушылық қасиеттері бойынша:

Көрнекілік пен қолайлылық үшін барлық көрсеткіштерді әдетте екі топқа бөледі: шартты түрде «Баға» және «Сапа» деп аталады. Бірінші топ экономикалық екіншісі – техникалық талаптарды біріктіреді. Бір жағынан, практикалық тапсырмаларды шешуде бұл оптимизациялау әдістерін қолдануды және мақсатты қызметтерді таңдауды жеңілдетеді.

Техникалық көрсеткіштер:

- Тағайындамалар көрсеткіштері (функционалдық талаптар);

- Өнімділік талаптары;

- Тиімділік талаптары;

- Құрылымдық талаптар.

Сенімділік көрсеткіштері келесі қасиеттерді сипаттайды:

- Тоқтауысыздық;

- Жөндеуге жарамдылық;

- Қалпына келушілік;

- Сақталуы;

- Ұзаққа жарамдылығы.

Эргономикалық көрсеткіштері- өнімнің адам-машина жүйесінің бөлігі ретінде әлеметтік қасиеттерін көрсетеді;

Қауіпсіздік көрсеткіштері: қалыпты жұмыс кезінде мүмкін қайғылы оқиғалардың болмайтынын көрсетеді. Қауіпсіздік түрлері: химиялық, радиациялық, механикалық, электромагниттік, жылулық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы.

Экологиялылық көрсеткіштер. Өнімнің қоршаған ортамен бірігіп өмір сүруге қабілеттілігін сипаттайды.

Эстетикалық көрсеткіштері. Өнімнің сыртқы бейнелерінде әдемілікті көрсетуін сипаттайды: ақпараттық мәнер, форманң тиімділігі, орындалудың жетілуі, тауарлық түрдің тұрақтылығы.

Жою көрсеткіштері. Өнімнің оны пайдаланып болғаннан кейінгі жою әдістерн сипаттайды.

Жобалық-техникалық көрсеткіштер. Техникалық шешімдердің тиімділігін сипаттайды. Келесі көрсеткіштерден турады: Стандарттау, бірегейлендіру және сабақтастық. Көрсеткіштердің бұл топтарына жататын коэффициенттер: қолданылушылық, қайталанушылық, өнімнің немесе өнім топтарының бірегейленуі.

Технологиялық көрсеткіштер. Өнімнің ең төмен өндірістік шығындармен шығарылу мүмкііндігін сипаттайды.

Тасымалдаушылық көрсеткіштер. Өнімнің ең төменгі шығындық қасиеттірін сипаттайды.

Сақтау көрсеткіштер. Өнімнің қоршған ортаның қолайсыз әсерлеріне тәуелсіздігі қабілетін сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштері. Өнімнің патенттік тазалығы мен патенттік қорғалуын сипаттайды.

Бағалау үшін қолданылуы бойынша:

- базалық (абсолиттік) – физикалық мәні бар.

- Салыстырмалы.

Сипатталатын қасиеттерінің саны бойынша:

- Жекелеген көрсеткіштер: сапа бір параметрдің қызметі болғанжа.

- Кешендік (оның ішінде салыстырмалы) көрсеткіштер – қасиеттердің қатарын біріктіретін көреткіштер, олардың әрқайсысы өз параметрлерімен сипатталады.

- Интегралдық көрсеткіштер, кешенді көрсеткіштердің қатарын біріктіреді.

Бағалау мүмкіндігі бойынша:

- Нысандандырылған көрсеткіштер. Әлдебір аталған мәнмен бағаланатын сандық бағасы бар.

- Нысандандырылмаған көрсеткіштер.

Сапа көрсеткіштерін өлшу әдістері мен олардың маңызы.

Субъективті:

- Эксперттік;

- Сауалнама;

- Органолептикалық.

Объективті:

- Тіркеулік;

- Құралдық.

Сапаны жақсарту типтері. Жақсарту екі типті болуы мүмкін:

· Ірі (жаңашылдық);

· Тұрақты шағын сериялы (үздіксіз жақсарту).

Ірі немесе көлемді жақсарту екі әдіспен жүзеге асады: батыстық және жапондық. Батыстық идея әдісі жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғары сапалы өнімді шығару.

