КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Джуран Трилогиясы. Деминг циклі. 2 страница
4 Механикалық құрылымдар өндірісін жобалаудың негізгі міндеттері Технологиялық процестерді жобалаудың негiзiне екi принцип қарастырылған: техникалық және экономикалық. Техникалық принцип бойынша жобаланатын технологиялық үдеріс /ТҮ/ берiлген өнiмдi жасаудағы, оның жұмыс сызбасында көрсетiлген барлық талаптарды және қойылған техникалық шарттарды сапалы және уақытында орындап шығу керек. Экономикалық принцип бойынша бұйымды жасау еңбектi аз жұмсай отырып үнемдi өндiрiс шығындарымен өтуi қажет. Механикалық өңдеудiң технологиялық үдерістерiн жобалаудың негiзгi мақсаты: – бөлшекті жасау үдерісiн толық жазу; – керектi техникалық және экономикалық есептеу жүргiзу; – таңдап алынған технологияның нұсқасын жан-жақты негiздеу.
5 Машина бөлшектері мен аппараттарды өндірген кездегі дайындама түрін таңдау принциптері. Дайындаманы алу әдісін таңдауды айқындайтын негізгі факторлар мыналар болып табылады: - бөлшек материалы (құйылғыш касиеттері, пластикалық тұрін өзгерту қасиеттері, мысалы АЛ4, АЛ5 қорытпалары - кұйма үшін пайдаланылады); - бөлшектің конструктивтік пішіндері, өлшемдері жэне оған қойылатын талаптар (жүктеме сипаты, талшықтардың қажетті орналасуы, бет қабатының дәлдігі жэне сапасы); - бұйым шығару бағдарламасы; - накты өндірістің жағдайлары мен мүмкіндіктері; - өндірісті дайындауға жұмсалатын уақыт. Дайындаманы жасау эдістерінін ішінен бірінші кезекте бөлшектің белгіленген сапасын толыққанды қамтамасыз ететін эдісті таңдайды. Бірнеше мүмкін эдіс болған жағдайда екі немесе одан көп технология- лық нүсқалар қүрастырылады да, оларға жономикалық талдау жүргізіліп, мынадай негізгі көрсеткіштері салыстырылады: а) металл шығыны; э) ұсталық операцияның өнімділігі, еңбекті қажетсінуі жэне қүны; штамптарға жұмсалатын пайдаланымдық шығындар; в) кейінгі механикалық өңдеудің өнімділігі және құны.
6 Тотталмаған болатты пісіру ерекшеліктері және әдістері. Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы[1]; темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.[2] Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал Болат — темірдің көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтермен қорытпасы[1]; темірдің көміртегі және басқа элементтермен қосылып жасалған деформацияланатын қорытпасы.[2] Болат - өндіру технологиясына байланысты, қорытпа құрамында көміртектен басқа марганец, кремний, күкірт, фосфор т.б. қосалқы элементтер болады. Мұндай болатты көміртекті болат деп атайды. Болат сапасын арттыру үшін, қорытпа құрамына хром, никель, молибден, ванадий вольфрам, марганец, кремний т.б. элементтер қосылады. Мұндай қорытпа легирленген болат деп аталады. Болат – қара металлургия өндірісінің негізі - машина жасау өнеркәсібі мен құрылыста пайдаланылатын негізгі материал Болаттан жасалынған аппараттың жекелеген элементтерін біріктіріп қосудың негізгі тәсілі – пісіру әдістемесі (варка). Оның әртүрлі тәсілдері бар: термиялық - электронды-сәулелі, плазмалық, лазерлік, газдық. термомеханикалық - контакты, пресстеу арқылы, диффузионды, жоғары жиіліктегі жұмыс жасайтын пештерде.механикалық - суық, жарылу негізінде, ультрадыбыстық, магнитті-импульсті. Әдістемелер таңдалу барысында болаттың шектен тыс қызып кеткенде (перегрев стали) ондағы легирлеуші қоспалардың күйіп кетпеуін ескеру қажет. Бұл жағдай болаттың химиялық төзімділігі мен механикалық беріктілігінің жоғалуына алып келуі мүмкін. Сондықтан пісірілу арқылы жасалынатын аппараттарды жасақтау кезінде жобалаушы келесі мәселелерді ескеруі қажет: пісірудің тәсілін таңдап алу; пісірілу тігісінің тегін таңдау
7 Теміржол көлігін жинаудың технологиялығы Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады.
