Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Джуран Трилогиясы. Деминг циклі. 10 страница




88. Механикалық өңдеу кезіндегі тетіктердің беттік қабаттарының кедір-бұдырлығына әртүрлі факторлардың әсер етуі

Бет кедір-бұдырлығы – базалық ұзындыққа салыстырмалы түрдегі кіші адымдармен сипаттайтын тегіс еместіліктердің жиынтығы. Дайындамалар мен бөлшектер бетінің кедір-бұдырлығына көптеген технологиялық факторлар әсер етеді. Кесумен өңдеу кезінде тегіс еместіліктердің шамасы, пішіні мен бағыты өңдеудің әдісі, режимдері және сұлбасына байланысты келеді. Кесу режимдері өлшемдерінің кедір-бұдырлықтың шамасына кесу басты қозғалысының жылдамдығы және беріс айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Кесудің басты қозғалысы жылдамдығының кедір-бұдырлыққа ықпалы аспаптың кескіш жиегінде шордың түзілуіне, сондай-ақ кескіш жиектің астына орналасқан қабаттың қармалуы мен жұлынуына, материал бөлшектерінің морт омырылуына тәуекел келеді. Ажарлау кезінде кедір-бұдырлық кесудің басты қозғалысының жылдамдығы артқанда және беріс барлық үш бағытта азайғанда төмендейді. Кескіш жиегі енді болып келетін кескіштермен жону және сүргілеу, сондай-ақ бұрғылау, үңгілеу, ұңғылау кезінде берістің шамасы кедір-бұдырлыққа шамалы ғана ықпал етеді. Қатаңдық жеткілікті болған жағдайда, кесу дереңдігі кедір-бұдырлыққа айтарлықтай ықпал етпейді. Кескіш аспаптың геометриялық пішіні кедір-бұдырлыққа едәуір дәрежеде ықпал етеді. Алдыңғы бұрышы (γ), кескіш жиек көлбеулік бұрышы(λ) және артқы бұрыштың (α)кедір-бұдырлыққа ықпал етуі төмен болып келеді. Кедір-бұдырлыққа кескіш төбесіндегі радиустың жұмырлануы, жоспардағы басты(φ) және көмекші (φ1) бұрыштар үлкен ықпал етеді. Өңделетін материал қасиеттері мен құрылымы бет кедір-бұдырлығына ықпал етеді. Пластикалық деформацияға бейім келетін анағырлым тұтқыр және пластикалық материалдар(мысалы, аз көміртекті болат) кесумен өңдеу кезінде жоғары кедір-бұдырлық береді. Материал морттығы жоғарылаған жағдайда, кедір-бұдырлық шамасы азаяды. Өңделетін материал қаттылығы жоғрылаған сайын, кедір-бұдырлық шамасы азая түседі.

89. Пластикалық деформацияланудың механикалық әдістері: аунақшалармен жүргізіп өту, тегістеу, басу (чеканка) және т.б.

Шариктермен және роликтермен таптау тәсiлiн бөлшектерді әрлеу, берiктеу үшiн қолданады. Қатты, термиялық шынығудан өткен болат роликтермен және қатты қоспалардан жасалған роликтермен бөлшектердің цилиндрлiк беттерiн таптайды; оқта-текте қондырғыға бекiтiлген болат шариктердi қолдануға болады. Бөлшектердің өту беттерi мен ойыстарын радиусты роликпен, ал майысқақ
консольдi орнатылған бөлшектерді үш роликпен жабдықталған аспаппен таптайды. Жүздi кескiш аспаптармен өңделген беттердi роликпен таптау арқылы, оның кедiр-бұдырлылығын 2–3 есе кiшiрейтiп, беттердiң iске жарайтын қасиеттерiн жақсартады. Болат 45 материалынан жонылған детальдардың беттерiн берiктеу ролигiмен таптау арқылы, олардың шектiк берiктiгiн 2 есе арттыруға болады. Егер өңдеу мақсаты, бөлшектің бетi берiктеу болса, онда таптау үшiн көбейту керек болады; бiрақ бұл жағдайда өңдеу дәлдiгi бiраз нашарлайды. Тесiктердi кеңейте таптауды көп роликтi аспаптармен төсетiн токарьревольверлi, көлденең кеңейте тесетiн агрегатты станоктарда және токарлы автоматтарда жүргiзедi. Кеңейте таптау кезiнде беттiң қаттылығы 20-50 пайызға және оның тозу тұрақтылығы 1,5-2 есе артады. Осындай нәтижелерге тесiктердi шарикпен және калибрлейтiн жиекқұрсаулармен (оправа) дорндау арқылы да жетуге болады.