Жапондық жаңашылдық әдіс бірнеше қызметкердің шығармашылығының нәтижесінде туындайды. Олар жақсартудың бір уақытта түпкілікті өзгеруін қамтамасыз тедеі және ол үшін үлкен инвестицияны талап етеді. Жапондықтар мұндай жақсартуды KAIRVO деп атайды. Жаңашылдықтың негізгі көрсеткіштеріне: технологиялық құрастырулар (разработка), жаңа өнімнің болашағы, ұйымдық құрылымның жаңа өзгерістері жатады.

Үздіксіз жақсарту жапондық ойлау стилі, нақты жағдайды қадам артынан қадам жасай отырып, жетік меңгеруге қол созуден тұрады. Жақсартуға көптеген қызметкерлердің еңбек нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бұл ретте, қаржылай инвестиция қажет емес. Олардың орнына, компанияның «бай» тәжірбиесі мен мамандарының жетіктілігі пайдалалнылады.

Сапаға жұмсалатын шығын әлбетте, ақауды түзетуге жұмсалатын шығынмен байланысты. Джуранмен ойлап табылған классикалық схемаға байланысты, төмен сапамен байланысты шығындар: ақаудың ескі (хронический) деңгейіне байланысты шығындар мен кездейсоқ ақау шығындары деп бөлінеді.

 

 

Джуран ескі (хронический) проблемалар деп, фазаны жоспарлаудың нәтижесінде жіберілген қателіктер нәтижесінде туындаған проблемаларды қарастырады. Аталмыш уақыт аралығында жіберілген ақаулар басқару практикасы бойынша, технолгияның жай-күйіне байланысты, қалыпты деп саналады. Соңғы кезеңде жіберілген ақаулар жол бергісіз (недопустимым) деп саналады.

Сапаны жақсарту проблемаларын шешуде, Джуран келесі кезеңдерді бөліп көрсетеді:

1. Жобаны анықтау мен ұйымдастыру.

2. Диагоностика.

3. Шығар жол іздеу (Поиск решения)

4. Нәтиже алу немесе күту.

Аталған кезеңдер белгілі сатылы операциялық қадамдардан тұрады.

Бірінші этап жақсарту жобасын тұжырымдау (формулировка). Мұнда негізгі проблемалардың тізімін құрау, компания үшін олардың артықшылығы (приоритетность), туындаған проблеме бойынша шешім қабылдай алатын жұмысшы топтың көп функциялылығы.

Екінші этап медициналық диагностиканың классикалық әдісі сияқты топпен жүргізіледі: проблема белгілерін сараптау, гипотеза тұжырымдау және негізгі себептерді анықтау. Бұл ретте, кез-келген шешім немесе іс-әрекет қатесіз жүзеге асуы тиіс.

Үшінші этап – тығырықтан шығар шешім іздеу, шешімдерді сараптау, шараларды ойластыру, болтын өзгерістерден өту мен қабылданған шешімдерді енгізу немесе іс-жүзінде іске асыру.

Ең қиыны болатын өзгерістерге қарсы тұру.

Төртінші этап – қол жеткізген нәтижелерді тежеу немесе ашық көрсетпеу: енгізілген шешімдердің нәтижесінінң тиімділігін тексеру, күнделікті жоспарланған шешімдердің нәтижесін салыстырып отыру. Бұл этаптың негізгі мәселесі, жаңа шешімді бөлім деңгейінде стандарттау.

Сапаны үздіксіз жақсартуға Деминг циклін басшылыққа ала отырып, қол жеткізуге болады. Деминг циклі РDСА (жоспарлау, орындау, тексеру, нормаларды енгізу) аббревиатурасымен танымал.

Жоспарлау этапы нақты мақсатпен және әрекет ету жоспарынан тұрады. Келесі этапта-орындау- жоспарланған әрекетті жүзеге асыру.

Тексеру этапында жоспарланған нәтижемен, нақты алынған нәтижені салыстырып, істелінген жұмыстардың дұрыс бағытта жүріп жатқанына көз жеткізу. Нормаларды енгізу этапы екі жолмен жүргізіледі. Егер, әлдене (что-то) дұрыс болмаған жағдайда, РDСА циклін қайталаған жөн.

Барлығы дұрыс жүрген жағдайда, экспериментті нәтижені тіркеу қажет.

Жапондықтар қол жеткізген нәтижені бекітуді SDCA ең маңызды процесі ретінде қарайды. Ол жаңашылдықты енгізгеннен кейінгі жетістікті тұрақтандыру.