8 Машиналар мен аппараттарды өндірудегі технологиялық және өндірістік үрдіс. Машина жасау өндiрiсi деп бұйым шығарудағы машина жасау технологиясының тәсiлдерi негiз болған өндiрiстiк үдерістi айтады. Машина жасау өндiрiсiнiң түрлерi мен типтерi шығарылатын бұйымның түрi мен күрделiлiгiне, машина жасау технологиясының тәсiлдерiне, өндiрiстi үйымдастыру және басқару мәселелерiне байланысты. Өндiрiстiң түрi деп бұйымды шығарудағы қолданылатын тәсiлдер нышанын көрсететiн жiктеу санатын айтады. Өндiрiстiң түрi ретiнде құю, ұста-пресс, механикалық, термиялық салаларды көрсеткен жөн. Өндiрiстiң типтерi деп бұйымдарды шығарудағы ең негiзгi нышан ретiнде бұйымның шығару аумағын, жүйелiлiгiн, тұрақтылығын көрсететiн жiктеу санатын айтады /МЕМСТ 14.004-83/. Өндiрiстiң үш типi болады: жеке, сериялы және жаппай мол шығаратын өндiрiстер. Технологиялық операцияның элементтерi деп затты орнатуды, технологиялық әрекеттi, қосалқы әрекеттi, жұмыс қимылын, қосалқы қимылды, позицияны айтады. Орнату – өңделетiн дайындаманы немесе құрастырылатын құралым бiрлiгiн өзгертпей тұрып, бiр бекiткенде орындалатын технологиялық операцияның бiр бөлiгi болады. Технологиялық әрекет деп технологиялық операцияның бiр бөлiгiн айтады. Технологиялық әрекеттi өткiзудегi пайдаланылған аспаптар, өңделетiн беттер және құрастырылатын құрылым бiрлiктерi өзгермейтiн тұрақты болуы қажет Өндiрiстiң дербес бiр типiне тәжiрибе өндiрiсi жатады. Оның көкейтестi мақсаты – керектi бұйымды өнеркәсiптiк өндiрiске айналдыру үшiн үлгiлiк бұйымды топ-тобымен, я болмаса сериясымен шығарып, олармен жан-жақты ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, сынап, құрылымдарын пысықтай келе,алдағы өндiрiске қажет құрылымдық және технологиялық құжаттарды дайындап алу болады
9 Көтеру-қарау және көтеру-тасымалдау құрылғыларының сипаттамалары және жіктелуі. Электрқозғалтқыштарды таңдау Көтеру-тасымалдау машиналары — жүкті, адамдарды тік, жазық немесе көлбеу бағыттарда тасымалдауға арналған құрылғылар жиынтығы. Жұмыс істеу принциптеріне қарай К.-т. м. өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, тау-кен ісінде және а. ш-нда жүк көтеру-түсіру, тиеу, тасымалдау үшін, көп қабатты тұрғын үйде, қоғамдық және өндірістік үймеретте, шахтада, метрополитен ст-нда адамдарды жеткізіп салу үшін қолданады. Атқаратын қызметі мен жүкті тасымалдау сипатына байланысты К.-т. м. жүк көтергіш машина мен механизмдер, тасымалдауыш машиналар, рельсті және рельссіз (жердегі) көлік машиналары, жүк тиеу-түсіру машиналары болып бөлінеді. Іс-әрекетіне қарай К.-т. м. қайталамалы (циклды) және үздіксіз әрекетті болып ажыратылады. Циклды әрекет ететіндер қатарына домкрат, блок, полиспаст сияқты жетексіз жүк көтергіш құрылғылармен бірге күрделі электрлік-мех., гидравлик. және пневматик. жетегі бар жүккөтергілер (шығыр, автокөтергі, авто- және электр тиеуіш, т.б.), сондай-ақ көтергіш кран, автокар, лифт, фуникулер және скип, шахта кілеті тәрізді көтергіштер жатады. Үздіксіз қимылды К.-т. м. қатарына: конвейер, эскалатор, рольганг (жетексізі), пневматик. және гидравлик. көлік құрылғылары кіреді. Сыңар рельсті жол мен аспалы жол да К.-т. м. болып саналады.