Coғy үдерісінде көбінесе еркін соғу үдерісi қолданылады. Еркін соғу үдерісінде өңделетін металдың беті тегіс, жылжымайтын төске қойылып, жоғарғы жағынан жылжымалы, үлкен бағамен ұрылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бұл әдісін еркін соғу әдісі деп атайды.

Тоқпақпен тығыздауды /чеканка/ певматикалық балғаларды пайдалану арқылы жүргiзедi. Жұмыс аспабы ретiнде сфералық тоқпақ қолданылады, оның әсерiнен өңдеу бетiнде батырылған, жаншылған таңба орындар қалады. Бұл әдiстi iрi бөлшектердің тартылыстар концентрациясы шоғырланған беттерiнде және ең соңғы технологиялық өңдеу әрекетiнiң алдында өткiзедi.

90. Машина жасау бұйымдарының сапасын қамтамасыз етудің жағдайы, жетістігі және келешегі.

Сапаны қамтамасыз ету шаралары. Оларға техникалық, ұйымдық, экономикалық және саяси бағыттар жатады. Техникалық бағытта iстелетiн шараларға: жаңа құрылымдар ойлап шығару; пәрмендi құрал-саймандарды пайдалану; ақау-анықтау орталықтарын құру; тексеру жүйелерiнiң iсiн ынталандыру; өндiрiстiк жүйелер ашу; өндiрiсте мейлiнше жаңа технологияларды пайдалану жатады. Ұйымдық бағытта iстелетiн шараларға: мамандарды мағлұматтар тасқынымен қамтамасыз ету үшін ЭЕМ-дарды кеңiнен қолдану; автоматтандырылған жобалау жүйелерiн пайдалану; икемдi өндiрiс жүйелерiн пайдалану; сапаны басқару жүйелерiн жетiлдiру; машиналар жасауда шоғырландыруды пайдалану; өндiрiстi бiрыңғайландыру және кооперациялауды кеңiнен пайдалану, т.б. жатады. Экономикалық бағытта iстелетiн шараларға өнiмнiң сапасын көтерушiлердi рухани және материалдық ынталандыру жатады. Саяси шараларға саяси-идеялық тәрбие беру және өндiрiсте еңбек етушi көпшiлiктiң тиiмдi тәжiрибелерiн кеңiнен тарата бiлу жатады.

Қазіргі кезеңде алуан түрлі детальдарды жасап шығарудың типті
технологиялары мейлінше кең игерілген. Машина жасау өндірісінің кейінгі кезеңдерінде, бөлшектерді кесіп өңдеу үдерістері жетілдіріле түсті. Аспаптық материалдардың сапасы жақсарды, станоктардың қуаттары мен кесу жылдамдықтары жоғарылады, станоктарды басқару және пайдалану тәсілдері өзгерді. Бірінші бу машиналарын жасаған материалдың өңделуі өте қиын болған. Сұр шойын, темір, жез, қола сияқты материалдардан жасалған бөлшектер, шыңдалған көміртекті болаттан жасалған аспаптармен өңделген. Машина жасау зауыттарының білікті шеберлері аспаптық болатты термиялық өңдеу әдістері арқылы, олардың кескіш қасиеттерін жетілдіре түсті. Дегенмен, кескіш аспаптың бұзылмай жұмыс істеуі тек төмен кесу жылдамдығы арқылы ғана мүмкін болды.

Келешекте бұйымның жоғары сапасын, жаңалығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын мемлекеттер ғана өзіне тиімді жағдай тудырады. Ал бұл экономиканың гүлденуіне және азаматтардың өмір сүру деңгейінің жақсаруының тікелей жолы. Қазiргi елiмiздiң бетбұрыс дәуiрiндегi ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының алдына қойған негiзгi мәселелерi мейлiнше жаңа технологиялық процестер мен операциялар ашу және халық шаруашылығындағы осы уақытқа дейiн ашылған, пайдаланылып келе жатқан технологиялық процестер мен операцияларды ұтымды қолдану болып отыр. Бұл мәселелер: елiмiзде шығаратын өндiрiстiк бұйымдардың сапасын дұние жүзiнде шығарылатын бұйымдардың сапасынан арттыру немесе соларға пара-пар етiп шығару; бұйымдарды шығаратын өндiрiстiң экологиялық тазалықты сақтауы және өндiрiстiң қауiпсiз жағдайда қызмет етуi; өндiрiстi барынша ынталандырып, жоғары сапалы өнiмдер алу; бағдарламамен басқарылатын станоктарды пайдалану; бұйымдар шағаратын өндiрiстiң ресурс сыйымдылығын, шығынын азайту.

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-01; Просмотров: 155; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.