 

Джуран өз тұжырымдамасында, тиімді жақсарту үшін: жоспарлы болуы тиіс, жаңа жобалармен толықтырып отыру, қол жеткізген жаңа деңгейді тұрақтандыру қажет.

Үздіксіз жоғыра қарай сатылы қозғалыс, кемшіліктерден біртіндеп немесе арылып отыру. Осыдан кейін көлденең (горизонтальный) тұрақтандыру фазасы басталалды.

РDСА Деминг шеңбері жақсарту процессіне қол жеткізуге көмектессе, ал SDCA шеңбері тұрақтандыру процессіне қол жеткізеді.

Қазіргі экономикаға байланысты шығарылған өнімнің сапасына көптеген талаптар қойылады. Бұл кез келген кəсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы жəне қызмет көрсетудегі орнықты жағдайының бəсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бəсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне жəне өнім сапасы деңгейіне. Екінші фактор бірте-біртебірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштер жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін əрбір көрсеткіштердің сандық маңыздылығын білу жəне өнімнің ұқсастық көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

72. Өлшемдік тозуды алып келетін өңдеудің қателіктері.

Кесу құралының өлшемдік тозуы. Өңдеу үрдісінде кескіш құралының тозуы байқалады. Таза өңдеу кезінде артқы бет бойынша тозу жүреді. Өңдеу үрдісіндегі үйкеліспен туындайтын тозу үздіксіз жүреді. Бірінші жақындатуда оның шамасын кесу уақытына немесе дайындама металында кесуші құралдын жүріп өткен жолына тура пропорционал деп санауға болады.

Өлшемдік тозу сызықтық заңға бағынбайды. Кесуші құралдың бірінші қысқа кезеңі асажоғары өлшем тозуымен жүреді (бастапқы тозу). Екіншісі (негізгі) – құралдың орташа тозуымен сипатталады (салыстырмалы немесе меншікті тозу). Үшінші кезең құралдың тез тозуымен байланысты.

Өлшемдік тозуды мына формуламен есептейді

мұндағы: u н – бастапқы тозу, мкм;

u 0 – меншікті тозу, мкм (құрал материалына және өңделетін материалға тәуелді);

L – кесу жолының ұзындығы, мм.

Білдекті реттеу қателігі. Мұқалған құралды мерзімді ауыстыру білдекті әр кезде орындалатын өлшемге реттеуді қажет етеді. Шақтама кіші болған кезде бір немесе бірнеше реттеулерді жүргіземіз. Реттеу мен қайтареттеу міндеті бір партияның барлық тетіктеріның орындалатын өлшемдері шақтаманың шектік аймағында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Кескіш құрал жасаудағы қателік. Механикалық өңдеу қателіктері мөлшерлегіш және фасонды кескіш құралдарды жасаудың дәл еместігінен болуы мүмкін. Біріншіге бунақты кескіштер, кілтек ойықтарды, бұрғыларды, үңгілерді, ұңғылағыштарды және тартажонғыштарды өңдеуге арналған дискілі және пальцевые жонғыштар; екіншіге – фасонды кескіштер мен арнайы тартажонғыштар, бұрандажонғыш құрал, сонымен қатар пішінді шарықтастар жатады. Кескіш құралдардың екі түрінің де жұмысы көшірмелеу әдісіне негізделген, сондай-ақ олардың өлшемі мен пішіні міндетті түрде өңделетін дайындамаға беріледі. Дискілі және пальцевые жонғыштарды пайдалану барысында кесілетін бунақ енінің дәлдігіне құрал тістерінің остік және радиалды ауытқуы әсер етеді, нәтижесінде ол дұрыс қайралмайды немесе білдекке дұрыс орнатылмайды.

73. Құрастыру операцияларында машина бөлшектерiнің сапасын қамтамасыз ету

Жаппай өндірістік шарттарда құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру

Жаппай өндіріс тар номенклатурамен (ауқымдылығымен) және бұйым-дарды үлкен көлемде шығарумен, үздіксіз жасалатын ұзақ уақыт арасында сипатталады. Жаппай өндірістік шарттарда құрастыру процесі әрбір жұмыс орынында бір бұйым моделінің құрастыру операциясын орындалатындай етіп сипатталады. Құрастырушының еңбекті ұйымдастыруда негізгі ерекшелігі құрастырудың терең бөлшектенуі және қатаң орнатылған құрастыру операцияларында еңбекті бөлу және жұмыс орындарында өзара байланыстар болып табылады. Бұл өндірістің типі үшін ең жоғары ұйымдастыру формасы- үздіксіз ағын, механикаланған көліктің, әсіресе конвейерлер тән.