Көлік процессінің құрамдас бөлігінде автокөлік арқылы жүкті тиеп-түсіру жұмыстарын еңбекті көп қажет ететін жұмыстардың бірі болып тұр. Осыған байланысты тиеп-түсіру операцияларын орындайтын автокөліктердің жұмыс атқаруы маңызды болып табылады. Жүк көтеру машиналары – жүкті тиеу-түсіру және қоймалық жұмыстарды механикаландыруда және автоматтандыруда аса тиімді көлік. Мұндай машиналардың қолданылуы ауыр қол операцияларының қолданылуының көлемін азайтады және еңбек өнімділікті қатты жоғарлатуға мүмкіндік туғызады. Жүк көтеру машиналар халық шаруашылық барлық салаларында қолданылады. Оларда әртүрлі тетіктер, еріксіз келтірулер, металлоконструкциялар т.б қолданылады, жүктемелердің әсерлері өте айқын білінеді, әсіресе динамикалық. Жүктиегіш жүк көтеру машиналарының ішінде кең таралғандар болып табылады. Егер олар қашық бір-бірімен бұл көмекте басқа машиналар, көз энергиясы және құралдарды талап етпейтін болса, олар арқасында өз мобильдігі және басқарудағы еріктік бірнеше объекттерге кез келген құрылыс-монтаждықтар және жүкті-тиеу жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік береді. Электрқозғалтқыштарды таңдау . Өндірістік механизмдердің белгіленуіне қарамастан оларды негізгі үш түрлі бөліктерге бөледі: қозғалтқыш машиналар; жұмысшы машиналар; көшіргіш құрылғылар. Қозғалтқыш машина, жұмысшы машинаны қозғалысқа келтіреді, жұмысқа қосады, ереже бойынша, қозғалтқыштар – оларды басқару үшін және қозғалтқыштан жұмысшы машиналарға кинематикалық жеткізуші болып табылады. Жұмысшы машиналарды қозғалысқа келтіру үшін қызмет атқаратын қозғалтқыштар мен көшіру құралдары жетек деп аталады. Электр жетектері топтық, бірегейлі және көпқозғалтқышты болуы мүмкін. Топтық электр жетектерінде бір қозғалтқыш бірнеше жұмысшы машиналарды қозғалысқа келтіреді. Бұл жағдайда механикалық көшірулер орын алады. Қазіргі уақытта оларды әрбір механизмдерінің басқарылуының күрделілігінен, көшіру жүйелерінде энергия шығындарының көп болуынан және т.б. жағдайлар үшін көп қолдана бермейді. Бірегейлі электр жетектерінде жұмысшы машина өз қозғалтқышы әсерінен қозғалысқа келеді, сондықтан оның сипаттамаларының электр қозғалтқышының сипаттамаларымен сәйкестендірілуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар электр қозғалтқышы жұмысшы машинасымен конструктивтік түрде біріктірілетін жетек түрі – индивидуалды жетектердің әр түрлерін жасауға ықпал етеді. Көп қозғалтқышты электр жетектерінде жұмысшы машинаның жекеше элементтері өздігінен электр қозғалтқыштарын қозғалысқа келтіреді, яғни жұмыстық машина өз жұмысы үшін бірнеше электр қозғалтқыштарын талап етеді. Бұл жағдайларда жұмыстық машиналардың ішіндегі көптеген механикалық байланыстардан оларды электрлікке ауыстыра отырып, бас тартуға болады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процесстердің толық автоматтандырылуын қамтуға болады Электр қозғалтқыштарының жұмыстарының үш түрлі режимдері кеңінен қолданылады: жалғастырғыш, қайта-қысқа мерзімді, қысқа мерзімді.
10 Құрастырудың ағындық сызықтарының жұмысшы орындар санын анықтау (конвейер параметрі) Ағындық сызықтың түрлері және оның негізгі есептемелері. Ағындық өндірістің негізін ағындық сызық құрайды.Онда өнімді өңдеу немесе құрастыру бойынша өндірістік үрдіс жүзеге асады. Ағындық сызық бірнеше белгі бойынша топталады.өңделетін немесе құрастырылатын бұйымның санына қарай бір заттық немесе көп заттық ағындық сызықтар болып бөлінеді.Бір заттық ағындық сызықтарға ұзақ уақыт бір типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жүктеледі және ол жаппай өндіріске тән болады, ал көп затты да-екі немесе одан да көп типті-размерлі бұйымды өңдеу немесе құрастыру жұмыстары орындалады. Көп затты ағындық сызықтар топтық және айнымалы-ағындық болып бөлінеді. Ағындық топтарда бірдей құрал-жабдықтарда жалпы технологиялық маршруты бар әр түрлі еңбек заттары өңделеді. Айнымалы-ағындық сызықтар ұқсас технологиялық маршруттары бар еңбек заттарын өңдеу үшін ұйымдастырылады. өндірістік үрдістің үздіксіз жүруіне байланысты бірзатты және көпсызықты сызықтар үздіксіз-ағындық және үздікті ағындық сызықтар болып бөлінеді. Ағындық сызықтың жұмыс істеу тәртібіне - ағын тактісі, яғни екі бұйымды құрастыру немесе екі бөлікті дайындау арасындағы уақытты айтады. Ағындық өндірісте қолданылатын барлық тасымалдау құралдарды білікті және біліксіз болып екіге бөлінеді. Ағындық өндірісте жиі қолданылатын білікті тасымалдау құралдарына транспортерлер мен конвейрлер жатса, ал біліксіз тасымалдау құралдарына –сырғымалар, көтеру-тасымалдау құралдары (көтергіш крандар және т.б.) жатады. 1.Ағындық сызықтың негізгі көрсеткіштеріне ағын тактісі жатады және ол мына формуламен есептелінеді:
r = Fp / N;
Fp – белгілі бір уақытқа белгіленген уақыт қоры, мин. N – сол уақыттағы өнім өндіру бағдарламасы немесе көлемі, бірлік
Fp = Dp * m * q;
Dp – есеп жылындағы жұмыс күндерінің саны m- жұмыстың кезектілігі q- кезектің ұзақтылығы,мин.
Регламенттелген үзілістері бар ағындық сызықтарда есепті жұмыс уақыт қоры осы үзілістердің ұзақтығына қысқарады.
2.Бір жұмыс орнынан екіншісіне тасымалдау партияларын (р) тасымалдау ағындық сызықтық ырғағын (R) анықтайды. Ол екі бөліктердің тасымалдау партияларын немесе бұйымның тасымалдау партияларын құрастыруды дайындау аралығындағы уақытты көрсетеді.