Құрастыру өндірісте өзара алмасушылық

Өзара алмасушылық- бір және сол бөлшектерді, түйіндерді және агрегатты машинизмдерді, аппараттарды және басқа конструкцияларды, бөлшектерді орнатуға рұқсат беретін (түйіндерді, агрегаттарды) құрастыру процесте немесе оларды алдын-ала қалыптастырусыз барлық талаптарды сақтау кезінде алмастыру, түйінді жұмысқа көрсетілетін, агрегатты және негізінен конструкциялар. Өзара аулмасушылық өлшемдердің рационалды жүйе немесе бұйымдардың басқа параметрлері болып табылады. Өзара алмасушылық толық болу мүмкін (барлық бұйымдар үшін) және толық емес (бұйымдарды бөлген кезінде партияға түйіндестірілетін өлшемдер және басқа параметрлер бойынша; бұйымның партиясы шегінде сұрыптаусызда қолданылады). Жеке қалыптас-тырумен құрастыруды бірлікті шарттарда және майда сериялы өндірісте қолданады. Сондықтан жанасатын бөлшектерді отырғызу талабын қамтамасыз ету үшін слесарлы өңдеулерге жіберіледі.

Бөлшектерді құрастыруға дайындау

Құрастыруға түсетін барлық бөлшектер металл шаңдардан, жоңқалардан және басқа ластанулардан таза болу керек. Бөлшектерді әртүрлі әдістермен – механикалық, жуу арқылы, қысылған ауамен үрлеу арқылы тазартады.

Бөлшектерді антикоррозиялық майлардан тазарту, беттеріндегі бояулардың іздерін және басқа қатты ластануларды механикалық жолымен жетекті және қолды металл щеткалар көмегімен, құмшашырату өңдеумен және т.б. арқылы жүргізілу мүмкін. Бірлікті және майда сериялы өндіріс жағдайларда бөлшектерді құрастыру алдында жуу бактарда немесе ванналарда жуылады. Сериялы және жаппай өндіріс жағдайларда бұл мақсаттар үшін арнайы жуу машиналарды қолданады. Жуудың бірнеше түрлері болады – химиялық (малып алумен), ағынды (органикалық еріткіштерде), электрхимиялық, ультра-дыбысты. Бөлшектерді жуу процесі шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: сұйықтың механикалық әсер ету; сулау; температуралық әсер ету; абсорбциялау, шаю. Бөлшектерді сапалы түрде тазалау оларды қысылған ауамен үрлеу, жіберілетін қысыммен 30...50 МПа арқылы қамтамасыз етіледі.

Машина бөлшектерін құрастыру туралы жалпы мәліметтер

Машиналарды, құралдарды, механизмдерді оларды құрайтын бөлшектер және құрастыру бірліктерді арқылы жинайды. Машина бөлшектерін құрастырудың бірнеше әдістері бар. Бірақ барлық қолданылатын құрастыруларды үлкен екі топқа біріктіруге болады: ажырамайтын және ажырайтын, қайсы өз кезегінде, жылжымалы және жылжымалы емес болуы мүмкін (1 -кесте).

1- кесте - Қосылыстардың квалификациясы

Конструктивтi белгiлер   Ажырамайтын   Ажырайтын  
жылжымайтын жылжыйтын   жылжымайтын жылжыйтын  
Технологиялық белгілер   Пісіру Желімді Тойтармалы Айналмасоғулы Баспақты Айналма-соғылған     Бұрандалы Сыналы Кілтекті Оймакілтекті (тісті) Цилиндрлі Конусты Пішінді Тісті Ойма кілтекті (тісті) Цилиндрлі Пішінді

Ажырамалы қосылыстар ешқандай бұзылусыз бірнеше рет ажыратып қайта құрастыруға болады. Ажырамайтын қосылыстарды ажырату үшін байланыс элементтерін бұзу керек. Машинаны қолдану кезінде жылжымалы қосылыстарда бөлшектің басқа бөлшекке қатысты орналасуында өзгерістер болады, ал жылжымайтын қосылыстарда бөлшектердің бір-біріне қатысты орналасуы тұрақты болады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 154; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.