R = r * p;
11. Цехтың жалпы ауданын анықтау. Өндірістік жердің негізгі параметрлерін және торлар легін таңдау. Цехтың жалпы ауданына өндірістік, көмекші және қызмет пен тұрмыс бөлмелерінің ауданы кіреді. Цехтың өндірістік ауданын анықтау үшін әрбір жабдықтың меншікті ауданын анықтап алу керек. Зауыттың механикалық цехтардағы меншікті аудандары. Цехтар мен ғимараттарды салуға қажетті ауданды ұқсас алдыңғы қатарлы (прогрессивті) өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша есептейді. Оларға: шығарылған дайын өнімнің жылдық көлемі; бір өндірістік жұмысшыға келетін шығарылу көлемі, бір негізгі қондырғыға немесе бір өндірістік жұмысшыға келетін меншікті аудан. Барлық цехтар мен ғимараттардың ауданы есептелгеннен кейін өндірістік процесске сәйкес негізгі өндірістік алаң мен қоймалар орналастырылып габариттік өлшемдері мен конфигурациясы белгіленеді. Цехтың жалпы ауданы: Sобщ = Sm+Sk+Sқ Sm- Механикалық бөлімнің ауданы Sk- Көмекші бөлігінің ауданы Sқ- Қойманың ауданы Машина жасау зауыттарының цехтары мен қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдерiнiң құрылымына неше түрлi учаскелер құрамы, линиялар, жұмыс орындары, қосалқы қызмет атқаратын бөлiмдер және олардың аралық қарымқатынастары жатады. Машина жасау зауытының өндiрiстiк құрылымы технологиялық және заттық принциптермен ыңғайлы етіп алынады. Технологиялық принципте станоктардың орналасу тәртiбi өңдеу түрлерiне байланысты болады да, заттық принципте технологиялық операциялардың пайдалану ретiмен келедi.
Заттық принцип көбiне тасқынды өндiрiстерде пайдаланылады. Бұйымды және оған кiретiн элементтердi шығаруда тасқындық өндiрiстi ең үнемдi, пайдалы өндiрiстердiң бiрi деп есептеуге болады. Өйткенi оның бойындағы үздiксiздiк, түзу тасқындылық, пропорционалдық, параллельдiк, ырғақтық принциптер бiрiмен-бiрi жалғасып жатады. Машина жасаудағы тасқындық өндiрiстiң үйымдастырылуына төменгi шарттар себеп болған: – шығарылатын бұйымның саны мейлiнше мол және бiркелкi, бiрiне-бiрi жақын технологиямен өңделетiн болуы тиiс. Бұл жайт жоғары өнiмдi құралдар мен станоктардың пәрмендiлiгiн арттырып, олардың ауысымдық жұмыс коэффициентiн кемiтпеуге мүмкiндiк бередi; Тасқынды линияның ұйымдастыру түрiн таңдап алу үшін оның жұмыс iстеу тактiсін, технологиялық үдерістердегi операциялардың үйлесу дәрежесiн, жұмыс орнының жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейiн табу керек. Тасқынды линия тактiсi деп берiлген объектiнiң жұмысқа қосылып, одан кейiн өнiм шығарар аралығындағы күнтiзбелiк уақытын айтады.
12. Бөлшек беттерін ажарлау. Ажарлаудың жіктелуі және түрлері. Ажарлаудың негізгі режимдері. Ажарлау (Шлифование) — дайындама беттерін абразивті (қажақты) аспаптармен тазалай өндеу операциясы; дайындаманы қайрақ іспетті кұралмен тазалап өңдейтін ең соңғы операция. Техникада ажарлау процессінің мынадай түрллері қолданылады: Сырттай шеңбер бойлай ажарлау, Іштей шеңбер бойлай ажарлау, Жазық бет бойынша ажарлау, Центрсыз, сырттай ажарлау, Центрлік ажарлау. Ажарлау процессінің кесу режимдеріне кесу жылдамдығы (V), беріс түрлері (S), және кесу тереңдігі (t) жатады. Абразивті табиғи жцне жасанды болып бөлінеді. Табиғи абразив материалдарына корунд, алмас, түрпі (наждак), ал жасанды абразив материалдарына электр корунды, карбарунд, бор карбиді жатады. Байланыстырушы заттар органикалық (бакелитті, вулканитті) және керамикалық (силикатты, магнезитті) болып екі топқаб бөлінеді.
13. Станоктың түйіндер мен бөлшектердің қызуы өңдеу дәлдігіне әсері Станоктың жылулық деформациялары Станоктың күрделi базалық бөлшектерін /станиналарын, қораптарын, т.б. бөлшектерін/ қыздырушы негiзгi көзi, ол оның механизмдерiнiң, гидроберiлiстерiнiң және электр жүйелерiнiң үйкелiс топтарынан шыққан жылулар екенi әйгiлi. Бұл бөлшектерге жылудың көбi суытқыш және майлау сұйықтары арқылы, станокқа қондырылып қойған электр қозғалтқыштары арқылы жетедi; оның үстiне жылу станокты қоршап тұрған сыртқы көздерден де келедi. Жылу деформацияларының зиянды әсерiн алдын ала ескерусiз жобалаған станоктың құрылымы /электр қозғалтқыштардың, электр сорғыларының, суытқыш және майлау сұйықтары резервуарларының, т.б. жылу шығаратын көздердiң дұрыс орналаспауынан/ оның станинасын бiрқалыпты қыздырмайды. Станинаның құрылымды элементтерi температураларының айырмасы 100С-қа дейiн жетедi. Мұндай жылулық тұрақсыздығында станина пiшiнiнiң дәлдiгi бүлiнiп, оның үстiне орнатылған станок тораптарының өзара орналасу ауытқуы үдейдi. Станоктардың жаңа құрылымдарын жинап қиюластыруда олардың станинасыны жылу және суу күйiне мән берген жөн. Айналдырық қорабының қызуы айналдырықтың торапта орналасуына да әсерiн тигiзедi. Өңделген дайындаманың дәлдiгi берiлiс винтiнiң қызудан туған деформациясына да байланысты. Ажарлау станоктары тұғырының жылжу дәлдiгi бұраманың ұзындығына байланысты; егер бұраманың жұмысшы бөлiмiнiң ұзындығы өте үлкен болса, ажарлау үдерістерiнде 0,03-0,05 мм-ге дейiн ауытқу пайда болады. Станоктың негізгі түйіндері: станина, жылдамдықтар қорабының электр двигателі, жылдамдықтар қорабы, тұмсықша, асқыш, консольді тұмсықшамен бекітілген қосымша жабдық, үстел, көлденең жылжыма, консоль, берілістер қорабы, берілістерқорабының электр двигателі. Дайындаманы жону кезiнде пайда болатын жылудың бiр бөлiгi дайындаманың бетiнiң iшiне қарай тарайды. Жылудың негiзгi бөлiгi жонқаға жиналады; оның кiшiгiрiм бөлiгi өңделетiн бетке тарайды /токарь станогында жонуда, фрезерлеуде, сүргiлеуде және сырттай созуда/. Дайындамаларды тесуде жылудың көп бөлiгi өңдеу бетiнде қалып қояды.
14. Өндіріс пен цехтардың классификациясы (түрі, типі, ұйымдастыру формасы). Машина жасауда өндірістің үш негізгі классификациялық категориясы бар (МЕСТ 14.004 – 74). Олар: өндіріс түрі, өндіріс типі және өндірісті ұйымдастыру формасы. Өндіріс түрі бұйымды жасауға қолданылатын тәсіл бойынша сипатталады. Мысалы құю өндірісі, механикалық-құрастыру өндірісі, пісіру өндірісі т.с.с. Өндіріс типі шығарылатын бұйымның көлемі, номенклатурасы, тұрақтылығы және біркелкілігі бойынша анықталады. Өндіріс типі бірлік, сериялық және массалық болып ажыратылады. Өндірісті ұйымдастыру формасы жұмыс орындарының мамандандырылу деңгейі мен қондырғылардың орналастырылу принципі ойынша сипатталады. Ол тасқынды (поточная) немесе конвейерлі және тасқынсыз (непоточная) болып бөлінеді. Тасқынды өндірісте өңделетін бөлшектер өңдеу процесі кезінде бір операциядан келесі операцияға орындалу кезектілігі ойынша үздіксіз жылжып отырады. Көптеген номенклатурамен аз мөлшерде бұйымдар шығаратын өндіріс түрі бірлік өндіріс деп аталады. Өндірістің бұл типі ірі және аса ірі станоктар мен стандартсыз қондырғылар шығаратын ауыр машинажасауда, сонымен бірге сериялық және массалық өндіріс типіндегі машинажасау заводтарының эксперименталдық және аспаптық цехтарында арнаулы жабдықтар (штамптар, бейімделген құралдар) мен машина үлгілерін жасауда кеңінен таралған.
Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 125; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |